Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





СТАНДАРТТАЛҒАН НАУҚАСҚА КЛИНИКАЛЫҚ СЦЕНАРИЙ(СП)



СТАНДАРТТАЛҒАН НАУҚАСҚА КЛИНИКАЛЫҚ СЦЕНАРИЙ(СП)

Клиникалық есеп номері: ОА - 1

Клиникалық есеп атауы: «Жедел аппендицит, жергілікті перитонит».

Науқастың аты:Калиев Ислам Алжанович

Жасы:26 жас

Жынысы:Ер

Орнатылым

Сіз ауруханаға жедел жәрдем көлігімен келдіңіз.

Айналадағы жағдай: қабылдау бөлімі

Клиникалық жағдай:

Дәрігер сәлемдеседі, өзін таныстырады, кушеткаға жатуыңызды сұрайды. Аты-жөніңізді, жасыңызды сұрайды. Шағымдарыңыз жайлы сұрастыра бастайды. Сіз ішіңіздің оң жақ бөлігіндегі ауырсынуға шағымданасыз, ауру сезімін сипаттайсыз (жедел, кенеттен), сонымен қатар сізді құсу (2 рет) және іш өту (2 рет) болғанан баяндайсыз. Дене қызуы 37,6С. Осыдан соң дәрігер қарауды бастайды.

Ауру тарихы: Дәрігер анықтап сұрап бастайды, яғни қашан ауырды, қалай басталды ? Сіз айтасыз:

-Ауыру сезімі шамамен 20 сағат бұрын басталды. Алдымен асқазан тұсым ауырды, мен жеген пиццадан деп ойладым (түсте пицца жегенмін), содан соң төрт таблеткі белсендірілген көмір қабылдадым. Бірақ шамамен төрт сағаттан соң ауырсыну ішімнің төменгі оң жақ бөлігіне ауысты. Ауырсыну қоймаған соң, жедел жәрдем шақырдым.

Басынан өткерген аурулар/оталар:

Кез-келген өткерген отасы: жоқ.

Кез-келген өткерген:аурулары: созылмалы баспа, суықтау жылына 1-2 рет.

Аллергиясы: жоқ

Медикаменттер

Кез-келген дәрілер: антибиотик (баспа кезінде, атауы есінде жоқ).               

Отбасылық анамнез:

Кез-келген отбасылық жағдай

Жүрек аурулары: жоқ.

Кеуде торы аурулары: жоқ.

Қатерліісік: жоқ, тәтесінде қант диабеті болған.

Назар аударатын аурулар : жоқ.

Қоғамдық анамнез және тұлға типі:     

Отбасылық жағдайы:үйленген

Балалары:ұл бала, 3 жаста

Мамандығы/білімі:экономист, жоғарғы

Тұрғылықты мекен-жайы: Алматы қ.

Өмір сүру жағдайы:орташа

Шылым шегу:шылым шекпеймін

Алкоголь:қабылдамаймын

Рецептурасыз дәрілік заттарды қабылдауы:қабылдамаймын

 

Науқастың жағдайы:

Идеялары және ойлары:

-Дәрігер жағдайының қалай екенін сұрайды.Сізмен уланып қалдым деп ойлаймын, себебі менде іш өту болды. Бірақ жедел жәрдем дәрігері, аппендицит мүмкіндігін айтып, сол ауру туралы түсіндірді.

Уайымы:

Дәрігер: - Ауруыңызбен байланысты қандай уайымыңыз бар? 

Егер диагноз нақтыланса, мен болар отадан қорқамын.

Күтуі:

 Дәрігер: - Ауруханаға қандай үмітпен келдіңіз? Сіз: - Операция болатын болса сәтті өтуіне үміттенемін.

Сезімі:Дәрігер: - Өзіңізді қалай сезінесіз? Сіз: - Қорқыныш пен шаршауды сеземін.

 

Ойын бойынша нусқау:

Өзін-өзі ұстауы:

Сіз өз-өзіңізді ақылға қонымды, сабырлы ұстайсыз.Кушеткада ,іштің оң жақ мықын аймағын ұстап отырасыз.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.