Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Вакцинация процедурасы алдындағы механизмді түсіндіріп өтсеңіз? Қандай да бір құжаттарға қол қою керек пе?



4. Вакцинация процедурасы алдындағы механизмді түсіндіріп өтсеңіз? Қандай да бір құжаттарға қол қою керек пе?

Жауап:вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі. Вакцинация жүргізер алдында дене температурасын өлшеу, эпидемиологиялық анамнезді жинау, сатурацияны, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялау және жұтқыншақты тексеру секілді дәрігердің міндетті тексеруі жүргізіледі. Егер температура 37°C-тан асса, вакцинация кейінге қалдырылады.

Егілетін адам егуді жүргізу алдында 13.06.2018 жылғы № 361 Санитариялық қағидаларға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде ерікті ақпараттандырылған келісімге немесе профилактикалық егуді жүргізуден бас тартуға қол қояды.

 

 

5.  Коронавирусқа қарсы вакцинация паспорты дегеніміз не? Құжаттың болуы адамдарға қосымша мүмкіндіктер ашады ма немесе бұл құжат формалды бола ма?

Жауап: вакцинацияның электрондық паспорты - бұл вакцинацияның медициналық тарихы. Бұл вакцинацияланатын халықты үздіксіз жүргізу, бақылау және мониторинг жүргізу үшін денсаулық сақтау саласындағы негізгі модуль (функционалдылық). Қазіргі уақытта ВЭП әзірлеу аяқталу сатысында тұр. ВЭП Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінде медицина қызметкерлері үшін іске асырылған, ал пациенттер үшін - eGov Mobile мобильдік қосымшасы пайдаланылады.

 

Егудің электрондық паспорты егу рәсімінен өткеннен кейін тікелей eGov Mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді болады. ВЭП-да егілген азамат туралы, ол алған вакцинаның түрі, вакцинация процедурасының кезеңділігі, сондай-ақ вакцинациядан кейінгі кезеңдегі бақылау туралы ақпарат болады. ВЭП болуы қосымша артықшылықтар бермейді.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.