Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ТОҚ ЖӘНЕ ТІК ІШЕК РАГЫ



№5   ТОҚ ЖӘНЕ ТІК ІШЕК РАГЫ

1. Тік ішектің малигнизацияға бейім полиптері:

А. Толықсыған (гиперпластикалық)

Б. Бүрлік

В. Ювенильдік

Г. Біртіндеген аяқшалы полиптер

Д. Ракқа айналу жиілігі бірдей

2. Тік ішектің ісік алды ауруларына жатады, біреуінен басқасы:

А. Анальдық сызат

Б. Бейспецификалық жаралы колит

В. Геморройдың асқынған түрлері

Г. Полиптер

Д. Гиршпрунг ауруы

3. Тоқ ішекті арнайы зерттеуді қажет етпейтін белгілерді көрсетіңіз:

А. Анда-санда нәжісте қанның болуы

Б. Іш қату

В. Көп шырышты сұық нәжіс

Г. Ішектің толығымен тазармау сезімі

Д. Жүрек айну, құсу

4. Тік ішек рагының жиі кездесетін белгілеріне жатады, мынадан басқасы:

А. Нәжістің қан аралас болуы

Б. Тік ішек аймағындағы жағымсыз сезім

В. Құсу

Г. Іш қату

Д. Тенезмдер

5. Науқас он жылдан бері ішкі геморроймен ауырады. Ұзақ ремиссиядан соң нәжісінде қан пайда болды. Емхана дәрігерінің іс-әрекеті:

А. Бақылау

Б. Геморрой бойынша ескі диагнозға сүйеніп емдеу

В. Ішекті арнайы тексеру әдістерінің толық кешенін өткізу

Г. Инфекционист дәрігерге жіберу

Д. Ешқайсысы да емес

6. Тік ішек рагына келесі белгілер тән, мынадан басқасы:

А. Ішек қызметінің бұзылуы

Б. Нәжісте патологиялық қоспалар

В. Ауру сезімі синдромы

Г. Нәжіс массасы формаларының өзгеруі

Д. Жүрек айну, құсу

7. Тік ішектің анальды бөлігінің рагына тән белгілер, мынадан басқасы:

А. Дефекация кезінде көп мөлшерде қанды бөлінділер

Б. Дефекация кезінде анустағы ауыру сезімі

В. Жиі тенезмдер

Г. Іш қату,

Д. іш кебуі

8. Тік ішек рагын анықтауда келесі әдістер қолданылады, біреуінен басқа:

А. Саусақпен зерттеу

Б. Ректороманоскопия

В. Ирригоскопия

Г. Лапароскопия

Д. Екі жақты лимфография

9. Тік ішекті саусақпен зерттеуді науқастың қай қалпында аяқтау керек:

А. Арқада жатып

Б. Сол бүйірде жатып

В. Тізерлеп отырып

Г. Тізе шоштақ қалыпында

Д. Оң бүйірде жатып

10.Тарылтушы тік ішек рагы кезінде қай әдіс арқылы ісіктің ішек бойындағы ұзындығын анықтауға болады:

А. Саусақпен зерттеу

Б. Ректороманоскопия

В. Ирригоскопия, ирригография

Г. Екі жақты төменгі лимфография

Д. Лапароскопия

11. Параректальды тіндердегі лимфогенді метастазды анықтауда қолданылады:

А. Саусақпен зерттеу

Б. Ректороманоскопия

В. Екі жақты лимфография

Г. Лапароскопия

Д. Ирригография

12. Тік ішекте бөлек орналасқан екі безді полип кездессе, көрсетіледі:

А. Емдік клизма

Б. Тік ішек резекциясы

В. Эндоскопиялық элекроэксцизия

Г. Қуыстық сәулелік терапия

Д. Динамикалық бақылау

13. Анустан 5-6 см –ден жоғары орналаспаған, тік ішектің аноректальды бөлігінің операцияға көнетін рагы болса, қандай операция көрсетіледі:

А. Құрсақ-бөксе аралықтық тік ішек экстирпациясы

Б. Құрсақ-анальдық тік ішек резекциясы қигма ішектішығарумен

В. Құрсақ ішілік анастомозбен тік ішектің алдыңғы резекциясы

Г. Гартман операциясы

Д. Жасанды анус салу

14. Анустан 6-12 см қашықтықта орналасқан тік ішектің ортаңғы және жоғарғы қампайма бөлігінің рагында қандай операция көрсетілген:

А. Тік ішектің алдыңғы резекциясы

Б. Гартман операциясы

В. Сигма ішекті төмен түсірумен аяқталатын құрсақ-анальдық тік ішек резекциясы

Г. Құрсақ-бөксе аралықтық тік ішек эктирпациясы

Д. Екі бағаналы жасанды анус

15. Анустан 13 см қашықтықта орналасқан тік ішектің ректо-сигмалық бөлігінің рагы кезінде қандай жоспарлы операция көрсетілген:

А. Гартман операциясы

Б. Құрсақ ішілік анастомозбен тік ішектің алдыңғы резекциясы

В. Құрсақ-анальдық тік ішек резекциясы қигма ішектішығарумен

Г. Тік ішектің құрсақ-бөксе аралық резекциясы

Д. Сол жақтық гемиколэктомия

16. Анустан 13 см қашықтықта орналасқан тік ішектің ректо-сигмалық бөлігінің рагы жедел іш түйілуімен асқынуы кезінде қандай операция көрсетілген:

А. Құрсақ ішілік анастомозбен тік ішектің алдыңғы резекциясы

Б. Гартман операциясы

В. Қима ішекті шығарумен құрсақ-анальдық тік ішек резекциясы

Г. Екі бағаналы жасанды анус

Д. Тік ішектің құрсақ-бөксе аралықтық эктирпациясы



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.