Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ештің ортаңғы кеуде бөлігі рагында операцияның қай түрі қолданылады?



75.Өңештің ортаңғы кеуде бөлігі рагында операцияның қай түрі қолданылады?

1.Гэрлок операциясы

2.Добромыслов-Торек операциясы

3.Льюис операциясы

4.Геллер бойынша эзофагокардиопластика операциясы

5.эзофагофундоанастомоз

76. Өңештің шырышты қабатының эпителиін көрсетіңіз:

1.мүйізделген көп қабатты жалпақ эпителий

2.аралас

3. мүйізделмеген көп қабатты жалпақ эпителий

4.дөңгелек жасушалы

5.цилиндрлі

77.Өңеш рагының тарылуында үрдістің таралуын қандай әдіспен анықтайды:

1. өңеш радиометриясы

2.сұйық барий ерітіндісімен рентгенологиялық зерттеу арқылы

3.өңештің тыныстық полирентгенографиясы

4.бронхоскопия

5.өңеш УДЗ-і

78. Өңештің қозғалмалылығын рентгенологиялық анықтау жолы:

1. сұйық барий ерітіндісімен рентгеноскопия

2. өңеш радиометриясы

3. сұйық барий ерітіндісімен рентгенологиялық зерттеу

4. бронхоскопия

5.фиброэзофагоскопия

79. Өңештің шырышты қабатының жағдайын гистологиялық дәлелдеу қандай жолмен жүзеге асады:

1. бронхоскопия

2.өңештің рентгеноскопиясы

3.өңеш радиометриясы

4. биопсиямен эзофагоскопия

5. өңеш УДЗ-і

80. Кеуде аралыққа өңеш ісігінің ерте таралуы мынаған байланысты:

1. жұқа шырышты қабат

2. шырыш асты қабатының болмауы

3. әлсіз васкуляризация

4. серозды қабаттың болмауы

5. әлсіз бұлшықет қабаты

Өңеш және асқазан рагы

Ситуациялық есеп №1.

60 жастағы ер адамда соңғы 3-4 айда тағам жұтынудың қиындауына байланысты жауырын арасында ауру сезім пайда болды. Қатты тағамдарды жұту үшін сумен ішетін болды. Көрсетілген белгілер үдее түсіп6 жеті күнде ештеңе жей алмай, суды қиындықпен жұтып, тез арықтады. Өңешті рентген әдісімен зерттегенде ортаңғы ⅓ бөлігінде 6-7 см созылған дұрыс емес толу дефектісі анықталады. Ол өңештің қуысын тарылтады. Тарылған жердің төменгі жерінде барий қоспасы өтпейді.

Науқаста қандай диагноз болуы мүмкін:

А) өңеш рагы

В) кардия ахалазиясы

С) өңеш дивертикулы

Д) өңештің тыртықты өзгерістері

Е) эзофагиттің дисфагиялық түрі

Ситуациялық есеп №2

72 жастағы әйелде дисфагияның тұрақты үдемелі формасы бар. Қатты немесе құрғақ тағамды қабылдаудан бас тартады, арықтай бастады.

Зерттеуді қандай әдіспен бастаған тиімді?

А) ОБП мен УЗИ

В) биопсиямен эзофагоскопия

С) өңешті рентген контрасты зерттеу

Д) өңештің жуылған суымен цитологиялық зерртеу

Е) ОБП компьютерлік томографиямен

Ситуациялық есеп №3.

54 жастағы ер адам ауруханаға мынадай шағымдармен келді: жағымсыз иісті кекіру, көп мөлшерде сілекей бөліну, тамақ ішкеннен кейінгі төс артындағы әлсін-әлсін ауру сезіміне. Қабылдаған тағамды құсқаннан кейін жеңілдік пайда болған. Салмағы 10 кг азайған. Соңғы жыл бойына тағамның жұтынуының қиындауына байланысты төс артында жағымсыз сезімдер пайда болған. Рентгенологиялық зерттеуде өңештің кеңеюі және оған судың жиналуы байқалған. Өңештің тарылған кордиалды бөлігінде контрасты массаның ұсталуы анықталды.

Қандай диагноз болуы мүмкін?

А) эзофагиттің дисфагиялық түрі

В) өңештің тыртықты өзгерісі

С) өңеш дивертикулы

Д) кардия ахалазиясы

Е) кардия рагы

Ситуациялық есеп №4.

42 жастағы ер адамда клиникалық, рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу әдістерінің қортындысы бойынша өңештің ⅓бөлігінің рагы St II T2 NхMо анықталды. Метастаз жоқ.

Қандай емдеу әдісі тиімдірек?

А) сәулелі терапия

В) полихимиотерапия

С) радикалды операция

Д) химио-сәулелі терапия

Е) гастрастома салу

Ситуациялық есеп №5.

Өңештің ортаңғы кеуделік бөлігінің рагы бар 57 жастағы ер адамға рентгенологиялық, эндоскопиялық және ультрадыбысты зерттеу, компьютерлік томография нәтижелерінде бауыр мен аймақтық лимфа түйіндерінде метастаздар анықталды. Науқастағы ауруының негізгі симптомы-дисфагияның тұрақты түрі мен өңештің толық өтімсіздігі болып табылады.

Емді қандай әдістен бастағаны жөн?

А) химиотерапиядан (химиялық ем)

В) сәулелік терапиядан (сәулелік ем)

С) химио-сәулелік терапия

Д) гастростома

Е) метастаздардың криодеструкциясы

Ситуациялық есеп №6.

60 жастағы ер адам 6 ай бұрын қателесіп бір жұтым тұз қышқылын жұтып қойған. Оған тұрғылықты жері бойынша алғашқы көмек көрсетілген, екі апта ем қабылдаған, денсаулығы жақсарып кез келген тағамды жақсы жұта бастады. Ауруханадан шығарылды. Бірақ бірте-бірте науқастың денсаулығы нашарлай бастады – алдымен қатты тағамды, кейіннен сұйық тағамды да жұта алмай қалды. Науқас жүдеген, тек су ғана ішеді.

Қандай диагноз болуы мүмкін?

А) эзофагиттің дисфагиялық түрі

В) өңештің тыртықты өзгерістері

С) өңештің дивертикулы

Д) кардия ахалазиясы

Е) өңеш рагы

Ситуациялық есеп №7.

23 жастағы әйелде нервтік қозудан кейін жедел дисфагия дамып,  қайтып кеткен, бірақ кейін қатты, кейінірек сұйық тағам ішкенде қайтадан пайда болды. Уақыт өте төс артындағы ауру сезімі мен тағамнан кейінгі кекіру қосылды, тағам мәжбүрлі түрде өтеді. Салмағын жоғалта бастады.

Қандай диагноз болуы мүмкін?

А) өңеш рагы

В) кардия ахалазиясы

С) өңештің дивертикулы

Д) өңештің тыртықты өзгерістері

Е) эзофагиттің дисфагиялық түрі

Ситуациялық есеп №8.

58 жастағы ер адам төс артын күйдіргендей сезімге және тағам ішкен кезде өңеш бойындағы жағымсыз сезімге шағымданады. Ауруханаға келгенге дейін 2 ай бұрын төс артындағы өздігінен пайда болған ауру сезімін байқаған, оның ұзақтығы аз болғаны мен тұрақты түрде қайталанып тұрған. Жүрек ауруынан емделген. Дисфагия үдемелі сипатта, жүдеген.

Қандай зерттеу әдісі шешуші болып табылады?

А) өңешті рентгенологиялық зерттеу

В) биопсия эзофагогастроскопия

С) өңештің радиометриясы

Д) кеуде қуысының УДЗ

Е) кеуде қуысының КТ

Ситуациялық есеп №9.

67 жасар әйел тамағынан қатты және жартылай сұйық тағамдардың өтуінің қиындағанынан кейін дәрігерге қаралды. 6 ай бұрын сірке қышқылынан күйік алған, емханада ем қабылдаған2-2,5 айдан кейін қатты тағамдар іше алмаған, 2 аптадан кейін тек сұйық тағамдар ішкен. Науқас 3 айда 15 кг жүдеген. Сіздің зерттеу жоспарыңыз?

А) өңеш жуындысын цитологиялық зерттеу

В) өңешті рентгенге түсіру

С) КТ

Д) биопсиямен эзофагоскопия

Е) УЗИ

 

Ситуациялық есеп №10.

65 жасар ер адам 5 ай бойы тамағынан алдымен қатты тағамдар, кейін сұйық тағамдардың өтуі қиындаған соң дәрігерге қаралды. Науқас тағамды жегеннен кейін бірден қатты ару сезім пайда болатынын айтты. Салмағы 10кг азайған.

Бұл онкоүрдіс өңештің қай бөлігінде болуы мүмкін?

А) мойын аймағында;

В) жоғарғы кеуде бөлігінде

С) орта кеуде бөлігінде

Д) төменгі кеуде бөлігінде

Е) абдоменальді аймақта

Ситуациялық есеп №11.

35 жасар әйелде соңғы 6 ай ішінде тамағынан тағамдардың өтуі қиындаған. Кейде сұйық тағамға қарағанда қатты тағам жақсы өтеді. Науқас жүдеген. Соңғы кездері кеуде тұстары ауыратынына , тағамның өңештен өтетінін сезетіндігіне шағымданған.

Науқас қандай ауруға шалдыққан?

1) Созылмалы эзофагиттің дисфагиялық түрі

2) Өңештің тыртықты өзгерістері

3) Кардиалды бөліктің ісігі

4) Кардия ахалазиясы

5) Өңеш рагы

Ситуациялық есеп № 12.

57 жасар ер адам ас ішкеннен кейінгі эпигастрий аймағында аурулық сезім болатындығына шағымданды. Соңғы 3 айда 8 кг жүдеген. Бұрын 12 елі ішегінде жара болған. Тексергенде терісінің тургоры төмен.

Қандай дигноз болуы мүмкін?

1) 12 елі ішектің ойық жарасының асқынуы

2) Асқазанның шыға берісінің ісігі

3) Кардиальді бөліктің ісігі

4) Жедел гастрит

5) Өңеш ісігі

Ситуациялық есеп №13.

59 жасар ер адам 15 жылдан бері созылмалы гастрит, секреторлы функцияның төмендеуімен аурады. Соңғы 3 жылда мазаламады, емді өзі қабылдауда. Дәрігерге қаралғанда эпигастрий аймақтары ауыратындығын, жұмысқа деген құлшынысы төмендеген, жүдегендігін айтты. Өз бетімен емделгені көмектеспеді. Науқас қандай ауруғу шалдыққан?

А) созылмалы гастириттің асқынуы

В) асқазанда ойық жара

С) Менетерие ауруы

Д) асқазан полипозы

Е) асқазан ісігі

Ситуациялық есеп №14. 45 жасар ер адам эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне шағымданып келеді. Науқасты әлсіздік, жүрек айну, құсу мазалайды. Аймақтық емханада пентагастринді тест жасап, асқазан сөлінде шырыш және ақуыз көбейген. ЖҚА: эритроцитопения гипопротеинемия. Рентгенологиялық зерттеу кезінде асқазан рагына күдіктенген.

Зерттеу жоспарыңыз?

А) гастрофлюорография;

В) биопсиямен гастроскопия;

С) асқазан сөлінде сілтілі фосфотаза пайда болуын анықтау.

Д) пневмоперитонеум жағдайында рентгенологиялық зерттеу

Е) асқазанды екіншілік контрасттау жағдайында рентген зерттеу жүргізу

Ситуациялық есеп №15.

54 жастағы әйел дәрігерге эпигастрий аймағында аз ғана тағам қабылдағаннан ауырлық сезім болатындығын, жұмысқа зауқымы жоқтығына шағымданған. Асқазаны бұрын ауырмаған. 1 ай бұрын гастроскопия жүргізілген, сол кезде асқазан денесінде өзгерістер байқалған. Гистологиялық зерттеу қортындысы бойынша асқазан гастриті. Консервативті ем тағайындалды. 1 айдан кейін емнен нәтиже шыққан жоқ. Биопсиямен эндоскопия алдыңғы диагнозды көрсетті. Зерттеу жоспарыңыз?

А) гастрофлюорография;

В) биопсиямен гастроскопия;

С) асқазан сөлінде сілтілі фосфотаза пайда болуын анықтау.

Д) пневмоперитонеум жағдайында рентгенологиялық зерттеу

Е) асқазанды екіншілік контрасттау жағдайында рентген зерттеу жүргізу

 

Ситуациялық есеп №16.

64 жасар ер адам төсасты аймағында тағамнан кейінгі ауырлық сезімнің күшейетіндігіне, асқазаны аз ғана тағамнан кейін толып тұратынынына, құсқысы келетініне және әлсіздігіне, жүдегеніне шағымданады. Дәрігерге 3 айдан кейін қаралады, жалпы жағдайы қанағаттырарлық.

Зерттеу жоспарыңыз?

А) бауыр УДЗ;

В) электрогастрография;

С) асқазан сөлін анықтау;

Д) асқазанды рентгенологиялық зерттеу

Е) фиброгастроскопия биопсиямен

Ситуациялық есеп 17. 58 жастағы ер адам жалпы әлсіздікке, жұмысқа зауқымы жоқтығына, басының айналуына шағымданады. 1,5 айдан бері ауырады. Бірнеше рет қара түтсті сұйық нәжіс болды. Өз бетінше емделген, дәгігерге бірінші рет келіп тұр. Тері жамылғылары бөзғылт, іштің формасы өзгермеген, сипап қарағанда ауырмайды.

Қандай клиникалық диагноз қоясыз?

А) өңештің тамырларының варикозды ұлғаюы

В) асқазанның ойық жара ауруы

С) тоқ ішек ісігі

Д) эрозивті гастрит

Е) асқазан рагы

Ситуациялық есеп №18.

64 жастағы әйел 6 ай бойы үдемелі дисфагия, 6кг жүдегеніне шағымданды. Кейде астан кейін лоқсу, әлсіздік пайда болған. Флюорографиялық зерттеу кезінде кеуде жасушаларында инфильтративті туберкулез ретінде өзгеріс пайда болған, Өңештің 1/3 өзгерісі екіншілік болып саналады. ПАСК, тубазил қабылдаған. Бірақ емделу барысында тамақтанғанда тағамның өңештен өтуінің қиындауы жиіленген. Анамнезінде миокарда р инфаркті 2 рет.

Қандай зерттеу әдісін қолданған жөн?

А) эзофагофиброскопия биопсиямен

В) өңешті рентгенологиялық зерттеу

С) Кеуде қуысына КТ (МРТ)

Д) өңештің радиометриясы

Е) Кеуде қуысының УДЗ



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.