Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





БИЛЕТ № 11. рылыс құжатнамасы



БИЛЕТ № 11

1. Құрылыс-монтаждау ұйымының классификациясы

Құрылыс-монтаждау ұйымын келесі белгілері бойынша классификациялайды:

1)    келiсiм шарттық қатынастарының сипаты бойынша - бас мердігерлік және мердiгерлiк

 

2)    жұмыстың орындалу түр бойынша - жалпықұрылыстық және мамандандырылған.

 

Жалпықұрылыстық тресттер қол астындағы бөлімшелер арқылы жалпықұрылыстық жұмыстардың (монтаждық, тас, бетон, ағаш, шебер-ұсталық және т.б.) негiзгi түрлерін орындайды. Олар әдетте бас мердігер болып саналады. Мамандандырылған трестер жұмыстың бiр түрін немесе біркелкі жұмыстардың кешенін ( іргетас құрылымы, өңдеу жұмыстары, электромонтаждық, санитарлық - техникалық) орындайды. Құрылыстағы технологиялық мамандандырумен қатар, салалық мамандандыруға сәйкес өнеркәсіптік, шахталық, темір жол, тұрғын үй және де құрылыстың басқа да түрлері кең таралған. Мамандандырылған ұйымдар ереже бойынша субмердiгерлер болып табылады , бiрақ кейде бас мердігерлердің де қызметін атқарады немесе тапсырыс берушiмен тiке келiсiмшарт бойынша жұмыс орындайды.

 

3)    – қызметтiң ауданы бойынша - трестер-алаңдар, қалалық түрдiң тресттерi, аумақтық және одақтас.

 

Трест - алаңдар бұрын өнеркәсiптiк құрылыста бiр алаңда iрi жұмыс ауқымдарының орындалуы үшiн құрылған. Қалалық түрдiң трестерi бiр қаланың шегінде, аумақтық, белгілі бір аудандардың ішінде жұмыс орындайды.

 

2. Уақытша жолдардың құрылымы

Салынып жатқан құрылыс объектілерінің барлығына құрылыс алаңында уақытша жол тораптары салынады. Кейіннен осы жолдар тұрақты автожолдарға айналуы мүмкін. Сондықтан уақытша жолдардың орналасуын жобалау барысында осы мәселе ескеріледі. Уақытша жол тораптары құрылыс алаңындағы маңызы бар жерлердің бәріне жеткізілуі керек (қоймалар, жүкті орналастыру орындарына, кіріп шығу есіктерінің бәрі және тб). Уақытша жолдарды жобалау барысында құрылыстың қауіпсіз аймақтарын, жүкті, материалдарды түсіру аймақтары ескеріледі. Құрылыс жолдары мен автокөлік тұрақтарын жобалау құрылыс территориясын вертикальды жобалау, дренаж құрылғыларын орнату, су тоқ коммуникацияларын жүргізу аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Құрылыс алаңы ауданы 50 мың м2 (5 га) және одан жоғары объектілер үшін екі және одан көп кіру жолдарын (қарама қарсы орналасқан) жобалайды, қақпа есігі 4 м болып қабылданады.

Әдетте уақытша жолдарды сақиналы түрде жобалайды. Ал түптер (тупик) бар жерлерде айналу, көлік бұру алаңдарын орналастырады. Мұндай алаңшаларды сақиналы емес уақытша жолдар түрінде жобалайды.

Уақытша жолдардың орналасуы келесідей алынады:

Объекты стройплощадки Расстояние, м
Ограждение стройплощадки 1,5
Склады 0,5–1
Подкрановые пути 6,5–12,5
Наружные стены построек 1,5–8
Наружные грани столбов, мачт 0,5

 

Уақытша жол келесі конструкциялардан орындалады:

· Табиғи кескінделген топырақты (естественные грунтовые профилированные)

· Жақсартылған топырақты (грунтовые улучшенные)

· Қатты қабатпен қапталған (с твердым покрытием)

· Құрамалы темірбетон инвентарлық тақталардан(из сборных железобетонных инвентарных плит)

Жолдарды жобалағанда, барлық жыл мезгілінде өртсөндіруші автокөліктер өте алу шарты қарастырылады. Табиғи топырақтан орындалған жолдарды төмегі қарқындылық кезінде жобалайды (сағатына 3 көлік өтеді деген есеппен).

Рис. 5.1. Конструкция грунтовой профилированной дороги

Жақсартылған топырақты жолдардың конструкциясын гравий, шлак, цемент қоспаларын қосу арқылы қатайтады. Жол осіне түсетін салмақ 12 т деп жобалатын жолдарды 10-25 см құм төсенішінің үстіне жатқызылған құрамалы темірбетон тақталарынан жобалайды. Құрылыс алаңыдағы тұрақты жол тораптарын қалыңдығы 18-21 см болатны бетоннан төсейді.

Рис. 5.2. Конструкция временных дорог с покрытием из плит: а – однополосных;
б – двухполосных; 1 – плиты размером 60001750; 2 – плиты размером 60003500

Біржолақты жолдардың ені 3,5 м-ден кем емес, екіжолақты жолдардың ені 6 м-ден кем емес болуы керек. Салмағы 25-30 т ауыр машиналар қолданылатын болса жолдың ені 8 м болып төселеді. Бір бағытты ұйымдастырылған жолдарда әрбір 100 м сайын (екі бағытты жолдар үшін 70 м) ені 6 м, ұзындығы 12-18 м болатын алаңдар ұйымдастырылады. Осындай алаңшаларды материалдарды түсіру жерлерінде де ұйымдастырады.

Жолдардың айналмасы (закругление) қолданылатын көліктердің жүру қасиеттеріне байланысты қабылданады. Алайды айналма бөліктің радиусы аз болса (6-9 м) ол жолдардың тез істен шығуына алып келеді. Қазіргі таңда құрылыста үлкен габаритті көліктер қызмет көрсетеді. Салмақтары 12-30 т, ұзындықтары 9-15 м. Айналма бөлігінің радиусы минимум 12 м юолып жобаланады, алайда жолдың 3,5 м ені мұндай айналма бұрышын жасауға жеткіліксіз, сондықтан айналма бөлікке келгенде жолдардың ені 5 ге дейін үлкейтіледі.

Рис. 5.3. Схема уширения дороги при повороте под углом 90°

Жолдың қауіпті аймағы болып кранның жұмыс істеу аймағына кіретін бөлігі кіреді. СГП-да бұл бөлікті екілік штрихпен көрсетеді.

Жолдарды жобалау барысында келесі минималды арақашықтық сақталуы керек:

· Жол мен қойма арасы 0,5-1 м

· Жол мен кранасты жолдар арасы 6,5-12,5 м

· Жол мен теміржол осі арасы 3,5 м

· Жол мен құрылыс алаңының қоршауы арасында 1,5 м-ден кем емес

Адамдар жүретін жолдарды автокөлік жолдарынан 2 м арақашықтықта, енін 1,5 м етіп төсеген жөн

 

 

3. Сметаны есептеудегі бағдарламалық өнімдерді пайдалану

 

Сметаны есептеудегі бағдарламалық өнімдер – бұл сметалық құжаттамаларды шығару мен құрастырудағы ең қиын операцияларды орындайтын жасалым.

Дұрыс жұмыс жасау үшін смета жасаушыға керек қолданбалы бағдарламалар бүгінгі әйгілі Windows-98/ ME/ 2000/ NT/ XP функционалды түрде жеткілікті болып келеді. Мәтіндік редактор (Word) смета жасаушыға қажет құжаттарды хаттауға, түзетуге, принтерден шығаруға және де магнитті тасушыларда сақтауға мүмкіндік береді. Кестелік редактор (Excel) алын ала дайындалған үлгі түрлерінде кішігірім смета жасау үшін қолданылады. Үлгілерде кесте ұяшықтары, жолдары және бағандарына қажет барлық арифметикалық әрекеттер белгілі бір формулалармен беріледі.

Смета бағдарламалары қазіргі кезде барлық жобалық және құрылыстық мекемелерде қолданыс тапқан.

Ең қиын мәселе болып локальді смета есептерін (смета) жасаудағы процесті автоматтандыру болып табылады. Осы үшін бағдарламалар келесі функцияларды іске асырады: - қажетті баға мен норманы тез іздеп табу үшін және оны сметаға қосу үшін БД НСИ-ға кіруге ыңғайлы ету керек; - әрбір қосылған баға мен жалпы жұмыс түрі үшін берілген көлемге кететін нақты шығындарды есептеу және қосымша шығындар мен смета пайдасының көлемін есептеу; - бөлек конструктивті элементтері, жұмыс түрі және жабдықтары бойынша ақпараттарды бөлімдерге топтау; - қорытынды есептерді бөлімдері, конструктивті элементтері бойынша және толығымен смета бойынша тиімді жүргізу; - шығыс құжаттарын көру мен шығару, Word, Excel-ге шығару;

Қазіргі таңда ҚР-да жиі қолданылатын сметалық бағдарламалар – ABC-4, SANA

 

БИЛЕТ № 12

1. Бригадирге анықтама бер және оның міндеті

Бригадир - төменгi жақ өндiрiстiк ұжымының тiкелей жетекшiсі. Жалпықұрылыстық жұмыстарға 10 адам немесе одан да көп, арнайы жұмыстарға 6 адамнан басталатын еңбек ұжымы бригада болып саналады. Аз құрамды ұжымдар буындар деп аталады. Бригадир де жұмысшы саналады, басқа жұмысшылар секілді негiзгi уақытта бригаданың құрамында жұмысын атқарады. Еңбек күнінің белгілі бір бөлігінде бригаданы басқарумен айналысады, және де соган тиісті еңбек ақысын алады. Бригадир еңбек тәртібін қадағалап, ұжымда еңбек тәртібін қамтамасыз ете отырып, бригаданың жұмысын ұйымдастырады. Бригадир қылып жігерлі және білікті, ұйымдастырушылық қабілеті бар, абыройлы жұмыскерді тағайындайды. Бригадир шеберден тапсырма қабылдап, бригада мүшелердiң арасына жұмысты бөледі. Оның мiндетіне жұмыс барысын тексеріп оның сапалы орындалуын қамтамасыз ету кіреді.

2. Құрылыстық нысан ішіндегі қоймалар. Жалпы түсінік

Құрылыстағы нысан ішіндегі қоймалар материалдар, жартылай фабрикаттар, құрылымдар мен жабдықтарды уақытша сақтау үшін ұйымдастырылады. Сақтау қоймасының көлемі құрылысты салу әдісіне, түріне, өлшеміне және жабдықтау тәсілдеріне байланысты алынады.

Қоймаларды жобалағанда мынадай ретпен жүзеге асырылуы тиіс:

1. Сақтауды қажет ететін құрылысқа қажетті артық ресурстарды анықтау;

2. Сақтау тәсілін таңдау(ашық, жабық және т.б.);

3. Сақтау түріне байланысты ауданын есептеу;

4. Қоймалардың түрін таңдау;

5. Қоймаларды құрылыс алаңына орналастыру және бекіту;

6. Ашық қоймаларда құрама конструкцияларды орналастыру;

7. Произвести размещение сборных конструкций на открытых складах.

3. Құрылыстағы келісімдік бағалар.

Жоспарлау, қаржыландыру және сметалық баға белгілеу бойынша құрылыстық өнімдердің келесідей түрлері ерекшеленеді:

Құрылыс– құрылысы, кеңейюі және қайта құруы жиынтық сметалық есепте немесе шығын ақпаратында анықталған көлемде ортақ жобалық құжаттама негізінде жүзеге асырылатын әр түрлі мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар жиынтығы;

Құрылыс реті– пайдалануға беруі, жобада қарастырылғандай, өнімдер шығаруды немесе қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ғимараттар, құрылыстар мен құрылғылар тобынан тұратын құрылыс бөлігі;

Іске қосу кешені– бір уақытта пайдалануға беруі, жобада қарастырылғандай, өнімдер шығаруды немесе қызмет көрсетуді және қызметкерлердің қалыпты еңбек шарттарын қамтамасыз ететін негізгі және қызмет көрсету (энергетика, көлік, қойма шаруашылықтары, байланыс, сыртқы инженерлік коммуникациялар, жайластырушылық) мақсатты объектілер жиынтығы;

Құрылыс объектісі– өзіне қатысты барлық жайластыруларды (галереяларды, эстакадаларды және т.б., жабдықтарды, жиһазды, мүлікті, қосалқы және қосымша құрылғыларды, оған қатысты инженерлік торларды және тігінен жоспарлауды, жайластыру мен көгалдандыруды қажет ететін территорияды) қосқандағы жеке орналасқан ғимарат (өндірістік корпус, қойма, тұрғын үй, клуб, т.б.) немесе құрылыс (көпір, үңгіртау, платформа, т.б.);

Жұмыстардың технологиялық сатысы– аяқталуы келесі кешендік құрылыстық процесті (нөлдік цикл, ғимараттың жер үсті бөлігін тұрғызу, ғимаратты әшекейлендіру, территорияны көркейту, т.б.) орындауға дайындықты қамтамасыз ететін ғимарат немесе құрылыс тұрғызу бойынша құрылыстық процестер кешені және жұмыстардың технологиялық кешені – құрылыстық процестердің технологиялық біртекті процесі (тіреулік, сантехникалық, электрмонтажды жұмыстар, т.б.).

 

Мердігерлік ұйым үшін мердігерлік шартқа сәйкес олар орындаған жұмыстар бағасымен анықталатын құрылыстық өнімдердің шарттық бағасыжүзеге асырылады.

Құрылыстық өнімдердің шарттық бағасыдеп мердігердің мердігерлік шартқа сәйкес орындайтын құрылыстық-монтажды (жөндеу-құрылыстық, қалпына келтіру, іске қосуды дұрыстау бойынша) жұмыстардың жеке құнын түсіну керек. Шарттық баға тапсырыс беруші мен мердігермен анықталады, соның ішінде мердігерлік байқаулар нәтижелері бойынша.

Шарттық баға Бш құрылымында мердігерлік жұмысар құны Кмерд және шарт бойынша басқа да шығындар мен жұмыстарды Кбасқа шығарады.

Бш= Кмерд + Кбасқа . (11.1)

Мердігерлік жұмыстар құны құрылыстық және монтаждық жүмыстар құндарын (Кқұр және Км), сонымен қатар тапсырыс берушімен жиынтық сметалық есептің 9 бабында қарастырылған қаржылармен өтелетін мердігердің басқа да жұмыстары мен шығындары (Көзге) құралады.

Кмерд = Кқұр + Км + Көзге (11.2)

Құрылыстық және монтаждық жұмыстар құны қабылданған сметалық баға белгілеуде шығындар жіктемесіне сәйкес тура шығындардан (ТШ), үстеме шығындардан (ҮШ), мердігер табысынан (Т), лимитті шығындардан (ЛШ) (титулдық уақытша ғимараттар мен құрылыстарды орнатуға, қысқы қымбаттау, көзделмеген жұмыстар мен шығындарғы резерв) тұрады.

Кқмж = ТШ + ҮШ + Т + ЛШ (11.3)

Шарттық бағалар тұрақты және шамаланған болуы мүмкін.

Тұрақты шарттық баға құрылыстың толық кезеңінде згеріссіз қалады. Шамаланған баға құрылыс барысында нақтылануы мүмкін, соның ішінде инфляцияға байланысты.

Құрылыстық өнімнің тұрақты шарттық бағасы байқау (сауда) нәтижесі бойынша жеңімпаздыңтұрақты шарттық бағаның бастапқы (мәрелік) деңгейін төмендету бойынша ұсынысын есепке ала отырып орнатылады.

Тұрақты шарттық бағаны анықтау формуласы:

Бш = (Снег.2000 х Ишарт х Идеф ) х Ктт, (11.4)

Осындағы

Бш – ақырғы тұрақты шарттық баға;

Снег.2000 – жұмыстардың негіздік (2000 жылғы бағалармен) жалпы сметалық бағасы;

Ишарт – тұрақты шарттық бағаны келісу кезінде сметалық құнды қайта есептеу индексі (коэффиценті);

Идеф – құрылыстың нормативтік мерзіміне (жұмыстар өндірісі) жалпы индекс-дефлятор;

Ктт – тендерлік төмендету коэффиценті.

Қосымша шарт бойынша жұмыстардың құны құрылыс немесе объектілерді қайта құруға бас мердігерді таңдау бойынша байқау, егер ондай болған болса, нәтижелері негізіндегі тендерлік төмендетуді есепке ала отырып анықталады

 

БИЛЕТ № 13

1. Ұйымдасқан – технологиялық жобалық құжаттама құрамы.

Ұйымдасқан – технологиялық жобалық құжаттама (ОТД организационно-технологическая проектная документация) құрамына құрылысты ұйымдастыру жобасы (ПОС проект организации строительства) және (ППР проект производства работ) жұмыс өндірісінің жобасы, сонымен қатар құрылысты ұйымдастыру туралы шешім мен жұмыс өндірісінің технологиясы секілді өзге де құжаттар кіреді.

Минимальды құрамы тұрғындар мен қоршаған ортаны, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, сонымен қатар басқа да бақылау түрлерін орындау жоба-сметалық құжаттар мен келісім шарттың талаптарының орындалу ретінің сәйкестігін бағалау үшін қажет.

ҰТҚ (ОТД) құрамына кіретін құжаттар формасы мен мазмұны тапсырыс беруші мен орындаушының келісімімен және ҚНжЕ талаптарын қамти отырып бірлескен кәсіпорыпдардың мәліметтерді толтыру формасымен қолданушыға және бақылаушы органдарға түсінікті тілде болуы шарт.

ҰТҚ (ОТД) жобалаушы ұйым стандартарына сәйкес мақұлданған және расталған болуы шарт.

2. Қоймалар классификациясы

Қоймаларды орналасуына, тағайындалуына байланысты ажыратады.

Қоймалар түрлері мынадай:

1. Базистік қоймалар- бірнеше құрылыс-монтаждық ұйымдарды материалдар және бұйымдармен қамтамасыз ететін қоймалар түрі.

2. Участкелік қоймалар- арнайы мамандандырылған және жалпықұрылыстық участоктің керектеріне арналған.

3. Объект жанындағы қоймаларды- құрылыс аланында орналасады. Олар монтаждық механизмдердің жұмыс жасау зонасында орналасатын ашық қоймалар алаңынан және жабық сақтау үшін кішкентай қоймалардын тұрады.

4. Өндірістік ұйымдар қоймалары- оларға керекті шикізат, көмекші материалдар мен дайын өнімдерді сақтауға арналған.

5. Ашық қоймалар- атмосфералық әсерлерден қорғауды қажет етпейтін материалдарды сақтау кезінде пайдаланлады.(бетон және темірбетон конструкциялар, кірпіш, керамикалық құбырлар)

6. Жабық қоймалар- қымбат материалдар мен атмосфералық асерлерден бұзылатын мтаериалдарды сақтау кезінде қолданылады. (цемент, гипс, әктас, шегелер, фанера және т.б.)

7. Әмбебап қоймалар- ар түрлі типтегі материалдарды сақтауға арналған

8. Мамандандырылған қоймалар- белгілі бір материалдар түрін сақтауға арналған қоймалар. Көп жағдайда резервуар, бункерлерді сақтауға

3. Сметаларды сараптау және бекіту.(РПЗС-43)

 

БИЛЕТ № 14

1. Құрылысты ұйымдастыру жобасын орындау үшін қажетті бастапқы деректер.

Құрылысты ұйымдастыру жобасы(ПОС проект организации строительства) басты жобалаушы ұйымның немесе қол астындағы өзге жобалаушы ұйымның басшылығымен жоба немесе жұмысшы жоба құрамында жасалынады.

ҚҰЖ (ПОС) құрамына кіретін бастапқы мәліметтерге:

- Құрылысты қаржыландыру туралы дәлелдік материалдары;

- Инженерлік ізденістер;

- Құрылысты уақытша инженерлік жүйелермен, сонымен қатар жергілікті құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету туралы мәліметтер;

- Ғимараттар мен имараттардың көлемдік-жоспарлық және құрылымдық шешімдері және технологиялық сызбасы;

- Жерді пайдалану туралы келісім шарт немесе аумақтық құрылыс планы;

- Құрылыс алаңын пайдалану туралы мәліметтер

- Уақытша ғимараттардың жобалануы, т.б туралы мәліметтер

ҚҰЖ (ПОС) құрамына кіретін минималды құжаттар:

- Құрылыстың күнтізбелік жоспары (КП);

 

2. Өндірістік қорлар түрлері 

Өндіріс қорлары - өндіріс процесі кезінде кәсіпорындар пайдаланатын өндіріс құрал-жабдықтары. Өндіріс қоры негізгі қор мен айналым қорынан тұрады.

Қорлар – бұл:

1) шикізат қорлары, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен кешендік бұйымдар, отын, ыдыс, ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және өндірісте немесе жұмыстарды, қызметтерді орындау кезінде пайдалануға арналған өзге материалдар.

 2) аяқталмаған өндіріс.

 3) субъектінің қызмет барысында сатуға арналған дайын өнім, тауар түріндегі активтер [1]

Материалдар есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін қажеттісі:

- материалдық тауардың бірегей номенклатурасын әзірлеу

- құжат айналымының айқын жүйесі және қорларды кірістеу және шығару жөніндегі операцияларды рәсімдеу тәртібін сақтау

- бастапқы құжаттардың есептік нысандарын біркелкі қалыпқа келтіру

- қорларға тұрақты түрде түгендеу жүргізу

- бухгалтериядағы материалдардың есебі учаскесін компъютерлендіру

Өндірістік қорлар функционалдық бағыты бойынша былайша бөлінеді:

Шикізаттар мен материалдар – бұл өнім әзірленетін еңбек заттары.Олар өнімнің материалдық негізін қалайды. Ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіптің өнімдері.

Негізгі материалдар – бұл ұсатушы өнеркәсіптің өнімдері.

Көмекші материалдар – бұл шығарылатын өнім құрамына енетін материалдар, бірақ негізгі материалдардан ерекшелігі – өнімнің заттық негізін қаламайды.

Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар – бұл белгілі бір өңдеу сатыларынан өткен, бірақ әлі дайын өнім болып табылмайтын шикізат пен материалдар.

Ыдыс және ыдыс материалдары – бұл әртүрлі материалдарды буып-түюге, тасымалдауға, сақтауға пайдаланатын заттар.

 Өзге материалдар – бұл өндіріс қалдықтары, түзілмейтін ақаудан қайтарылатын қалдықтар, негізгі құралдар шығарылуынан алынған материалдық құндылықтар.

 

3. Құрылыс ұйымы өнімдерінің өзіндік құны.(РПЗС-43)

 

БИЛЕТ № 15

1. Жобалау процесі қанша этаптан тұрады, оларға қысқаша түсініктеме.

 Жобалау процесі 4 этаптан (бағдарлама(программа), эскиздер,жобалау, жобалық құжаттар)тұрады. Жобалау процесі құрылыстың салыну уақытының 25-40%-ін құрайды.

Бағдарлама (программа) – жобаланып жатқан ғимараттың – аудан, жабдық, технология, қызмет көрсету жүйесі және т.б сияқты талаптарынан тұратын, жазбаша құжаттама. Бағдарлама арнайы жалданған кәсіпқоймен немесе инженер, архитектор, ғимаратты қолданушының немесе иесімен жазылуы мүмкін, бірақ кез келген жағдайда оның негізін қалаушы пайдаланушы болуы қажет, себебі өндірістің барлық жағдайларымен хабардар өзі ғана.

       Эскиздік жоба . Ғимараттың негізгі характеристикалары мен олардың жоспарлануының(планировка) нұсқасы белгіленетін кезең болып табылады. Бұл тапсырманы орындау үшін ие(владелец) аумақ(участок) таңдап, онда зерттеу жүргізіп, мәліметтерді архитекторға береді.

                   Құрылыс алаңын зерттеу. Бұл жұмысты негізінен архитектор-жобалаушы белгілі мамандар көмегімен жүргізеді. Зертеу жұмыстары ең алдымен аумақтың жоспары мен беріліп отырған территориямен танысумен басталады.

                   Жобалау . Жобалаушылар командасы зерттеу қорытындыларын алғаннан соң бірнеше сәулеттік жобалық шешімдерін жасап,жоба иесінің келісімін алу үшін ұсынылады.

       Жобалық құжаттар. Бұл кезеңде соңғы құжаттарды мердігерге ұсыну үшін дайындайды.

 

2. Қоймаларды есептеу

 Койманын ауданы сакталатын материалдардын санына жане колемыне байланысты. Койманын ауданын  пайдалы материалмен коршаганды кажет етеды.Ол  демалыс аймақтарына, мәшине жүру жолдарына,косымша болмелерыне байланысты. Койманы есептеу устыне тусетын жуктемеге байланысты. Мыны формула аркылы есептеледы.

 – расчетный запас материала. q – норма складирования на  пола площади склада с учетом проездов и проходов, принятая по расчетным нормативам.

Мысалы астык сактайтын койманы алайык. Астықты сақтауға арналған қоймаларды, біркелкі жобалар бойынша нанды қабылдау кәсіпорындарында салады. Солардың ішінде неғұрлым кең таралғандары жалпақ еденді сыйымдылығы 3200...5500 т қоймалар. Сонымен қатар кәсіпорындарда едендері біраз еністі болып келетін, сыйымдылығы 7500 т қоймаларда болады. Сыйымдылығы 3200т астық қоймаларының іргетасын пұттық тастан, қабырғаларын жергілікті материалдардан (кіпіштен, бутовой тастан, шлакбетоннан) және жабынының құрылымын ағаштан жасайды. Асбоцементтен жасалынған шатыр, қойманың едені нығыздалған қиыршық тасты асфальтбетоннан дайындалған. Қойманың төменгі тасымалдағыш галериясы құрастырмалы темір бетоннан немесе жергілікті материалдан (сурет 7) жасалынуы мүмкін. Қойманың бір секциясының көлемі жоспарда 20x62 м2, биіктігі 8,27м. Көлденең бағытта қойманың үш бойлығы бар.

Сурет 7 – Құрастырмалы темір бетоннан жасалынған қойма

 

Орталық бойлығының ені 11м, екі бүйірлігі 4,5 м –ден. Қойманың бойлық бағытта он бір бойлығы бар. Тоғыз бойлық 6,2 м және екі шеткісі 3,1 м. Отқа төзімсіз қоймалар үшін 20м ортасын бөліп тұруды немесе қалыңдығы 250мм кем емес брандмауэрлік қабырғалар орнатады. Сыйымдылығы 5500 т құрастырмалы темір бетоннан жасалынған қойманың жоспардағы көлемі 24x90 м2. Қойманың биіктігі 9,4 м. Көлденең бағытта қойманың үш бойлығы бар. Орталық бойлығының ені 12 м және 6м екі шеткі. Бойлық бағытта 6м 15 бойлық бар. Жоғарғы тасымалдағыш галериясы металлдан, төменгі - өтетін жері құрастырмалы темір бетоннан. Галерияның тамбуры кірпіштен.

а) тип НП-4; б) тип НП-5. Сурет 8 – Едені еңісті механикаландырылған қоймалар

Еңіс еденді қоймаларды (сурет 8) жерасты сулары төмен орналасқан жағдайда салады. Мұндай қоймалардың төменгі галериясын құрастырмалы темір бетоннан немесе жергілікті материалдан жасайды. Қоймалардағы механикаландырылған мұнаралар монолитті немесе құрастырмалы құрылымды, қабырғалары кірпіштен немесе бетон кесектерінен, биіктігі 4...6 қабатты жеке тұратын ғимарат түрінде болуы мүмкін.

 

 

3. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының өзіндік құны және оның құрамындағы шығындар: сметалық, жоспарлық, нақтылай өзіндік құндар: ұғымы, міндеттері, анықтау тәртібі.

Құрылыс кәсіпорынының құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құны деп құрылыс процесінде пайдаланатын материалдардың, еңбек құралдарының, басқа ұйымдар көрсеткен қызметтер құндарының және еңбекақы шығындары мен үстеме шығындардың жиынтығын айтамыз.

Ал объектінің сметалық құны осы объектінің құрылысына жұмсалған барлық қоғамдық қажетті шығындардың жиынтығын білдіреді, оларға құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға, құрылғыларды сатып алу мен монтаждауға, жобалау мен іздену жұмыстарына және т.б. жұмсалған шығындар жатады.

 Шығындар есебінің мәні және жіктелуі

Құрылыс саласында өндіріс шығындарын басқару — күрделі процесс. Өзінің мəні жағынан ол кəсіпорынның бүкіл қызметін басқаруды білдіреді, өйткені болып жатқан өндіріс процестерінің барлық жақтарын қамтиды. Шығындар есебі мəнінің көпшілік қабылдаған анықтамасы, бұл — шығындар есебі кəсіпорында белгілі уақыт аралығында болған жабдықтау, өндіріс жəне өнім өткізу процестерін, оларды сандық өлшеу, заттай жəне құнды көрсеткіштермен тіркеу, топтастыру жəне талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай көрсету кəсіпорынды (немесе кəсіпорындар бірлестігін) басқару мен оның қызметін қаржы нəтижелерін анықтау арқылы бағалауға қажетті мəлімет алуды қамтамасыз етеді. Бірақ, мұндай тəсіл басқару есебінің даму барысында жəне дамыған өндірістік есеп теориясында пайдалану бағыттары бойынша шектелген. Біздің ойымызша, өндіріске жұмсалған шығындар есебінің маңызын анықтау, техникалық жағынан басқа, өндіріске жұмсалған шығындар есебін түрлендіруді немесе басқару есебінің өндірістік қызметін ұйымдастыруға əр- түрлі тəсілдерді қамтуы тиіс. Осылайша, шығындар есебінің мазмұнын анықтау кəсіпорындарда оны ұйымдастыруды үл- гілеудің шынайы алғышарттарын жасайды. Басқарудың кері процесіне сəйкес, есеп ақпараттық жүйе ретінде тек қана іс-əре- кетті ғана емес, сондай-ақ болашақта кəсіпорын экономикасын белгілі бір бағыт үшін ақпараттар дайындайды. Егер өндіріске жұмсалған шығындар есебі басқару үлгісіне сəйкестендіріліп бұрынғы, қазіргі жəне болашақтағы өндірістік 72 қызметі нəтижелері мен шығындарын пайдалануды көрсету процесі ретінде қарастырылса, онда есептің мұндай жүйесі өзіндік құнды басқарудың негізгі міндеттеріне сəйкес келеді. Нақты бір кəсіпорынның өндіріске жұмсалған шығындары есебінің негізгі міндеттері: 1) кəсіпорын əкімшілігін басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпаратпен қамтамасыз ету; 2) болашақтағы экономикалық стратегияны қалыптастыру мен ауыртпашылықтарды табу мақсатында нақты шығын дең- гейін мөлшерлі жəне жоспарлы шығындармен салыстыра оты- рып бақылау; 3) дайын өнімді бағалау жəне қаржылық нəтижелерді есептеу үшін шығарылатын өнімнің өзіндік құнын есептеу; 4) құрылымдық бөлімшелердің өндірістік қызметінің эконо- микалық нəтижелерін анықтау жəне бағалау; 5) ұзақмерзімді сипатқа ие, өндірістік жəне технологиялық бағдарламалардың өзін-өзі ақтауы, өнім түрлерінің пайдалы- лығы, негізгі қорлар мен өндірістік қосалқыларға салынған күр- делі салымдардың тиімділігі туралы шешімдер қабылдау үшін өндірістік қызметті басқару есебінің ақпараттарын жүйелендіру. Кез келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шы- ғындармен байланысты. Сондықтан да шығындарды жіктеу өн- дірістік есептің маңызды элементі болып табылады. Əдетте, топ- тау қағидаларына калькуляция баптарының номенклатурасы сəйкес келеді. Өзіндік шығындарды дұрыс есептеу үшін оның ғылыми негізделген жіктелімі аса қажет. Құрылыс саласында шығындарды өндірістік үрдістің барлық жағын қамти отырып, яғни оның ерекшеліктеріне қарай белгілі бір топқа жатқыза отырып, орындау қажет. Өндірілген өнімді калькуляциялау жəне бағалау үшін шы- ғындар былай топталады: — негізгі — өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты (шикізатты, технологиялық қажеттіліктерге кеткен материалдық шығындар, негізгі өндірістік жұмысшыларға жа- лақы төлеу, машиналар мен құрал-жабдықтарды ұстау мен пай- далануға кеткен шығындар т.б.); — үстеме шығындар (өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету жəне басқарумен тікелей байланыста пайда болады); 73 — тікелей — өнімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты жəне оның өзіндік құнына тікелей кіреді; — жанама шығындар жекелеген өнім түрлерінің құнына тікелей емес, жанама түрде бөлінеді. Олар өнімнің өзіндік құ- нына əртүрлі əдістердің көмегімен (ставка, пайыз, коэффи- циенттер) жанама жолмен қосылады; — кірістік шығындар — қолда бар жəне сатып алынған ресурстар, келешекте табыс əкелуі ықтимал; — өткен шығындар, олар келешекте табыс əкелу қабілетін жойған ресурстар. Тəжірибеде шығындар келесідей топтастырылады: — құрамы бойынша; — түрлері бойынша; — өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша; — өнімнің өзіндік құнына жатқызу тəсілі бойынша; — өндіріс көлемі бойынша; — шығындардың тиімділігі бойынша. Құрамы бойынша бірэлементті жəне кешенді шығындар деп жіктеледі. Бірэлементті шығындар — бір элементтен тұратын шығындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар). Кешенді шығындар — бірнеше элементтен тұратын шығындар (барлық элементтер кіретін цехтық шығындар). Шығындардың түрлері бойынша шығындар екі топқа топ- тастырылады — шығындар элементі бойынша жəне кальку- ляция баптары бойынша. Шығындардың экономикалық мазмұнына сəйкес, құрылыс кəсіпорынының өндірістік жəне коммерциялық қызметтерде орын алатын шығындары келесі элементтері бойынша топтасты- рылады: — материалдық шығындар; — еңбекті өтеуге жұмсалатын шығындар; — əлеуметтік қажеттіліктерге ақша аударулар; — құрал-жабдықтардың тозуы (амортизация); — басқа да шығындар. Сонымен, пайда болу орны бойынша жіктелетін шығындар жиынтығы нақты өндіріс көлемінің шығындар сметасын құруға, құрылыс кəсіпорынының қызметінің сапалық көрсеткіштерін анықтауға, сондай-ақ өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызмет- тің) өндірістік өзіндік құнын белгілеуге мүмкіндік береді. 74 Мердігерлік құрылыс кəсіпорынының шығындары келесі баптар бойынша топтастырылады: — материалдар; — жұмысшының еңбегін өтеуге кеткен шығындар; — құрылыс машиналары мен тетіктерін ұстау мен пайдалану бойынша шығындар; — үстеме шығындар; — өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы.

Өзіндік құнды түсіну үшін (шығындар жиынтығы ретінде) оны 3 жақтан қарастырайық: 1) шығындар ресурстарын пайдаланумен анықталады; 2) шығындар ақшалай өлшемдегі пайдаланылған ресурстар- дың санын сипаттайды; 3) шығындар олардың жұмсалу мақсатында өнім өндірісі, қандай да бір бөлімше қызметімен салыстырылады. Осыдан өзіндік құн (шығын) — белгілі бір мақсатта пайдаланылған ресурстардың ақшалай өлшемдегі шамасы.

Келісім шарт жасасу кезінде мердігерлік құрылыс ұ



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.