Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жылтырату ісіндегі қолданылатын жабдықтар.



                                                   Сабақ №10

1.Сабақтың тақырыбы: Блок құю. 

2.Сағат саны: 1 сағат                                                                            45 мин(100%)                                                                               

3.Сабақ түрі:   теориялық

4.Сабақтың мақсаты:

· оқыту : Оқушыларды жасанды сауыт дайындауда блок құю және оған қойылатын талаптармен таныстыру және оның маңыздылығын түсіндіру және оқыту.

· тәрбиелік : Ғанышпен жұмыс істеу, блок құю әдісімен таныстыру, тістехникалық                зертханасында жұмыс істеуу барысында қауіпсіздік шараларын сақтау керектігімен таныстыру. 

· дамыту:Штампталған сауыт дайындау техникасын үйрену,ғаныштан                               блок құю және оған қойылатын талаптарды білу, жұмыс істеуге арналған құрал- жабдықтар мен оларды қолдану амал-әдістерін меңгеруді жетілдіру,дамыту

5.Оқыту әдісі: Муляждар, фантомдар

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар:компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекті және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны:

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі:

1.Алтынбеков К.Д., Мирзабеков О.М., Нысанова «Тіс протездерін жасау технологиясы»(Алматы «Эвро» ЖШС баспасы,2011ж)

2. Копейкин В.Н., Демнер Л.М. «Зубопротезная техника» (Москва, «Медицина», 1998.)

3. Курляндский В.Ю. «Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии» (Москва, «Медицина», 1997г.)

Қосымша:

1.К.Д. Алтынбеков., «Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар.»(Алматы 2010ж )

2. Погодин В.С., Пономарев В.А. «Руководство для зубных техников» (Ленинград, «Медицина», 1993г.)

3.Поюровская И.Я. «Стоматологическое материаловедение», (Москва, «ГЭОТАР Медиа»2007ж)

8. Ұйымдастыру кезеңі                                                                                    5мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.                        20мин(22%)

1.Мүсіндеуге арналған балауыздар.

2.Тістің сауыт бөлігін балауыздан мүсіндеу.

3. Ғаныштан штамп кесіп алу.

2.Клиникалық тіс мойнын тереңдету, айқындату.   

10.Жаңа сабақты түсіндіру.                                                                             40мин(44%)

Содан соң алғашқы және соңғы штамптауға арналған металл штампиктерді алу үшін гипсті штампикті 10 минутқа суға батырады. Резина қолбада гипсті сумен араластырып, оны үстел үстіне қалыңдығы 20мм тегіс қабатпен жаяды немесе арнайы қалыптарға құяды. Осыдан кейін оған гипстік штампикті жанасу бетімен жартысына дейін батырады.

Гипс қатқаннан кейін блоктың шеттерінде фигурлаы ойықтар жасап, 6-10 минутқа суық суға батырады, содан соң, блоктың екінші жартысы қалыңдығы 2-3см болатын гипстен жасалады.

Гипс қатқаннан кейін қалыпты ашып, гипстік штампиктерді бөліпалады да, пайда болған орынға, арнайы қалақта балқытылған тез балқитын металды құяды. Тіссауытты даярлау үшін 2 дана металл тістер құйылады, оның біреуі алдын ала штамптауға, басқасы соңғы штамптауға арналған.

11.Жаңа тақырыпты бекіту.                                                                        15мин(16%)

1. Ғаныш штампқа қойылатын талаптар.

2.Клиникалық тіс мойнын тереңдету, айқындату.   

3.Блок құю.         

12.Сабақты қорытындылау.                                                                          5мин(6%)   

 - оқушылардың білім деңгейін бағалау;

 - келесі сабақтың тақырыбын бағалау;                                                                                                        

13.Үйге тапсырма беру.                                                                                  5мин(6%)                                  

  Н-1, бөлім -3,бет 120-121

  Н-2, бөлім -9,бет 139-141

  Н-1, бөлім -4,бет 74-80                                                 

 

                                                   Сабақ №11

1.Сабақтың тақырыбы: Металл штамп дайындау. Гильза таңдау. Алғашқы штамптау.  2.Сағат   саны: 1 сағат                                                                            45 мин(100%)                                                                              

3.Сабақ түрі:   теориялық

4.Сабақтың мақсаты:

· оқыту : Оқушыларды жасанды сауыт дайындауда металл штамп дайындау және           қауыз таңдау оларға қойылатын талаптармен таныстыру. Алғашқы  штамптау және оның маңыздылығын түсіндіру және оқыту.

· тәрбиелік :Металл штамп дайындау және алғашқы штамптау әдісімен таныстыру,          жұмыс істеу барысында қауіпсіздік шараларын сақтау керектігімен таныстыру. 

· дамыту :  Штампталған сауыт дайындау техникасын үйрену,металл штамп                           дайындау, қауыз таңдау және алғашқы штамптау дағдыларын меңгеруді                     жетілдіру, дамыту

5.Оқыту әдісі: Модульды оқыту

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар:компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекті және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны:

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

 Негізгі:

1.Алтынбеков К.Д., Мирзабеков О.М., Нысанова «Тіс протездерін жасау технологиясы»(Алматы «Эвро» ЖШС баспасы,2011ж)

2. Копейкин В.Н., Демнер Л.М. «Зубопротезная техника» (Москва, «Медицина», 1998.)

3. Курляндский В.Ю. «Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии» (Москва, «Медицина», 1997г.)

Қосымша:

1.К.Д. Алтынбеков., «Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар.»(Алматы 2010ж )

2. Погодин В.С., Пономарев В.А. «Руководство для зубных техников» (Ленинград, «Медицина», 1993г.)

3.Поюровская И.Я. «Стоматологическое материаловедение», (Москва, «ГЭОТАР Медиа»2007ж)

8. Ұйымдастыру кезеңі                                                                                        5мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.                           20мин(22%)

1. Ғаныш штампқа қойылатын талаптар.

2.Клиникалық тіс мойнын тереңдету, айқындату.   

3.Блок құю.         

10.Жаңа сабақты түсіндіру.                                                                                40мин(44%)

1.Тез балқитын металл құймалары, құрамы, қасиеті, қолданылуы.

2. Металл штамп дайындау және оған қойылатын талаптар.

3.Гильза таңдау.

4.Алғашқы штамптау.   

11.Жаңа тақырыпты бекіту.                                                                        15мин(16%)

12.Сабақты қорытындылау.                                                                           5мин(6%)   

 -  оқушылардың білім деңгейін бағалау;

 - келесі сабақтың тақырыбын бағалау;                                                                                                        

13.Үйге тапсырма беру.                                                                                  5мин(6%)                              

  Н-1, бөлім -3,бет 121-124

  Н-2, бөлім -9,бет 141-144

  Қ-1, бөлім -5,бет 97-115               

 

                               

                                                 Сабақ №12

1.Сабақтың тақырыбы: ММСИ әдісі бойынша соңғы рет штамптау.           

2.Сағат саны: 1 сағат                                                                               45 мин(100%)                                                                               

3.Сабақ түрі:    теориялық

4.Сабақтың мақсаты:

· оқыту :Оқушыларды жасанды сауыт дайындауда ММСИ әдісі бойынша соңғы                 рет штамптау және оның маңыздылығын түсіндіру және оқыту.

· тәрбиелік : ММСИ әдісі бойынша соңғы рет штамптау әдісімен таныстыру,                штамптау кезеңдерін сақтау және дұрыс, сауатты орындау керектігімен таныстыру. 

· дамыту :Штампталған сауыт дайындау барысында ММСИ әдісі бойынша соңғы                                рет штамптау техникасын үйрену,металл штамп дайындау, қауыз таңдау және алғашқы штамптау дағдыларын меңгеруді жетілдіру,дамыту

5.Оқыту әдісі: Ситуациялық есептер

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар:компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекті және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны:

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі:

1.Алтынбеков К.Д., Мирзабеков О.М., Нысанова «Тіс протездерін жасау технологиясы»(Алматы «Эвро» ЖШС баспасы,2011ж)

2. Копейкин В.Н., Демнер Л.М. «Зубопротезная техника» (Москва, «Медицина», 1998.)

3. Курляндский В.Ю. «Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии» (Москва, «Медицина», 1997г.)

Қосымша:

1.К.Д. Алтынбеков., «Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар.»(Алматы 2010ж )

2. Погодин В.С., Пономарев В.А. «Руководство для зубных техников» (Ленинград, «Медицина», 1993г.)

3.Поюровская И.Я. «Стоматологическое материаловедение», (Москва, «ГЭОТАР Медиа»2007ж)

8. Ұйымдастыру кезеңі                                                                                        5мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.                       20мин(22%)

1.Тез балқитын металл құймалары, құрамы, қасиеті, қолданылуы.

2. Металл штамп дайындау және оған қойылатын талаптар.

  3.Гильза таңдау.

4.Алғашқы штамптау.    

10.Жаңа сабақты түсіндіру.                                                                             40мин(44%)

Тез балқитын металдан жасалған тіс бойынша қауызды таңдайды. Алтыннан жасалған гильзаның диаметрін азайту үшін «Шарп» аппаратын, ал никель-хром қоспасын гильзаны шақтау үшін «Самсон» аппаратын қолданады. Дұрыс таңдалған қауыз металл штампикке күшпен кигізілуі керек.

Гильзаны «Самсон» аппаратынан өткізіп, шақтағаннан кейін, оның пішінін жобалау үшін, тіс пішініне шамамен жуықтататын шығыңқылары бар, тіс техникалық төсін қолданады.

Бұл үшін төсте, алдымен дөңгелек пунсондп, гильза қырын дөңгелектейді, кейін басқа пунсонда гильзаға, мысалы, күрек тіс қалпын келтіреді.

Гильзаны тісте ұрғылау уақытында оның құрылымында және механикалық қасиетінде өзгерістер болады. Осылардың нәтижесінде бастапқы қасиеттерін қайтару үшін, оны термиялық өңдеуден өткізеді, ол үшін оны 600-900 градустық температураға дейін күйдіреді.

Содан соң күйдірілген қауызды қалыпқа кигізеді де, балға көмегімен тіссауыт қалпын бірнеше соққылауды жалғастыра береді. Қатпарлар пайда болмас үшін, шайнау беті немесе кесу қырларынан тіс мойнына қарай, балғамен соза отырып соққылайды.

Осыдан кейін гильзаны қайтадан термиялық өңдеуге салады да, тіссауыттың соңғы штамптауын жүргізеді. Соңғы рет штамптаудың бірнеше әдістері бар.

Паркер әдісі.Паркер- шомбал қуыс денелі негіздемесі және оған кіріп тұратын цилиндірі бар аспап. Қуыс мольдинмен немесе ысытылмаған каучукпен толтырылады. Алғашқы штампталған гильза күйдірілгеннен кейін бірнешее құйылған металды штампикке кигізіп, мольдинге батырылып, цилиндрді балғамен ұрғылау арқылы, я болмаса тіссауыттарын штамптауға арналған тіс техникалық престе соңғы штамптауды жүзеге асырады.

ММСИ әдісі. Алдын ала штамптау жоғарыда жазылған әдіспен жүргізіледі. Металды контрштампты келесі әдіспен алады. Жеңіл балқитын бірінші құйылған металл штампик тістің шайнау емесе таңдай беттері және кесу қырларын ашық қалдырып, лейкопластырмен жабады. Түбі ашылатын арнайы кюветаға, балқытылған тез бақығыш металл құйылады да, оған пластырьмен оралған щтампикті шайнау бетімен батырады. Металл қатқан соң, оны штампикпен бірге суырып алып, 2-3 бөлікке бөледі. Металды штампиктен пластырьді алып, оған алғашқы штампталып күйдірілген қауызды кигізеді де, жиналған контрштамп арнасына салып, оны қайтадан кюветке орналастырады да, штампты балғамен ұрғылап, соңғы штамптауды жүргізеді.

11.Жаңа тақырыпты бекіту.                                                                        15мин(16%)

1.ММСИ әдісі бойынша соңғы рет штамптау.

2.Паркер  әдісі бойынша соңғы рет штамптау.           

12.Сабақты қорытындылау.                                                                           5мин(6%)   

-  оқушылардың білім деңгейін бағалау;

- келесі сабақтың тақырыбын бағалау;                                                                                                        

13.Үйге тапсырма беру.                                                                                   5мин(6%)    

Н-1, бөлім -3,бет 125-127

Н-2, бөлім -9,бет 145-147

Қ-3, бөлім -5,бет 112-115

                                                Сабақ №13

1.Сабақтың тақырыбы: Сауытты ағарту.          

2.Сағат саны: 1 сағат                                                                             45 мин(100%)                                                                            

3.Сабақ түрі:   теориялық

4.Сабақтың мақсаты:

· оқыту : Оқушыларды штампталған жасанды сауытты ағарту, ағартқыштардың             түрлері , қолдану көрсеткіштері және олардың маңыздылығын түсіндіру және оқыту.

· тәрбиелік : Сауытты ағарту кезеңімен таныстыру, ағарту процесі кезінде                 ағартқыштармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, дұрыс, сауатты орындау керектігімен таныстыру. 

· дамыту :  Сауыттарды ағарту процесі  барысында қолданылатын ағартқыштардың                                 қолдану көрсеткіштерін,қасиеттерін және ағарту дағдыларын меңгеруді жетілдіру,дамыту , машықтану.

5.Оқыту әдісі: Шағын топтармен жұмыс істеу

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар:компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекті және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны:

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі:

1.Алтынбеков К.Д., Мирзабеков О.М., Нысанова «Тіс протездерін жасау технологиясы»(Алматы «Эвро» ЖШС баспасы,2011ж)

2. Копейкин В.Н., Демнер Л.М. «Зубопротезная техника» (Москва, «Медицина», 1998.)

3. Курляндский В.Ю. «Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии» (Москва, «Медицина», 1997г.)

Қосымша:

1.К.Д. Алтынбеков., «Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар.»(Алматы 2010ж )

2. Погодин В.С., Пономарев В.А. «Руководство для зубных техников» (Ленинград, «Медицина», 1993г.)

3.Поюровская И.Я. «Стоматологическое материаловедение», (Москва, «ГЭОТАР Медиа»2007ж)

8. Ұйымдастыру кезеңі                                                                                        5мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.                      20мин(22%)

  1.ММСИ әдісі бойынша соңғы рет штамптау.          

  2.Паркер  әдісі бойынша соңғы рет штамптау.          

10.Жаңа сабақты түсіндіру.                                                                             40мин(44%)

Тіс протездерін өңдеу.Металл құймаларына дайындалатын тіс протездері жасалау барысында әртүрлі термиялық өңдеулерден өтеді. Металды қыздырған кезде беткі қабаты тотығып, тотықты қабат түзейді. Түзілген тотықты қабат металдың бетін қарайтады. Тотықты қабаттың физикалық және химиялық қасиеттері жағынан таза металдан айырмашылығы бар, оның қаттылығы төмен, морт сынғыш кейбір кездерде металдың коррозиясын жылдамдатады.

Әртүрлі металдар мен оның қорытпаларын термиялық өңдеуде металдың сыртқы бетінде ауадағы оттегінің әсерінен тотық қабыршағының түзілетінін белгілі. Тотық қабырщағын жою химиялық жолмен жүзеге асады. Бүл үшін әртүрлі минерал қышқылдардың концентрациядағы ерітінділері мен олардың қосындылары қолданылады.

Тотық қабыршағын жоюға арналған ерітінділер ағартқыш деп, ал тотық қабатын жою процесін ағарту деп атайды.

Ағартқыштарды қолданғанда, олардың металға тигізетін әсері аз болуы керек.

Ағарту технологиясының екі түрлі тәсілі қолданылады:

1. қолдан ағарту, аспаптардың көмегімен ағартатын металды ағартқыш толтырылған ыдысқа саламыз

2. электролитпен ағарту.

3. тотық қабыршағын жоятын ерітінділердің құрамдары әртүрлі болып келеді:

Ақтауыш номері

Ақтауыш компоненттері (0% салмағы)

Тұз қышқылы Азот қышқылы Күкірт қышқылы       Су
№1 -
№2 -
№3 -
№4 -
№5 -

Ағартқыш қабыршаққа ғана емес, осымен қатар металға да әсерін көрсетеді.

Сондықтан қабыршақты алу шарасында қарастырылатын амал келесідей: қайнауға дейін қыздырылған ағартқышқа тіс протезін 0,5-1мин уақытқа батырып, артынша протезді суық суда ұқыпты түрде шайып, жуып тастаймыз. Есте сақтайтын нәрсе: ағартқышты дайындауда суға қышқылды құямыз, керісінше болмайды.

Электрағарту кезінде мателл қаңқаның бетін қабыршақтан және отқа төзімді массаның қалдығынан электролит көмегімен тазартамыз. Электролитпен тазарту алдында, протездің қаңқасын механикалық және химиялық тазалаудан өткіземіз, бұл үшін металл щетканы немесе құмсепкіш аппаратты қолданамыз.

Құйманы арнай ыдысқа салып, қабыршақтан еру температурасы төмен натрийдің гидроксид ерітіндісіне қайнату арқылы тазалаймыз. Вентиляция қондырғышы бар шкафта газ ошағында немесе электр плитасында қайнатамыз. Протездің қаңқасына анод бекітіледі, катод электролитте орналастырылады. Ағарту уақыты 1-3 мин, электр тоғының күші 7-9 ампер, ағартқыш температурасы 20-22 градус.

11.Жаңа тақырыпты бекіту.                                                                        15мин(16%)

1.Ағартқыштар,түрлері, құрамы, қасиеті.

2.Ағартқыштармен жұмыс істеуде қауіпсіздік ережелері.

3.Сауытты ағарту.

12.Сабақты қорытындылау.                                                                          5мин(6%)   

-  оқушылардың білім деңгейін бағалау;

- келесі сабақтың тақырыбын бағалау;                                                                                                        

13.Үйге тапсырма беру.                                                                                  5мин(6%)                                  

Н-2, бөлім -5,бет 103-104

Қ-1, бөлім -7,бет 335-340                     

                                                Сабақ №14

1.Сабақтың тақырыбы: Сауытты өңдеп,тегістеп, жылтырату.          

2.Сағат саны: 1 сағат                                                                            45 мин(100%)                                                                               

3.Сабақ түрі:   теориялық

4.Сабақтың мақсаты:

· оқыту:Оқушыларды штампталған жасанды сауытты өңдеп, тегістеп,              жылтырату, түрпілік материалдардың түрлері , қолдану көрсеткіштері және олардың маңыздылығын түсіндіру және оқыту.

· тәрбиелік : Сауытты өңдеп,тегістеп, жылтырату.  кезеңімен таныстыру,                  ағарту процесі кезінде ағартқыштармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау,                дұрыс, сауатты орындау керектігімен таныстыру. 

· дамыту :  Сауыттар өңдеу процесі барысында қолданылатын түрпілік                                 материалдардың қолдану көрсеткіштерін, қасиеттерін және өңдеу дағдыларын                          меңгеруді жетілдіру, дамыту , машықтану.

5.Оқыту әдісі: Пікірталас

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар:компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекті және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны:

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі:

1.Алтынбеков К.Д., Мирзабеков О.М., Нысанова «Тіс протездерін жасау технологиясы» (Алматы «Эвро» ЖШС баспасы,2011ж)

2. Копейкин В.Н., Демнер Л.М. «Зубопротезная техника» (Москва, «Медицина», 1998.)

3. Курляндский В.Ю. «Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии» (Москва, «Медицина», 1997г.)

Қосымша:

1.К.Д. Алтынбеков., «Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар.»(Алматы 2010ж )

2. Погодин В.С., Пономарев В.А. «Руководство для зубных техников»

(Ленинград, «Медицина», 1993г.)

3.Поюровская И.Я. «Стоматологическое материаловедение», (Москва, «ГЭОТАР Медиа»2007ж)

8. Ұйымдастыру кезеңі                                                                                     5мин(6%)

 Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.                        20мин(22%)

10.Жаңа сабақты түсіндіру.                                                                              40мин(44%)

Протездерді және аппараттарды ағартатын болған соң оның барлық бөліктерін жақсылап жонып жылтырату керек. Бұл өңдеудің мақсаты, тіс протездерінің сыртқы қабаттарын кедір-бұдырлардан тазартып тегістеу. Протез беті таза болса, материалдардың коррозияға тұрақтылығы артады. Ал егер тегіс болмаса, онда ол жерлерге тамақ қалдықтары мен микрооргонизмдердің жиналуына әкеледі, бұл-металдың коррозияға тұрақтылығын кемітедіжәне тістердің бұзылуына әкеліп соқтырады.

Тіс протездерінің конструкциясы қаншалықты дұрыс болғанымен, егер ол нашар өңделген болса, онда аурудың протезге үйренуі қиындап, тамақ шайнауын ауырлатады. Протезді өңдеу және жылтырату үшін әр түрлі ұсақ түйіршікті қаттылығы жоғарғы заттар қолданылады, түрпілік немесе абразивті материалдар деп аталады.

Материалдарды түрпілермен өңдеу, оның құрамындағы әр түрлі орналасқан түйіршіктердің қарама-қарсы қозғалыс кезінде кесуіне байланысты. Түрпілік түйіршіктердің әрекеті олардың майдалылығына, орналасуына, құрамына және қасиетіне байланысты.

Өнеркәсіпте қолданыталын түрпілік материалдар табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді. Табиғи түрпілік материалдарға ұсақталған минералдар жатады. Олар алмас, корунд, зымпыра, гранат, бор және басқалар.

Әр түрлі ортопедтік аппараттар , осылардың ішіндегі тістердің, жақсүйектерінің және бет әлпетінің протездері олардың сыртқы беттерінің тегіс, жылтыр, жарқырап тұруы үшін, оладры ұқыпты түрде өңдеуі талап етеді. өңдеудің бұл түрі бұймның қолайлылығы және эстетикасымен қатар, аппаратың гигиенасын жақсартып, тіс протездерін тамақ қалдықтарымен тіс қақтарын жою жолын жеңілдетеді.

Электр моторларын қолданып өңдеп тегістеу.өңдеп тегістеуде қолданылатын моторлар үш топқа бөлінеді:

1. Аспалы.Минутына 12000 айналымы және спираль атты ұзартқышы бар тіс техникалық лаборатория жиһазы. Спираль ұшына тағылған лаборатория ұщтықтарымен бірге қолданылады. әр түрлі жонатын материалдар ұштықтарға тағылады және өңдеп тегістеу іске асады. Аспалы моторларын іске қосу және ажырату аяқпен басатын педаль арқылы болады. Педальға түсетін аяқ күшінің шамасымен оның айналу жылдамдығын минутына 1000-нан 12000 дейін ауыстыруға болады.

Жонып-тегістеу ісі үшін ұштықтың ұшына тағылған материал «фрез» деп аталады. Жонылу қырларының өзгешелігіне қарай әр түрлі фрездер болады. Протез материалдарының қаттылығына қарай әр түрлі фрездер қолданылады.

2. Микромоторлар.Микромоторлар айналым жылдамдықтары минутына 25000-40000 айналатын қондырғы. Микромотрдың құрамына ұштық кіреді. Микромоторлады қосатын тетіктер әртүрлі болып келеді. Жоғарғы жиіліктегі айналыста ұзақ уақыт жұмыс істегенде ысынбауы, ұштықтың ұшындағы фрездің айналуында дірілдемеуі оның артықщылығы болып табылады.

3. Өңдегіш шлифмоторлар.Көпір тәрізді және доғалы протездерді дайындағанда, құю каналадарының кесуінде, металдарды жіңішкерткенде қолданылады. Айналым жылдамдығы 25000-40000 рет. Көп қолданылатын типтерде фрездің тағылған бөлігінде тұтқыш тағылып және мотордың жылдамдығы өзгерместен жұмыс істеуі керек.

Тіс технигінің көзіне немесе бетіне металл жаңқаларының шашырамауын қамтамасыз ететін қорғаныс орнатылмай жұмыс істеуге болмайды.

Протездерді жылтырату.Жылтырату дегеніміз, соңғы қалыңдыққа немесе протезді ең жіңішке деңгейге дейін жұқарту ісі болып табылады. Металл протездерді жылтырату пластмассадан жасалған протездерден өзгеше болады. Керамикадан жасалған тістерді жылтыратуға «зер (глазурь)» есімі берілген. Жылтырату ісіндегі негізгі мақсат протездің сыртқы беті тегістеліп жұқартылып, жылтырақ күйге келтіру. Протездерді өңдегенде ең қолайлысы – жылтырату шарық моторы.

Жылтырату ісіндегі қолданылатын жабдықтар.

· Киіз, жүн немесе қылдан дайындаған, жұқартқышық әсері өте аз конус, цилиндр және диск түрінде болады. Тура ортасында моторға тағылатын тесігі болады.

· Қара қыл щетка. Дөңгелек тақтайдың айналасында орналасады. әр түрлі диаметрде болады. Жалпақ беттерді жылтыратуға жалпақ щеткалар, ал енсіз болғанда конус түрінде болады.

· Ақ қыл щетка. Қара щеткаға ұқсас, айырмашылығы жұмсақ. Жылтырату күші қара щеткаға салыстырған аз.

· Мақта щетка. Жұмыр біліктің айналасында мақта жіптер бекітіледі. Жылтыратуда қолданылады.

· Шүберектен жасалған щетка. Мақта жіптерінің орнына шүберек материал түрінде болады. Жалпақ беттерді жылтыратуға арналған.

11.Жаңа тақырыпты бекіту.                                                                        15мин(16%)

12.Сабақты қорытындылау.                                                                           5мин(6%)   

   -  оқушылардың білім деңгейін бағалау;

   - келесі сабақтың тақырыбын бағалау;                                                                                                        

13.Үйге тапсырма беру.                                                                                  5мин(6%)                              

  Н-1, бөлім -3,бет 126-127

  Н-2, бөлім -5,бет 104-106

  Қ-1, бөлім -7,бет 344-355                         

                             

                              



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.