Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





арағанды зауытында шығарылатын вакцина қайда қолданылады?



14. Ресейде вакцина алғандарға және вакцинацияланғандарға күнделікті телефон арқылы тексеру жүргізіледі. Бізде де осындай техникалық сәттер қарастырылған ба?

Жауап: барлық вакцинацияланғандар алғашқы 30 минутта медициналық мекемеде дәрігердің бақылауында болады. Келесі 3 күнде олар тіркелген жердегі учаскелік дәрігерлердің динамикалық бақылауында болады. Медициналық бақылау рәсімі кез келген екпені алғаннан кейін жүргізіледі. Сонымен қатар, вакцинацияланған әрбір адамға вакцинаның ықтимал жанама әсерлері және осындай әсерлер пайда болған жағдайда олар жүгіне алатын емханалардың телефон нөмірлері көрсетілген арнайы жадынама беріледі.

 

15. Қарағанды зауытында шығарылатын вакцина қайда қолданылады?

Жауап:Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам-КОВИД-Вак вакцинасы тек Қазақстан Республикасында ғана қолданылатын болады.

 

 

16. Неліктен вакцинаны екі кезеңде алу керек?

Жауап: коронавирустық вакцинаны 21 күндік аралықпен екі кезеңмен енгізу керек. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және бекітеді, адам ағзасындағы антиденелер саны артады.

17. Ресейлік "Спутник V" вакцинасының сапасы жеткілікті тексеруден өтті ме?

Жауап:бұл вакцина Ресей Федерациясында мемлекеттік тіркеуден өтті және бірнеше ай бойы халықтың осал топтарын иммундау үшін қолданылады. Ресей Федерациясының тікелей инвестициялар қорының мәліметінше, 50-ге жуық ел осы вакцинаны сатып алуға өтініш берген, ал кейбір елдер (Беларусь, Аргентина, Сербия) қазірдің өзінде қолдануда.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тіркелмеген дәрілік заттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде қазақ немесе орыс тілдерінде аудармасы бар дәрілік заттың сапасын растайтын өндіруші құжатының электрондық көшірмесі (талдау сертификаттары немесе сынақ хаттамасы немесе сапаны бағалау көрсеткіштері бар сапа паспорты) болуы міндетті. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 850 қаулысымен Қазақстан Республикасында өндірілген covid-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.