Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ширату машиналары. сурет. Ширату машинасының технологиялық сызбасы



Ширату машиналары

 

Ширату машиналары төзімді, біркелкі, тегіс, тепе-тең салмақты ширатылған жіп алу мақсатымен қабатталған жіпті ширатуға арналған.

Ширатылған иірімжіп түріне байланысты ширату машиналарын ауыр және жеңіл деп бөледі. Тоқымашылық, трикотаж, перде өндірістерінде қолданылатын иірімжіптерді ширату, екі қабаттау арқылы жеңіл типті машиналарда жүзеге асырылады. Ауыр типті машиналарды көбінесе техникалық белгілеудегі иірімжіп өндіруге қолданады. Бірақ мұндай жағдай біртекті жіптердің бірнешеуін байланыстыруды талап етеді (30 дейін). Екі типті машиналарда да ылғал және құрғақ ширату болады.

Жеңіл типті ширату машиналарының негізгі механизмдеріне қоректендіргіш қондырғысы және ширатып-орау механизмі жатады. Қабатталған жіп, қоректендіргіш рамада горизонталь бұрышпен орналасқан (9,б-сурет) бобинадан 2 таяқшаға 3 қарай бағытталады, және жіпжүргізгіштің 4 көзінен өтеді, тегіс төменгі цилиндрден 6 және өзі тиейтін біліктен 5 тұратын шығару аспабына бағытталады. Шығару аспабынан иірімжіп, қоректендіргіш үзгішінің ілгегі 7 арқылы жіпөткізгішке 8 өтеді, жүгіртпені 9 айналып өтіп, ширатылған қалыпта ұршыққа 11 кигізілген тікиіршікке 10 оралады. Қоректендіруді үзгіш, өзара қатты байланысқан және айналу осьі бар сына рамадан және ілгектен 7 тұрады. Сына рама, шығару аспабына кіретін жіппен жұмыс қалпында ұсталынып қалады. Жіп үзілгенде немесе шығып кеткен жағдайда рама ось шеңберінде айнала отырып төмен түседі.

9-сурет. Ширату машинасының технологиялық сызбасы

Ширату-орау механизмі негізінен иіру машиналарындағыдай орындалған, бірақ оның ұршық өлшемі иіру машинасының ұршығымен салыстырғанда үлкенірек болып келеді. Ұршық өлшеміне тікиіршік өлшемі сәйкес келеді. Сақиналы ширату машиналарының өнімділігі, кг/сағ:

P=nyN·60Tқ.ж.ПУК(Ш·1000·Кқ)  (7)

 

мұндағы ny – ұршықтың айналу жиілігі, мин-1; N – ұршық саны; Tқ.ж- қабатталған иірімжіптің сызықтық тығыздығы, текс; Ш– иірімжіпті ширату, ш/м; Кқ – қысқару коэффициенті.

Жеңіл типті машиналардағы ұршықтың айналу жиілігі, сақиналарының диаметрі 32-75 мм болған жағдайда 13000 мин-1 құрайды.

Ауыр типті ширату машиналары үлкен сызықтық тығыздықтағы ширатылған иірімжіп шығаруға арналған. Бұл машиналардың жеңіл машиналарынан құрылымдық ерекшеліктері мынандай болып келеді. Шығару аспабының екі цилиндрі және бір өзі тиейтін білігі болады. Бұл бірнеше қабаттауда берілістің тұрақты жылдамдығымен және жіптерді ширату аймағына түсетін үстеме қысыммен қамтамасыз етеді. Цилиндрлер арасындағы ара-қашықтықты төмендете немесе жоғарылата отырып, жіпке оңтайлы қысымды алуға болады. Ауыр типті ширату машиналарда вертикальды өңірі және фитильді майлауы бар сақина қолданылады. Бұл сақина бойынша жүгіртпенің үйкеліс коэффициентін төмендетеді және жіптің керілуін тұрақтандырады.

Ауыр типті машиналарда ұршық өздігінен орталықтандырылған, бұл үлкен тікиіршіктерге маңызды. Иірімжіптердің шарғыға оралуы, цилиндрлі немесе капронды патрондарға конусты болып келеді. Ауыр типті машиналардағы сақиналы планкалардың көтерілу биіктігі 190-203 мм, сақинаның диаметрі 89-140 мм, ұршықтардың айналу жиілігі 6000 мин-1 дейін.

Ылғалдап ширату әдісі тығыздығы жоғары, созылғыштығы төмен, тепе-теңдікті және көлденең қимасының формасы дөңгелек болатын төзімді иірімжіп дайындауға арналған. Ылғалдап ширату үшін құрғатып ширатуға арналған машиналар қолданыла береді. Бірақ шығаратын аппарат алдында суға арналған латуньнен жасалған ваннаны орнатады. Суға жіпті салудың белгілі тереңдігі, бағыттағыш таяқшалармен қамтамасыз етіледі. Кейде судың орнына триэтаноламиннің эмульсиясы қолданылады, мұның тат бастырмайтын қасиеттері бар жіне жіпті жақсы суландырады. Ылғалдап ширату кезінде вертикаль типтес өзі майлайтын сақиналар қолданылады.

Есу.Иірудің тарақты жүйесі бойынша созба дайындау, қажетті сызықтық тығыздықтағы және төзімділіктегі созба өндіретін машинада аяқтайды.

Созбаның төзімділігі талшықтың үйкеліс күші мен тізбектілігінен шығады. Созбаның төзімділігімен салыстырғанда иірімжіптің төзімділігі, үзілетін талшықтар және үйкеліс күші және сырғанатйны талшықтар арасындағы тізбектіліктен шығады.

Есудің мақсаты– өнімді төзімді ету және одан иірімжіп алатындай қажетті серпімділігі мен төзімділігі бар созбаға айналдыру.

Есудің мәні – өнімнің осьіне перпедикуляр қарама-қайшы бағыттарда қайтымды-үдемелі қозғалатын параллельді кеңістіктермен қысылатын  екі күшті өнім арасындағы реверсивті ширату.

Есу кезіндегі өнімнің қысқаруы талшықтар арасындағы контактіні жоғарылату есебінен қол жеткізеді. Есу кезінде талшықтың бастапқы параллельденуі, өтірік ширатылудан жоғары болады.

Есу кардты тарау аппаратында иірудің аппаратты жүй есінде таралған таспаның созбаның қалыптасуы үшін қолданылады. Бұл процестің қолданылуы, талшықтың қысқалығыме аз түзуленгіштігімен және аз параллельдігімен түсіндіріледі. Келесі иіру машинасындағы созылым аз болады, ал аппаратты иірімжіп үлпекті болуы керек. Сондықтан кардты тарамды аппараттағы есу кезіндегі талшықтар параллельденуінің бұзылуы, иірудің келесі процесіне теріс әсер етпейді. Иірудің тарақты жүйесінде есу, созба машинасындағы таспадан созба қалыптастыру үшін қолданылады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.