Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





атерлі ісік себебі бойынша бүйрекүсті безінің резекциясы кезінде,хирург жоғарғы және төменгі артерияларды лигатуралап операцияны бастады. Операция кезінде көп қан кету басталды, хирург нені дұрыс



77. Қатерлі ісік себебі бойынша бүйрекүсті безінің резекциясы кезінде,хирург жоғарғы және төменгі артерияларды лигатуралап операцияны бастады. Операция кезінде көп қан кету басталды, хирург нені дұрыс жасамады, қан кету себебі?

A.Хирург барлығын дұрыс істеді, бірақ төменгі бүйрекүсті безі артериясы белдік артериялармен анастомоз жасайтынын ұмытты, сол үшін қан кетті.

B.Хирург ортаңғы бүйрекүсті артериясын байлауды ұмытты, себебі ол құрсақ аортасынан басталады, сол үшін қан кетті.

C.Хирург барлығын дұрыс істеді, бірақ жоғарғы бүйрекүсті безі артериясы жоғарғы шажырқай артериялармен анастомоз жасайтынын ұмытты, сол үшін қан кетті.

D.Хирург бұл артерияларда екі ретті лигатура жасауды ұмытты, себебі қысым жоғары, лигатура шешіліп кеткеннен қан кетті.

 E.Хирургке уақытша құрсақ аортасын қысып ұстап тұру керек еді, лигирлеуден соң қысқышты ақырын алып лигатураның дұрыс болғанына көз жеткізу керек болған.

B

 

78. Уролог, науқасқа оң жақтан бүйрек тасын үгіту үрдісін жүргізді, 2-күні экскреторлы урография кезінде диаметрі 8мм оң несепағардың ортаңғы о/3-де тасты көрді. Неге бұл жерде тас тұрып қалды, тісіндіріңіз?

A.Себебі, бұл деңгейде несепағар аталық без артериясымен басылған, сондықтан тас тұрып қалуы мүмкін. 

B.Себебі, бұл деңгейде несепағар аталық без венасымен басылған, сондықтан тас тұрып қалуы мүмкін. 

C.Себебі, бұл деңгейде несепағардың 2-і қысылған жері, сондықтан тас тұрып қалуы мүмкін. 

D.Себебі, бұл деңгейде несепағар бел нервімен басылған.

E.Себебі, бұл деңгейде несепағар орта статистикалық мәліметтер бойынша әлсіз болып саналады.

C

 

79.Қабылдау бөліміне 54 жаста науқас бел аймағындағы ауырсынумен келіп түсті. Анамнезінен 20 жыл бойы жүк тасушы болып жұмыс істейді. Бірінші рет  белдегі ауырсынулар 5 жыл бұрын пайда болған, көмекке жүгінбеген. Объективті: арық денелі, АІЖ, ЖҚЖ, өзгеріссіз. Жергілікті: Пастернацкий симптомы оң жақтан оң, диурез өзгеріссіз. Rg-да бүйректтік контур айқын, оң жақ бүйрек сол жаққа қарағанда төмен 3 см. Болжам диагноз және оны түсіндіріңіз?

A.Созылмалы гломерулонефрит, професиональды еңбегіне және социальды фактор.

B.Созылмалы гепатит, бауыр ұлғайған соң бүйрек төмен түскен, алкоголизмге байланысты, бұл профессия өкілдері бейім.

C.Ішастар арты кеңістік абсцессі ісіну бүйректі төмен түсірген, мед көмекке көп уақыт жүгінбеген.

D.2 дәр. нефроптоз, ішастар кеңістігіндегі жиі қысымы өзгерген соң бүйректің фиксациялаушы аппараты әлсіреген және дене бітіміне байланысты.

E.3 дәр. нефроптоз, професиональды еңбек түрі және социальды фактор.

D

80. Хирург нефроэктомия кезінде бүйрек аяқшасын бір уақытта артерияны, венаны, түбекті қысу үшін құрал  қолданды. Қандай құрал және авторы?

A.Кохердің қантоқтатушы қысқышы.

B.Бүйрек аяқшасына арналған қан тоқтатушы қысқыш, Дальгрен

C.Бүйрекке арналған қан тоқтатушы қысқыш, Микулич.

D.Бүйректі ұстауға арналған қан тоқтатушы қысқыш, Пайер.

E.Бүйрек аяқшасына арналған қан тоқтатушы қысқыш,Федоров.

E

 

81.Фимоз-бұл?

A.аталық жыныс мүшенің үрпі ұшының тарылуы.

B.зәршығарушы канал атрезиясы.

C.зәршығарушы канал стенозы.

D.қынап кіребрісінің атрезиясы.

E.жыныс мүшенің шеткі тінінің жоқ болуы.

А

 

82. Военкоматта проф.қарау кезінде әскери хирург 15 жастағы жасөспірімде сол жақ аталық безінің варикоцелесін анықтады, соған байланысты оперативті ем тағайындады. Неге аталық без венасының варикозды кеңеюі сол жақта жиі кездеседі? 

A.Себебі сол жақ аталық без артериясы төменгі қуыс венаға құяды, жоғары қысымға байланысты қуысты венада венозды тоқырау пайда болып, кеңею шақырады.

B.Себебі сол жақ аталық без венасы сол жақ бүйректік венасына құяды, қарама-қарсы қысымға байланысты пайда болады.

C.Себебі сол жақ аталық без артериясы төменгі шажырқай венаға құяды, жоғары қысымға байланысты венада венозды тоқырау пайда болып, кеңею шақырады.

D.Себебі сол жақ аталық без артериясы қақпа венаға құяды, жоғары қысымға байланысты қуыс венада венозды тоқырау пайда болып, кеңею шақырады.

E.Себебі сол жақ аталық без артериясы жоғарғы шажырқай венаға құяды, жоғары қысымға байланысты қуысты венада венозды тоқырау пайда болып, кеңею шақырады.

B

 

83. Хирург 30 жастағы әйелге қисық шап жарығы бойынша операция кезінде шап каналының алдыңғы қабырғасын тілді жарық қапшығының мойнын анықтады  және тығыз домалақ диаметрі 1 см-дей құрылым байқады. Қандай түзіліс деп ойлайсыз, түсіндіріңіз?

A.Ұрық шылбыры, себебі шап каналын өтіп аталық безді простатамен байланыстырады.

B.Жатырдың жалпақ байламы, себебі ол шап каналы арқылы өтіп қасаға сүйек симфизіне бекиді.

C.Жатырдың домалақ байламы, себебі ол шап каналы арқылы өтіп қасаға сүйек симфизіне бекиді.

D.Жатырдың ұстап тұрушы байламы, себебі ол шап каналы арқылы өтіп қасаға сүйек симфизіне бекиді.

E.Аталық безді көтеретін бұлшық ет, шап канал арқылы өтеді.

C

 

84. Гинеколог Дуглас кеңістігін пункциялау үшін, қынаптың артқы күмбезін көтеру үшін мына инструментті қолданды. Қандай инструмент пайдаланды және неліктен?

A.Корнцанг типті қысқыш, себебі артқы күмбезді алып кеткен кезде травма алу қаупі аз.

B.Люэрдің аяқталушы қықышы, себебі артқы күмбезді қысқан кезде травма алу қаупі аз.

C.Кохер эластикалық қықышы, себебі артқы күмбезді қысқан кезде травма алу қаупі аз.

D.Оқ тәрізді қысқыш, себебі артқы күмбезді қысқан кезде өткір тістері арқылы фиксациялаған ыңғайлы.

E.Бильрот қысқышы, себебі артқы күмбезді қысқан кезде өткір тістері арқылы фиксациялаған ыңғайлы.

D

85.Қандай құрал?

A.қынаптық айна

B.ауыз кеңейткіш

C.трахеокеңейткіш Труссо

D.трахеокеңейткіш Лабордо

E.тік ішектік айна.

E

86. Аймақтық педиатрға телефонмен 2 жастағы баланың анасы ЖРВИ,жеңіл жөтел, дене температурасының 38,5 С көтерілуі шағымдарымен хабарласты, қандай ыстық түсіретін дәрі қолданатын туралы кеңес алды. Педиатр тік ішектік Цефекон майшамдарын тағайныдады, біраз уақыт өткен соң анасы не үшін бұл дәріні тағайындағанын түсіндіруді сұрады . Педиатр дұрыс тағайындадыма себебін түсіндіріңіз?

A.Иә, дұрыс тік ішектің шырышты қабаты жақсы сіңіреді, тік ішектің төменгі веналары төменгі қуыс венасына құяды, сондықтан дәрі қақпа венасын айналып өтеді.

B.Иә, дұрыс тік ішектің шырышты қабаты жақсы сіңіреді, тік ішектің төменгі артериялары құрсақтық аортадан бастама алады, сондықтан дәрінің тез таралуына жағдай жасайды. 

C.Жоқ, дұрыс емес, тік ішектің шырышты қабаты жақсы сіңірмейді, және тік ішектің төменгі веналары төменгі қуыс венасына құяды, сондықтан дәрі қақпа венасын айналып өтеді.

D.Жоқ, дұрыс емес, тік ішектің шырышты қабаты жақсы сіңірмейді,және тік ішектің төменгі артериялары құрсақтық аортадан бастама алады, сондықтан дәрінің тез таралуына жағдай жасайды.

E.Жоқ, дәрігіер тағайындамалары дұрыс емес, сироп тағайындау керек еді, себебі балалар тәттіні жақсы көреді.

А

 

87. Егде жастағы ер адам урологқа тәулік бойы зәрдің болмайына, шағымданып келді, анамнезінде простата аденомасы. Науқасқа қандай шұғыл көмек керек , не үшін?

A.Қуықты металл катетермен катетерлеу, себебі бұл аз травматикалық және тез.

B.Қуықтың жоғары пункциясы, себебі толған қуық симфизден жоғары түрады және оны пункциялау оңай.

C.Куықты силикон катетермен катетерлеу, себебі бұл аз травматикалық және тез.

D.Куықты катетерлеу және жедел операция.

E.Куықты катетерлеу және ары қарай сұйықтықты аз қолдану.

B

 

88. Әйел адам урологқа жиі, ауырсынумен болатын зәр шығаруға шағымданып келді. Өткізілген тексерулерден соң науқаста жедел цистит анықталды. Анамнезіне әйел жиі циститпен ауырады. Неге әйелдерде жиі цистит болады?

A.Себебі, әйелдерде зәр шығару каналы кең және ұзын болып келуі, соның әсерінен инфицирлену қаупі жоғары болуымен түсіндіріледі.

B.Себебі, әйелдерде зәр шығару каналы кең және қысқа болып келуі, соның әсерінен инфицирлену қаупі жоғары болуымен түсіндіріледі.

C.Себебі, әйелдерде зәр шығару каналы тар және қысқа болып келуі, соның әсерінен инфицирлену қаупі жоғары болуымен түсіндіріледі.

D.Себебі, әйелдерде зәр шығару каналы тар және қысқа болып келуі, соның әсерінен инфицирлену қаупі жоғары болуымен түсіндіріледі.

E.Себебі, әйелдерде зәр шығару каналы ұзын және сфинктер жоқ болып келуі, соның әсерінен инфицирлену қаупі жоғары болуымен түсіндіріледі.

C

 

89. Тайландтық бокс бойынша жарыста, спортшы қарсыласының басынан оң жақ шынтақпен ұрды, содан оң қол басының әлсіреуін және мықтап қыса алмағанын көрді. Не болды?

A.Соққы кезінде шынтақтың медиальды буын бүртігінде орналасқан шынтақ нервісі зақымдалған

B.Соққы кезінде шынтақтың латеральді буын бүртігінде орналасқан ортанғы нервісі зақымдалған

C.Соққы кезінде шынтақтың ортанғы буын бүртігінде орналасқан шыбық нервісі зақымдалған

D.Соққы кезінде шынтақтың үстінгі буын бүртігінде орналасқан ортанғы нервісі зақымдалған

E.Соққы кезінде шынтақтың астыңғы буын бүртігінде орналасқан шыбық нервісі зақымдалған

А

90. Мәйітте тізе буынының артқы бөлігін препараттау барысында, студент балтырдың ортасынан тік тілік жасады. Теріні, тері астындағы тіндерді және меншікті фассияларын ашқан соң, ол зақымдалған тамырды тапты. Қандай тамырды студент зақымдады және неге?

A.артқы сирақ венасы бұл венаның орналасу жері

B.сан венасы, өйткені ол тізе буынының артқы бөлігінің ортасынан өтеді

C.үлкен тері асты вена, себебі бұл венаның орналасу жері

D.кіші тері асты венасын, өйткені бұл венаның орналасу жері

E.алдыңғы tibial вена, себебі тізенің артқы жағынан өтеді

D

 

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.