Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЕШ ЖӘНЕ АСҚАЗАН РАГЫ . ТЕСТ



ӨҢЕШ ЖӘНЕ АСҚАЗАН РАГЫ . ТЕСТ

1.Асқазан рагымен аурушаңдық:

А.тұрақтанды

Б.төмендеді

В.ерлер арасында көбейіп, әйелдер арасында төмендеді

Г.жоғарылады

Д.әйелдер арасында көбейіп, ерлер арасында төмендеді

2.Асқазан рагы қай жаста жиі пайда болады?

А.20 жасқа дейін

Б.21 жастан  50 жасқа дейін

В.33 жастан 60 жасқа дейін

Г.51 жастан 70 жасқа дейін

Д. барлық жас топтарында кездесу жиілігі бірдей

3.Азық-түліктерді қай әдіспен сақтағанда тағам құрамындағы нитрозаминдер мен олардың ізашарлары көбеймейді?

А.мұздатқанда

Б.ыстағанда

В.тұздағанда

Г.консервілегенде

Д.барлық жауаптар дұрыс

4.Асқазан рагының пайда болуына әсер етпейтін факторды көрсетіңіз

А.ас тұзын артық мөлшерде қабылдау

Б.асқазанның бактериальды флорамен зақымдануы

В.афлотоксиндермен зақымданған тағамдарды жиі пайдалану

Г.азық-түліктерді қатты қуырып жеу

Д. тағамның құрамындағы клетчатканың мөлшері

5.Асқазан эпителиінің дисплазиясын қандай әдіспен анықтайды:

А.рентгенологиялық зерттеу кезінде

Б.гастроскоп арқылы асқазанның шырышты қабаттын көру кезінде

В.асқазанның ультрадыбыстық зерттеуі кезінде

Г.цитологиялық немесе гистологиялық зерттеу кезінде

Д.барлық көрсетілген әдістермен

6.Төменде көрсетілген аурулардың қайсысы асқазанның рак алды ауруына жатпайды?

А.Менетрие ауруы

Б.асқазанның ойық-жара ауруы

В.асқазанның гиперпластикалық полиптері

Г.созылмалы атрофиялық гастрит

Д.пернициозды анемия

7. Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы асқазан ойық-жарасының малигнизацияланбағандығын дәлелдеуге көмектеседі?

А.асқазанды УДЗ және КТ арқылы зерттеу

Б.рентгенологиялық зерттеу

В.асқазан сөлін гистаминмен зерттеу

Г.нәжісті жасырын қанға зерттеу

Д.эндоскопиялық тексеру жүргізіп, биопсия алу

8. Науқас 10 жыл бойы созылмалы атрофиялық гастрит ауруы бойынша терапевтте диспансерлік есепте тұр. Кезекті тексеріске келді. Шағымдары жоқ. Бұл науқас тексеруден өтуді қажет ете ме?

А.қанын зерттеуді қажет етеді

Б.қажет етпейді

В.зәрін зерттеуді қажет етеді

Г.ФГС немесе рентгенологиялық зерттеуді қажет етеді

Д. асқазан сөлін зерттеуді қажет етеді



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.