Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





сурет. Иірудің аппаратты жүйесінің сақиналы иіру машинасының технологиялық сызбасы



7-сурет. Иірудің аппаратты жүйесінің сақиналы иіру машинасының технологиялық сызбасы

Инелі тарақша бірінші шектеулі сызба бойынша талшықтың қозғалысын реттейді, яғни қысқа бақыланбайтын талшықтардың қозғалысын қоректендіргіштің жұптың жылдамдығымен V1 қамтамасыз етеді. Инелі тарақшаның жылдамдығы VT≈V1, сондықтан бақыланбайтын талшықтар шығару жұбының жылдамдығына V2 алдын-ала ауысып кетпес үшін инелермен ұсталынып қалады.

Созу процесінің дұрыс жүруі үшін. Тарақ инесі және цилиндр қысқышы және қысатын біліктер арасындағы ара-қашықтықты төмендетеді. Жылдамдықтар қатынасы V1≈VТ<V2. Жалпы созу E=V2/V1=1,2…2,8.

Шығару жұбынан кейін иірімжіп жіпжүргізгіш 7, жүгіртпе арқылы өтеді және собыққа оралады.

Ұршық айналған кезде жіп жүргізгіш және жүгіртпе арасында баллон пайда болады, осының нәтижесінде қосымша керілу болады. Ұршықтарда қолданылатын саптамалар баллонды жояды және жіпжүргізгішпен шығару цилиндрі арасындағы иірімжіптің керілісін төмендетуге мүмкіндік береді. Ұршық шпиндельінің басына орнатылған тісті коронка 8 жіпжүргізгіштен шығатын иірімжіпті ұстап қалады, ал иірімжіп ұршықты, патронды орап, жүгіртпе арқылы собыққа 9 қарай бағытталады. Айналатын жүгіртпеден туындаған иірімжіптің керілуі С аймағына берілмейді.

Егер жүгіртпе және собық арасындағы иірімжіптің керілуін Р, ал жіпжүргізгіштегі иірімжіптің керілуін Р1 деп белгілесек, онда жуықтап былай жазуға болады:

 

P1=P/expμφ,      (6)

 

Мұндағы μ– патрон беттігі қажетті иірімжіптің үйкеліс коэффициенті; φ– патронды иірімжіппен ораудың қосынды бұрышы, рад.

Жіпжүргізгіш және саптама арасындағы иірімжіп, α бұрышы бар конусты жасайды. Бұл бұрыштың шамасы а ара-қашықтығына байланысты.α бұрышы жоғарылаған сайын саптамадан иірімжіптің шығуын қиындатады, осының нәтижесінде β бұрышы жоғарылайды және С аймағындағы жіп керлісі төмендейді.

Баллонсыз сапатамаларды қолдану ПБ-114-Ш машиналарындағы ұршықтардың айналу жиілігін 8000 мин-1 дейін, ПБ-132-Ш – 6000 мин-1 дейін, ал олардың өнімділігін – 50-100% дейін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.