Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Біздің елімізде қандай вакциналар жасалуда?



18. Біздің елімізде қандай вакциналар жасалуда?

Жауап: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген коронавирустық инфекцияға қарсы кандидат-вакциналардың ішінде Қазақстанда шығарылған 5 кандидат-вакцина бар. Біріншісі - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі –БҚП ҒЗИ) әзірлейтін, клиникалық зерттеулер сатысындағы белсенді емес вакцина. Сонымен қатар:

1) Қазақ ұлттық аграрлық университеті Огайо (АҚШ) штатының университетімен бірлесіп;

2) Қазақ ұлттық аграрлық университеті;

3) М. Айкимбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық орталығы;

4) БҚП ҒЗИ-мен әзірленетін және клиникаға дейінгі зерттеулер сатысында тұрған тағы төрт суббірлікті вакцина.

 

19. Интернетте вакцинация арқылы халықты жаппай чиптеу туралы қауесеттер таралуда. Бұл қаншалықты шындыққа жанасымды?

Жауап:Қазақстан Республикасында бірде-бір вакцинация адамдарды ешқандай чиптеуді көздемейді. Егуді алу алдында әр адам вакцинаның құрамы туралы ақпарат берілген нұсқаулықпен танысуға құқылы.

 

20. Неліктен коронавирустық вакцина осыншалық тез жасалды?

Жауап: пандемия кезінде бұл вакцинаға шұғыл қажеттілік туындады. CОVID-19 вакциналарының жасалуы бүкіл әлемде коронавирустық инфекциядан жаппай инфекция мен өлім жағдайларына байланысты өте шұғыл жағдайда жүргізілді. Сонымен қатар, фармацевтикалық компаниялар проблеманың ғаламдық болуына байланысты вакцинаны тез әзірлеуге айтарлықтай ресурстар жұмсады. Бірақ оның жылдам жасалуы компаниялардың қауіпсіздік хаттамаларын айналып өткенін білдірмейді.

"Спутник V" вакцинасына келетін болсақ, оны жасап шығарушы Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы алдыңғы құрылған дамуларға сүйенді. Орталық пандемиядан бұрын-ақ SARS-CoV-2 коронавирусын қамтитын РНҚ-ы бар қабықшалы вирустарға қарсы вакциналар мен препараттар жасаудың технологиялық платформасын ашқан болатын.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.