Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Хирургия» бағыты бойынша 6 курс интерндерінің қорытынды бақылауына арналған медициналық симуляция сценариі



«Хирургия» бағыты бойынша 6 курс интерндерінің қорытынды бақылауына арналған медициналық симуляция сценариі

2016-2017 оқу жылдары

(2 этап – клиникалық дағдыларды бағалау)

Клиникалық есеп номері: ОА - 1

Клиникалық есеп атауы: «Жедел аппендициттің диагностикасы және хирургиялық тактикасы».

Клиникалық есеп:

26 жастағы ер адам, ауруханаға оң жақ мықын аймағындағы жедел ауырсынуға, құсуға, іш өтуіне, дене қызуының 37,6 С жоғарылауына шағымданып жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Ауырсыну 20 сағат бұрын кенеттен эпигастри аймағында басталып, 2 сағаттан соң оң жақ мықын аймағына ауысқан. Науқас жағдайының нашарлауын жеген пиццамен байланыстырады.

Науқас мазасыз, әңгімелесу барысында байланысқа оңай түседі.Қолымен оң жақ мықын аймағын ұстап отыр.

Объективті:бойы 176 см, салмағы 74 кг. Терісі қалыпты түсте. Дене қалпы дүрыс, тағамдануы орташа. Тілі ақ өңезбен жабылған. АҚ 120\80, ЖСЖ – 86, ТЖ – 18. Жүрек үндері анық, ырғақты. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ.

Status localis:Іші қалыпты формада, кеппеген, ішінің оң жақ бөлігі тыныс алудан қалып отырады. Пальпациялау кезінде оң жақ мықын аймағында айқын ауысыну сезімі мен бұлщық еттердің қатаюы анықталады. Ситковский, Ровзинг, Воскресенский симптомдары оң. Оң жақ мықын аймағында Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Екі рет іш өту болған. Кіші дәреті қалыпты.

 

Клинико-лабораторлық зерттеу әдістері мәліметтері:

1. ЖҚА: Нв-145 г/л, эритроцит – 4,8*1012/л, Нт - 42%, лейк – 15х109/л., СОЭ – 12 мм/с.

2. ЖЗА:түсі – ашық сары, мөлдір, салыстырмалы тығыздығы – 1,022, белок-теріс..

3. Биохимиялық қан талдауы:Билирубин 16ммоль/л, сілтілі фосфатаза-270 ӘБ/л , АЛаТ-35ммоль/л, АСаТ-28ммоль/л, глюкоза-3,7ммоль/л, жалпы белок-76г/л, қан электролиттері: Na-146мэкв/л, К-4,2мэкв/л, СL-130мэкв

4. УДЗ – Құрт тәрізді өсіндінің өлшемі- 7*1,6, қабырғасы 0,7 см қалыңдаған.Өсіндінің айналасында тіндердің инфильтрациясы және сұйықтық көрінеді.

           

Тапсырма:

1. Өзін-өзі көрсету дағдысын қолданып шағымдарын, ауру анамнезін, өмір анамнезін жинау.

2. Науқастың психикалық жағдайын ескере отырып сұхбат жүргізу, қатынас орнату және сұрақтар жауабына қорытынды жасау.

3. Қарап тексеру қорытындыларын интерпретациялау.

4. Болжама диагноз қою (резюмирлеу дағдысы).

5. Лабораторлы-аспаптық зерттеулер тағайындау.

6. Лабораторлы-аспаптық зерттеулер нәтижелерін науқасқа түсіндіру.

7. Қорытынды диагнозды құрастыру және түсіндірі.

8. Ары қарай жүргізілетін тәсілді анықтау (жинақтау және кері байланыс дағдысы).



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.