Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ойнауды қажет ететін физикалық симптомдар.



Ойнауды қажет ететін физикалық симптомдар.

Оң жақ мықын аумағын пальпациялағанда (Раздольский симптомы);

Сол жақ қырымен жатқан науқыстың оң жақ мықын аумағын пальпациялағанда – ауырсынудың күшеюі (Бартомье-Михельсон симптомы);

Дәрігер, науқастың жейдесін тартып тұрып оң жақ мықын аймағына қарай жоғарыдан төмен қарай сырғымалы қозғалыстар жасайды. Сырғымалы қозғалыстың аяқталған кезінде кенеттен ауырсынудың күшеюі. (Воскресенский «жейде» симптомы);

Сол жақ бүйір аймағын түрткілегенде оң жақ мықын аймағындағы ауырсынудың күшеюі (Ровзинг симптомы);

Оң жақ мықын аймағын пальпациялап тұрып, кенеттен қолды алғанда, ауырсынудың күшеюі. (Щеткин-Блюмберг симптомы).

Физикалық көрсеткіштер.

Дәрігер ҚҚ өлшейді; пульс, дем алу жиілігін санайды; өкпе, жүректі тыңдайды, буындар қимылын, бұлшықет тонусын, тері тургорын тексереді. Сіз осы манипуляцияларға келісіп, айтқанын орындайсыз.

Сіз қолыңызбен ішіңіздің оң жақ төменгі бөлігін ұстап тұрасыз.

Қойылуы тиіс сұрақтар:

• Қандай лабораторлы көрсеткіштер менің диагнозымды нақтылайды?

• Егер диагноз нақтыланса, сіз мені қашан отаға аласыз?

• Сіз маған қандай ота жасайсыз?

• Лапароскопиялық ота жасауға болады ма?

• Менің ағзама жалпы наркоз қатерлі емес пе?

• Ота қанша уақыт үзаққа созылады?

• Отадан кейін қандай салдар болуы мүмкін?

• Отадан кейін қанша күннен соң мен жұмысқа шыға аламын?

 

Бағдарланған (келісілген) жауаптар:(қажет жағдайда)

Дәрігерден сізде қандай дертті тапқанын және оның себебін сұрайсыз. Дәрігер сізде жедел аппендицит күмәні бар екенін баяндайды.

Сіз дәрігерге сұрақ қоясыз: - Қандай зерттеулерді маған тағайындайсыз? 

Лабораторлық көрсеткіштер:Дәрігер Сізге анализдер тағайындады: ЖҚА, ЖЗА, ҚБА, құрсақ қуысының УДЗ. Дәрігер Сізге қандай мақсатта бұл зерттеулерді тағайындағанын түсіндірді.

Әрі қарай дәрігер Сізді зерттеулер нәтижесімен таныстырады:

- ЖҚА – лейкоциттер деңгейінің жоғарылағанын айтты, яғни сізде қабыну үрдісінің барын айтады.

- УДЗ мәліметтері - оң жақ мықын аймағында құрт тәрізді өсіндінің көлемі 7х 1,6 см.қабырғасы 0,7 см ге ұлғайғанын, өсінді айналасында инфильтратты тіндердің және сұйықтық бар екенін айтты.

- Дәрігер Сізге соңқы нақты диагнозды айтады. Сізде жедел аппендицит екенін айтады. Сізге ауруханаға жатуды және оперативті емдеуді ұсынады. Егер Сіз ауруханаға жатудан және емнен бас тартқан жағдайда, қандай асқынулар болатынынан ескертеді. Сізден ауруханаға жатуыңызға және операцияға жазбаша түрде келісім беруіңізді сурайды.

                                                                                                



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.