№34 сабақ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Отбасы және демографиялық өзгеріс
Сабақ тақырыбы: | Мектеп: | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің есімі:
| |||||||||||||||||
СЫНЫП: 9 | Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар: 0 | ||||||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | 9.2.2.1 қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану; 9.1.3.1 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу; 9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану | |||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Мәтінді түсініп оқиды.Салалас құрмалас сөйлемдерді біледі, түрлерін ажыратады. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Мәтіндегі ақпаратты өмірмен байланыстырады. Шешендік сөз түрлерін ажыратад Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Құрмалас сөйлемдерді ауызша, жазба жұмыстарда қолданады. Алған білімді өмірде қолданады. | |||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | |||||||||||||||||
Тілдік құзіреттілік | Отбасы, демография, халық, миграция, эмиграция, демографиялық процестер, демографиялық саясат. | |||||||||||||||||
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | |||||||||||||||||
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, қазақ әдебиет | |||||||||||||||||
Алдыңғы тақырып |
| |||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||||||
Басталуы 5 минут |
Мұғалім мен оқушылардың амандасуы Кезекші мәліметі Топқа бөлу 1,2,3 санау арқылы топқа бөлінеді. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: Қазақ қоғамында отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарлық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Олай болса сендер де бір сынып бір отбасы іспеттессіңдер.Осы ошақтан тараған шамшырақ әрқайсысымызға жылы тілек болып таралсын! ( деп мұғалім жағылған шырақты жанындағы балаға береді ол арман қарай жалғастырып келесі балаға өз тілегін ( шарты 3 сөзден аспауы керек) айтады)
Бағалау критериийлері: Құрмалас сөйлем түрлерін білу, ажырату, ауызша, жазба жұмыстарда қолдану. Мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу. Шешендік сөздің түрлерін ажырату, қолдана білу. Дескрипторлар Құрмалас сөйлем түрлерін біледі, ажыратады, ауызша, жазба жұмыстарда қолданады. Мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстырады. Шешендік сөздің түрлерін ажыратып, қолданады. | шырағдан | ||||||||||||||||
Ортасы 20 минут |
Мәтіналды тапсырма 1-тапсырма · Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіңдер? · Ол кімдерге байланысты деп ойлайсыңдар? · Өз отбасың үшін алаңдайсың ба, жауапкершілік сезінесің бе? Мұғалім оқушылардың осы сұрақтарға жауап іздестірулеріне көмектесу үшін көрнекі құралдарды пайдалануға жағдай жасайды. Оқушылар халық даналығын дәріптейтін кітаптар,альбомдар, энциклопедиялар, сөздіктер, фотосуреттерді қарап шығады. Оқушылар сұраққа жауап беріп, өз ойларын ортаға салған соң, мұғалім оқушылардың айтқандарын қорытындылайды.
Оқылым. 2-тапсырма Қазақ халқы – салт дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт –дәстүрмен, өнегені әдеп-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым –тыйыммен тәрбиелеп, аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отансүйгіштік, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы қасиеттер арқылы дарыған. Әр халықтың өзінше дәстүрі бар. Дәстүрдің де жақсы-жаманы болады.Жаманы жолшыбай қалып қояды, жақсысы ғасырдан ғасырға кете барады. Қазақ дәстүрі ата-ананы, үлкенді сыйлауға баулиды.Үлкенге сәлем беру, жол беру, алдынан көлденең кесіп өтпеу, қонақты қарсы алу, төрге шығару, жақсы қабақпен аттандырып салу, жолдас –жораға қайырымды болу сияқты дәстүрлер өмір бойы ескірмейді.
Мәтінсоңы тапсырма 3-тапсырма Сахналау Ата болып ақыл айтып көріңдер, Әже болып ертегі айтып беріңдер. Әке болып еркелетіп көріңдер, Ана болып мейрімділік төгіңдер. Аға болып үлгі көрсет кішіге, Іні болып көмектес сен ісіне. Әпке болып мейіріміңмен аяла, Қарындас боп бауырыңда саяла. 4-тапсырма
| |||||||||||||||||
Сергіту сәті 3 минут | Сергіту сәті «Көзге арналған жаттығу» https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s | Көзге арналған жаттығуды орындау . | ||||||||||||||||
Аяқталуы 12 минут |
Оқулықпен жұмыс Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
5-тапсырма Жағдаяттар талдау. 1. Қарттар үйінде тұрып жатқан Бекзат ата атақты Еңбек ері, зейнеткер, 5 баланың әкесі, 9 немеренің атасы. Балаларына жақсы тәрбие, білім беріп өсірген.Бекзат ата күнде таңертең терезеге қарайды да, ойланып отырады. Бекзат ата не ойлап отырады деп ойлайсыңдар?
Рефлекция «Шеңбердегі доп» әдісі Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы жаңа білім туралы бір сөйлем айтады. | Оқулық сурет | ||||||||||||||||
Қосымша ақпарат
| ||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс | ||||||||||||||||
·
| · | · | ||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? | ||||||||||||||||||
№35 сабақ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Отбасы және демографиялық өзгеріс
|
Мектеп
Сабақтың тақырыбы:
Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
СЫНЫП: 9
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
9.3.2.1 мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;
9.2.1.1 тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу;
9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
Мәтінді түсініп оқиды. Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.Мәтін құрастыра біледі. Салалас құрамалас сөйлем туралы біледі.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Кесте, диаграмма, сызба, сурет түріндегі мәтіндердегі мәліметтерді салыстырады.
Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Салалас құрамалас сөйлем түрлерін ажыратады.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Әртүрлі жанрда мәтін құрастырады. Құрамалас сөйлемді ауызша жазбаша жұмыста қолданады.
Бағалау критерийі
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік
Отбасы, демография, халық, миграция, эмиграция, демографиялық процестер, демографиялық саясат.
Ресурстар
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс
Тарих, қазақ әдебиеті
Алдыңғы оқу
Сабақтың жоспары
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу.
2.«Бес бармақ» әдісі бойынша 5 топқа бөлу.
Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.
3.Сабақтың мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Өзі туралы кластер» тренинг
Шаттық шеңбері. Оқушылар мұғаліммен бірге шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне сәттілік тілейді.
Бағалау критерийлері
Кесте, диаграмма, сызба, сурет түріндегі мәтіндердегі мәліметтерді салыстырады, өңдейді.
Салалас құрамалас сөйлем туралы білу, түрлерін ажырата алу.
Құрамалас сөйлемді ауызша жазбаша жұмыста қолдану
Дескриптор
Кесте, диаграмма, сызба, сурет түріндегі мәтіндердегі мәліметтерді салыстырады, өңдейді.
Әртүрлі жанрда мәтін құрастырады.
Салалас құрамалас сөйлем туралы білу, түрлерін ажырата алады.
Құрамалас сөйлемді ауызша жазбаша жұмыста қолданады.
Білу және түсіну.
Грамматикалық материал
Талғаулы салалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемнің біреуіндегі ғана іс- әрекет, қимылдың жүзеге асатындығына болжам жасауды білдіретін салаластың түрі.
Талғаулы салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен әдетте не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса, я, яки, өйтпесе, әлде шылаулары арқылы құрмаласады. Бұлардың ішінде не, немесе, я, яки , әлде шылаулары бір – ақ рет қолданылып та, қайталанып та жұмсалады.
Мысалы: Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек. Сол белгі менде жоқ па, әлде көрмейсіңдер ме?
Кейде талғаулы салалас үш жай сөйлемнен құралады да, олардың алғашқы екеуі – ма, - ме сұраулы шылаумен қолданылып, соңғы жай сөйлем алғашқыларында болжам, тұспал жасалған ойдың , іс әрекеттің қорытындысын, түсінік білдіреді.
Оқылым.
1-тапсырма
І «Қатені тап» ойыны.
Қате мәліметпен мәтін ұсынылады. Ол мәтіннен жіберілген қателерді табу керек. Талаптары: ең қарапайым қате және сабақтың тақырыбын ашқаннан кейін қорытындылап табатын қате. (8 - 10 минут)
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше емес. Шеше – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдамайды.
Әже – отбасының басшысы, асыраушысы, қамқоршысы. Әкені ана да, балалар да құрметтейді, сыйлайды. Бала әкені ренжіту үшін тәртіпті, еңбекқор, білімді, ұқыпты болуға тырысады. Ана әкені сыйлау арқылы балаларға үлгі көрсетеді. Ананың осы үлгісімен әже әкесін де, үлкендерді де сыйлап, тәрбиелі болып өседі.
Ана – отбасының беріктігін сақтаушы. Ана – отбасы мүшелерінің сыйластығын орнатады, ағайын мен туған - туыстардың қарым - қатынасын сақтамайды. Ана – отбасындағы татулық ұйытқысы. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды.
Отбасының ең үлкен байлығы – бала. «Шешеге қарап ұл өсер, әкеге қарап қыз өсер» дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жаман үлгісі балаға тәрбие болып табылады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі - әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бірінші баға. Ата - анасын сыйлап өткен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Сондықтан орыс балаларын әдептілікке, мейрімділікке, адалдыққа, сыпайылыққа баулыған.
а) Қате мәтінді оқып шығып, тақырыбын анықтап, мәтінге атауын қояды.
ІІ. «Шеңбер» ойыны. Дұрыс мәтін ұсынылады. Жаңа мәтінді оқып шығып, есте қалған сөйлемдерді айтып, мағынасына қарай жаңа сөздерді қоса отырып толықтыру. Тек айтылған сөйлемді қайталауға болмайды.
Бір сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
Отбасы мүшелері әкені тыңдайды. Әке де, балалар да ананы сыйлайды.
Қазақ отбасы
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды.
Әке – отбасының басшысы, асыраушысы, қамқоршысы. Әкені ана да, балалар да құрметтейді, сыйлайды. Бала әкені ренжітпес үшін тәртіпті, еңбекқор, білімді, ұқыпты болуға тырысады. Ана әкені сыйлау арқылы балаларға үлгі көрсетеді. Ананың осы үлгісімен бала әкесін де, үлкендерді де сыйлап, тәрбиелі болып өседі.
Ана – отбасының беріктігін сақтаушы. Ана – отбасы мүшелерінің сыйластығын орнатады, ағайын мен туған - туыстардың қарым - қатынасын сақтайды. Ана – отбасындағы татулық ұйытқысы. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды.
Отбасының ең үлкен байлығы – бала. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жақсы үлгісі балаға тәрбие болып табылады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі - әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бірінші баға. Ата - анасын сыйлап өткен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Сондықтан қазақ отбасы балаларын әдептілікке, мейрімділікке, адалдыққа, сыпайылыққа баулыған.
Ал енді, балалар, мына екі мәтінді салыстырайық Манағы қатесі бар мәтіннен барлық қателерді анықтап таба алдық па? Мына дұрыс мәтінмен салыстырып, қатесін табайық.
Қолдану
2-тапсырма
Мәтіннен 15 кілт сөзді табу.
Әр мәтін бөлігінің мазмұнын 5 сөйлеммен мазмұндау
10 жалған тұжырымдама жазу
3-тапсырма. Кестені толтырыңыздар.
№ | Сөйлемдер | дұрыс | бұрыс |
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. | |||
Отбасы мүшелері әкені тыңдамайды | |||
Қазақ отбасында қыз баланы құрметтейді | |||
Қыз баланың орны ерекше емес | |||
Ананың орны да ерекше. Әке де, балалары да ананы сыйлаған. | |||
Әке мен шеше үйленген ұлдарына енші бермейді | |||
Қыз тұрмысқа шыққанда қыздарына жасау бермейді |
4- тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін табу
Үрім - бұтақ,...
Қамқорлық,...
Міндет,...
Ата - ана,...
Жазылым
Мәтіндегі 3 жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдыру
Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
«Бұл кім?»
Жүргізуші ( мұғалім немесе әдейі дайындалған оқушы) сыныптағы бір оқушыны ауызша сипаттайды: оның бет әлпетін, сыртқы пішінін, киімін, сөйлеу мәнерін, әдеттерін т.б.келтіреді. Әрине, ол оқушының есімін атауға болмайды және де сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушыны мақтаған дұрыс.
Бір-екі сипаттан кейін жүргізуші оқушылардан: «Бұл кім? Сіздер таптыңыздар ма?» деп сұрап, олардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылар таппаса, сипаттауды әрі қарай жалғастыра береді.
Талдау
«Ыстық орындық»орындық әдісі
(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтады және тақырып бойынша оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.
Үйге тапсырма
Деңгейлік тапсырмалар:
ІІІ деңгей.
1. Қазақ отбасы жайлы айтып беріңдер.
2. Мәтіндегі екі жай сөйлемнен құрмалас сөйлем құрастырыңыз. Оған синтаксистік талдау жаса.
ІІ деңгей
1. Мәтінге жоспар құр.
2. Мәтін қанша сөйлемнен тұрады, жай сөйлем қанша, оның қандай түрі екен, құрмалас сөйлем қанша, ол сөйлемдер салалас па, сабақтас па, әлде аралас құрмалас па ажыратады.
І деңгей
«Айрандай ұйыған» фразеологизмі бойынша өз отбасың туралы шағын шығарма жаз.
Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
·
·
·
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
№36 сабақ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Отбасы және демографиялық өзгеріс |
Мектеп
Сабақтың тақырыбы:
Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
СЫНЫП: 9
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
9.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу;
9.1.4.1 мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау.
Сабақ мақсаттары
(Бағалау критерийі)
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, негізгі ойды анықтайды.Оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындайды.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Графиктік мәтіндерден деректер алады, салыстырады. Мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Графиктік диаграмма, кестедегі мәтіндердің деректерін салыстырып, тенденцияларды анықтап жазады. Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.
Бағалау критерийі
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік
Отбасы, демография, халық, миграция, эмиграция, демографиялық процестер, демографиялық саясат.
Ресурстар
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс
қазақ әдебиеті, тарих.
Алдыңғы оқу
Сабақтың жоспары
Сабақ барысы :
Сәлемдесу. Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу.
Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру
Топтарға бөлу.
Гүл суреттері бойынша бөліну.
Оқушыларға сурет қиындыларын беремін. Сурет қиындыларын құрастырғанда раушан, тұңғиық, түймедақ гүлдерінің суреттері шығуы керек.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
Бағалау критериийлері:
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
Мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау.
Оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындау.
Графиктік мәтіндерден деректер алады, салыстыру
Графиктік диаграмма, кестедегі мәтіндердің деректерін салыстырып, тенденцияларды анықтап жазу
Дескрипторлар
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтайды.
Оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындайды.
Графиктік мәтіндерден деректер алады, салыстырады.
Графиктік диаграмма, кестедегі мәтіндердің деректерін салыстырып, тенденцияларды анықтап жазады.
Айтылым. 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Демография деген не, нені зерттейді?
Демографиялық саясат дегеніміз не?
Демографиялық процесс деген не?
Демографиялық жарылыс, дағдарыс дегеніміз не?
2-тапсырма. Графиктік мәтіндердегі деректерді салыстырыңыз. Сурет бойынша әңгімелеу, түсіндіру.
1-топ
2- топ
3-топ
Ортақ тапсырма. Барлық топ мүшелеріне. Сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасаңыз.
Жазылым
«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі
Оқушылар тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады.
Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін.
Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады, немесе көшіріп жазады, т.б.
Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
«Он сұрақ»
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
«Бес жолды өлең» Отбасы
1 жол – зат есім
2 жол – 2 сын есім
3 жол – 3 етістік
4 жол – 4 сөзден тұратын сөйлем (сөйлем ойды білдіру керек)
5 жол – алғашқы сөздің синонимі
Қалыптастырушы бағалау жүргізіледі
Рефлекция
«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының
1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН
2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН,
3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
·
·
·
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
|
© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.
|
|