Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





*Акушерство и гинекология ОВП 3*162*5 3 страница



*Спазмолитиктен+ құсуға қарсы дәрілерді

*Тек анальгетиктерді

 

#267

*!30 жастағы А есімді жүкті әйелдің шағымдары: мезгіл-мезгіл басының ауыруы, бас айналуы, көз алдында шіркей ұшуы, бетінің жансыздануы. Анамнезінен: осы өзгерістер жүктілік болмаған жағдайда да байқалатын, бірақ науқас дәрігерге қаралмаған. Қазіргі күні жүктіліктің мерзімі 26 апта+5 күн. Объективті: АҚҚ 110\70 мм с.б., пульсі 88 рет\мин. Ағзаларында өзгеріс жоқ. Жатыр көлемі жүктілік мерзіміне сай, тырысуы байқалмайды. Ісіну жоқ. Дәрігер ми тамырларының патологиясына күмәнданды.

Диагнозды нақтылау үшін қолданылатын ЕҢ ЫҚТИМАЛ зерттеу әдісі қандай:

 

*+Тамырлық тәртіптеме бойынша миға МРТ жүргізу

*Әдетті тәртіптеме бойынша миға МРТ жүргізу

* Бас сүйегін рентген сәулесімен зерттеу

*Электроэнцефалография жасау

*Миды КТ арқылы зерттеу

 

#268

Босанудан кейін әйелге «Босанудан кейінгі депрессиясы» диагнозы қойылды.

Қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ жағдайда психотроптық дәрілерді тағайындау қажет болады:

 

*+Соматикалық жағдайын ауырлататын ашық көрінген аффективтік есінен адасу байқалса

*Көңіл күйі төмендесе. Өмірге рахаттану сезімі сөнген жағдайда

*Өз-өзін төмен бағалап, өз күшіне сенбеген жағдайда

*Болашақ күндері ауыр болып көрінсе

*Тәбіті төмендесе

 

#269

*!25 жастағы А есімді босанушы босану әрекетінің І кезеңінде перзентханаға келіп түсті. Жүктіліктің мерзімі 39 апта+6 күн. Жалпы қарағанда тері жабындысында жаппай қызыл бөрткен байқалады. Босанушы осы өзгерістер қарбыз жегеннен кейін кенет пайда болғанын айтты. Әйел асқынусыз босанды. Жалпы қан анализдерінде мынадай өзгерістер байқалды: тромбоцитопения – 170∙109/л→ 40∙109/л →20∙109/л.

Осы жағдайда қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ ем тағайындау керек:

 

*Жергілікті ем

*+Кортикостероидтар

*Ем керек емес, бақылау

*Антигистаминдік ем тағайындау

 *Тромбоцитарлық массаны көк тамырға енгізу

 

#270

*!23 жастағы бірінші жүктіліктің 22 апта+5 күндік мерізімі бар әйел консультация тіркеуінде тұр. Экстрагениталді ауруы – Виллебрант ауруының І типі.

Акушер-гинеколог дәрігердің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы қандай::

 

*Жүктіліктің ІІ-ІІІ үшайлығында Десмопрессин тағайындау

*Жүктіліктің ІІ үшайлығында антиагрегант тағайындау

*Босану алдында қан ұйыту факторларын тағайындау

*Босану алдында кортикостероидтар тағайындау

*+Аспиринді тағайындамау

 

#271

*!23 жастағы бірінші рет жүкті болған әйелдің диагнозы: Жүктіліктің 22 апта+5 күні. Антифосфолипидті синдром.

Акушер-гинеколог дәрігердің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы қандай::

 

*+Аспирин тағайындап, босануға 2 апта қалғанда тоқтату

*Жүктіліктің ІІІ үшайлығында кортикостериодтарды тағайындау

Жүктіліктің III үшайлығынан босанғанша аспирин тағайындау

Босану алдында кортикостероидтарды тағайындау

Босану алдында қан ұйыту факторларын тағайындау

 

#272

*!23 жасар әйелдің диагнозы: Босанудан кейінгі кеш мерзімі. 20-ы тәулік. Лапаротомия, О-Лири, Б-Линчи гемостатикалық тігісін салу. Қан кетуден кейінгі орта дәрежедегі анемия. Тексеру кезіндегі гемоглобин деңгейі 80 г/л. Босану әрекеті атониялық қанкетумен асқынды. Кеткен қан мөлшері 1100,0мл. Үйіне босанудан кейін 5-ші күні шығарылды, гемоглобин деңгейі - 75 г/л болды.

ЖТД ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы қандай:

 

*Перзентханаға жатқызып, қан құю

*Перзентханаға жатқызып антианемиялық препараттарды көк тамыр арқылы енгізу

*+Амбулаторлық антианемиялық емін жалғастыру

*Күндізгі стационарда антианемиялық емді парентералді енгізу

*Көп салалу аурухананың гематология бөлімшесіне жатқызып емдеу

 

#273

*! 24-25 апталық жүктілігі бар 25 жастағы науқастың шағымдары: оң жақ бүйіріндегі кенет ауыру сезімі, дене қызуының 38,50С жоғарлауы, жиі және ауыру сезімді зәр шығаруы. Мезгіл-мезгіл оң жақ бүйрі жүктіліктің 16 аптасынан бастап қинайды. Қазіргі жағдайының ауырлығы орташа, тері жабындысы бозғылт. АҚҚ 130\90 мм с.б. пульсі 106 рет минутына. Пастернацкий белгісі кенет (+) оң жағында. Зәрінде  - жаппай лейкоциттер.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ зерттеу жоспары қандай:

 

*+Нечепоренко, Зимницкий сынамалары, ЖҚА, биохимиялық зерттеу, зәрін бактериялық зерттеу

*Нечепоренко сынамасы, зәрін бактериялық зерттеу

*Зәрін бактериялық зерттеу, ЖҚА

*Нечепоренко, Зимницкий сынамалары, ЖҚА, зәрін және қанын бактериялық зерттеу

*Зимницкий сынамасы, ЖҚА, зәрін бактериялық зерттеу, бүйректерді УДЗ

 

#274

*!24 жастағы А есімді әйелдің жүктілігі 24-25 апталық. Көпсалалы аурухананың урология бөлімшесінде созылмалы пиелонефритінің өршуі, оң жақты гидронефрозбен ем қабылдап жатыр.

Дәрігердің осы жағдайдағы ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы кандай: 

 

*Антибактериалді терапия, бүйрек шәйі

*Антибактериалді терапия, оң жақты  нефростомия

*+Антибактериалді терапия, оң жақ несеп жолына стент қондыру

*Антибактериалді терапия, спазмолитиктер, гидронефрозды кетіретін жаттығуларды жасату

*Антибактериалді терапия, спазмолитиктер, несепті жүргізетін дәрі-дәрмектерді тағайындау

 

#275

*!28 жастағы Н есімді науқас 5 жыл бойы гломерулонефритпен ауырады. Қазір әйел жүктілігінің мерзімі 29-30 апталық. Бүгінге дейін жүктілік асқынусыз өтті. АҚҚ 150/100 мм с.б. Ісінуі жоқ. Зәр анализінде: салыстырмалы салмағы 1015. Ақуыздың іздері байқалады. Тұнба микроскопиясында: лейкоциттер – 0-1-1, өзгерген эритроциттер – 1-2-1, цилиндрлі эпителий – 2-3-2.

Осы жағдайда бүйрек себебімен болған гипертензияны ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай препаратпен қалпына келтіруге болады:

 

*Симпатолитиктан (Резерпин);

*Ганглиоблокаторлар (Бензогексоний, Пентамин)

*Ab және Aa - аденоблокаторлар (Атенолол, Лабеталол)

*+Мидың вазомоторлық орталығына әсер ететін дәрілер (метилдофа (Допегит))

*Тамырлардың тегіс бұлшықетіне әсер ететін миотроптық препараттар (Нитроглицерин)

 

#276

*! 24 жастағы әйелде жүктіліктің 25-26 мерзімінде жедел гломерулонефрит нақтыланды.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ емдеу әдісі қандай:

 

*Антигистаминды препараттар

*Иммуномодуляторлар

*Кортикостероидтар

*+Антибиотиктар

*Спазмолитиктер

 

#277

*!Жүйелі қызыл жегімен ауыратын 20 жастағы әйел гинеколог дәрігерге келу себебі – жүктілікті жоспарлайды. Жүйелі қызыл жегі созылмалы түрде өтіп жатыр. Клиникалық және лабораторлық зерттеу мәліметтері бойынша соңғы 6 айда ауру өршіген жоқ.

Осы экстрагениталды ауруды жүктілік кезінде емдеу үшін ЕҢ ЫҚТИМАЛ қолданатын қандай препарат:

 

*Иммунндық терапия

*+Гормоналды иммунодепрессанттар

*Гормоналды емес иммунодепрессанттар

*Бейстероидты қабынуға қарсы препараттар

*Аминохинолиндік қосындылар соединения

 

#278

*!Жүйелі қызыл жегімен ауыратын әйелдің жүктілік мерзімі 5 апта+4 күн. Пациент акушер-гинеколог және ревматологтың бақылауында тұр. Жүктілік кезінде адекватты ем жүргізілуде.

Алдағы уақытта жүктілік кезінде жүргізілетін ЕҢ ЫҚТИМАЛ ем әдісі қандай:

 

*Иммунндық терапия

*+Гормоналды иммунодепрессанттар

*Гормоналды емес иммунодепрессанттар

*Бейстероидты қабынуға қарсы препараттар

*Аминохинолиндік қосындылар

 

#279

*!Жүйелі қызыл жегімен ауыратын әйелдің жүктілік мерзімі 5 апта+4 күн. Пациент акушер-гинеколог және ревматологтың бақылауында тұр. Жүктілік кезінде адекватты ем жүргізілуде.

Алдағы уақытта жүктілік кезінде жүргізілетін ЕҢ ЫҚТИМАЛ препаратты көрсетіңіз:

 

*Хингамин

*Плаквенил

*Дексаметазон

*+Преднизолон

*Триамцинолон

 

#280

*!Жүйелі қызыл жегімен ауыратын науқас мезгіліне жетіп уақытында асқынусыз қыз бала босанды. Босанудан 10 күн өткен соң дене қызуы көтеріліп, денесіне бөртпелер шығып, буындарында ауыру сезім пайда болып, әйел аза бастады. Ревматолог тексеріп жүйелік қызыл жегінің өршуі деген диагноз қойды.  

Осы науқастың экстрагениталды ауруын босанудан кейінгі ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай асқынумен ажырату керек:

 

*+Босанудан кейінгі сепсис

*Өкпеден тыс туберкулез

*Метроэндометрит

*Бруцеллез

*Ревматизм

 

#281

*!Қан диабеті себебімен диспансерлік бақылауда тұрған 23 жасар әйел етеккірінің 6 аптаға кідіргеніне шағымданып гинеколог дәрігерге келді. УДЗ нәтижесі: Жүктіліктің 6 апта+2 күн.

Гинеколог дәрігердің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы қандай:

 

*Медициналық көрсеткішімен жүктілікті үзу

*Физиологиялық жүктілік тәртібімен жүргізу

*Қосымша урогениталді немесе басқа инфекция бар болса жүктілікті үзу

*+Жүктілікті сақтау, негедесең көміртек алмасуын қалыптастыруға болады

*Жүктілікті мерзіміне қарамай әйелдің қанында қант деңгейі жоғарлаған кезде үзу

 

#282

*!Әйелдер консульациясында инсулинтәуелсіз қан диабетімен ауыратын жүктіліктің 25-26 мерзімі бар әйел тіркеуде тұр. Осы науқаста тәулік бойы қант деңгейінің көтерілуі де, төмендеуі де қауіпі бар. Науқас тіпті комаға түсіп кетуі мүмкін.

Сондықтан дәрігер жүкті әйел және оның күйеуіне кеңес беру барысында қандай мәселеге АСА КӨҢІЛ БӨЛУ керек:

 

*+Жүкті әйелдің жағдайын түнгі ұйқы кезінде бақылап жүру керек

*Күнде таңда әйел қандағы қант деңгейін тексеріп жүру керек

*Тәулік бойы жүкті әйелдің көңіл күйін бақылау керек

*Күнде таңда әйел салмағын өлшеп жүру керек

*Күнде таңда әйел АҚҚ өлшеп жүру керек

 

#283

*!26 жастағы Г. есімді әйел 5 жыл бала көтере алмай жүрді. Бедеуліктің себебі – қалқанша без жұмысының жетіспеушілігі. Қазіргі күні әйелдің жүктілік мерзімі 10-11 апта. Пациентті эндокринолог тексерді.

Осы жүкті әйелге эндокринолог қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ ем тағайындады::

 

*Ем керек емес, ұрықтың қалқанша безі жұмыс істей бастады

*+Жеке мөлшермен тиреоидты препараттарды

*Құрамында йоды мол тағамды қабылдау

*Калий және магний препараттарын

*Калий препаратын

 

#284

*!28 жастағы Д есімді 28-29 апталық жүктілігі бар әйелдің салмағы жоғары – семіздік. Жүктілік барысында 19 кг салмақ қосты. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, шағымдары жоқ. АҚҚ 130/85 мм с.б., пульсі – 88 рет/мин. Ісінуі байқалмайды. Жатыр көлемі жүктілктің мерзіміне сай. Нәрестенің жүрек соғысы минутына 132 рет.

Дәрігердің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы қандай:

 

*+Майлы, қуырылған және ашшы тағамдарды шектету

*Үйреншікті тамағын қабылдай беруге болады

*Су ішуді күніне 1 литрге дейін азайту

*Ет және көмірсу тағамдарын шектету

*Тұзды күніне 2,0 гр дейін азайту

 

#285

*!Жүкті әйелдің жүктілігінің ерте мерзімінде ЦМВИ анықталды.

Жүктілікті үзуге ЕҢ ЫҚТИМАЛ көрсеткіші қандай:

 

*Жүкті әйелдің иммуносупрессивті жағдайы

*Тағы басқа инфекция қосылған жағдайда

*ЦМВИ тасымалдаушы болған жағдайда

*Ауыру анамнезі ұзақ болған жағдайда

*+Біріншілік ЦМВИ

 

#286

*! Әйел жүктіліктің 4-5 апталығы және 12-13 апталығында «ЖРВИ-мен» ауырды. Кейінінен жүктілік асқынусыз дамыды. Әйел мерзімімен босанды. Бірақ бала көп ауырып, 8 айлығында шетінеп кетті. Патоморфологиялық зерттеу мәліметі – мидың кейбір бөлшектерінің атрофиясы.

Шетінеген нәресте миының жарақатануының ЕҢ ЫҚТИМАЛ себебі қандай:

 

*Сепсис

*+ЦМВИ

*Вирусты менингит

*Құрсақішілік пневмония

*Инфекциямен байланысты емес туа біткен ақау 

 

#287

*!Әйелді ТОRСН-инфекциясына (токсоплазма+қызамық+цитомегаловирус+герпес) ИФА әдісімен зерттеу мәліметтері JgG- , JgM +. 

Бұл инфекцияның қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ варианты:

 

*Дамыған иммунитета

*Иммунитеттің жоқтығы

*Өршіген жедел инфекция

*+ Жедел инфекцияның ерте кезеңі

*Жедел немесе созылмалы инфекцияның өршуі

 

#288

*!Әйелді ТОRСН-инфекциясына (токсоплазма+қызамық+цитомегаловирус+герпес) ИФА әдісімен зерттеу мәліметтері JgG+ , JgM -. 

Бұл инфекцияның қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ варианты:

 

*+Дамыған иммунитета

*Иммунитеттің жоқтығы

*Өршіген жедел инфекция

* Жедел инфекцияның ерте кезеңі

*Жедел немесе созылмалы инфекцияның өршуі

 

#289

*!25 жастағы Р есімді әйелдің жүктілік мерзімі 25 апта+4 күн. Шағымдары оң жақ мықын тұсындаға ауыру сезімі. Пальпация кезінде іші тырысқан, қатты ауыру сезімді. Тітіркену симптомы оң. УДЗ мәліметі: Оң жақ аналық безінің диаметрі 4см кистасы және оның қорек көзі бұзылғаны  анықталады.

Дәрігердің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы қандай:

 

*6 сағат бақылап емдеу тактикасын анықтау

*+Лапароскопия, кистаны сылып алу

*Лапароскопия, цистэктомия

*Лапаротомия, цистэктомия

*Симптоматикалық ем

 

 

#290

*!35 жастағы пациенттің жүктілік мерзімі 24-25 апталық. Шағымдары: ішінің төменгі сол жағындағы тұрақты ауыру сезімі. Ауырғанына 2 күн болды, Ношпа қабылдағаннан кейін бәсеңсиді де біраздан кейін қайталайды. Анамнезінен: үйленгеніне 1 жыл болды. Осы жүктілігі – бірінші. Жалпы тексергенде іші жүктілікке байланысты өскен, жұмсақ. Пальпация кезінде жатырдың оң жағында кіндіктіктің тұсында бір кішкентай аймақта ауыру сезімі байқалады. Жыныс жолдарында бөлінділер жоқ. УДЗ – плацентаның мерзімінен бұрын бөліну белгісі жоқ.

Нақты диагноз қойып жүргізетін шараларды жоспарлау үшін ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай зерттеу жүргізілу керек

 

*+Жалпы қан және зәр анализін динамикалық жасау

*Динамикалық дене қызуын бақылау

*Нечепоренко сынамасын жүргізу

*Бүйрек УДЗ динамикалық жасау

*Құрсақ ағзаларын УДЗ

 

#291

*!37 жастағы В есімді әйелде оң жақ аналық без кистасының аяқшасы бұралуы анықталды.

Осы науқасқа жүргізілетін ЕҢ ЫҚТИМАЛ ота көлемі қандай:

 

*Аналық безді өзгерген тін көлемінде алып тастау

*+Жатырдың өзгерген қосалқысын алып тастау

*Аналық без кистасын сылып алып тастау

*Кистасы бар аналық безді алып тастау

*Киста сұйықтығын сорып алу

 

#292

*!29 жастағы 30-31 апталық жүктілігі бар әйел стационарға келесі шағымдармен жеткізілді: ішінің оң жағындағы ауыру сезімі. Ауырғанына 10 сағат болды, Ношпаны қабыладағанына қарамай ауыруы кетпеді. Объективті: іші жүктілікке байланысты өскен. Пальпиция кезінде оң жақ қабырға доғасынан төмен ауыру сезімді. Іштің тітіркену симптомы сол аймақта – оң. Ішінің басқа жерлері пальпация кезінде ауыру сезімсіз. Қан анализінде – лейкоцитоз 15 мың. Зәрінде: протеин іздері, лейкоциттен -  1-0-1 көру аймағында, тұздар +. Болжам диагноз: Жүктіліктің 30-31 аптасы. Жедел аппендицит?

Дәрігердің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы қандай:

 

*+Лейкоцитозды динамикалық бақылау

*Құрсақ ағзаларын УДЗ

*Жалпы зәр анализін тексеру

*Бүйректі УДЗ

*Жатырды УДЗ

 

#293

*!39 жастағы әйелде 9 жыл жүктілік болмады. Анамнезінен: бір баласы бар. Босанғаннан 2 жылдан кейін жүктіліктің 6-7 апталығында 1 аборт жасатты. Асқыну болған жоқ. Қазіргі күні етеккірі сирек аз мөлшерде келеді. Еттеккір циклының 24-ші күні диагностикалық жатыр ішін қырып гистологиялық зерттеген кезде пролиферация фазасы анықталды.

Осы науқаста ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай патологиялық жағдай орын алады: 

 

*+Ановуляторлық цикл

*Созылмалы эндометрит

*Жатыр миомасы

*Эндометриоз

*Овуляция

 

#294

*!35 жастағы науқастың шағымдары: ішінің төменгі аймағындағы ауыру сезім. Көлемі кішкентай субсерозды миома себебімен диспансерлік тіркеуде тұр. Соңғы жылы миома көлемі екі есе өскені байқалды. Соңғы рет жатырдан алынған аспиратты онкоцитологияға 3 ай бұрын тексерген: ісік жасушалары жоқ.

Гинеколог дәрігердің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы қандай:

 

*Гистероскопия, лапароскопия және консервативті миомэктомия жүргізу

*+Гистероскопия жасап, жатыр артериясына эмболизация жүргізу

*Жатыр аспиратын онкоцитологиялық зерттеуге жіберу

*«Мирена» жатыр ішілік серіппені енгізу

*Бақылауды жалғастыру

 

#295

*!30 жастағы науқас жиі, көп мөлшерде келетін етеккіріне, әлсіздік, бас ауыруына шағымданады. Анамнезінен: тұрмыс құрғанына 2 жыл. Жүктілік болған жоқ. Бедеулікке тексерілген жоқ. Осы тексеруде жатыр миомасы және ауыр дәрежелі анемия анықталды. Жатыр УДЗ мәліметі: субмукозды миома.

Дәрігердің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы қандай:

 

*+Гистерорезектоскопия

*Диагностикалық гистероскопия

*Қынапүстілік жатыр ампутациясы

*Диагностикалық жатыр қуысын қыру

*Миома түйінін қоректендіретін тамырға эмболизация жүргізу

 

#296

*!55 жастағы науқас ішінің ауыруына шағымданады. Субсерозды миома бойынша диспансерлік тіркеуде тұр. Соңғы жылы миома көлемі екі есе өсіп кетті. 1 ай бұрын жатыр қуысын қырып гистологиялық зерттеу жүргізгенде эндометридің атипиялық бездік гиперплазия анықталды.

Гинеколог дәрігердің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы қандай:  

 

*+Гистерорезектоскопия жасау

*Жатыр тамырларына эмболизация жүргізу

*Жатыр қуысын қыру, гистологиялық зерттеу

*Диагностика мақсатымен гистероскопия жүргізу

*Жатырды қосалқыларымен қынапүстілік алып тастау

 

#297

*! П есімді 27 жастағы әйелдің бойы 155 см, салмағы 84 кг. Етеккірі ретсіз келеді. Бұрын аналық без поликистазы анықталған. 6 айдан бері жүктілікті жоспарлап еді, бірақ нәтижесі болмады. Күйеуі тексерілген, патологиясы жоқ.

Осы әйелге ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай ем шарасын жүргізу керек::

 

*Лапароскопия жүргізу

*Овуляцияны белендіру

*Микродозалық ҚАК тағайындау

*ҚАК тәртібі бойынша Диане-35 тағайындау

*+Дене салмағын қалыптастыратын ем шараларын жүргізу

 

#298

*!36 жастағы әйел 10 жыл жүктіліктің болмауы, етеккірінің сирек аз мөлшерде келуіне шағымданады. Анамнезінен: етеккірі 14 жастан 4-5 күн, соңғы 4 жылда ретсіз келеді. Жыныстық қатынаста 22 жасынан бастап жүкті болды. Босануы асқынусыз өтті, баласы бар. Екінші жүктілігі аборт әдісімен үзілді. Қазіргі күні әйел тексерілді, жыныс жолдарымен жұғатын аурулары жоқ. ФСГ деңгейі жоғары. ФСГ/ЛГ = 2,5/1,0. Антимюллер гормонының деңгейі төмен.

Балалы болу үшін ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай әдісті қолдану керек:

 

*+Донорлық аналық жасушаны енгізу арқылы ЭКҰ

*Донорлық аталық жасушаны енгізу арқылы ЭКҰ

*Экстракорпоралді ұрықтандыру (ЭКҰ)

*Сурогатты ана көмегімен ЭКҰ

*Жасанды инсеминация

 

#299

*!Туберкулезді сальпингиттен емделгеннен кейін бір жыл өткен соң 22 жастағы әйел гинеколог дәрігеріне келді. Күйеуге шыққалы 3 жыл, жүктілік болған жоқ. Диагностикалық гистероскопия жүргізілді – патологиясы жоқ.

Осы науқас ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай әдісімен жүкті бола алады:

 

*Жасанды инсеминация

*Жүкті болуы мүмкін емес

*Суррогат аналық әдісін қолданып ЭКҰ

*+Экстракорпоралді ұрықтандыру (ЭКҰ)

*Аталық жасушаны қолдану арқылы ЭКҰ

 

#300

*!27 жастағы әйел 3 жыл жүктіліктің болмауына шағымданып гинеколог дәрігерге келді. Анамнезінен: етеккірі қалыпты. Неке құрғанына 7 жыл болды. 5 рет жүкті болды, бір рет босанды, баласы бар. 3 жүктілігі аборт арқылы үзілді, 5-ші - жатырдан тыс жүктілік – 3 жыл бұрын тубэктомиямен аяқталды.

Екіншілік бедеуліктің ЕҢ ЫҚТИМАЛ себебі қандай:

 

*+Кіші жамбастағы жабыспақ процесі

*Жедел аднексит

*Жатырішілік синехиялар

*Жатыр мойынының тыртығы

*Эндокринді өзгерістер

 

#301

*!Тексеру кезінде К есімді 28 жастағы әйелдің оң жақты жатыр қосалқысында көлемі 6,0х5,0 см ауыру сезімсіз, қозғалмалы түзіліс анықталды.

Дәрігердің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы қандай:

 

*Қабынуға қарсы терапия жүргізу

*3 айдан кейін әйелді қайта тексеру

*Диспансерлік тіркеуге алып бақылау

*+Диагнозды нақтылау мақсатымен УДЗ

*Тез арада гинекология бөлімшесіне жатқызу

 

#302

*!Қабынудың белгісі жоқ туылып жатырған миоманы ЕҢ ЫҚТИМАЛ емдеу тактикасы қандай:

 

*Миоманы бұрап үзіп алып, жатыр және цервикал каналын

*+Гистероскопия жүргізіп миоманы резектоскоппен алу

*Қосалқыларымен жатыр экстирпациясын жүргізу

*Қынапүстілік жатыр ампутациясын жүргізу

*Миома түйінін бұрап үзіп алу

 

#303

*!Анықталған миомасы бар 50 жастағы әйелдің шағымдары: ретсіз болғатын жыныс жолдарынан қан кету. Анамнезінен: соңғы 3 айда етеккірі көп мөлшерде 5-7 күнге созылып ретсіз келеді.

Дәрігердің ЕҢ ЫҚТИМАЛ тактикасы қандай:

 

*Бақылау

*Миомэктомия

*Темір препараттарын тағайындау

*Гормоналды препараттар тағайындау

*+Жатыр қуысын диагностикалық қыру

 

#304

*!5 жасар қыз балада екіншілік жыныстық белгілері және жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалды. УДЗ кезінде құрамы тығыз аналық без ісігі анықталды.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ емдеу әдісі қандай:

 

*Қосалқыларымен қынапүстілік жатыр ампутациясын жасау

*+Аналық бездің ісігін алып, экспресс биопсия жасау

*Сәулелі терапия

*Химиотерапия

*Бақылау

 

#305

*! 60 жасар әйелдің жыныс жолдарынан 7 жылдан кейін қанды бөлінділер байқалды. Айнамен қарағанда: қынап және жатыр мойын шырышты қабаты таза, цервикал каналынан аз мөлшерде қанды бөлінділер көрінеді. Қынаптық зерттеу мәліметтері: жатыр мойыны және денесі қалыпты. Қосалқылары пальпацияланбайды. Кіші жамбаста инфильтрат жоқ.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.