Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ



                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

 СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

«Алынбайтын протез дайындау техникасы»

ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

 

 

Мамандығы: 0304000 «СТОМАТОЛОГИЯ»

Біліктілігі:     0304013   «Дантист»

Курсы:          3

Семестр:       V

                                                                    

                                                                          

                                                                           Құрастырушы:

                                       

                                                                                           оқытушы Бейсенова Г.Е.

Шымкент-2014 ж.

Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді

«_______» _____________

№ «_______» хаттама

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі:  

 

 

                                                     Сабақ №1

1.Сабақтың тақырыбы: Ғаныштан жоғарғы жақтың орталық күрек тістерін мүсіндеу.

2.Сағат саны: 1 сағат                                                                               45 мин(100%)                                                         

3.Сабақ түрі: теориялық сабақ

4.Сабақтың мақсаты:

· оқыту:Оқушыларды қосымша материалдардың түрлерімен және оларды қолдануда            керек құралдармен мен  таныстыру және оқыту.

· тәрбиелік : Тіс техникалық зертханасында жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау керектігімен таныстыру. 

· дамыту :   Ғанышпен жұмыс істеу ережелерін меңгеру, жоғарғы жақтың орталық   күрек тістерін ғаныштан мүсіндеу ерекшеліктерін меңгеруді  жетілдіру, дамыту

5.Оқыту әдісі: пікірталас

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар:компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекті және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны:

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі (Н):

1.Алтынбеков К.Д., Мирзабеков О.М.,Нысанова «Тіс протездерін жасау технологиясы» (Алматы «Эвро» ЖШС баспасы,2011ж)

2.Копейкин В.Н., Демнер Л.М. «Зубопротезная техника» (Москва, «Медицина», 1998.)

3.Курляндский В.Ю. «Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии» (Москва, «Медицина», 1997г.)

Қосымша (Қ):

1.К.Д. Алтынбеков., «Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар.»(Алматы 2010ж )

2. Погодин В.С., Пономарев В.А. «Руководство для зубных техников» (Ленинград, «Медицина», 1993г.)

3.Поюровская И.Я. «Стоматологическое материаловедение», (Москва, «ГЭОТАР Медиа»2007ж)

8. Ұйымдастыру кезеңі                                                                                        5мин(6%)

· Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

· Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

· Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.                        20мин(22%)

         1.Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын негізгі және қосымша материалдар.              2.Ғаныш,құрамы, қасиеті.

10.Жаңа сабақты түсіндіру.                                                                             40мин(44%)

            Барлық ортопедиялық шаралар тіс-жақ жүйесінің жоғалған жүйесін қайта құру және қызметін қайта қалпына келтіруге бағытталған.Сондықтан тіс технигі мамандықты меңгеру  процесі барысында тіс-жақ жүйесін құрайтын мүшелердің анатомиясын біліп қана қоймай, олардың топографиясы мен функциясының тамақ қабылдау, сөйлеу және мимика кезінде өзара қатынасын білу маңызды.           Стомотологиялық ортопедиялық емдеудің жетістіктері тіс-жақ сүйектері мен бет әлпетінің құрылымдық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан жақсы білуге байланысыты екендігі белгілі. Тіс қатарларының әр түрлі кетіктерін қайтара қалпына келтіруде әрбір тістің құрылымдық ерекшеліктері мен оның антогонист тістерімен қарым-қатынасын білу өте маңызды. Тістің сауыт бөлігінің талапқа сай қайтара қалыпты жағдайға келтіру, эстетиканы, тісті қоршаған тірек аппаратының тіндерінің функцияларын қамтамасыз ететіндігі белгілі.

     Тістердің құрылымы.Табиғи тіс үш бөліктен тұрады: сауыт, мойын және түбірі. Тістің сауыт бөлігі қызыл иектен шығып тұрады, ол эмальмен қапталған. Сауыт бөлігінің негізін дентин массасы құрайды.

     Тістің түбірі альвеола өсіндісінде орналасады, оның құрамы дентиннен құралып, сырты ценментпен қапталған. Тіс түбірі тіректік қызметті орындайды.

Тістің  сауыт бөлігінің түбірге  өтетін жері анатомиялық мойны деп аталады. Тістің мойын бөлімінде эмаль қаптамасы аяқталып, қызыл иектің ішкі эпителиалды астарымен ұласып жатады. Ал тістің қызыл деңгейіндегі көрініп тұрған мойны – клиникалық мойын деп аталады.

     Табиғи сауыт бөлігінің бірнеше беттері болады.

     Алдыңғы күрек тістердің кесу қырлары, ал сүйір тістердің-төмпешіктері, кіші және үлкен азу тістердіңшайнау немесе окклюзиялық беттері болады.

     Тістердің көрші тістерге қараған беттерін жанасу немесе апроксималды деп айтады.

     Тістердің алдыңғы тістерге қараған жанасу беттерін мезиалды, ал артта тұрған тістерге жанасу беттерін-дисталды деп атайды.

     Тістердің сырқа қараған беттері вестибулдыбеттері-ерін немесе ұрт беттері деп аталады.

     Таңдай немесе тіл беттері дегеніміз, тістердің ауыз қуысына қараған ішкі беттері. Тістің сауыт бөлігінің ең шығыңқы жерін, тістің экваторы деп атайды. Экватор тісті окклюзиялық немесе қызыл иек бөліміне бөледі.

11.Жаңа тақырыпты бекіту.                                                                        15мин(16%)

1.Тіс техникалық лабораториясы, бөлімдері.

2.Тіс техникалық лабораториясында жұмыс істегенде қауіпсіздік шаралары.

3.Ғаныш, құрамы, қасиеті, қолданылуы.

4.Ғанышпен жұмыс істеу ережелері.  

5.Жоғарғы ортаңғы күрек тістің анатомялық пішіні.

12.Сабақты қорытындылау.                                                                           5мин(6%)   

 - оқушылардың білім деңгейін бағалау;

 - келесі сабақтың тақырыбын бағалау;                                                                                                        

13.Үйге тапсырма беру.                                                                                   5мин(6%) 

 Н-1, бөлім -1,бет 8-17

 Н-2, бөлім -1,бет 3-15

 Қ-1, бөлім -1,бет 3-17   

                                      



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.