|
|||
ЛЕКЦИЯ. ИІРІМЖІПТІ ДАЙЫНДАУ. ИІРУ МАШИНАЛАРЫ. ИІРУ МАШИНАЛАРЫНЫҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ. ИІРУ МАШИНАЛАРЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН ПРОЦЕСТЕР.№14 ЛЕКЦИЯ. ИІРІМЖІПТІ ДАЙЫНДАУ. ИІРУ МАШИНАЛАРЫ. ИІРУ МАШИНАЛАРЫНЫҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ. ИІРУ МАШИНАЛАРЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН ПРОЦЕСТЕР. Таза жүн және талшықтардың жартылай жүнді қоспасын өңдеуге арналған жүн иіру өндірісінде иірудің үш жүйесін қолданады – аппаратты, тарақты және жартылай тарақты. Иірудің аппаратты жүйесінде талшықтарды тарау – білікті кардты тарау машиналарында, ал жартылай дайын өнімді жұқарту, бөлу әдісімен – кардты тарау аппараттарының созба кареткаларында және созу – иіру машиналарында жүзеге асырылады. Барлық талшықтардың түріне арналған иіру өндірісінің құрылымы бірдей болып келеді. Иіру өндірісі үш негізгі кезеңнен тұрады: - иіруге текстиль талшықтарын дайындау – таспаны дайындау; - алдын-ала иіру – созбаны дайындау; - иіру – иірімжіпті дайындау.
Сақиналы иіру машинасы Жүнді иірудің аппаратты жүйесінде қолданылатын сақиналы иіру машиналары, өндірілетін иірімжіптің сызықтық тығыздығына байланысты ұршықтарының қадамдары әртүрлі болатын түрде шығарылады. П-88-Ш машинасы 31-100 текс, ПБ-114-Ш 16,7-63 текс, ПБ-132-Ш 125-1000 текс аралығындағы иірімжіп өндіруге арналған. ПБ-114-Ш және ПБ-132-Ш машиналарының басқа машиналардан айырмашылығы бар. Бұл машиналар баллонсыз машиналар деп аталады. Созбасы бар 1 тікиіршіктер (7-сурет) барабаншалармен 2 тарқатылады. Созба жіптері машинаның бір және екінші жағына қарай бағытталады, жіпжүргізгішке сабақталынады және бұдырлы цилиндрден және өзі тиейтін біліктен тұратын созу аспабының қоректендіру жұбына 4 келіп түседі. Қоректендіргіштен 4 және созу 6 жұптарының арасына цилиндрлі инелі тарақша 5 орналастырылған. Тарақшаның жылдамдығын өңделетін қоспаға байланысты реттеуге болады. Созу жұбы 6 екі цилиндрден және жылтыр беті бар біліктен тұрады. Шығару жұбының жылдамдығы қоректендіргіш жұбының жылдамдығынан үлкен. Созу жұбы бір аймақты.
|
|||
|