Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жақ сүйектерінің құрамалы емес және біртұтас мүсіндерін гипстен алу әдісі



                                               Сабақ №2

1.Сабақтың тақырыбы: Ғаныштан төменгі жақтың орталық күрек тістерін мүсіндеу.  2.Сағат саны: 1 сағат                                                                            45 мин(100%)                                                                           

3.Сабақ түрі:   теориялық

4.Сабақтың мақсаты:

· оқыту : Ортопед стоматолог пен тіс технигігің бірігіп атқаратын жұмыстарының              негізгі қағидаларымен  таныстыру және оқыту.

· тәрбиелік : Тіс техникалық зертханасында жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік                шараларын сақтау керектігімен таныстыру. 

· дамыту :Ғанышпен жұмыс істеу ережелерін меңгеру, төменгі жақтың орталық             күрек тістерін ғаныштан мүсіндеу ерекшеліктерін меңгеруді жетілдіру,дамыту

5.Оқыту әдісі: фантомда жұмыс істеу

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар:компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекті және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары,жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны:

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі (Н):

1.Алтынбеков К.Д., Мирзабеков О.М., Нысанова «Тіс протездерін жасау технологиясы» (Алматы «Эвро» ЖШС баспасы,2011ж)

2. Копейкин В.Н., Демнер Л.М. «Зубопротезная техника» (Москва, «Медицина», 1998.)

3.Курляндский В.Ю. «Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии» (Москва, «Медицина», 1997г.)

Қосымша (Қ):

1.К.Д. Алтынбеков., «Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар.» (Алматы 2010ж )

2.Погодин В.С., Пономарев В.А. «Руководство для зубных техников»  (Ленинград, «Медицина», 1993г.)

3.Поюровская И.Я. «Стоматологическое материаловедение», (Москва, «ГЭОТАР Медиа»2007ж)

8. Ұйымдастыру кезеңі                                                                                        5мин(6%)

 Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

 Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

 Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.                       20мин(22%)

1.Тіс техникалық лабораториясы, бөлімдері.

2.Тіс техникалық лабораториясында жұмыс істегенде қауіпсіздік шаралары.

3.Ғаныш, құрамы, қасиеті, қолданылуы.

4.Ғанышпен жұмыс істеу ережелері.  

5.Жоғарғы ортаңғы күрек тістің анатомялық пішіні.

10.Жаңа сабақты түсіндіру.                                                                              40мин(44%)

  Жоғарғы және төменгі күрек тістерінің ортақ белгілері.Бұл тістердің сауыт бөліктерінің пішіндері алдыңғы жағынан қарағанда күрек іспеттес, сауыттың сыртқы беті томпақ, таңдай беті иілген, апроксималды беттері үшбұрышты, үшбұрыштың төбесі кесу қырларына бғытталған. Сауыт бөліктің кесу қыры жалпақ, ал мойын бөлігі қысыңқы. Кесу қырының мезиалды бұрышы сүйір, ал дисталды бұрышы-доғал. Таңдай беттен қарағанда үшбұрышты, үшбұрыштың төбесі мойын бөлікке қарай бағытталған, және оның жоғарғы үштен ір бөлігінде төмпешігі болады. Бір түбірлі тістер, түбірлерінің ұштары дисталды бағытта қисайған.

    Жоғарғы және күрек тістердің айырмашылықтары.Сайыт бөлігін мезиал-дистал бағытта қарағанда ең томпақ тіс үстіңгі ортаңғы күрек тіс. Екінші орында үстіңгі бүйір күрек тіс. Үшінші орында төменгі бүйір күрек тіс. Төменгі ортаңғы күрек тіс ең жіңішке тіс болып табылады.

  Үстіңгі күрек тістердің таңдай беттерінде оңға және солға біртіндеп үлкейетін сайлар болады. Таңдай бетінің дистал және медиал қырлары эмельдың қалңдауымен мойын бөлікке жалғасып жатады. Тістердің мойын бөліктерінде төмпешік үстіңгі тістерде айрықша шығыңқы және сайлардың бірігетін жеріндегі шұңқыр «соқыр тесік» деп аталады.

    Төменгі күрек тістердің ішкі беттерін ойыстығы жоғарғы тістерге салыстырғанда аздау.

   Үстіңгі күрек тістерлің мойын сызығының контуры домалақ пішінді болса, төменгі күрек тістерде бұл сызық, сопақша немесе гиперболла болады.

   Төменгі күрек тістердің түбірлерінің мезиал және дистал беттері біртегіс және осы беттерде ұзына бойына орналасқан аздап білінетін ойықтар болады.

11.Жаңа тақырыпты бекіту.                                                                       15мин(16%)

1.Төменгі орталық күрек тістің анатомиялық пішіні.

2.Жоғарғы және төменгі орталық күрек тістердің анатомиялық пішіндерінің ерекшеліктері.

3.Төменгі орталық күрек тістердің анатомиялық пішінін мүсіндеу.

12.Сабақты қорытындылау.                                                                           5мин(6%)   

 - оқушылардың білім деңгейін бағалау;

 - келесі сабақтың тақырыбын бағалау;                                                                                                        

13.Үйге тапсырма беру.                                                                                 5мин(6%)

Н-1, бөлім -2,бет 51-54

Н-2, бөлім -2,бет 19-33

Қ-1, бөлім -1,бет 3-17

                                                Сабақ №3

1.Сабақтың тақырыбы: Ғаныштан жоғарғы жақтың бүйір тістерін мүсіндеу.

2.Сағат саны: 1 сағат                                                                            45 мин(100%)                                                                                                                                   

3.Сабақ түрі:   теориялық

4.Сабақтың мақсаты:

· оқыту:Ғанышқа байланысты негізгі технологиялық процестер түрлерімен және                  оны қолдануда керек құрал-жабдықтармен  мен таныстыру және оқыту.

· тәрбиелік : Ғанышпен жұмыс істеуге арналған құрал-жабдықтармен жұмыс істеп               машықтану оларды қолдану амал-әдістерін меңгеру.

· дамыту :   Ғанышпен жұмыс істеу ережелерін меңгеру, жоғарғы  жақтың бүйір                                 күрек тістерін ғаныштан мүсіндеу ерекшеліктерін меңгеруді  жетілдіру, дамыту

5.Оқыту әдісі: Шағын топтармен жұмыс істеу

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар:компьютерлер,интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекті және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны:

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі (Н):

1.Алтынбеков К.Д., Мирзабеков О.М., Нысанова «Тіс протездерін жасау технологиясы» (Алматы «Эвро» ЖШС баспасы,2011ж)

2. Копейкин В.Н., Демнер Л.М. «Зубопротезная техника» (Москва, «Медицина», 1998.)

3.Курляндский В.Ю. «Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии» (Москва, «Медицина», 1997г.)

Қосымша (Қ):

1.К.Д. Алтынбеков., «Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар.»(Алматы 2010ж )

2. Погодин В.С., Пономарев В.А. «Руководство для зубных техников» (Ленинград, «Медицина», 1993г.)

3.Поюровская И.Я. «Стоматологическое материаловедение», (Москва, «ГЭОТАР Медиа»2007ж)

8. Ұйымдастыру кезеңі                                                                                        5мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.                            20мин(22%)

1.Төменгі орталық күрек тістің анатомиялық пішіні.

2.Жоғарғы және төменгі орталық күрек тістердің анатомиялық пішіндерінің ерекшеліктері.

3.Төменгі орталық күрек тістердің анатомиялық пішінін мүсіндеу.

10. Жаңа сабақты түсіндіру.                                                                             40мин(44%)

         Жоғарғы ортаңғы күрек тісті мүсіндеу.Тістердің сауыт бөліктерінің анатомиялық пішіндерін есте жақсы ұстау үшін және мүсіндерге мануалды машықтануды жаттықтыру үшін тістің сауыт бөліктерінің пішіндерін әртүрлі матермалдармен (балауыз, гипс, пластилин, сабын) жасауға болады. Ең ыңғайлысы гипс болады.

       Бұл үшін жұмсақ немесе тіс техникалық гипстен тік бұрышты бағаналарды дайындаймыз. Бағананың бір бетіне пунктир сызықпен тістің осін сызып, келешек тістің жанасу беттерінің сызбаларын сызамыз. Тіс сауытың бүйір бетінің биіктігі мен жалпақтығының қатынасы. Тістің өрнектерін сызып болғаннан кейін, гипс пышағымен бағананы сауытқа шақтап кесеміз, бұның соңы сына тәріздес ұщы бар бағана болады. Алынған сына тәріздес бағанадан, таңдай бетін пішіндейміз, ол үшбұрыш түрінде, мойын бөлігінде төмпешігі болады. Осыдан кейін вестибулды бетін өңдейміз, пішінін төрт бұрышты етіп, шпательдің көмегімен қырларын дұрыстаймыз, ең соңында тістің сауыт бөлігінде анатомиялық пішін береміз.

       Таңдай бетінің ойыс жері сауыттың үштен екі бөлігін қамтида, ал таңдай төмпешігі үштен бір бөлігін құрайды.

       Сауыттың ең соңғы әзірлігі- оның мойын бөлігін өңдеу болып табылады. Бұл үшін гипс бағанасының түбір бөлігін конус түрінде келтіріп, шпательдің үшкір ұшымен тіс мойнының контурын жасайды.

      Бүйір күрек тістер.Бүйір күрек тістіңсауыт бөлігі орталық күрек тіске қарағанда кішірек және қысқалау, сауыттың медиалды бұрышы дөңгеленіп келеді.

         Вестибулды беті орталық күрек тіске ұқсайды. Яғни кесу қырына қарай жіңішкереді.

         Таңдай беті үшбұрыш пішінді, оның төбесі мойын бөлігінде орналасқан. Бүйін күрек тістің гипстен мүсінделуі орталық күрек тістіңкіне ұқсас.

11.Жаңа тақырыпты бекіту.                                                                      15мин(16%)

 1.Жоғарғы бүйір күрек тістердің анатомиялық пішіні.

 2. Жоғарғы ортаңғы күрек тістерден анатомиялық пішінінің айырмашылықтары.

 3.Ғаныштан жоғарғы жақтың бүйір тістерін мүсіндеу.

12.Сабақты қорытындылау.                                                                         5мин(6%)   

   - оқушылардың білім деңгейін бағалау;

- келесі сабақтың тақырыбын бағалау;                                                                                                        

13.Үйге тапсырма беру.                                                                                 5мин(6%)    

  Н-1, бөлім -2,бет 51-55

Н-2, бөлім -2,бет 33-35

Қ-1, бөлім -3,бет 26-37

                                                Сабақ №4

1.Сабақтың тақырыбы: Ғаныштан төменгі жақтың бүйір тістерін мүсіндеу.          

2.Сағат саны: 1 сағат                                                                             45 мин(100%)                                                                                   

3.Сабақ түрі:   теориялық

4.Сабақтың мақсаты:

· оқыту : Ғанышқа байланысты негізгі технологиялық процестер түрлерімен және                  оны қолдануда керек құрал-жабдықтармен мен таныстыру және оқыту.

· тәрбиелік : Ғанышпен жұмыс істеуге арналған құрал-жабдықтармен жұмыс істеп машықтану оларды қолдану амал-әдістерін меңгеру.

· дамыту :Ғанышпен жұмыс істеу ережелерін меңгеру, төменгі  жақтың бүйір                           күрек тістерін ғаныштан мүсіндеу ерекшеліктерін меңгеруді жетілдіру, дамыту

5.Оқыту әдісі: Ситуациялық есептер

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар:компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекті және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны:

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі:

1.Алтынбеков К.Д., Мирзабеков О.М., Нысанова «Тіс протездерін жасау технологиясы» (Алматы «Эвро» ЖШС баспасы,2011ж)

2. Копейкин В.Н., Демнер Л.М. «Зубопротезная техника» (Москва, «Медицина», 1998.)

3. Курляндский В.Ю. «Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии» (Москва, «Медицина», 1997г.)

Қосымша:

1.К.Д. Алтынбеков., «Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар.»(Алматы 2010ж )

2. Погодин В.С., Пономарев В.А. «Руководство для зубных техников» (Ленинград, «Медицина», 1993г.)

3.Поюровская И.Я. «Стоматологическое материаловедение», (Москва, «ГЭОТАР Медиа»2007ж)

оқыту : Ғанышқа байланысты негізгі технологиялық процестер түрлерімен және                  оны қолдануда керек құрал-жабдықтармен мен таныстыру және оқыту.

тәрбиелік : Ғанышпен жұмыс істеуге арналған құрал-жабдықтармен жұмыс істеп               машықтану оларды қолдану амал-әдістерін меңгеру.

дамыту :   Ғанышпен жұмыс істеу ережелерін меңгеру, жоғарғы жақтың бүйір                           күрек тістерін ғаныштан мүсіндеу ерекшеліктерін меңгеруді жетілдіру,дамыту

8.Ұйымдастыру кезеңі                                                                                        5мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.                         20мин(22%)

   1.Жоғарғы бүйір күрек тістердің анатомиялық пішіні.

   2. Жоғарғы ортаңғы күрек тістерден анатомиялық пішінінің айырмашылықтары.

   3.Ғаныштан жоғарғы жақтың бүйір тістерін мүсіндеу.

10.Жаңа сабақты түсіндіру.                                                                              40мин(44%)

       Гипстен төменгі жақ күрек тістерінің сауыттарын мүсіндеу.Гипс бағанада тістің бүйір бетінің және кесу қырының жанынан көрінісі сызбасын жүогізеді. Сызбаға сәйкес гипстің артығын алып, вестибулярлы беті мен тіс мойнын мүсіндейміз. Сауыттың тілдік бетінде қырларын, төмпешікті және тістің мойнын келтіреміз. Ең соңында тістің кесуші қырларын өңдеп соңғы пішінді береді.

11.Жаңа тақырыпты бекіту.                                                                       15мин(16%)

1.Төменгі бүйір күрек тістердің анатомиялық пішіні.

2.Төменгі бүйір күрек тістердің жоғарғы бүйір күрек тістерден анатомиялық пішінінің айырмашылықтары.

3.Ғаныштан төменгі жақтың бүйір тістерін мүсіндеу.

12.Сабақты қорытындылау.                                                                          5мин(6%)   

   - оқушылардың білім деңгейін бағалау;

   - келесі сабақтың тақырыбын бағалау;                                                                                                        

13.Үйге тапсырма беру.                                                                                  5мин(6%)

  Н-1, бөлім -2,бет 52-55

  Н-2, бөлім -2,бет 35

  Қ-1, бөлім -3,бет 19-20

                                             

 

 

                                         Сабақ №5

1.Сабақтың тақырыбы: Ғаныштан жоғарғы жақтың сүйір тістерін мүсіндеу және үлкен, кіші азу тістерін мүсіндеу.      

2.Сағат саны: 1 сағат                                                                             45 мин(100%)                                                                           

3.Сабақ түрі:теориялық

4.Сабақтың мақсаты:

· оқыту:Ғанышқа байланысты негізгі технологиялық процестер түрлерімен және                  оны қолдануда керек құрал-жабдықтармен мен таныстыру және оқыту.

· тәрбиелік : Ғанышпен жұмыс істеуге арналған құрал-жабдықтармен жұмыс істеп               машықтану оларды қолдану амал-әдістерін меңгеру.

· дамыту :Ғанышпен жұмыс істеу ережелерін меңгеру, жоғарғы жақтың сүйір тістерін мүсіндеу және үлкен, кіші азу тістерін мүсіндеу ерекшеліктерін меңгеруді      жетілдіру,дамыту

5.Оқыту әдісі: Шағын топтармен жұмыс істеу

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар:компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекті және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны:

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі:

1.Алтынбеков К.Д., Мирзабеков О.М., Нысанова «Тіс протездерін жасау технологиясы» (Алматы «Эвро» ЖШС баспасы,2011ж)

2. Копейкин В.Н., Демнер Л.М. «Зубопротезная техника» (Москва, «Медицина», 1998.)

3. Курляндский В.Ю. «Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии» (Москва, «Медицина», 1997г.)

Қосымша:

1.К.Д. Алтынбеков., «Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар.»(Алматы 2010ж )

2. Погодин В.С., Пономарев В.А. «Руководство для зубных техников» (Ленинград, «Медицина», 1993г.)

3.Поюровская И.Я. «Стоматологическое материаловедение», (Москва, «ГЭОТАР Медиа»2007ж)

8. Ұйымдастыру кезеңі                                                                                        5мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.                       20мин(22%)

1.Төменгі бүйір күрек тістердің анатомиялық пішіні.

2.Төменгі бүйір күрек тістердің жоғарғы бүйір күрек тістерден анатомиялық пішінінің айырмашылықтары.

3.Ғаныштан төменгі жақтың бүйір тістерін мүсіндеу.

10.Жаңа сабақты түсіндіру.                                                                              40мин(44%)

     Сүйір тістер.Сүйір тістер тістердің ішінде ең ұзыны, оның сауыт бөліктері конус түрінде, күрек тістерге салыстырғанда қомақты және апроксималды беттері томпақтау болып доғасының бұрыштарында орналасады.

Вестибулды беті томпақ және тікесінен орналасқан онша айқындалмаған білік төмпешік түрінде орналасқан, кесу қырында білік айқын байқалады. Білік тістің вестибулды бетін өзара теңдей емес екіге бөліп жатады, кішірегі медиалды ал, улкендеуі дисталды.

Медиалды бұрыш, дисталды бұрышқа салыстырғанда төмен орналасқан.

Сауыттың таңдай беті қысыңқы, аздап томпақтау. Сауыттың щеті күрек тістеріндей тік емес, мезиал жақтың 1/3 бөлігіне жақын орналасқан төмпешік, сауыттың қырын екі доғал кесіндіге бөледі. Мезиалды кесінді дисталды кесіндіге салыстырған қысқарақ.

Сауыттардың дистал бұрыштары дөңестеу. Сүйір тістердің түбір сандары біреу, оның мезиал және дистал бағыттағы қалыңдығы, вестибул және тіл бағытын жуандау.

Вестибул және тіл бағытта түбірлер жіңішке және жұмыр болып көрінеді.

Және осы бағытта сүйір тістің түбір ұшы дисталды бағытта қисайған.

Жоғарғы және төменгі сүйір тістердің айырмашылықтары.Үстіңгі сүйір тістердің сауыт бөліктері, астыңғы сүйір тістерге салыстырғанда үлкендеу болып келеді, бірақ биіктіктері қысқалау. Сауыт бөліктерінің тіл немесе таңдай бетіндегі төмпешіктері үстіңгі сүйір тістерде айқын, астыңғы тістерде түзу көрінеді. Үстіңгі сүйір тістердің таңдай бетіндегі томпешіктен М және Д бұрыштарға қарай ұзарған жіңішке сайлардың іздері болады, асыңғы сүйір тістерде бұл бет ішке қарай иілген.

 Үстіңгі сүйір тістердің мойын сызығының контуры жұмыр, төменгі сүйір тісте сопақша немесе гиперболаға ұқсайды.

Сүйір тісті гипстен мүсіндеу.Гипс бағанада сауыт бөліктің жанасу беттерін сызып аламыз. Осыдан кейін кесу қырында төмпешікті белгілеу арқылы оны екі теңдей емес бөліктерге бөледі, кішірек бөлімі медиал фасетканы мүсіндеуде, ал үлкендеу бөлімі- дистал фасетканы мүсіндеуге арналады. Белгіленген төмпешіктер мезиалды және дисталды бағыттарда кесу қырын мүсіндейміз. Осыдан кейін, тіс сауытың жанасу беттерін мүсіндейміз, сауыттың пішіні мойын бөлікке қарай тарылады.

Жоғарыдағы дайындықтан кейін, сүйір қырларды доғалдайды, мүсіндеу мойын бөлігімен аяқталады. Жоғарыдан қараған кезде кесу қырының қисықтығы көрінеді.

Жоғарғы жақ сүйегінің екінші кіші азу тісінің сауытын гипстен мүсіндеу.Шайнау бетінің сыртқы контурларын белгілеу, сызылған өрнек бойынша гипстің артықтарын алып тасту. Осыдан кейін вестибуляр бетінің сыртқы контурын белгілеу және гипсті кесу, апроксималды беттерін белгілеп, гипс артықтарын алып, шайнау бетіндегі сызаттарды және төмпешіктерді мүсіндейді. Сауытты соңғы рет пішіндеу тіс мойныны мен үшкір қырларын тегістеумен аяқталады.

Гипстен жоғарғы екінші кіші азу тістің сауытының мүсінін алу, оның шайнау бетінің сыртқы пішінін белгілеуден және осы белгілер арқылы гипстің артық жерлерін алып тастаудан басталады. Вестибулярлы апроксималды беттерінің белгілерін белгілеп, гипстің артық жерлерін алып, шпйнау бетінің фиссуралармен төмпешіктерін мүсіндейді. Содан кейін сауыттың мойын бөлігінің пішінін мүсіндейді.

Гипстен төменгі жақтағы екінші азу тістің сауытының мүсінін алу. Мүсіндеуді шайнай бетінен бастайды. Осыдан кейін вестибулярлы бетті, бүйір және тіл беттерінің белгілерін анықтап, гипстің артығын жону жолымен мүсіндейді.

11.Жаңа тақырыпты бекіту.                                                                       15мин(16%)

1.Жоғарғы  сүйір тістердің анатомиялық пішіні.

2.Жоғарғы  кіші азу тістердің анатомиялық пішіні.

3.Ғаныштан жоғарғы  жақтың сүйір тістерін мүсіндеу.

4.Ғаныштан жоғарғы  жақтың кіші азу тістерін мүсіндеу.

12.Сабақты қорытындылау.                                                                          5мин(6%)   

 -  оқушылардың білім деңгейін бағалау;

 - келесі сабақтың тақырыбын бағалау;                                                                                                        

13.Үйге тапсырма беру.                                                                                 5мин(6%)                                  

 Н-1, бөлім -2,бет 55-58

 Н-2, бөлім -2,бет 35-39

Қ-1, бөлім -3,бет 24-26                                                

                                         Сабақ №6

1.Сабақтың тақырыбы: Ғаныштан төменгі жақтың сүйір тістерін мүсіндеу және үлкен, кіші азу тістерін мүсіндеу.      

2.Сағат саны: 1 сағат                                                                            45 мин(100%)                                                                            

3.Сабақ түрі:   теориялық

4.Сабақтың мақсаты:

· оқыту : Ғанышқа байланысты негізгі технологиялық процестер түрлерімен және                  оны қолдануда керек құрал-жабдықтармен мен таныстыру және оқыту.

· тәрбиелік : Ғанышпен жұмыс істеуге арналған құрал-жабдықтармен жұмыс істеп               машықтану оларды қолдану амал-әдістерін меңгеру.

· дамыту :   Ғанышпен жұмыс істеу ережелерін меңгеру, төменгі жақтыңсүйір тістерін мүсіндеу және үлкен, кіші азу тістерін мүсіндеу ерекшеліктерін меңгеруді                         жетілдіру, дамыту

5.Оқыту әдісі: Муляждар, фантомдар

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар:компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекті және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер,сөзжұмбақ.

б)оқыту орны:

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі:

1.Алтынбеков К.Д., Мирзабеков О.М., Нысанова «Тіс протездерін жасау технологиясы» (Алматы «Эвро» ЖШС баспасы,2011ж)

2. Копейкин В.Н., Демнер Л.М. «Зубопротезная техника» (Москва, «Медицина», 1998.)

3. Курляндский В.Ю. «Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии» (Москва, «Медицина», 1997г.)

Қосымша:

1.К.Д. Алтынбеков., «Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар.»(Алматы 2010ж )

2. Погодин В.С., Пономарев В.А. «Руководство для зубных техников» (Ленинград, «Медицина», 1993г.)

3.Поюровская И.Я. «Стоматологическое материаловедение», (Москва, «ГЭОТАР Медиа»2007ж)

8. Ұйымдастыру кезеңі                                                                                    5мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.                       20мин(22%)

1.Жоғарғы  сүйір тістердің анатомиялық пішіні.

2.Жоғарғы  кіші азу тістердің анатомиялық пішіні.

3.Ғаныштан жоғарғы  жақтың сүйір тістерін мүсіндеу.

4.Ғаныштан жоғарғы  жақтың кіші азу тістерін мүсіндеу.

10.Жаңа сабақты түсіндіру.                                                                              40мин(44%)

Төменгі жақ сүйір тісінің сауытын гипстен мүсіндеу. Гипс бағанада вестибулярлы және кесуші беттердің өрнектерін сызып алады. Вестибулярлы бетін вертикал сызықпен теңдей емес екі бөлікке бөледі, кішісі медиалды, ал үлкені дисталды. Кесуші қырында мезиалды және дисталды сызықтарды жүргізеді. Гипстың артығын алып тастап, кесуші қырмен вестибулярлы беттің сызбасын жүргізіп, оның дөңестігін береді. Бүйір және тілдік беттерінде тістің мойны мен төмпешігін мүсіндейді.

Үстіңгі және төменгі кіші азу тістердің ортақ белгілері.Бірінші кіші азу тістердің сауыт бөліктерінің вестибулярлық беттері сүйір тістің вестибулярлы бетіне ұқсас. Тістің вестибулярлы бетінің ортасында білік өтеді де, кесу қырында төмпешік түзейді. Ол шайнау бетіне ауысады. Төмпешік сауыттың вестибулды бетін бірдей екі бөлікке бөледі, дисталды бөлік, оның бұрышының дқғалдануына байланысты ұзындау көрінеді. Экватор-сауыттың ортасында орналасады.

Бүйір бетінің пішіні трапеция тәрізді, мойын сызығы доға тәріздес.

Сауыттың шайнау беті ұрт-тілдік бағытта созыңқы, пішіні сопақша болады. Шайнау бетінде – ұрттық және тілдік төмпешіктері болады. Ұрттық төмпешік тіл жаққа қисайып, сауыт ортасына қарай төмендейді де тіл төмпешігіне ауысады.

Екінші кіші азу тіс бірінші кіші азу тіске пішіні жағынан ұқсас, бірақ көлемі жағына кішірек. Шайнау бетіндегі төмпешіктері бірдей деңгейде, мезиалды және дисталды бұрыштары доғалданған.

Күрек және сүйір тістердің таңдай немесе тіл бетіндегі төмпешіктер, кіші азу тістерде шайнау процесіне қатысатын төмпешіктер түріне ауысқан. Осылайша күрек және сүйір тістермен салыстырғанда, бұл тістерде «түйісу беті» немесе «шайнау беті» деп аталатын бесінші бет пайда болады. Түйісу бетіндегі (V) вестибул және (L)тіл төмпешіктерінің арасында мезиалды-дисталды бағытта орналасқан сызат болады. Осы сызат немесе жарық, V және L төмпешіктерінің ішкі беттерінде екі жақ шетінде мезиал дистал бағытта тереңдейді. Бұл тереңдіктер «окклюзиялық бетте мезиалды және дисталды шеттерінде қабырға сияқты ұзарған» кенере шығыңқылары – «crista marginalis mesialis» және «distalis»-пен шекараласып жатады. Бұл қырлар, шайнау кезінде түсетін қысымға қарсы тістердің мықтылығын арттырады. Вестибул төмпешігінің окклюзия беті, төмпешіктің төбесіне басталатын қыр арқылы мезиал және дистал еңістіқ беткейлерге бөлінеді.

Сауыт бөлігінің вестибул беттері сүйір тістерге ұқсас: ұрт төмпешіктен мойынға қара бағытталған бір шығыңқы, сауыттың вестибул бетін мезиалды және дисталды бөліктерге бөледі.

Үстіңгі және төменгі кіші азу тістердің өзара айырым бел гілері.Кіші азу тістердің вестибул беттері бір-біріне ұқсас, шайнау беттерінің пішіндері, төмпешік сандары бір-біріне ұқсас және шамалас келді. Төменгі бірінші кіші азу тісінің тіл төмпешігі үлкендігі жағынан кіші азу тістерінің ішіндегі ең кішкентайы болып саналады. Төменгі екінші кіші азу тісінің тіл төмпешігі екі айқын көрінетін төмпешіктерден тұрады. Осылайша екінші асыңғы тіс басқа кіші азу тістерге салыстырғанда үш төмпешік болып келеді.

Кіші азу тістер түбірлері бір-бірімен ұқсамайды. Үстіңгі кіші азу тістерінің түбірлері бүйір жақтарынан қысыңқы келеді, олардың мезиал және дистал беттерінің ортасында, мойын сызығынан басталып, түбірдің ұшына дейін созылған сай болады. Үстіңгі бірінші кіші азу тісте бұл ойық немесе сайша, түбірді екіге бөлуге дейын барады. Осы себепті көпшілік жағдайда бірінші кіші азу тістің екі түбірі болады, ұрт және таңдай жақта. Таңдай түбірі жіңішке және қисайған. Төменгі кіші азу тістердің түбірлері конус түрінде бір данадан болады.

Жоғарғы жақ сүйегінің бірінші кіші азу тіс сауытын гипстен мүсіндеу.Гипстік бағанада шайнау бетінің контурларын белгілеп, ұрт, жанасу және беттерінің өрнектерін сызады. Сауыттың ұрт бетін теңдей емес екі бөлікке бөледі: кіші бөлігі медиалды, ал үлкені дисталды. Жанасу беттері мойын бөлігінде жіңішкеріп қосылады. Таңдай төмпешігінің контуры кесілген конус түрінде келеді.

Гипс бағананың вестибуляр бетінде тіс мойнының, ұрт төмпешікті, мезиалды және дисталды еңіс беткейлерді алу үшін контурлар сызады. Сызылған белгілер бойынша, шайнау бетінде гипсті кесіп, таңдай және жанасу беттерін мойын деңгейіне дейін жеткізеді.

Жоғарғы жақтағы екінші үлкен азу тісті мүсіндеу.Тік бұрыш пішінді гипс бағананың бүйір бетінде, оның жоғарыдан қарағандағы сұлбасын кескіндейді, яғни ұрт төмпешіктерінің мезиалды қырын дисталды қырлардан қысқарақ жасайды. Ось нысаналар бойынша гипсті кесіп, сауыттың биіктігін белгілейді. Сауыттың биіктігі оның мезиалды-дисталды ұзындығынан сәл кішілеу болады. Содан кейін гипс бағананың бүкіл периметрі бойынша тіс мойынының сызығын белгілейді. Ал таңдай бетіндегі төмпешіктер айқын пішінді, олардың тістеу қырлары ұрт төмпешіктермен салыстырғанда өткірлеу болады.

Бүйір жақтан қарағанда тіл төмпешіктері ұрт төмпешіктерінен биіктеу көрінеді. Шайнау бетінін төмпешіктерін пішіндеуді төмпе



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.