Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жасанды штампталған тіс сауытын дайындаудың технологиясы.



Жасанды штампталған тіс сауытын дайындаудың технологиясы.

- Егелген тістен алынған қалып өлшемнен мүсін құю, оны оккладаторға бекіту;

- Мүсіндегі егілген тісті сауытқа арнап балауызбен мүсіндеу;

- Мүсінделген тістен гипстік және екі металл штамптар алу;

- Контрштамп дайындау;

- Метал гильзаны «Самсон» аппаратынан өткізіп, термиялық өңдеу, оны алғашқы және соңғы штамптаудан өткізу.

Мүсіндерді орталық окклюзия жағдайында окклюдаторға бекіткеннен кейін, химиялық қарындашпен, тістің, қызыл иек қырының сызығын сызады. Осыдан кейін тістің анатомиялық пішінін орнына келтіру үшін, тіс тұқылының бетіне ерітілген балауыздың қабатын біртіндеп құю жолымен мүсіндейді. Тек тіс мойнының кеңдігі ұлғаймас үшін, осы тұсқа балауыз 1 мм жетпей жатады. Мүсінделген тіс келешек тіссауытынан металл қалыңдығына аз болуы керек. Шайнау беттері антогонист тістер бойынша мүсінделеді.                                                              

11.Жаңа тақырыпты бекіту.                                                                       15мин(16%)

1.Тіс протездері, түрлері, қолданылуы.

2.Жасанды сауыт,анықтамасы, қолдану көрсеткіштері.

3.Жасанды сауыттардың түрлері,оларға қойылатын талаптар.

4. Жасанды темір сауытқа мойнын сызу.

5. Балауызбен мүсіндеу.                                                                        

12.Сабақты қорытындылау.                                                                          5мин(6%)   

       -  оқушылардың білім деңгейін бағалау;

   - келесі сабақтың тақырыбын бағалау;                                                                                                        

13.Үйге тапсырма беру.                                                                                 5мин(6%)                              

  Н-1, бөлім -2,бет 51-69

  Н-2, бөлім -9,бет 136-137

     Қ-1, бөлім -4,бет 67-90                                                

                                            Сабақ №9

1.Сабақтың тақырыбы: Ғаныштан штамп кесіп алу. Клиникалық тіс мойнын тереңдету, айқындату.  

2.Сағат саны: 1 сағат                                                                             45 мин(100%)                                                                           

3.Сабақ түрі:   теориялық

4.Сабақтың мақсаты:

· оқыту : Оқушыларды жасанды сауыт дайындауда ғаныштан штамп кесіп алу және           оған  қойылатын талаптармен  таныстыру және клиникалық тіс мойнының маңыздылығы түсіндіру және оқыту.

· тәрбиелік : Мүсіннен ғаныш штампты кесіп алу және клиникалық тіс мойнын                 тереңдету және айқындату  керектігімен таныстыру. 

· дамыту :Алынған анатомиялық қалыптың сапасын бағалауды үйрену,ғаныштан                               мүсін құю және оған қойылатын талаптарды білу, жұмыс істеуге арналған құрал- жабдықтар мен оларды қолдану амал-әдістерін меңгеруді жетілдіру,дамыту

5.Оқыту әдісі: Шағын топтармен жұмыс істеу

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар:компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекті және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны:

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі:

1.Алтынбеков К.Д., Мирзабеков О.М., Нысанова «Тіс протездерін жасау технологиясы»(Алматы «Эвро» ЖШС баспасы,2011ж)

2. Копейкин В.Н., Демнер Л.М. «Зубопротезная техника» (Москва, «Медицина», 1998.)

3. Курляндский В.Ю. «Руководство к практическим занятиям по ортопедической стоматологии» (Москва, «Медицина», 1997г.)

Қосымша:

1.К.Д. Алтынбеков., «Тіс протездерін дайындауда қолданылатын құрал-жабдықтар мен материалдар.»(Алматы 2010ж )

2. Погодин В.С., Пономарев В.А. «Руководство для зубных техников» (Ленинград, «Медицина», 1993г.)

3.Поюровская И.Я. «Стоматологическое материаловедение», (Москва, «ГЭОТАР Медиа»2007ж)

8. Ұйымдастыру кезеңі                                                                                        5мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.                        20мин(22%)

1.Тіс протездері, түрлері, қолданылуы.

2.Жасанды сауыт,анықтамасы, қолдану көрсеткіштері.

3.Жасанды сауыттардың түрлері,оларға қойылатын талаптар.

4. Жасанды темір сауытқа мойнын сызу.

5. Балауызбен мүсіндеу.                                                                            

10.Жаңа сабақты түсіндіру.                                                                              40мин(44%)

Гипстік мүсінде тісті мүсіндеудің мақсаты тістің қатты тіндерінің потологиялық процесетермен бұзылған анатомиялық пішінін қалпына келтіру ғана емес, сонымен қатар жасанды сауытқа егелген тіс пішінін қалпына келтіру болып табылады. Жасанды сауытқа қойылатын негізгі талаптардың бірі – тіс мойнын тығыз қамту. Бұл талап тістің сауыт бөлігін егеп, цилиндр пішінін беру арқылы іске асады. Тіс пішінін мүсіндеу үшін алдымен қызыл иек жиегін, яғни клиникалық мойнын химиялық қаламмен сызып алады. Бұл мойын деңгейін және релефтерін дәл сақтау үшін қажет. Гипстік мүсінде тісті мүсіндеу мүсіндегіш балауыздың көмегімен жүзеге асырылады. Балауызды біртіндеп үсті-үстіне жағу жолымен іске асырады. Алдымен тістің вестибулярлы сосын тіл немесе таңдай беттері, шайнау және бүйір беттері мүсінделеді. Мүсіндеген кезде балауыз сызылған сызыққа 1-1,5мм міндетті түрде жетпеу керек. Себебі тіс мойнына блауыз тиіп кетсе сауыттың мойын көлемі үлкейеді, әсерінен жасанды сауыт кең болып тіске тығыз жанаспайды. Мүсінделген тіс көлемі жағынан қалпына келтіретін тістен кіщкене болу керек. Себебі тістің барлық бетінде 0,2 -0,3мм қалыңдық қауыздың қалыңдығына қалдырылады. Мүсіндеген кезде тістің төмпешіктері өте айқын болмау керек және бүйір беттерінде экватор деңгейінде көрші тіспен арасында металл қалыңдығындағы кеңістік қалу керек. Тісті тек қатты балауызбен мүсіндейді. Мүсінделген тістің бір беті екінші бетіне доғал түрде өту керек. Ал тістің антогонисті болса, мүсіндеу окклюдаторда жүргізіледі. Мүсіндек барысында бірінші қабат алауыз ғанышқа қатты жабысу үшін қайнап тұрған түрінде апарылады және мүсіндеуді мойнынан шайнау бетіне немесе кесу қырына қарай бағыттайды. Балауыздың келесі порцияларымен тіс көлемін ұлғайтады. Тісті соңғы мүсіндегенде қарама-қарсы жақтың сол тісіне қарап, болжап мүсіндеген дұрыс.

Келесі даярлау кезең: гипстік штампиктерді алу және оны тез балқығыш металдан жасалған штампиктерге айырбастау болып табылады. Бұл үшін лобзикпен немесе гипс пышағымен мүсіннен мүсінделген тіс фрагментін ойып алады. Гипстік штампиктің түбір бөлігі тістің осіне сәйкес келуі керек. Тістің клиникалық мойынынан 1мм қашықтықта, оған қосарлас, металл тіс сауыттың узындығына сәйкес келетін 0,5мм тереңдікте арнашық жасайды.

11.Жаңа тақырыпты бекіту.                                                                        15мин(16%)

1.Мүсіндеуге арналған балауыздар.

2.Тістің сауыт бөлігін балауыздан мүсіндеу.

3. Ғаныштан штамп кесіп алу.

2.Клиникалық тіс мойнын тереңдету, айқындату.   

12.Сабақты қорытындылау.                                                                          5мин(6%)   

  -  оқушылардың білім деңгейін бағалау;

  - келесі сабақтың тақырыбын бағалау;                                                                                                        

13.Үйге тапсырма беру.                                                                                  5мин(6%)                                  

Н-1, бөлім -3, бет118-119

Н-1, бөлім -9,бет 137-140

Қ-1, бөлім -3,бет 58-60                                               

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.