Симптоматикалық артериалдық гипертензиялар.
3. Симптоматикалық артериалдық гипертензиялар.
Эталон:Симптоматикалық артериалдық гипертензия (САГ) немесе екіншілік АГ барлық жағдайының 5 – 23 % кездеседі.
Екіншілік АГ (ДДҰ эксперттерінің мәлімдемесі, 1996)
1. Дәрі-дәрмектер немесе экзогенді заттар
| Гормоналды контрацептивтер
Кортикостероидтар
Симпатомиметиктер
Кокаин
Құрамында тиамині бар заттар
Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
Циклоспорин
Эритропоэтин
| 2. Бүйрек аурулары
| Паренхиматозды бүйрек аурулары (гломерулонефриттер, нефриттер)
Созылмалы пиелонефриттер
Обструктивті нефропатиялар
Бүйрек поликистозы
Диабеттік нефропатия
Гидронефроз
Бүйректің туа пайда болған гипоплазиясы
Бүйрек жарақаты
Реноваскулярлы гипертония
Ренин түзуші ісіктер
Ренопривті гипертония
Тұздың бірінішілік жиналуы (Лиддл синдромы, Гордон синдромы)
| 3. Эндокриндік аурулар
| Акромегалия
Гипотиреоз
Гипертиреоз
Гиперкальциемия
Бүйрек үсті безінің аурулары (Кушинг синдромы, бірінішілік альдостеронизм,бүйрек үсті безінің туа пайда болған гиперплазиясы, феохромоцитома, қатерлі ісік)
| 4. Қолқа коарктациясы мен аортиттер
|
| 5. Жүктілік асқынуы
|
| 6. Неврологиялық аурулар
| Бас ми сүйегінің ішіндегі қысымның жоғарлауы
Ми ісігі
Энцефалит
Респираторлық ацидоз
Ұйқы кезіндегі апноэ
Аяқ-қолдың толық параличі
Жедел порфирия
Қорғасынмен улану
Гийен-Барре синдромы
| 7. Хирургиялық асқынулар
| Операциядан кейінгі гипертония
|
Клиникалық ағымының ерекшеліктері
САГ бірнеше ерекшеліктермен анықталады. Олар:
1. Аурудың алғаш рет (АҚ алғаш көтерілуі) 20 жастан жас немесе 60 жастан үлкен жас шамасында басталуы.
2. Кенеттен пайда болған және өте жоғары көрсеткіштегі АҚ, тез үдемелі немесе қатерлі ағым, әдетте диастолалық АҚ (ДАҚ)>110 мм с б.
3. Симпато-адреналды қозу клиникасымен көрінетін криздердің болуы.
4. Жанұялық анамнезде АГ (тұқым қуалаушылықтың) болмауы немесе анамнезінде кез-келген бүйрек ауруының болуы.
5. Үш компоненттен тұратын гипотензивті терапияға тұрақтылық немесе жүргізілген емге қарамастан АГ үдеуі.
Ең көп кездесетін бүйректік гипертониялар (гломерулонефриттте, пиелонефритте, диабеттік нефросклероздаа, жүктілік нефропатиясында, бүйрек анамолиясында, жүйелі васкулитте және т.б.)
|