Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кардиология. ЖИА: Миокард инфаркты(МИ). Этиологиялық факторлар. Патогенезі. МИ ЭКГ көріністері. Емдік принциптері.



Кардиология

1. ЖИА: Миокард инфаркты(МИ). Этиологиялық факторлар. Патогенезі. МИ ЭКГ көріністері. Емдік принциптері.

Эталон: Миокард инфаркты(МИ) – infarctus myocardus – негізінде ишемия салдарынан пайда болатын жүрек бұлшықетінің некрозды зақымдануы жатады. Этиологиясы мен патогенезі. МИ-мен ауырғандардың 97-98%-нан жүрек тамырларының атеросклерозы табылды. Соның салдарынан жүрек тамырларының біртіндеп тарылуы, жүрек қан айналымын нашарлатып, миокардтың бір бөлігінің ишемиясына, кейінірек некрозына әкеліп соқтырады. Кейбір жағдайларда жүрек артерияларының атеросклерозды тарылуына олардың тромбозы немесе түйілуі қосылуы мүмкін.

МИ-нан қайтыс болғандардың көбісінде жүректің барлық үш коронарлық артерияларының атеросклерозы байқалады. Біразында атеросклероздық ошақ үлкен болмаса да, үстіне тамырды бітейтін тромбтың жабысқанын байқауға болады. Коронарлық тамырлардың тромбозы негізінен тамыр интимасының зақымдануымен қатар қан ұю жүйесінің бұзылуынан туындайды.

Кейде жүрек артериялары өзгермеген жағдайда да, миокардтың некрозы, олардағы түйілуге (спазмға) байланысты болады. Мысалы, спазм – тромбоциттер агрегациясы – тромбоз – тромбоциттерден белсенді заттардың бөлінуі – спазмның күшеюі. Тромбоциттердің агрегациясы атеросклероз салдарынан да күшейеді.

Миокард некрозы кезінде пайда болған тотықпаған зат алмасу қалдықтары нерв талшықтарын тітіркендіріп, жүректің өте қатты ауыруына әкеліп соқтырады. Бұндай қатты ауру симпатико-адреналдық жүйені қоздырып, жүректің жиырылуы мен ырғағының бұзылуын тудырады.

ЭКГ- диагностикасының негізгі әдісі. Оның көмегімен инфарктың орналасқан жерін, көлемін, кезеңін анықтауға болады.

Миокардтағы некрозды аймақ өзінің электрлік қасиеттерінен айырылып, деполяризация үрдісіне қатыспайды, сол себептен трансмуралдық инфаркт кезінде R тісшесі жойылып, кешен QS түрінде болады. Интрамуралдық инфарктқа R тісшесінің төмендеуі тән, ал субэндокардиалдық инфаркт кезінде QRS кешені өзгермейді.

SТ сегментінің өзгерісі зақымдану аймағына байланысты. Онда пайда болатын зақымданудың электрлік токтары SТ сегментін өзгертеді.

Т тісшесі ишемия аймағына тікелей байланысты, ол үшкірленіп, теріс немесе биік “коронарлы” болып өзгереді.

Субэндокардиалдық инфаркта SТ сегментінің төмендеуі, Т тісшесі биік болуы, ал субэпикардиалдық инфаркт кезінде, керісінше, SТ сегментінің жоғарылап, Т тісшесінің теріс болуы тән.

Патологиялық Q тісшесінің пайда болуы және R тісшесінің кеңеюі, не жоғалуы миокард некрозының белгісі. SТ сегментінің өзгеруі миокардтың зақымдалуы, не ишемиясының белгісі. МИ кезінде SТ сегменті арқылы анықтайды: SТ көтерілуі инфаркт жедел кезінде, ал изосызыққа төмендеуі жеделдеу кезеңіне тән.

Инфаркт орналасқан миокард қабырғасын анықтау үшін патологиялық Q тісшесі және SТ сегментінің көтерілуі бар шықпаны іздейді. Табылған өзгерістерге қарама-қарсы ошақтарды сипаттайтын ЭКГ шықпаларда, керісінше, (реципрокты) өзгерістер табылуы керек. Мысалы, І тармақта R тісшесі төмендеп SТ сегменті жоғарыласа, ІІІ тармақта R тісшесі, керісінше, өсіп SТ төмендейді.

Сол қарыншаның бүйірі және қарыншааралық қабырға инфарктында реципрокты өзгерістер ЭКГ-ң ІІ-ІІІ аvF шықпаларда, төменгі инфаркты V1-V3, І, аvL шықпалардан табылады. стандартты шықпалардың жүйесінде артқы миокард инфаркты тек V1, V2 шықпалардағы реципрокты өзгерістер арқылы анықталады.

Қарыншааралық қабырға инфарктында жүректің өткізгіштігі және ырғағының бұзылулары жиі байқалады. Егер жоғары жағында орналасса толық АВ бөгеме, ал төменгі жағында орналасқан Гисс шоғыры тармақтарының бөгемелері байқалады. Сонымен қоса V1-V3 шықпаларда инфарктке тән өзгерістер табылады.

Субэндокардиалдық МИ ЭКГ-да ажырату қиынға соғады. Себебі, миокардтың ішкі қабатының өзгерістерін жеке қарыншалық кешеннің соңғы бөлігі арқылы бақылаймыз. Әдетте SТ сегментінің қатты ығысуы Т тісшесінің үшкір әрі биік болуы, не керісінше, төмен қарауы байқалады. QRS кешені өзгермейді.

Қайталанған инфарктерді ЭКГ-де байқау оңай емес. Себебі, жаңа инфаркт белгілері ескі тыртықтармен қабаттасып, диагностиканы қиындатады. Кейде тіпті ескі инфаркт іздері қалыпқа келгендей жалған көрініс береді.

ЭКГ арқылы МИ диагностикалаудың тағы бір қиындығы: бөгеме мен асқынған инфаркт, жүрек ақауларында, миокардиттерде, атеросклерозды кардиосклерозда кездесетін Гисс шоғыры тармақтарының бөгемелері өз алдына инфарктың белгісі болуы мүмкін.

Алайда қайткенмен патологиялық Q оларға тән құбылыс емес Гисс шоғыры тармақтарының бөгемесінде Q тісшесінің өзгерісіне де сүйенуге болмайды, себебі, бүкіл

кешен деформацияланады. Бұндай жағдайда ЭКГ өзгерісін бақылап, басқа клиникалық деректерге назар аудару керек.

МИ ЭКГ-да ажырату қиынға түскен жағдайда векторкардиограмма, миокард сцинтиграфиясының маңызы зор.

Негізгі емдік принциптері:

І. Емдік дәм (стол №10а - 10), тамақта күніне 4-5 г ас тұзы болу керек. Бірінші күні ұсынылады: ботқа, кисель, айран, кептірілген нан, ірімшік, шырындар.

ІІ. Төсектік режим.

ІІІ. Емханалық кезеңде миокард инфаркты мен ауырған науқастарға келесі дәрі-дәрмектік ем тағайындалады:

       1.Сұйық түрі – изокет 10 мл, ампулада изотониялық ерітіндіде венаға енгізеді.

       2. Мононитраттар - Изосорбид 5-мононитрат

ІV. Жүректің гемодинамикасын жақсарту үшін венаға тамшылатып инфузия ретінде изокет (перлинганит 10 мг) 10 мг +200 мл изотониялық ерітіндіде енгізеді.

V. Магистралдық коронарлық қанайналымын жақсарту және тромбты ерту үшін тромболитикалық ем жүргізіледі (стрептокиназа).

VІ. Гепаринмен емдеу

VІІ. Антиагреганттармен емдеу Қолданылатын дәрілердің бірі – аспирин.

       VІІІ. АФП ингибиторларын тағайындау (каптоприл, фозиноприл, рамиприл, т.б.)

ІХ. β-блокаторлар – карведилол бисопролол (конкор) және метапролол (эгилок, атенолол).

Х. Кальций антогонистері (дилтиазем немесе веропамил).

ХІ. Диуретиктер мен жүрек гликозидтері көрсеткіш бойынша.

ХІІ. Калий препараттары (панангин, аспаркам, т.б.).

ХІІІ. Метаболиттік кардиопротектормен емдеу (витамин Е, милдронат, неотон, предуктал, т.б.).

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.