|
|||
Төменде көрсетілген асқазан рагының қай түрі баяу өседі, сирек және кеш метастаз береді?9. Төменде көрсетілген асқазан рагының қай түрі баяу өседі, сирек және кеш метастаз береді? А.эндофитті Б.инфильтративті В.экзофитті Г.жаралы-инфильтративті Д.тостағанша тәрізді 10. Асқазан рагының гистологиялық құрылымы көбінесе қандай болады? А.аралас безді-жалпақ жасушалы рак Б.дифференцацияланбаған В.барлық варианттар бірдей жиілікпен кездеседі Г.аденокарцинома (бездік рак) Д.жалпақжасушалы рак 11.Асқазан рагы көбінесе қандай ағзаға метастаз береді? А.бауырға Б.өкпеге В.бұғана үсті лимфа түйіндеріне Г.бүйрекке Д.сүйекке 12.Вирхов метастазы қай жерде орналасады? А.Дуглас кеңістігінде Б.аналық безінде В.кіндікте Г.сол жақ бұғана үсті лимфа түйіндерінде Д.шап лимфа түйіндерінде 13.Крукенберг метастазы қай жерде орналасады? 1.төс-бұғана-еміздік тәрізді бұлшық ет аяқшалары арасында 2.кіндікте 3.аналық бездерінде 4.бұғана үсті лимфа түиіндерінде 5.тік ішек –қуық қатпарында 14.Әйелдерде Шницлер метастазы қай жерде орналасады? 1.тік ішек-қуық қатпарында 2.Дуглас кеңістігінде 3.аналық бездерінде 4.кіндікте 5.бұғана үсті лимфа түйіндерінде 15.Ерлерде Шницлер метастазы қай жерде орналасады? 1.кіндікте 2.аналық бездерінде 3.тік ішек-жатыр қатпарында 4.бұғана үсті лимфа түйіндерінде 5.тік ішек-қуық қатпарында 16.Кіші шарбы майында бірен-саран метастаздары бар диаметрі 3 см, бұлшық ет қабатына дейін өскен асқазан рагы төменде көрсетілген даму сатыларының қайсысына жатады: 1.1 2.2А 3.2Б 4.3А 5.4А 17. Аймақтық метастаздары жоқ диаметрі 4 см, бұлшықет қабатына дейін өскен асқазан рагы TNM жүйесі бойынша қалай белгіленеді: 1.T1N0M0 2.T1N1M0 3.T2N0M0 4.T2N1M0 5.T3N0M0 18. Көбінесе асқазанның кардиальды бөлімінің рагына тән болып келетін белгіні көрсетіңіз: 1.эпигастрий аймағында ауру сезімі 2.кекіру,қыжылдау,құсу 3.әлсіздік 4.дисфагия 5.іш өту 19.Нағыз асқазанның пилорикалық бөлімінің рагына тән болып келетін клиникалық белгіні көрсетіңіз: 1.аш қарынға «шолпыл шуылы» 2.жүрек айыну 3.дисфагия 4.іш өту 5.қыжылдау
|
|||
|