Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





*Акушерство и гинекология ОВП 3*162*5 4 страница



Дәрігердің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы қандай:

 

*+Цервикал каналы және жатыр қуысын бөлек қыру

*Гемостатикалық терапия

*Қабынуға қарсы терапия

*Гормонотерапия

*Бақылау

 

#306

*!32 жастағы әйелдің эндометрий қырындысын гистологиялық тексергенде безді-кистозды гиперплазия анықталды.

Дәрігердің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы қандай:

 

*Бақылау

*Сан-курорттық ем

*+ Гормоналды терапии

*Оталы емдеуге жолдау

*Иммундық жүйесін қалыптастыру

 

#307

*!Сирек етеккір келу фонында 45 жастағы әйелдің жыныс жолдарынан бір жылдың ішінде екі рет қан кету байқалды.

Гинеколог дәрігердің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы қандай:

 

*Оперативті ем

*Гормоналды ем

*Симптоматикалық ем

*Аспирациялық биопсия

*+ Цервикал каналы және жатыр қуысын бөлек қыру

 

#308

*!Ю есімді 18 жасар қыз бала 2 аптадан бері жыныс жолдарынан қан кету, әлсіздік, бас айналуына шағымдарымен гинекология бөлімшесіне жатқызылды. Етеккірі 16 жасынан көп мөлшерде, ретсіз, ауырып келеді. Жыныстық қатынаста болмаған. Жалпы қарағанда: тері жабындысы боз түсті, АҚҚ 90/60 мм.с.б., пулсу 98 рет/мин. Hb-85г/л, Ht-26%. Сыртқы жыныс ағзалары қалыпты, тік ішек арқылы тексергенде жатыр және оның қосалқылары қалыпты дамыған. УДЗ – эндометридің функционалды қабаты 0,4см.

Осы науқасты ЕҢ ЫҚТИМАЛ емдеу әдісі қандай:

 

*Артқы күмбезінен құрсақ қуысына пункция жасау

*Медикаментозды гемостаз

*+Гормоналды гемостаз

*Жатыр қуысын қыру

*Викасол енгізу

 

#309

*!Гинекологиялық бөлімшеге іштен қан кету көріністерімен науқас түсті. Қарап тексергенде АҚ – 80/50 мм.сын.бағ. пульс 110 рет/мин, ырғақты. Hb- 60 г/л.

Кезекші дәрігердің ЕҢ ЫҚТИМАЛ әрекеті қандай:

* Бақылау

* Артқы күмбезін пункциялау

* +Шұғыл лапароскопия

* Шұғыл лапаротомия

* Гемотрансфузия

 

#310

*!Науқаста етеккір циклның 16 күні іштің төменгі бөлігінде тік ішекке иррадияцияланатын ауру сезімі пайда болған, жалпы әлсіздік, бас айналуы, жыныс жолдарынан шамалы қанды бөліністер анықталады:

 ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз және тактика.

* Аналық без апоплексиясы, лапаротомия

* Жатырдан тыс жүктілік, лапаротомия

* Аналық без апоплексиясы, консервативті ем жүргізу

* Жатырдан тыс жүктілік, консервативті ем жүргізу

* Аналық без апоплексиясы, активті- күту тактикасы

 

#311

*!Науқас 17 жас. Киста аяқшаларынын оралуы жүргізілген лапароскопия кезінде, киста аяқшалары орнына әкелген. Ишимия мен венозды іркіліс жоғалған.

Гинеколог ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай операция көлемін жасайды.

 

* Кистаны босатып ішіне склероздатан сұйықтық еңгізу

* Аналық бездің өзгерген тінің алып тастау (резекция)

* +Кистаны сылып тастап орынына тіиспеу

* Жатыр қосалқысын алып тастау

* Аналық безді алып тастау

 

#312

*! Науқас 38 жас. Іштегі ауру сезіміне байланысты шағымданып келген. Етеккір циклы бұзылмаған. Температура 37,30С. Пальпация кезінде іші қатайған, іштің тітіркену симптомы іштің төменгі аймағында оң. Гинекологиялық зерттеуде жатыр ұлғайған 8 апталық жүктілікке сәйкес келеді, пальпация кезінде доғал, ауру сезімді. ЖҚА – лейкоцитоз -12 мың. ЭТЖ – 15 мм/сағ.

ЖТД-нің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы.

 

* +Тез қалалық аурухананың гинекология бөлімшесіне жатқызу

* Симптоматикалық ем тағайындап әсері болмаса, жедел жәрдем бригадасын шақыру

* Хирург дәрігермен әйелдер консультациясынің бас дәрігерімен бірігіп консилиум жасау

* Күндізгі стационарда антибактериалды емдеу жүргізу

* Қалалық емхананың хирургиялық бөлімшесіне жолдау

 

#313

*!6 жасар қыз балада туа пайда болған андрогенитальді синдром (соматикалық жетілуі үдей түскен, гтрсутизм, жоғары мөлшердегі 17КС, дексаметазонмен проба оң).

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болатын терапияны анықтаныз

 

*Аналық бездерін тастау

*Бүйрек үсті безінің сәулелі терапиясы

*+17-КС деңгейін бақылай отырып дексаметазон тағайындау

*Сыртқы жыныс мүшелерін хирургиялық коррекциялау, кейін «Диане 35» тағайындау

*17-КС деңгейін бақылай отырып дексаметазон тағайындау және сыртқы жыныс мүшелерін хирургиялық коррекциялау

 

#314

*!Біріншілік аменореясы бар 16 жасар қызда болжам диагноз қойылған: Қыздық пердесінің атрезиясы. Гематометр. Біріншілік жалған аменорея.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі ЕҢ ЫҚТИМАЛ болып келеді:

 

*Жыныс гормондарымен гонадотропты гормондарды анықтау

*Жүктілікті анықтау тесті

*Трансабдоминальді УДЗ

*Лапороскопия

*+КТ/МРТ

 

#315

*!Қыз бала 15 жас. Шағымдары: артық салмақ, еттеккірдің болмауына, сүт бездер еміздікшелерінің және ортаңғы сызықпен кіндіктен төмен аймақтада шаштың өсуі.

Диагнозды нақтылау үшін ең алдымен қандай зерттеу жүргізу КЕРЕК:

*Кіші жамбас астауындағы мүшелерді УДЗ

*Бас миы мен кіші жамбас астауының МРТ

*+Генетикалық зерттеулер

*Гормоналді зерттеулер

*Бас миының КТ

 

#316

*!Қыз бала 13 жас. Шағымдары әр айдың соңында пайда болатын, іштің төменгі аймағындағы ауру сезімі мен дене температурасының жоғарлауына шағымданады. Анамнезінен: ДЦП сырқаттанады, соматикалық аурулардың болмағанын айтады, Гинекологиялық зерттеуде қынаптың жоқтығы анықталды.

Ең алдымен қандай зерттеу жүргізу КЕРЕК:

 

*+Кіші жамбас мүшелерді УДЗ

*Бас миының МРТ

*Генетикалық зерттеулер

*Гормоналді зерттеулер

*Бүйрек УДЗ

 

#317

*! Ауру 42 жаста. Дисфункционалді жатырдан қан кету кезінде хирургиялық гемостаз жүргізілген. Гистологиялық анализ қорытындысы бойынша: эндометрий гиперплазиясы. ЕҢ ЫҚТИМАЛды жалғастырылатын ем:

*Эстроген гормондары

*ҚАК-тер

*+Гестагендер

*Дексаметазон

*Утеротониктер

 

#318

*!50 жастағы пациент күніне 15 ретке дейінгі «құйылу», тершеңдік, ұйқысының бұзылуына, сәл жиналса зәрді шығаруға мәжбүр болуына шағымданады. Көрсетілген симптомдар етеккір тоқтағаннан кейін басталды. Соңғы етеккірі 6 ай бұрын болған. Тұрмыста, 5 жүктілік болған: 3 босану және 2 аборт.

Бұл пациенттің ағзаларында ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай патология дамып жатыр:

 

*+Перименопаузадағы нейровегетативті, урогенитальды бұзылыстар

*Посткастрационды синдром

*Адреногенитальды синдром

*Етеккір алды синдромы

*Шиен синдромы

 

#319

*!50 жастағы әйелде соңғы жылдары етеккірі жоқ. Қазіргі уақытта вегето- қантамырлық және психоэмоционалды бұзылыстардың орташа ауырлық дәрежесі бойынша бақыланады. Әйел тексерілді.

Бұл пациенттегі ЕҢ ЫҚТИМАЛ емдеу әдістерін көрсетіңіз:

 

*Циклдік режимде комбинирленген эстроген-гестагендік препараттар

*Үздіксіз режимдегі таза эстрогендер

*+Үздіксіз режимдегі комбинирленген эстроген-гестагендік препараттар

*Еңбек режимі, демалу, фитотерапия

*Тұрғылықты жерінен тыс санаторлы емдеу

 

#320

*!Пациент 53 жаста. Менопаузаға 3 жыл. Күніне 15 ретке дейінгі «құйылуға», тершеңдікке, ұйқының нашарлауына, жиі зәр шығаруға шағымданады. Менопауза кезіндегі вегето-қантамырлық және урогениталдық бұзылыстар деп диагноз қойылды. Қосымша тексеру әдістері жүргізілді: ФСГ/ЛГ =3,0; Трансвагинальды УЗИ- де М-эхо – 0,5см.   

Осы әйелде ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай ем жүргізілу керек:

 

*+Гормонды толықтырушы терапия

*Гормоналді кюретаж (дюфастон 10мг х 2 р күніне 10 күн)

*Жатыр қуысын және цервикал каналын қыру

*ҚАК

*Физиоем, тыныштандыратын, бүйректік шайлар

 

#321

*!О. есімді 70 жастағы пациенттің шағымдары: жағымсыз иісі бар көп мөлшердегі жыныс жолдарындағы бөлінділер. Жағындыны зерттеу мәліметтері – жаппай лейкоциттер. Айнамен тексеру: жатыр мойыны, қынаптың шырышты қабаты қызарған, көп мөлшерде іріңді бөлінділер. Қынаптық тексеру: жатыр мойыны кішірейген. Жатыр кішкентай, тығыз, ауыру сезімді, қозғалмалы. Қосалқылар пальпацияланбайды. Күмбездері терең. Кіші жамбаста инфильтраттар жоқ.

Диагнозды анықтау үшін ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай зерттеу жүргізу керек:

 

*Цервикал каналынан жағындыны туберкулез таяқшасын анықтау мақсатымен микроскопия жүргізу

*+Жатыр қуысының аспиратын онкоцитология және бактериялық егу әдісімен зерттеу

*Цервикал каналының жағындысын микробиологиялық зерттеу

*Жатырдан алған аспиратты микробиологиялық зерттеу

* Цервикал каналының жағындысын онкоцитология және бактериялық егу әдісімен зерттеу

 

#322

29 жастағы пациенттің шағымдары: көп мөлшерде жағымсыз иісі бар жыныс жолдарының бөлінділері, сыртқы жыныс мүшерелінің қышынуы. Қынаптан алынған жағындыны зерттеу мәліметі - Trichomonas vaginalis.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ этиотропты препаратты көрсетіңіз:

 

*Фазижин

*Дифлюкан           

*Клотримазол

* +Метронидазол

*Гино-травоген, Гино-певарил

 

#323

*!Тексерілуге біріншілік бедеулігі 10 жылға созылған әйел келді. Анамнезінде: бала кезінде жиі суықтанумен ауырған. 14 жастан бері менархе. Етеккірі аз мөлшерде, регулярлы, 35 күн сайын 1-2 күн ғана келеді. Жатырдан тыс кедергілер жоқ. Гистеросальпингография нәтижесінде: кіші жамбаста жеке қарқынды көлеңкелер. Ашерман синдромы (жатырдан тыс синерхиялар). Жатыр түтіктерінде контраст жоқ.

Дәрігердің ЕҢ ЫҚТИМАЛ келесі қолданатын тактикасы:

 

*Бейспецифическалық антибактериалді ем

*+Фтизиогинеколог дәрігердің консультациясы қажет

*Бруцеллезді жоқ екенін дәлелдеу

*Гистероскопия жасау

*Лапароскопия жүргізу

 

#324

*!Әйелдер консультациясына 29 жастағы әйел іштің төменгі бөлігіндегі қатты ауру сезіміне, жыныс жолынан бөліндінің көп бөлінуіне шағымданып келді. Бұл симптомдар 3 апта бұрын пайда болған. Айнамен қарағанда қынаптың шырышты қабаты мен жатыр мойны қалыпты түсте, бөлінділер қалыпты. ЖІС мұртшалары байқалады. РV: цилиндирлік мойын, ернеуі жабылған. Жатыр орташа қалыпта, қозғалмалы, пальпация кезінде сезіледі. Қосалқылары тығыздылған, көлемі қалыпты, екі жағынан ауру сезімді

Гинекологтың ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы:

 

*АБ терапия, ЖІС алу, лапаротомия, екі жақты аднексэктомия

*ЖІС алу, лапаротомия, екі жақты аднексэктомия, АБ терапия

*Лапаротомиямен екі жақты аднексэктомия, АБ терапия

*Антибактериальды терапия, симптоматикалық ем

*+АБ терапия, ЖІС алу, емді жалғастыру

 

#325

*! Науқас 30 жаста. Профилактикалық тексеріс кезінде үлкен көлемді жатыр мойнының псевдоэрозиясы анықталған. Онкоцитологияға жағынды теріс. Кеңейген кольпоскопия мәліметтері: цилиндрлі эпителий ошақтары, трансформация ошақтары, бездердің көзі. Жатыр мойнының электроэксцизиясын өткізу керек.

Эндометриозды алдын алу үшін эксцизияны етеккір циклының ЕҢ ЫҚТИМАЛ қай күні жүргізу керек:

 

*+Етеккірі келер алдында1-2 күн бұрын

*Етеккірі аяқталғаннан кейін бірден

*Етеккір циклының 12-14-ші күні

* Етеккір циклының 16-18-ші күні

* Етеккір циклының 20-22-ші күні

 

#326

*!37 жасар науқасқа «Аденомиоз» диагнозы қойылды.

Осы термин ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай жағдайда қолдынылады:

 

*+Тек жатырдың бұлшықет қабатында эндометрий ошақтары болған жағдайда

*Эндометрий ошақтары миометриге өсуі эндометридің гиперплазиясымен бірге болса

*Локализациясына байланыссыз эндометриоз анықталған барлық жағдайда

*Киста қалыптасуымен жүретін эндометриоз

*Ретроцервикалды эндометриозда ғана

 

#327

*!37 жасар В. науқасқа қойылған диагноз: Аденомиоз.

Гистеросальпинография берілген аурудың ақпаратты диагностика әдістерінің бірі.

Берілген аурудың диагностикасына менструалды кезеңнің ЕҢ қолайлы күндері:

*+Менструация аяқталғаннан кейін бірден

*Менструация алдында 1-2 күн бұрын

*12-14-ші күні

*16-18-ші күні

*20-22-ші күні

 

#328

*!30 жасар В. науқас. 5 жыл бойы бедеуліктен зардап шегеді. Лапароскопия кезінде париеталді ішпердесінде, сегізкөз-жатыр байламдарында, аналық бездерде эндометриоидты ошақтар анықталған. Лапароскопиялық ошақтар ішінара коагуляцияланды.

Осы науқасқа лапароскопиядан кейін ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай препарат тағайындау керек:

 

*ҚАК-тар

*+Визана

*Доназол

*Депо Провера

*17 оксипрогестеронакапронат

 

#329

*!Көрсетілген жатыр мойын патологиясында қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ тексеру әдісін бірінші кезекте жүргізу қажет:

* Жай кольпоскопия

*Кольпомикроскопия

*Кеңейтілген кольпоскопия

*+Онкоцитологияға жағынды

*Гистероцервикоскопия

 

#330

*!45 жасар П. есімді науқаста қынаптың алдыңғы және артқы қабырғасының түсуіне байланысты 1 жыл бұрын алдыңғы және артқы кольпография жасалған. Қарап тексергенде қынаптың алдыңғы қабырғасының қата түсуі байқалады. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны қалыңдаған, тығыз. Жатыр көптеген субсерозды түйіндердің әсерінен 9-10 апталық жүктілікке сәйкес ұлғайған. Қосалқылары өзгеріссіз. УДЗ-да – жатырдың көптеген миомасы. Жатыр мойны бойында кистозды түзілістер.

Берілген науқасқа қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ көлемде ота жасалуы тиіс.

 

*Жатыр қосалқыларын қоса экстрипациясы

*Қынапүстілік жатырдың жоғары ампутациясы, вентерофикация

*Қынапүстілік жатыр ампутациясы, екінші рет алдыңғы кольпорафия

*+Жатыр экстрипациясы, қынап құлтығының промонтофиксациясы

*Қынапүстілік жатыр ампутациясы, жатыр мойын құлтығының промонтофиксациясы

 

#331

*!Науқасқа 49 жас. Бірнеше жыл бойы аз көлемді жатыр миомасымен диспансерлік есепте тұр. Соңғы 6 айда менструалды кезеңнің гиперполименорея типі бойынша бұзылыстар анықталады. Эндометрий соскобын гистологиялық тексеру нәтижесі – эндометридің қарапайым безді гиперплазиясы.

Қанағуды алдын алу мақсатында қандай препараттарды қолдану ЕҢ ЫҚТИМАЛ:

 

*Дәрумендер

*+Гормондар

*Антибиотиктер

*Антианемиялық дәрі-дәрмек

*Нейротропты препараттар

 

#332

*!Науқас 30 жаста. Тексерістен кейін «Жатырдың қатерлі ісік алды» диагнозы қойылды. Осы диагноз жатыр мойынының биоптатын гистологиялық зерттегеннен кейін нақтыланды: ауыр дәрежедегі дисплазия.

Берілген науқасқа қандай емді жүргізу ЕҢ ЫҚТИМАЛ:

 

*Қосалқыларсыз жатыр экстирпациясы

*Жатыр мойынының диатермокоагуляциясы

*+Жатыр мойынының электроконизациясы

*Жатыр мойынының ампутациясы

*Химиотерапия

 

#333

*!Алғаш босанушы Р., 19 жаста, босанғаннан кейінгі 3-ші күні. Дене қызуы 37,30С дейін жоғарылауы, екі жақты сүт безінің ауруы және қатаюына шағымданады. Объективті: сүт бездері ұлғайған, тығыз, ыстық, тері түсі өзгермеген. 

ЕҢ ЫҚТИМАЛ емдеу тактикасы:

 

*Жиі емізу

*+Әйелге сүтін сауып үйрету

*Сүт безіне жылы компресс қою

*Сүтттің өндірілуін төмендететін заттарды тағайындау

*Стероидты емес қабынуға қарсы препаратты тағайындау

 

#334

*!Әйел босанғаннан кейін 5 айдан кейін әйелдер консультациясынің дәрігеріне қазіргі кезде қандай контрацепция әдістерін қолдану керектігі жөнінде кеңес алуға келді. Баласын емшекпен емізеді, 1 жасқа дейін емшекпен емізуді жалғастыратынын айтты.

Осы әйелге қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ контрацепция әдісін ұсынасыз:

 

*Қынаптық сақина «Ново-Ринг»

*Пластырь «Евра»

*+Лактинет

*Линдинет

*Джес

 

#335

*!Әйелдер консультациясы дәрігеріне науқас әйел сүт бездерінде ауру сезіміне, қатаюына шағымданып келді. Әйел 3 күн бұрын көпсалалы аурухананың гинекологиялық бөлімшесінен мынадай диагнозбен шығарылды: Жүктіліктің 20-21 апталығында кеш түсіктен кейінгі жағдай.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ емдеу әдісін көрсетіңіз:

 

*Сұйықтық ішуді шектеу 

*Достинекс 1,0 мг бір реттік тағайындау

*+Достинекс 0,25 мг х 2 рет тәулігіне №4

*Сүт безіне жылы компресс қою

* Достинекс 0,5 мг х 1 рет аптасына№4

 

#336

*! Әйел 35 жаста, күніне 1 қорап темекі шегеді. Мастопатиямен 5 жыл бойы зардап шегеді. 1 баласы бар, жасы – 6 айлық. Келесі жүктілікті 3 жылдан кейін жоспарлап отыр. Гинекологқа мындай сұрақпен қаралып отыр: Қандай контрацепция әдісін қолдану керек?  

Осы әйелге ЕҢ тиімді контрацепция әдісін көрсетіңіз:

 

*ЖІС

*ҚАКтер

*Спермицидтер

*+Таза прогестиндер

*Үзілген жыныстық қатынас

 

#337

*!Нәрестенің туылу барысында қағанақ суы меконий аралас болды.

Жаңа туылған нәрестеге ЕҢ ЫҚТИМАЛ біріншілік реанимациялық көмек көрсетуде қолданатың құралды көрсетіңіз:

 

*+Шырышты соруға арналған катетер  

*Дәрілік препараттар

* «Амбу» қапшығы

*Кіндік катетері

*Ларингоскоп

 

#338

*! Жүкті әйел қант диабетінің 2-ші типімен зардап шегеді. Жүктілік мерзімі 35 апта + 3 күн. Дәрігер ұрықтың қауіпті жағдайына күмәнданады. Жаңа туған нәрестенің жедел гипоксиясының ЕҢ ЫҚТИМАЛ антенаталды диагностиканың бағалы әдісін таңдаңыз:

 

*+Кардиотокография

*Окситоцинді тест

*Допплерография

*Амниоскопия

*Ұрықты УДЗ

 

#339

*!Мерзіміне жетіп туылған нәрестенің І-ші асқынбаған жүктіліктен және қалыпты ағымдағы босанудан кейін өмірінің үшінші күні кеудесінде, төменгі бөліктерінде, өлшемі 1-1,5 см болатын ортасы тығыз дөңгелек ақ папуласы бар қызыл дақтар пайда болды. Нәрестенің жалпы жағдайына қауіп жоқ.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ дәрігерлік тактика:

 

*Ультрафиолет сәулесімен емдеу

*Теріні өңдеу

*Фототерапия

*+Емді қажет етпейді

*Антибиотик тағайындау

 

#340

*!Салмағы 3950,0 гр нәрестені босану иығының дистоциясымен асқынды. Бірінші күннен дене қалпын өзгерткенде күшейетін ентігу, аритмиялық тыныс, цианоз, кеуде торының ассиметриясы, дем алу кезінде сол жақтың қалыс қалуы, сол жақ бұғана асты аймағының ісінуі. Аускультация – сол жақта әлсіреген тыныс.

 Диагнозды нақтылау үшін ЕҢ ЫҚТИМАЛ зерттеу әдісі қандай:

 

*+Кеуде торының рентгенографиясы

*Плевралді пункция

*Бас миының МРТ

*Айыр безді УДЗ

*Жұлынның МРТ

 

 

#341

*!Жүкті А, 28 жаста, ауыл тұрғыны. Осы жүктілік – 3-шісі. Олдыңғы екі баласын шұғыл түрде кесар тілігі жасалып босанды. Осы жүктіліктің 34-ші аптасында мынадай шағымдары: 1 сағат ішінде ішінің қатты ауру сезімі және бел аймағындағы ауырсыну, аасының айналуы, көз алдында майда заттардың ұшып жүргені. АҚ 120/70 мм.с.б. Пульс 102 рет/мин. Аяқтарында аздап ісіну. Жатыр қозбаған, отадан кейінгі тыртықтың ауру сезімі. Нәресте журек қағысы 150рет/мин.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ акушерлік тактика:

 

*4-ші дәрежелі перзентханаға санавиациямен жеткізу, консервативті ем

*+Кесар тілігі жасайтын мүмкіншілігі бар перзентханаға

*3ші дәрежелі перзентханаға жеткізіп босандыру.

*3ші дәрежелі перзентханаға жеткізу, күту тактикасын қолдану.

*Жақын жердегі перзентханаға жеткізу, қарау.

 

#342

*! Жүкті А, 28 жаста, ауыл тұрғыны. Осы жүктілік – 3-шісі. Олдыңғы екі баласын шұғыл түрде кесар тілігі жасалып босанды. Осы жүктіліктің 34-ші аптасында мынадай шағымдары: 1 сағат ішінде ішінің қатты ауру сезімі және бел аймағындағы ауырсыну, аасының айналуы, көз алдында майда заттардың ұшып жүргені. АҚ 120/70 мм.с.б. Пульс 102 рет/мин. Аяқтарында аздап ісіну. Жатыр қозбаған, отадан кейінгі тыртықтың ауру сезімі. Нәресте журек қағысы 150рет/мин.

Қандай акушерлік тақтиканы қолдану керектігін анықтайтын ЕҢ ЫҚТИМАЛ критерий:

 

*Ауырсынуға ағзаның жауап қайтару қабілеті

*Жатырдағы гипертонустың жоқ болуы

*Аяқтарындағы ісінулері

*Нәресте гипоксиясы

*+Ауырсыну синдромы

 

#343

*!Ерте босанудан кейінгі кезең. Босану жолдары жарақаттанбаған. Жатыр түбі кіндіктің тұсында, жұмсақ. Сыртқы массаждан кейін жатыр жиырылады, бірақ қайтадан босайды. Кеткен қанның мөлшері - 500,0 мл және жалғасып жатыр.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ дәрігердің әрі қарай жүргізетін іс-әрекеті:

 

*Жатыр қуысын қолмен тексеру

*Бимануальді компрессия

*Хирургиялық гемостаз

*Гемотрансфузия

*+Утеротониктар

 

#344

*!Бала жолдасы туылғаннан кейін әйелден қан кетті. Жатыр тонусы мезгіл-мезгіл босап кетіп жатыр.

Осы жағдайда ЕҢ ЫҚТИМАЛ біріншілік жасайтын қандай қадам:  

 

*Окситоцин енгізу

*Жатырға сыртқы массаж жасау

*Жұдырықпен дәрігер іштік қолқану басу

*Жатыр қуысын қолмен тексеру  

*+Последтің бүтіндігін тексеру

 

#345

*!Ең бірінші кандай іс шараларды орындау керек, егер науқаста жүктілік 37-ші аптасында қынаптан қан кетсе, бірақ ауыру сезілмеген жағдайда:

 

*+Кесар тілігін жасау

*Коагуляция қабілеттілігін тексеру

*Қағанақ қабығын жару

*Босануды қоздыру

*Бақылау

 

#346

*!Қайтадан жүктілік М., 8 аптасымен әйелдер консультациясында есепте тұрады. Келесі 30шы апталығында дәрігерге қаралу кезінде мынадай шағымдармен келді. Қатты басының ауруына, қол-аяғында ісінуге, кейінгі аптада тез арада күшеюіне. Анамнезінде алдыңғы жүктілігінде босануда эклапсия болған. Объективті қарау кезінде аяқтары ісінген, алдыңғы іш астарына, АҚ екі қолында да 150/90 мм.с.б.

ЖТД-дің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы:

 

*Ауруханаға жеткізгенше магнезияның бастапқы дозасын енгізу

* +Тез арада 3-ші дәрежелі перзентханаға жеткізу



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.