|
|||||||
Кезекші мәліметі. Топқа бөлу. й тапсырмасын сұрау. Бағалау критерийлері. Дескрипторлар. Білу және түсіну. Ақылды егіншіКезекші мәліметі Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне сәттілік, жақсы тілек тілейді. Топқа бөлу Оқушылар «Мозаика» әдісімен төрт топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрау Бағалау критерийлері Мәтінді түсініп оқу, негізгі ойды анықтау Графиктік мәтіндегі деректерді салыстыру. Графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу Дескрипторлар Мәтінді түсініп оқу, негізгі ойды анықтайды. Графиктік мәтіндегі деректерді салыстыру. Графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу. Оқушылардың жаңа сабақ туралы ойларын дамыту үшін, интерактивті тақтаның көмегіне сүйене отырып, «Ата-анаға қамқорлық» туралы бейнежазба көрсету. | Сурет қиындылары | ||||||
Ортасы 20 минут |
Білу және түсіну Оқылым. Ақылды егінші Патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді.Тырбанып, еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып,онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша егістігін, күніне 15 лира үшін жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтынға шығатын еді. Шаруа патшаның таң қалғанына қарап: - Бұл қанағатшыл адамға тіпті көп те болады. Мен ақшамды үшке бөлемін.бір бөлігімен өмір сүремін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп, қор жинаймын,-дейді. Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді.Ақкөңіл диқан күлімсіреп: - Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенімде мынаны айтпақшы болдым. Бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем ғой. Ақшамның бір бөлігін соларға беремін. Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім, бұл ақшамның бір бөлігін балаларымның біліміне төлеймін.Менің қолым, аяғым жұмыстан қалған жағдайда олар маған көмектеседі деп үміттенемін.Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын,-дейді. Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады. Намысты шаруаның балаларының біліміне төлейтін қаржыны өз мойнына алады. Балалары да ер жеткен соң ата- анасына, халқына да қолдарынан келген көмектерін аямай көрсетіпті. · · Сұрақтарға жауап беру · Егіншінің қанағаты мен бақытты күйінің сыры неде? · Сен өз ақшаңды қалай жұмсар едің?
|
||||||
|