Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Операция жасауға келмейтін тік ішек рагында қандай ем әдісі таңдалады?



64. Операция жасауға келмейтін тік ішек рагында қандай ем әдісі таңдалады?

А. Гартман операциясы

Б. Жеңілдікті гастростома

В. Сәулелік ем

Г. Химиотерапия

Д., Химио-сәулелік еммен қабаттастырылған жеңілдету мақсатында жасалатын сигмостома

65. Науқас он жылдан бері ішкі геморроймен ауырады. Ұзақ ремиссиядан соң нәжісінде қан пайда болды. Емхана дәрігерінің іс-әрекеті:

А. Бақылау

Б. Геморрой бойынша ескі диагнозға сүйеніп емдеу

В. Ішекті арнайы тексеру әдістерінің толық кешенін өткізу

Г. Инфекционист дәрігерге жіберу

Д. Ешқайсысы да емес

66. Тік ішек рагының III- дәрежесінде таңдамалы емдеу әдісі болып табылады:

А. Хирургиялық

Б. Сәулелік ем

В. химиотерапиялық

Г. Құрастырылған, кешенді

Д. Симптоматикалық

67. Операцияланбайтын тік ішек рагы кезінде ең тиімді, таңдамалы емдеу

әдісі болып табылады:

А. Гартман операциясы

Б. Жеңілдіктік сигмостома

В. Химио-сәулелік ем

Г. Сиптоматикалық ем

Д Химио-сәулелік еммен қабаттастырылған жеңілдету мақсатымен сигмостома салу

68. Тік ішекте бөлек орналасқан екі бүрлі-бездік аяқшалы полип анықталса,қандай шара қолданылады :

А. Емдік клизма

Б. Тік ішектің құрсақ-анальдық резекциясы

В. Полиптердің эндоскопиялық электроэкстицизиясы

Г. Қуыс ішілік сәулелік терапия

Д. Полихимиотерапия

69. Тік ішек рагына келесі белгілер тән, мынадан басқасы:

А. Ішек қызметінің бұзылуы

Б. Нәжісте патологиялық қоспалар

В. Ауру сезімі синдромы

Г. Нәжіс массасы формаларының өзгеруі

Д. Жүрек айну, құсу

70. Тік ішекте бөлек орналасқан екі безді полип кездессе, көрсетіледі:

А. Емдік клизма

Б. Тік ішек резекциясы

В. Эндоскопиялық элекроэксцизия

Г. Қуыстық сәулелік терапия

Д. Динамикалық бақылау

71. Тік ішек рагы кезіндегі жиі қолданылатын ісікке қарсы химиялық препарат:

А. Циклофосфан

Б. Метатрексат

В. 5-фторурацил

Г. Арглабин

Д. Проспидин

72. Тік ішектің анальды бөлігінің рагына тән белгілер, мынадан басқасы:

А. Дефекация кезінде көп мөлшерде қанды бөлінділер

Б. Дефекация кезінде анустағы ауыру сезімі

В. Жиі тенезмдер

Г. Іш қату,

Д. іш кебуі

73. Анустан 5-6 см –ден жоғары орналаспаған, тік ішектің аноректальды бөлігінің операцияға көнетін рагы болса, қандай операция көрсетіледі:

А. Құрсақ-бөксе аралықтық тік ішек экстирпациясы

Б. Құрсақ-анальдық тік ішек резекциясы қигма ішектішығарумен

В. Құрсақ ішілік анастомозбен тік ішектің алдыңғы резекциясы

Г. Гартман операциясы

Д. Жасанды анус салу

74. Тік ішек рагының гистологиялық қатарын нақтылау үшін қандай зерттеуді міндетті түрде жүргізу керек:

А. Саусақпен зерттеу

Б. Ирригоскопия, ирригография

В. Ректороманоскопия биопсиямен

Г. Нәжісті копрологиялық зерттеу

Д. УДЗ

75. Малигнизациялануға бейімділігі төмен ішек полиптерін көрсетіңіз:

А. Гиперпластикалық

Б. Бүрлік

В. Бездік

Г. Көптеген-бездік

Д. Ювенильді

76. Тоқ ішектің оң жақ бөлігінің рагы кезінде түбегейлі хирургиялық емдеу әдісі:

А. Гартман операциясы

Б. Оң жақтық гемиколэктомия

В. Соқыр ішек резекциясы

Г. Цекостома

Д. Илеотрансверзоанастомаз

77. Тоқ ішек рагының рентгенологиялық белгілеріне жатады біреуінен басқа:

А. Ішек қабырғасының шеткі толу ақауы

Б. Ортасында барий қоры және валик тәрізді жалпақ дефект

В. Ішек саңылауының ригидті қабырғаларының айналмалы тарылуы

Г. Кілегей қабат қатпарының жұлынуы мен рельефінің қайта құрылуы

Д. Құмсағат синдромы

78. Тоқ ішектің облигатты рак алды ауруы болып табылады:

1.кірпікшелі полип

2.крон ауруы

3.арнайы емес жаралы колит

4.диффузды жанұялық полипоз

5.аденоматозды полип

79. Тоқ ішектің сол бөлігінің рагы берілген клиникалық симптомдармен сипатталады, мыналардан басқасы:

А. Іш қатулар іш өтумен алмасатын

Б. Пальпацияланатын ісік

В. Шырыш, қан аралас нәжіс

Г. Уланулық-анемиялық синдром

Д. Кенет ішек түйілуі

80. Тоқ ішектің төмендеуші бөлігінің рагы кезінде түбегейлі хирургиялық ем болып табылады:

А. Гартман операциясы

Б. Қима ішек резекциясы

В. Сол жақтық гемиколэктомия

Г. Трансверзотомия

Д. Сигмотрансверзоанастомоз

 

Ситуациялық есептер

Колоректальды рак

 

1 – есеп.

 70 жастағы қан, шырыш, ірің аралас жиі (5-6 ретке дейін) сұйық дәретке, тенизмге, зәр шығаруының қиындауына, ауырсынуына , жүдегеніне шағымданады. 6 айдан бері ауырады. Ауру іш қатудан басталған, іш айдағыш дәрілер пайдаланған, нәжісте қан және шырыш байқалған. 3 айдан кейін іш қату іш өтумен алмасып, соңғы 2 аптадан бері тенезм мазалаған. Объективті: жүдеген, тері жағындылары бозарған, іштің пальпациясында қасаға үстіндегі ауырсыну, ішектегі газдардың шұрылдауы.                                     

 Қандай диагноз болуы мүмкін?

А) тік ішек рагы

В) қуықтың рагы

С) қуық асты безінің рагы

Д) созылмалы жаралы ректит

Е) ішектің инфекциялық аурулары

 

2- есеп.

 58 жастағы әйел ұзақ уақыт дене қызуының 38°С-қа дейін көтерілуіне, өршуші әлсіздікке, ішектегі толу сезіміне және шұрылдауына, күніне 3 ретке дейін болатын қоспаларсыз жартылай сұйық дәретке шағымданады. 20 күннен бері ауырады. Басқа адамдардың кеңесі бойынша иньекция түрдегі антибиотиктер, емен қайнатпаларын қабылдаған, бірақ нәтижесі болмаған. Қарағанда: тері жағындылары бозарған, іші біраз кепкен. Іштің пальпациясында оң мықын аймағында ауырсыну, газдардың шұрылдауы сезіледі. Қанның анализінде: гипохромда анемия көріністері.

Сіздің болжама диагнозыңыз?

А) дизентерия

В) іш сүзегеі

С) гипохромды анемия

Д) тоқ ішектің сол бөлігінің рагы

Е) тоқ ішектің оң бөлігінің рагы

 

3-есеп.

64 жастағы әйел соңғы айда байқалған жүдеуге, жұмысқа қабілетінің төмендеуіне, басайналуына шағымданады. 2 күннен бері өзі анықтаған іштің төменгі оң бөлігіндегі тығыздаған ошақтағы ауырсыну мазалайды. Осының әсерінен дәрігерге қаралған. Қарағанда: тері жамылғыларында, іш аймағында көзге көрінетін өзгерістер анықталмады. Пальпацияда іштің төменгі оң бөлігінде тығыз консистенциялы шеттері жайылған ауырсынусыз, аз қозғалатын, диаметрі 6 см-ге дейін ісік тәрізді түзіліс анықталады. Қанның қортындысында гипохромды анемия.

Қандай зерттеу әдісін жүргізген жөн?

А) УДЗ

В) ректороманоскопия

С) копрологиялық анализ

Д) ирригоскопия және ирригография

Е) Компьютерлік томография

 

4-есеп.

58 жастағы әйел 4 ай бойы тұрақты іш қатуға шағымданады. Алғашқы уақытта іш айдйтын дәрілер әсер еететін, кейін клизмаға ауысты. Соңғы 2 аптада клизма да көмектеспейді, су таза шығады; іштің сол жақ жартысында ауырлық сезімі, шұрылдау, шаншып ауру сезімі пайда болды. Үлкен дәретінде патологиялық бөлінділерді бір ретте байқалмаған. Жас кезінде жедел дизентериямен ауырған, 10 жыл бұрын «колит» деген диагноз қойған, жүйелі түрде емделмеген. Емханаға қаралғанда: қанағаттанарлық тамақтанады, тері жағындысы қалыпты түсте, әсересе кіндік аймағы ауырсынады. Іш астарының тітіркенуі жоқ.

Сіздің болжамыңыз?

А) тоқ ішектің аскаридамен түзілуі

В) тоқ ішектің сол жақ бөлігінің рагы

С) созылмалы калит өршуі

Д) тоқ ішектің сырттан қысылуы

Е) тоқ ішек тубнркулезі

 

5-есеп.

 60 жастағы ер адамда соңғы 5 айда тұрақты іш қатуы профузды сасық иісті іш өтумен алмасып отырады, үнемі ішіндегі ауырлық сезімі болады, іші кепкен. Өз бетінше антибиотиктер мен сульфаниламидтерді қабылдап, емен қайнатпаларымен клизма жасап емделеді. Соңғы 6 күнде үлкен дәретінде қан және шырыш бөлінділерін байқайды, ішіндегі өткір ауру ұстамалары жел шығарудан кейін басталады. Бұрын ішек қызметі қалыпты болған.

Қандай зерттеу әдісін қолданасыз?

А) фиброколоскопия биопсиямен бірге

В) нәжісті атипиялық клеткаға зерттеу

С) копрологиялық зерттеу

D) лапароскопия

Е) УДЗ

 

6-есеп

. 65 жастағы әйел адам артқы өтістің жедел ауруына, нәжісте алқызыл және қою түсті қан, шырыштың, ірің қосындыларының болуына шағымданады. Кей жағдайда дефекацияның алдында қою түсті қан бөлінеді, сосын нәжіс. Бұрын босанғаннан кейін геморроймен ауырған, соңғы 20 жылда өршуі болмаған. Көрсетілген шағымдар 3 ай бұрын пайда болған. Свечамен емделген, марганецті отыру ванна, дәрілер қабылдаған. Симптомдардың прогрессиясы, әсіресе дефекайия кезінде байқалған.

 Сіздің болжамалы диягнозыңыз?

А) анальды жарылу

В) дермоидиы киста

C) геморройдың өршуі

D) геморроидальды түціндердің тромбофлебиті

Е) тік ішектің аноректальды бөлігінің рагы

 

7-есеп.

 62 жастағы ер адам соңғы 2 айда нәжісте қою түсті қанның және шырышты бөліністерге                           шағымданады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Өздігінен синтомицинмен, шөп қайнатпаларымен емделген.

 Қай клиникалық диягноз сәйкес келеді?

А) тоқ ішектің инфекциялық ауруы

В) тік ішектің ампулярлы бөлігінің рагі

С) ішек туберкулезі

D) жаралы колит

Е) көтеу

 

 

8 есеп                           

63 жастағы ер кісі жалпы әлсіздікке , жұмысұқа қабілетінің төмендеуіне, бас айналуына, арықтауға, субфебрильді температураға, тәулігіне 2-3ретке дейінгі сұйық үлкен дәретке,дәретке отыру алдында іштің құрылдауына шағымданды. Өзін екі ай ішінде аурумын дае санайды. Дәрігерге бірінші рет қаралды. Жас кезінде «колит» деп, курортта емделген. Соңғы 20 жылда өршу болмаған. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт түстес, тері тургорының аздап төмендеуі, іші аздап кепкен, пальпация кезінде ауру сезімсіз, қан анамнезінде – гипохромды анемия, пойкилоцитоз, анизоцитоз. Сіздің болжама диагнозыңыз?

A) гипохромды анемия

B) созылмалы колиттің асқынуы

C) ішектің инфекциялық ауруы

D) тоқ ішектің сол жақ бәлігінің рагы

E) тоқ ішектің оң жақ бөлігінің рагы

 

9 есеп

68 жастағы ер кісі үйреншікті іш қатумен зардап шегеді, оның ұлғаюына, іш жүргізетін дәрілердің әсерінің болмауына, нәжіс масасының қан аралас болуына, іштің құрылдауына, іштегі ауырлық сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: тамақтануы қанағаттнарлық, іші аздап керілген, пальпацияда іште газдың шұрылдауы анықталады. Диагностиканың қай әдісінен зерттеуді бастау керек?

A) мақсатты биопсия мен ректороманоскопия

B) тік ішекті саусақпен тексеруден

C) КТ дан

D) ирригоскопия мен ирригографиядан

E) УДЗ дан

 

10 есеп

Колоректальді рак ауруымен халықтың ауру деңгейінің жоғарылауымен көп мемлекеттерде патологияның ерте диагностикасы бойынша скрининг программа жасалынған. Популяциялық деңгейде скринингтің ең рациональді әдісі болып есептеледі:

A) ректороманоскопия

B) фиброколоноскопия

C) ирригоскопия мен ирригографиядан

D) нәжісті жасырын қанға тексеру

E) тік ішекті саусақпен тексеру

 

11 есеп

Ирригография бойынша 61 жастағы ер адамда соқыр ішек ісігі анықталған. Қосымша зерттеу бойынша алшақ метастаз жоқ. Клиникалық диагноз қойылды: соқыр ішек рагы STIIIT3NXNM0. ісіктің орналасуына байланысты қандай операция жасалынады?

A) айналмалы илеотрансверзоанастамоз

B) оң жақ гемиколэктомия

C) субтотальді колэктомия

D) цекумэктомия

E) илеостома

 

12 есеп

71 жастағы әйел адамға комплексті зерттеу нәтижесінде, іш қуысының КТ, ирригография нәтижесінде оң жақ мықын аймағында мықын сүйек қанатының процесске кіруімен, соқыр ішек пен жоғарылаған тоқ ішек бөлігінде ісіктік конгламерат анықталады. Қоршаған тіннің перифокальді инфильтрациясы анықталған, бауырда көптеген метастазы бар. Операцияның қандай көлемін орындау керек?

A) айналмалы илеотрансверзоанастамоз

B) оң жақ гемиколэктомия

C) субтотальді колэктомия

D) цекумэктомия

E) илеостома

 

13 есп

45 жастағы ер адамды тексергенде мезогастральді аймақта қозғалмалы түзіліс көлемі 6*7 см анықталады. Ирригография нәтижесінде көлденең тоқ ішектің рагы диагнозы қойылды (орналасуы көлденең тоқ ішектің ортаңғы 1/3 бөлігі) бауырлық метастазы жоқ. Ісіктің орналасуы бойынша қандай операция жасалынады?

A) көлденең тоқ ішектің резекциясы

B) оң жақ гемиколэктомия

C) сол жақ гемиколэктомия

D) субтотальді колэктомия

E) цекостомия

 

14 есеп

62 жастағы ер кісі стационарға келесі диагнозбен келіп түсті: көлденең тоқ ішек рагы STIIIT3NXM0 инфильтративті стеноздаушы түрі субкомпенсациялық жуан ішектік жүрмеушілік. Диагноз клинико рентген эндоскопиялық мәліметтерге сүйеніп қойылған, гистолргиялық дәлелденген: аденокарцинома. Қарап тексергенде іші кепкен, оң жақ бөліктерінің кебуі салдарынан ассиметриялы, жұмсақ мезогастрий аймағында аздап ауру сезімі. Перкуссияда тимпанит: бірінші тәулік бойы үлкен дәрет жоқ, газ шығару аздап мөлшерде. Қандай операция көлемін орындаған тиімді?

A) субтотальді колэктомия

B) сол жақ гемиколэктомия

C) оң жақ гемиколэктомия

D) көлденең тоқ ішектің обструктивті резекциясы

E) көлденең тоқ ішектің резекциясы анастамозбен бірге

 

15-есеп

 61 жастағы ер кісіге келесі диагноз қойылған: төмендеген тоқ ішектің рагы St III Т3NхM0 Ісіктің орналасуына байланысты қандай операция жасау керек?
а) субтотальді колэктомия

В) Трансвезростама салу

С) сол жақты гемиколэктомия

Д) төмендеген тоқ ішектің резекциясы

С) айналмалы трансверзосигмоанастомоз салу

 

16 есеп.

50 жастағы әйелге сигма тәрізді ішектің рагы St II, T2 NXM0 диагнозы қойылды.Ісіктің осы орналасуында қандай операция көрсетілген?

А) сол жақтың гемиколэктомиясы

В) сигма тәрізді ішектің резекциясы

С) трансверзостома қою

D) субтотальды колэктомия

Е) сигмостома қою.

 

17 есеп

Стационарға клиникалық- эндоскопиялық тексерулер негізінде қойылған сигма тәрізді ішектің ісігінен болған тоқ ішектің түйілуінің декомпенсациясы белгілерімен 70 жасар ер кісі келді. Диагнозы гистологиямен дәлелденген: орта дәрежедегі пісіп жетілген аденокарцинома. Қарап тексергенде іші керілген, іштің сол жағын пальпациялағанда жергілікті ауыру сезімі бар, соңғы 12 сағат ішіндегаз бен нәжіс шықпаған.

Қандай операция әдісін қолданған тиімдірек?

А) субтотальды колэктомия

В) трансверзостома қою

С) сол жақтық гемиколэктомия

D) сигма тәрізді ішектің обструктивті

Е) анастомозбен сигматәрізді ішектің резекциясы

18 есеп

58 жастағы әйелге кешенді тексеруден кейін мынадай диагноз қойылды: тік ішектің жоғарғы ампулалық бөлігінің рагы St II, T3 NXM0.

Ісіктің осы локализациясында қандай операция көрсетілген?

А) сигмостома қою

В) тік ішектің алдыңғы резекциясы

С) тік ішектің құрсақ – аралықтық экстирпациясы

D) колостома қою арқылы тік ішектің құрсақ- аралықтық резекциясы

Е) төмен түсіру арқылы тік ішектің құрсақ – аралықтық резекциясы

19 есеп

64 жастағы ер адамға клиникалық- эндоскопиялық тексерулер негізінде мынадай клиникалық диагноз қойылды: тік ішектің жоғарғы ампулярлы бөлігінің рагы St II, T3NXM0, суб- декомпенсацияланған тоқ ішектік түйілумен асқынған.

Қандай операция жүргізу тиімдірек?

А) Гартман операциясы

В) сигмостома қою

С) тік ішектің құрсақ –аралықтық экстирпациясы

D) колостома қою арқылы тік ішектің құрсақ –аралықтық резекциясы

Е) төмен түсіру арқылы тік ішектің құрсақ- аралықтық резекциясы

20 есеп

60 жастағы ер адам стационарға үлкен дәретке шақырулар жиілеген, нәжістің шырышты және қанды қосындылармен болуына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Бұл шағымдар 3 ай көлемінде мазалап келеді.Тік ішектің тексеруде перианальды аймақ ерекшеліксіз, сфинктер тонуста, перианальды теріден 7- 8 см қашықтықта сол жақ –артқы қабырғасында беті майда түмпешікті ісік бар.

Сіздің диагнозыңыз?

А) тоқ ішектің ректосигмоидты бөлігінің рагы

В) тік ішектің жоғарғы ампулярлы бөлігінің рагы

D) тік ішектің төменгі ампулярлы бөлігінің рагы

Е) аналь өзегінің рагы

21 есеп

53 жастағы әйелге клинико- рентген-эндоскопиялық тексерулер негізінде мына диагноз қойылды: тік ішектің ортаңғы ампулярлы бөлігінің рагы StII, T3 NXM0. Ісіктің осы локализациясында қандай операция көрсетілген?

А) сигмостома қою

В) трансанальды стенттеу

С) тік ішектің трансанальды резекциясы

D) тік ішектің құрсақ –аралықтық резекциясы

Е) тік ішектің құрсақ- аралықтық экстирпациясы.

22 есеп

68 жастағы ер адамға тік ішектің төменгі ампулярлы бөлігінің тік ішек өзегіне ауысқан рагы St III, T3 NXM0 диагнозы қойылды. Ісіктің осы орналасуында қандай операция көрсетілген?

А) сигмостома қою

В) тік ішектің алдыңғы резекциясы

С) тік ішектің трансанальды резекциясы

D) тік ішектің құрсақ –аралықтық резекциясы

Е) тік ішектің құрсақ- аралықтық экстирпациясы.

 

23 есеп

79 жастағы әйелге тік ішектің төменгі бөлігінің рагы St I, T1 NXM0 диагнозы қойылды. Қарап тексергенде тісті линиядан 0,5 см жоғары, мөлшері 2,0*2,5 см алдыңғы жарты бөлігінде экзофитті формалы түзілім анықталды. Қандай операция жүргізген тиімді?

А) тік ішектің құрсақ –аралықтық экстирпациясы

В) тік ішектің құрсақ- аралықтық резекциясы

С) тік ішектің төменгі алдыңғы резекциясы

D) трансанальды резкция

Е) сигмостома қою.

24 есеп

73 жастағы ер адамға ректороманоскопия, ирригоскопия ҚҚА және КЖҚА компьютерлік томографиясынан тұратын кешенді тексеру негізінде сегізкөзге жін қуыққақарай өскен тік ішек рагы анықталды. Бауырдың оң жіне сол бөлігінде бірең- сараң метастаз бар.

 Қандай операция жүргізген тиімдірек?

А) тік ішектің құрсақ- аралықтық экстирпациясы

В) сегізкөз резекциясымен жамбас қуысы ағзаларының экзентерациясы

С) тік ішектің құрсақ- аралықтық резекциясы

D) жамбас ағзаларының экзентерациясы

Е) екі бағаналы анус қою

25 есеп

63 жастағы ер адамда Гартман оперциясынан кейін операциядан кейінгі ерте кезеңде ішек стомасының шетінен аздаған геморрагиялық бөлінділер байқалды.Мына емдеу шараларының қайсысын жүргізген дұрыс?

А) релапаротомия, ішек шажырқайының қантамырларына лигатура салу

В) колостоманы жүкпен немесе мұзды қапшықпен қысу

С) кешенді гемостатикалық терапия

D) колостоманы реконструкциялау

Е) динамикалық бақылау.

26 есеп

58 жастағы әйелдің тік ішегінің құрсақ-шапаралықтық экстрипациясынан кейін колостоманың шырышты қабаты қара түске енді. Ішектік стоманы текергенде: апоневроз бен париетальді ішастардан терең таралған ішектің көлемді некрозы анықталады.

Төменде келтірілген емдік тактиканың қайсысы дұрыс?

А) параколостомалық кеңістікті дренаждау.

В) колостоманың жарасының таңғышын үнемі ауыстырып тұру.

С) ішектің некрозданған бөлігін алып тастау.

Д) реопротекторларды тамыр ішіне енгізу.

Е) колостоманың реконструкциясы.

27 есеп

39 жастағы әйелге аналь каналына өтетін тік ішектің төменгі ампулярлы бөлігінің қатерлі ісігіне байланысты операция жасалған – тоқ ішекті төмен түсіріп шапаралық колостомамен біріктірілген құрсақ – шапаралықтық тік ішек экстрипациясы. Операциядан кейінгі ерте кезеңде тері деңгейінен 2 см төмен орналасқан колостоманың шеткі некрозы анықталады.

Төменде келтірілген емдік тактиканың қайсысы дұрыс?

А) колостоманың кешіктірілген реконструкциясы

В) реопротекторларды тамыр ішіне енгізу.

С) абдоминальді рестомиямен релапоротомия

Д) тоқ ішекті қайта төмен түсірумен релапаротомия

Е) параколостомалық кеңістікті дренаждау.

 

28 есеп

61 жастағы ер адамға жарты жыл бұрын сигма тәрізді ішектің обструктивті резекциясы жасалды. Соңғы айда колостома аймағының кедір- бұдыр болуына байланысты калоприемникті жабыстыру қиынға соққанын байқаған. Қарап тексергенде: колостоманың пішіні воронка тәрізді, қоршаған тері деңгеінен төмен орналасқан.

Бұл жағдайда төменде келтірілген операциядан кейін асқынулардың қайсысы болуы мүмкін?

А) параколостомалық эвентрация

В) параколостомалық абсцесс

С) ішектік стоманың эвентрациясы

Д) параколостомалық жарық

Е) ішектік стоманың ретракциясы

29 есеп

54 жастағы әйелге 1,5 жыл бұрын Гартман операциясы жасалған. Қарап тексергенде сол жақ мықын аймағында колостома және колостоманың тесігі арқылы пролабирленген ұзындығы 6-7 см болатын престомалық ішек сегменті анықталған.

Бұл жағдайда төменде келтірілген операциядан кейін асқынулардың қайсысы болуы мүмкін?

А) ішектік стоманың аймағында лигатуралық жыланкөз

В) стоманың шырышты қабатының псевдополипозы

С) параколостомалық абсцесс

Д) ішектік стоманың эвентрациясы

Е) параколостомалық жарық

30 есеп

77 жастағы ер адамға жарты жыл бұрын сигма тәрізді ішектің обструктивті резекциясы жасалды. 2 ай бұрын колостома аймағында, тұрған кезде және жөтелгенде ішастардың алдыңғы қабырғасының томпаюы анықталған.

Бұл жағдайда төменде келтірілген операциядан кейін кеш асқынулардың қайсысы болуы мүмкін?

А) параколостомалық жарық

В) ішектік стоманың эвентрациясы

С) параколостомалық абсцесс

Д) стоманың шырышты қабатының псевдополипозы

Е) ішектік стоманың аймағында лигатуралық жыланкөз

 

31 есеп

56 жастағы ер адам колостома аймағында қышуға, күйдіруге және ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде колостома аймағында тері қызарған, беті суланған, кейбір жерде папулезді бөртпе көрінеді.

Төменде келтірілген мамандардың қайсысының кансультсциясы керек ?

А) хирург

В) терапевт

С) диетолог

Д) иммунолог

Е) дерматолог

32 есеп

52 жастағы әйелдің тік ішегінің құрсақ-шапаралықтық экстрипациясы операциясынан кейінгі кезеңдіе колостома ұшының I дәрежелі стриктурасы дамыған.

Төменде келтірілген науқасты жүргізу тактикасының қайсысы дұрыс?

А) диетотерапия

В) колостоманың реконструкциясы

С) динамикалық бақылау

Д) стриктура тыртығын кесіп алып тастау

Е) колостоманы аспаптық буждау

33 есеп. 50 жастағы әйелде сигма тәрізді ішектің обструктивті резекциясы операциясынан кейінгі кезеңде колостоманың шеткі некрозы анықталған. Ары қарай түзілген содан кейін ботқа тәрізді нәжістің шығуы қиындаған. Қарап тексергенде: колостома варонка тәрізді пішінде, қуысы тарылған, тек сұйық нәжіс пен газ ғана шығады.

Төменде келтірілген емдік тактиканың қайсысы дұрыс?

А) диетотерапия

В) тыртықтанған тінді кесіп алып тастау

С) колостоманың реконструкциясы

Д) колостоманы саусақпен буждау

Е) колостоманы аспаптық буждау

34.есеп 

Тік ішектің құрсақ-бөксе аралық экстирпациясы жасалынып, алдыңғы құрсақ қабырғасына жасанды артқы тесік салынған 69 жастағы ер кісіде жатқан кезде қалпына келетін колостомасының ұшында 3см-ге дейін инвагинациясы бар.

Қандай емдеу тактикасы тиімдірек?

А)Колостома реконструкциясы

В)Динамикалық бақылау

С)Артық ішекті кесу

Д)Пелот кигізу (ношение пелота)

Е)Диетотерапия

есеп №35.

46 жасар әйелге бір жыл бұрын сигма тәрізді ішек рагы бойынша Гартман операциясы жасалған. Осы бір жыл жүргізілген реабилитациялық шаралар, әлеуметтік-еңбек шаралары қанағаттанарлық емес. Кешенді зерттеуде рецидив және генерализация үрдістері байқалмайды.

Қандай емдік-қалпына келтіру шаралары тиімдірек?

А)Диетотерапия

В)Психолог кеңесі

С)Санаторлы-курорттық ем

Д)Еңбек және демалыс тәртібін жақсарту

Е)Реконструктивті-қалпына келтіру операциясы


 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.