Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстан Республикасында қандай вакцина қолданылады?



11. Қазақстан Республикасында қандай вакцина қолданылады?

Жауап: 2021 жылдың ақпан айынан бастап ҚР-да Ресейде шығарылған Гам-КОВИД-Вак ("Спутник V") вакцинасымен КВИ-ға қарсы вакцинация басталады. Бұдан әрі, вакцинация Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам-КОВИД-Вак вакцинасымен жүзеге асырылады. 2021 жылдың 2 тоқсанынан бастап отандық өндіріс - QazCovid-In препаратымен вакцинациялауды бастау жоспарланып отыр, ол қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың 3-кезеңінде тұр.

 

12. Коронавирустық вакцинаны кім ала алады?

 

Жауап: Вакцинация вакцинаның түсуіне байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл ретте, бірінші кезекте, коронавирустық инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтары вакцинацияланып, одан әрі иммундауға жататын халықтың қалған топтары қамтылатын болады.

Бірінші кезеңде жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық көмек, реанимация, АМСК, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері вакцинациямен қамтылады. Екінші кезеңде вакцинация жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтарын, бірінші кезеңге кірмеген медициналық қызметкерлерін қамтиды. Үшінші кезең мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтарын, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдарды, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлерін қамтиды.

Бұдан басқа, кейіннен халықтың қосымша осал топтарын қоса отырып, контингентті кеңейту жоспарлануда.

 

 

13. Коронавирустық вакцинадан аллергиялық реакция болуы мүмкін бе?

Жауап: кез келген вакцинациядан бұрын медицина қызметкері егілушіде аллергияның болуын нақтылайды. Егер ауыр аллергиялық ауру болса, адамға егуден медициналық шеттету беріледі. Сонымен қатар, аллергиялық реакцияны болжау мүмкін емес, өйткені әр организм өзінше бөлек. Уақтылы әрекет ету үшін вакцинациядан кейінгі алғашқы 30 минутта адам медициналық бақылауда болуы керек (мед.мекеме қабырғасында): дәл осы кезеңде вакцинаға аллергиялық реакция пайда болуы мүмкін.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.