Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





*цефазолин



*+ бисептол

*фортум

 

#308 - 150

*!Қыз бала, 6 айлық. Ауруханада, неврология бөлімшесінде 1 ай бойы емделіп жатты. Бүгін ауруханаішілік пневмония диагнозы қойылды. Ауруханаішілік пневмонияның ЕҢ жиі қоздырғышы болып табылады: 

 

*вирустар

*стрептококк

*пневмококк

*+көкірің таяқшасы

*микобактерия

 

#309 - 151

*!Ер бала 1 жаста. Қарап тексерген кезде келесі симптомдар кешені анықталды: фебрильді безгек, бронхиальды обструкциясыз ентігу, әлсіреген тыныс, локальды ұсақкөпіршікті сырылдар.

Төменде берілген болжам диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?

 

* жедел бронхит

* бронхиолит

*+ пневмония

*обструктивті бронхит

*трахеобронхит

 

#311 - 152

*!Қыз бала 3 жаста.Дене қызуының 39,5С-ға дейін жоғарылауына шағымданады. Объективті: қабырғааралықтардың тартылуы түріндегі қосымша бұлшықеттердің тыныс алу актісіне қатысуы.Аталған болжам диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады?

 

*+пневмония

*бронхиолит

*бронхит

*плеврит

*ателектаз

 

#313 - 153

*!Ер бала 1 жаста. Ауруханадан тыс пневмонияға байланысты емханада ем қабылдап жүрді. Ауруының 4-ші күні интоксикация белгілері күшейе түсті, ТЖ 2 дәрежелі, тырысулар.

БЖАИЖ(ИВБДВ) стандарттары бойынша аймақтықпедиатрдың тактикасы қандай:

 

* антибиотиктіалмастыру

*+ауруханаға жолдау

* инфузиялық терапияны тағайындау

*гормональды ем

* микоз профилактикасы

 

#318 - 154

*!Қыз бала, 3 жаста. Диагнозы: Пневмония. ПЦР-ге тексеру барысында хламидияларға, микоплазмаларға, цитомеголовирустарға реакциясы - оң екендігі анықталды.

Науқаста аталған пневмонияның қандай түрі?

 

*+интерстициальды

*деструктивті

*ошақты-жайылмалы

*сегментарлы

*ошақты

 

#323 - 155

*!Ер бала 6 жаста. Лейкозға байланысты цитостатиктермен ем қабылдайды. Кеше пневмония дамыды.Иммунокомпрометирленген науқаста қандай қоздырғыш ЕҢ жиі пневмония себепшісі болады?

 

*+стафилококк

*пневмококк

*хламидия

*листерия

*гемофильді таяқша

 

#324 - 156

*!Перзентханада бір уақытта 4 нәрестенің жағдайы нашарлай түсті – интоксикация белгілері дамыды, құсу, диарея.Рентгенологиялық: барлық балалардан қуыс шеттерінің томпаюымен лобарлы инфильтрат анықталды. Пневмония диагнозы қойылды.

Балалардағы пневмонияның қандай түрі (қоздырғышы бойынша) болуы ЕҢ ықтимал?

 

*+клебсиеллезді пневмония

*микоплазмалық пневмония

*хламидиялық пневмония

*стафилококкті пневмония

*стрептококкті пневмония

 

#325 - 157

*!Бала 3 айлық. 5 күн бойына ауруханада ӨЖЖ-де жатыр. Интубациялық түтікшеден жасыл түсті шырышты-іріңді бөлінді санацияланып жатыр. Пневмония диагнозы қойылды. Аталғандардың ішінен пневмонияның этиологиясы қайсысы болуы мүмкін?

 

*+көкірің таяқшасы

*микоплазма

*алтын стафилококк

*стрептококк

*гемофильді таяқша

 

#326 - 158

*!Қыз бала, 6 айлық.Күйік бөлімшесіндежатыр. Ауруының 3-ші күні жағдайы нашарлады. Жансақтау бөлімшесіне ауыстырылды. Объективті: кома, интоксикация, ентігу. ӨЖЖ-де, интубациялық түтікшеден жасыл түсті іріңді бөлінді санацияланып жатыр. Өкпе рентгенограммасында: көптеген ұсақ деструкция ошақтары анықталды.

Осы науқаста асқынудың қандай түрі болуы ЕҢ ықтимал?

 

*+көкірің таяқшасымен шақырылған пневмония

*алтын стафилококкпен шақырылған пневмония

* листериямен шақырылған пневмония

*микоплазмамен шақырылған пневмония

*орнитоздыпневмония

 

#328 - 159

*!Қыз бала 12 жаста. Ауруының алтыншы күні дәрігерге келді. Фарингитке, даусының қарлығуына, температурасының 380С дейін жоғарылауына, ылғалды жөтелге шағымданады. Өкпесінде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Өкпе рентгенограммасында: интерстициальды өзгерістер, инфильтрация ошақтары байқалады.

Төменде берілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал болып табылады?

 

*+ хламидиоздыпневмония

*стафилокты пневмония

*клебсиелезды пневмония

*стрептококкты пневмония

*орнитозды пневмония

 

#332 - 160

*!Ер бала, 14 жаста. 390С-ға дейінгі температура, бас ауруы, миалгия,құрғақ жөтелге шағымданады. Кезеңдітүрде қозғыш. Кондиционері бар қонақ үйде тұрғаннан бері ауырып қалған. Объективті: ентігу, өкпесінде физикальды көріністер- мардымсыз. Рентгенологиялық: өкпесінде массивті инфильтративті көлеңкелер.

Төменде берілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*микоплазмалық пневмония

*стафилококты пневмония

*клебсиелезды пневмония

*стрептококты пневмония

*+ легионеллезді пневмония

 

#333 - 161

*!Қыз бала 6 жаста. Ем қабылдап жатыр: цитостатиктер мен гормондар. Бүгін күрт ентігу, ауыздан көпіршікті бөлінділермен қиын ұстама тәрізді жөтел пайда болды. Сілекей микроскопиясында пневмоцисталар анықталды. Дене температурасы қалыпты сандар деңгейінде. Өкпенің рентгенологиялық көрінісі «мақта тәрізді өкпе» түрінде интерстициальды өзгерістер.

Төменде берілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*+ пневмония

*бронхиолит

*бронхит

*плеврит

*трахеит

 

#335 - 162

*!Қыз бала 6 жаста. Ем қабылдап жатыр: цитостатиктер мен гормондар. Бүгін күрт ентігу, ауыздан көпіршікті бөлінділермен қиын ұстама тәрізді жөтел пайда болды. Сілекей микроскопиясында пневмоцисталар анықталды. Дене температурасы қалыпты сандар деңгейінде. Өкпенің рентгенологиялық көрінісі «мақта тәрізді өкпе» түрінде интерстициальды өзгерістер. Пневмоцисті пневмония диагнозы қойылды.

Пневмоцисті пневмония қандай аурудың маркері болып табылады?

 

*+АИВ

*мерез

*листериоз

*туберкулез

* «үй пневмониясы»

 

#338 - 163

*!Ер бала, 2 жаста. Жөтелге, сұйықтық ішуден бас тартуға шағымданады. Объективті : тыныс алу актісіне қабырғааралықтардың тартылуымен қосымша бұлшықеттердің қатысуы. Ентігу минутына 50-ге дейін.

 БЖАИЖ-ге(ИВБДВ) сәйкес берілген науқасқа емханада қандай ем жүргізу ұсынылады?

 

*+ антибиотиктер

* гормондар

* витаминдер

* муколитиктер

* саңырауқұлақтарға қарсы

 

#349 - 164

*!Бала 3,8 жаста, жедел аурыды, дене қызуының 38 С-ға дейін жоғарылауы, тамақтан бас тартты, жалпы қозу, тері жабындылары бозарған, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, тахипноэ,қосымша бұлшық еттердің тыныс алу актісіне қатысуымен (қабырғааралықтардың тартылуы) экспираторлы ентігу, сирек,құрғақжөтел, вирусты инфекциямен ауырғандармен қатынаста болды, кеуде қуысыжелденген, аңқасында әлсіз катаральды синдром, перкуссияда-өкпесінде қораптық дыбыс, аускультативті-қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, жүрек жағынан тахикардия, басқа ағзаларда ауытқулар байқалмайды.

Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы тыныс жетіспеушілігін куәландырады?

 

* қатаң тыныс

* құрғақ ысқырықты сырылдар

*+ қосымша бұлшық еттердің тыныс алу актісіне қатысуымен экспираторлы ентігу

* перкуссияда-өкпесінде қораптық дыбыс

* әртүрлі калиберлі ылғалды сырылдар

 

#350 - 165

*!Бала 4 жаста, жедел ауырды, дене қызуының 38,50С-ға дейін жоғарылауы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, бір реттік құсу, терісінің бозаруы, көз астының көгеруі, ентігу (36-38 рет минутына), ата-аналары температура түсіретін дәрі берген, дене қызуы шамалы төмендеген, бірақ 2 сағаттан кейін қызуының 38,80С-ге дейін қайта жоғарылауы байқалған, ауруының 2-ші күні аймақтық дәрігер: аралас типті ентігу бар екендігін байқаған, өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, сол жерінде әлсіреген тыныс, ұсақкөпіршікті және крепитациялық сырылдар естіледі. Басқа ауытқулар байқалмайды.

Диагнозды қою үшін төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысын жүргізу қажет?

 

*ЭКГ

* іш қуысы ағзаларының УДЗ

*+жалпы қан анализі, кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

*жалпы қан анализі, кеуде торының КТ

* спирография, кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

 

#351 - 166

*!Балаға 2 жас. Тамақтану барысында кенеттен жөтелді, көгерді, жөтел 10 минутқа созылды, кейін қайталанбады. Келесі күні қайтадан жөтелді (ұстама тәрізді емес), көптеген құрғақ сырылдар, әсіресе, оң жақтан естіледі.

Төменде аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы ықтимал:

 

* обструкциялық бронхит

* ларингит

* пневмония

* + бөгде зат

* жедел бронхиолит

 

 

#352 - 167

*!Бала 1 жасар, ауруханаға айқын токсикоз белгілерімен, аралас типті ентігумен келіп түсті, дене қызуы 380С. Перкуссияда: перкуторлы дыбыс қораптық реңкпен анықталады. Шашыранды сырылдар, оң жақтан жауырын бұрышында-тұрақты ұсақкөпіршікті сырылдар естіледі.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал:

 

* бронхиолит

* альвеолит

*+ пневмония

* бронх демікпесі, тұншығу ұстамасы

* обструктивті бронхит

 

#353 - 168

*!Бала 9 айлық, ЖРВИ фонында ауруының 4-ші күні жағдайы нашарлай түсті, қайталамалы дене қызуының жоғарылауы37,80С-ға дейін, экспираторлы ентігу, оральды сырылдар пайда болды. Аускультацияда- тыныс шығаруыұзарған, әртүрлі калиберлі ылғалды сырылдар екі жақтан естіледі.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал

 

* бронхиолит

*+обструктивті бронхит

* рецидивті бронхит

* пневмония

* плеврит

 

#354 - 169

*!Ер бала Ю., 9 жаста, жедел ауырды. Шамалы мазасыздық, басының ауруы, мұрыннан көп шырышты бөліністер, құрғақ жабысқақ жөтел байқалады. Ауруының алғашқы 2 күні науқас қатты қалтырады, бірақ парацетамол қабылдағаннан кейін температурасы түсті. Қарап тексергенде-аңқасында айқын катаральды өзгерістер, ринорея. Құрғақ жөтел сақталған. Аускультацияда: тынысықатаң, симметриялық шашыранды тұрақсыз құрақ және әртүрлі калиберлі (көбіне ортакөпіршікті) ылғалды сырылдар естіледі. Жөтелден кейін сырылдар жойылады. Тыныс жиілігі 22 рет минутына.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал

 

* бронхиолит

*обструктивті бронхит

* +жедел жай бронхит

* пневмония

* плеврит

 

#355 - 170

*!Бала 5 айлық. Ауру жедел дене қызуының 38°С-ға дейін жоғарылауынан басталды. Келесі күні жағдайы күрт нашарлады: пароксизмальды жөтел, қиындаған ысқырықты тыныспен, ентігу пайда болды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Қабырғааралықтардың тартылуы, мұрын танауларының керілуі, периоральды цианоз байқалады. ТЖ 60/мин. Перкуторлы: өкпелік дыбыс қораптық реңкпен. Аускультативті: көптеген ұсақкөпіршікті және крепитациялық сырылдар тыныс алуда және тыныс шығарудың ең басында естіледі. ЖСЖ 140/мин.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал

 

* + бронхиолит

* обструктивті бронхит

* жедел жай бронхит

* пневмония

* плеврит

 

#356 - 171

*!Бала 7 жаста, суықтанғаннан кейін жедел ауырды, дене қызуының 39,0°С-ға дейін жоғарылауы, құрғақ жөтел ауырсынумен, бас ауруы байқалды. Үйде қарап тексергенде: жағдайы ауыр, бас ауруына, құрғақ жөтелге шағымданады. Тері жабындылары бозарған, «мәрмәр» суретімен. Шырышты қабаттары таза, құрғақтау. Аңқасы гиперемирленген. Тынысы ыңқылдаған. ТЖ – 32 рет минутына. Кеуде қуысы желденген, оң жағы тыныс алудан қалысқалады. Перкуторлы: оң жақтан, жауырыннан төменперкуторлы дыбыстың тұйықталу аймағы байқалады. Аускультативті: тынысы қатаң, тұйықталу аймағында әлсіреген, сырылдар жоқ. Жүрек үндері қатты, шулар жоқ, ЖСЖ 120/мин.

Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

* бронхиолит

*обструктивті бронхит

* жедел жай бронхит

* + пневмония

* плеврит

 

#357 - 172

*!Бала 7 жаста, суықтанғаннан кейін жедел ауырды, дене қызуының 39,0°С-ға дейін жоғарылауы, құрғақ жөтел ауырсынумен, бас ауруы байқалды. Үйде қарап тексергенде: жағдайы ауыр, бас ауруына, құрғақ жөтелге шағымданады. Тері жабындылары бозарған, «мәрмәр» суретімен. Шырышты қабаттары таза, құрғақтау. Аңқасы гиперемирленген. Тынысы ыңқылдаған. ТЖ – 32 рет минутына. Кеуде қуысы желденген, оң жағы тыныс алудан қалыс қалады. Перкуторлы: оң жақтан, жауырыннан төменперкуторлы дыбыстың тұйықталу аймағы байқалады. Аускультативті: тынысы қатаң, тұйықталу аймағында әлсіреген, сырылдар жоқ. Жүрек үндері қатты, шулар жоқ, ЖСЖ 120/мин.

Төменде көрсетілген шаралардың қайсысы ЕҢ тиімді?

 

* дезинтоксикациялық терапия

* + антибактериальды терапия

* гемотрасфузиялық терапия

* орын басушы терапия

* өкепені жасанды желдендіру

 

#360 - 173

*! Бала 7 жаста, суықтанғаннан кейін жедел аурыды, дене қызуының 39,0°С-ға дейін жоғарылауы, құрғақ жөтел ауырсынумен, бас ауруы байқалды. Үйде қарап тексергенде: жағдайы ауыр, бас ауруына, құрғақ жөтелге шағымданады. Тері жабындылары бозарған, «мәрмәр» суретімен. Шырышты қабаттары таза, құрғақтау. Аңқасы гиперемирленген. Тынысы ыңқылдаған. ТЖ – 32 рет минутына. Кеуде қуысыжелденген, оң жағы тыныс алудан қалыс қалады. Перкуторлы: оң жақтан, жауырыннан төмен перкуторлы дыбыстың тұйықталу аймағы байқалады. Аускультативті: тынысы қатаң, тұйықталу аймағында әлсіреген, сырылдар жоқ. Жүрек үндері қатты, шулар жоқ, ЖСЖ 120/мин.

Қандай аурумен салыстырмалы диагностика жүргізген дұрыс?

 

* бронхит

* бронхиолит

* бөгде зат

* + плеврит

* өкпеніңтуберкулезі

 

#364 - 174

*!Науқас А., 10 жаста. Ентігуге, жөтелге шағымданады.Анамнезінде: жөтелі бірайлық кезінен бастап,бронхообструктивті синдромменқайталамалы респираторлы инфекция ауырады. Шолу рентгенологиялық зерттеу кезінде: кеуде қуысында обстуктивті синдром белгілері,өкпе тінінде эмфизематозды ісіну, жүрек көлеңкесі «тамшы» пішінібайқалған. Өкпе суретінде сол жақ проекциясы сегменттік тілігінде деформация байқалады. Кеуде қуысының салыстырмалы рентгенограммасында тыныс алу және тыныс шығару кезінде ісіну белгілері сақталады. Тыныс алу кезінде оң өкпенің 8 сегментінде бронхтың кеңейгені көрінеді, тыныс шығару кезінде бронх аса тарылған, бұл проксимальді бөліктердіңбаллонирленген бронхоэктаздарына тән.

Осы көрініс өкпенің туа біткен қандай даму ақауынатән болады:

 

* + Уильямс-Кемпбелл синдромы

* Картагенер синдромы

* Мунье-Кунсиндромы

* Ослер – Рандю - Вебер синдромы

* Луи Барсиндромы

 

#367 - 175

*!3,5 жастағы науқас. Анамнезінде:тыныс шығарудың қиындауыменентігуге,жөтелі қиын бөлінетін қақырықпен, қайталамалы респираторлы инфекция бронхообструктивті синдроммен бірге. «Бронх демікпесі» диагнозымен аллергологта қаралады. Ингаляциялық және жүйелік глюкокортикостероидтар, кромон қатарындағы препараттар,қысқа әсерлі β2-агонистер (беротек) тағайындалған.Жүргізілген емнің тиімсіздігі қосымша қандай зерттеулерді жүргізуді қажет етеді?

 

* + компьютерлік томография

* тыныс ағзаларының шолу рентгенограммасы

* сыртқы тыныс қызметін зерттеу

* иммуноферменттікзерттеу

* қанның газдық құрамын зерттеу

 

#368 - 176

*!Қыз бала А., 1,3 жаста. Анасының айтуы бойынша ентігуге, бір айлық кезінен бастап жөтелуге шағымданады.Анамнезінде: қайталамалы респираторлы инфекция бронхообструктивті синдроммен. Ентігу тыныштық кезінде минутына 50 рет минутына қосымша бұлшықеттердің қатысуымен. Ылғалды жөтел қиын бөлінетін қақырықпен. Аускультацияда тынысы әлсіреген,құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Тердегі хлор құрамы - 7,5 ммоль/л.

Жүргізілген зерттеулер бойынша бірінші кезекте анықталады:

 

 * туа біткен бронх ақаулары

* бронх демікпесі

* бронхоэктазды аурулар

* рецидивті бронхит

* + муковисцидоз өкпелік түрі

 

#369 - 177

*!8 жасар науқаста бронх шырышты қабаты биоптатының морфологиялық зерттеуінің гистологиялық көрінісінде шырышты бездердің гиперплазиясы, бокал тәрізді жасушалардың көбейгені,шырыш гиперсекрециясы,кірпікшелі жасушалары азайған, базальді мембрана қалыңдаған, бронхтардың мукоцилиарлық тазартылуы байқалған.

Осындай морфологиялық көрініс ЕҢ тән болады:

 

* бронх демікпесі үшін

* +созылмалы бронхит үшін

*созылмалы пневмония үшін

* рецидивті бронхит үшін

* өкпелік муковисцидоз үшін

 

#371 - 178

!8 жасар балаға бронхографиялық зерттеу жүргізгенде бронх қабырғаларының әртүрлі дәрежеде тартылуы және томпайғаны, бронхиальді тармақтардың контуры тегіс еместігі,олардың жалаңаштануы, кіші бронх тармақтармен кедейленуі,контрастты затпен толық қамтылмағандығы байқалған, бұндай көрініс тән:

 

* + деформацияланған созылмалы бронхит үшін

* туа пайда болған бронх ақаулары үшін

* жедел обструктивті бронхит үшін

* рецидивті бронхит үшін

* бронхтағы бөгде зат үшін

 

#376 - 179

*!Науқас В. 6 жаста,созылмалы катаральді ортаңғы отитпен қосарланған созылмалы бронхитпен ауырады. Бронхоскопия жүргізу кезінде оң жақты төменгі бөліктік катаральді-іріңді эндобронхит көрінісі анықталды. Лаваждық сұйықтықта: лейкоциттер -65%, альвеолярлық макрофагтар- 20% құрады. Кешенді емдеу кезінде меркациннің 10 мг/кг дене салмағына б/е тағайындау ұсынылды.

 Балада қандай жанама әсер ЕҢ жиі дамуы мүмкін:

 

* нефротоксикалық

* гепатотоксикалық

*жалпытоксикалық

* + ототоксикалық

* бронхотоксикалық

 

#377 - 180

*!Балада ентігу, созылмалы жөтелге шағымданады, ерте жасында қайталамалы респираторлы инфекциялар обструктивті синдром, тыныс жеткіліксіздігі көріністері болып тұрған, сыртқы тыныс алу функциясы зерттелді. Сыртқы тыныс қызметінің көрсеткіштері (ФТК1(ОФВ1) – 103,1%, ТШШЖ(ПСВ) – 101,8%, ӨТС(ЖЕЛ) – 108%, МОС25 – 106,4%, МОС50 – 112,1%, МОС75 – 127,7%) .

Берілген көрсеткіштер бойынша бірінші кезекте қандай аурудың болу мумкіндігін ЖОҚҚА ШЫҒАРАДЫ:

 

* туа біткен бронх ақаулары

* обструктивті бронхит

* муковисцидоз

* созылмалы бронхит

* + бронх демікпесі

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.