Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





рылыстағы баға белгілеу орталығының қызметі



БИЛЕТ № 7

1. Жобалық құжаттама және оның мазмұны

Құрылыстық жобалық құжаттама СНиП-қа сәйкес жасалып, ғимараттар пен имараттарды н/е олар-ң кешендерін тұрғызуға қажетті техникалы - экономикалық негізделген гарфикалы ж/е мәтінді материалдардан тұрады.

Жобалық құжаттаманы іске асырушы мен салушының (застройщик) құқықтық ж/е финанстық қарым-қатынасты регламенттейтін негізгі құжат келісім (контракт) болып таб. СП11-101-95 "Ғимараттар мен имараттар-ң, кәсіпорындар-ң құрылысына салынатын инвестицияларды негіздеуші құрамы, жасалу реті, келісімдер мен бекіту-р" негізінде құрылыс-ң жоба-қ дайындығын 3 кезеңге бөлуге болады:

1. Бірінші кезең құрылысқа жер таңдау шешімі үшін жасалатын құжатттаманы істеу (разработка) жоба алды сатысы б. таб. Бұл кезең басында нысан-ң көлемді-жобалық шешімдері ж/е оның өнім мен қызмет номенкластурасымен бірге техника-экономикалық көрсеткіш-рі белгіленеді (намечаются). Содан соң ірілеген көрсеткіштер н/е нысан-аналогтар б/ша инженерлік қамтамасыз етулерден, шикізат пен материалдардан қажеттіліктер анықталады. Ірі нысандар құрылысы үшін сонымен қоса транспорттық схема-р ж/е т.б. шара-р жүргізіледі.

2. Екінші кезеңде жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан рұқсат алғаннан кейін СЭС-тан, мемлекеттік өрт қадағалаудан (Госпожнадзор), қоршаған орта күзетінен ұйымынан құрылысты бастау мүмкіндігі туралы жазбаша қорытынды алынады. Кезең құрылыс жерін бөлу туралы шешімін дайындауымен аяқталады.

3. Үшінші кезең инвестицияларды бекіту мен келісімнің қорытынды сатысы болып таб ж/е нысандарды жобалау кезінде орындалады. Тапсырыс беруші барлық тапсырмалар мен жобалауларды нақтылайды. 

 

2. Кранның жұмыс істеу жағдайларын анықтау және кранның жұмысына шектеулер енгізу

Тар жағдайда мұнаралы кранды жалғаған (привязка) кезде кранның қозғалысы шектеуге қажеттілігі туындайды: жебенің бұрылысы, жебенің ұшыуының өзгеруі, кранның немесе жүк арбаның қозғалуы. Тар жағдайда кранның максимальді жебенің ұшуын (вылет стрелы) немесе 360°-та жебенің бұрылу жұмысын ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл жағдайда кранның жебесінің бұрылу бұрышын шектеу тиіс, жебенің ұшуын азайтуын немесе жүк арбаның қозғалыс шектеу керек. Қолданылатын шектеулердің міндетті немесе шартты әдістері болуы мүмкін.

Міндетті шектеулер (принудительные ограничения) белгіленген шекарада кранның апаттық сөндіруін өндіретін датчиктер мен шекті ажыратқыштарды орнату арқылы жүзеге асырылады және краншының қызметіне бағынышты болмайды(11.11,а - сурет).

11.11 - сурет. Кран бұрылысының шектеуі

а - міндетті; б - шартты; 1 - тұрғын үй; 2 - шектелген аймақ; 3 - жерде шектеудің бағдары

Шартты шектеулер толығымен краншының, монтажшылардың, жүк ілдірушілердің (стропальщик) тәжірибесі мен назарында есепке алынады.

Жерде шартты шектеулер жақсы көрінетін сигналдармен көрсетеліде: күндіз - қызыл флажоктармен , ал қараңғы тәулік уақытында - шамдардан немесе фонарьдан жасалған қызыл гирляндамен, бұл тыйым салынған сектордың шекарасына жақындауын ескертеді(11.11,б - сурет). Олардың орындалу тәсілдің нұсқауымен сигналдарды орналастыруын СГП - ға түсіреді. Әр нақты жағдайда шартты шектеулердің орындауын қамтамасыз ету үшін жұмыс өндірісінің тәртібі туралы нұсқаулар дайындалады. Жебенің бұрылысының шектеуін есептеу барысында тежеу жолын (тормозной путь) ескеру қажет. Бұл үшін шектегіштер жебенің бұрылысын сөндірілуін орнатылған аймақта 2-3°-қа ертерек болуын белгілейді. Мысалы, жебе бұрылысын 85°-қа шектеген кезде шектеу 80°- орнатылуы қажет (85°-2,5°х2=80°).

Бірнеше механизмдердің бір аймақта бірлесіп жұмыс істеуі, әдетте, тыйым салынады. Өндірістік қажеттілік жағдайда монтаждық кранның басқа құрылыс машиналары мен механизмдермен, сонымен қатар басқа крандармен бірігіп жұмыс істеуі қауіпсіздік шартын қамтамасыз ететін әлеуметтік іс - шараларды әзірлеу жағдайында ғана рұқсат етіледі. Бұл жағдайда әдеттегі әдіс ғимаратты аймаққа немесе захваткаға бөлу болып табылады, мұнда тек бір механизмнің жұмыс істелуі рұқсат етіледі (мұнаралы кран,экскаватор,автокран, көтергіш). Басқа механизм осы уақытта келесі аймақта жұмыс істеуі немесе тоқтатылуы тиіс.

 

3. Құрылыстағы бағақұрылым және сметалық іс

Құрылыстағы баға белгілеу орталығының қызметі

құрылыстағы баға белгілеу орталығымен әзірленіп жатқан сметалық-нормативтік жаңа жүйе құрылыс құныны анықтау әдістемелік ресурсына негізделген.

құрылыстағы баға белгілеудің жаңа жүйесінің қызмет етуі үшін мына іс-шаралар іске асырылатын болады:

Қазақстанның барлық өңірлеріндегі құрылыс материалдарына, бұйымдарына, конструкцияларына және инженерлік жабдықтарға баға мониторингі желісін құру негізінде құрылыс ресурстарына ағымдағы бағаның өңірлік жинағын систематикалық шығару;

Қазақстанда енгізілетін құрылыс өндірісінің жаңа технологияларына сәйкес қолданыстағы құрылысқа арналған сметалық нормаларды және жөндеу-құрылыс жұмыстарын тұрақты жетілдіру жүйесін құру бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу;

объектінің барлық өмірлік цикліндегі тиімді бюджеттік шығындарды ескере отырып, мемлекеттік инвестициялар есебінен объектілер құрылысы құнын қалыптастыруды ынталандыру бойынша заңнамаға қажетті толықтыруларды енгізу туралы ұсыныстарды әзірлеу;

стратегиялық жоспар бойынша бюджеттік қаржыландыру кезеңінде құрылыс құнын болжамды бағалау және мемлекет қаражаты есебінен іске асырылған құрылыс жобаларының электрондық банкі есебі негізінде жобалардың ТЭН әзірлеу кезеңі үшін іріленген сметалық нормаларды қалыптастыру және тұрақты жетілдіру.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.