Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





КОКП ОК-нің сәуір айындағы пленумі (1985 ж.). Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету тұжырымдамасы мен стартегиясы.



29. КОКП ОК-нің сәуір айындағы пленумі (1985 ж.). Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету тұжырымдамасы мен стартегиясы.

1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда тауар-ақша қатынастарының рөлі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Бүкілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады:

1Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.
2. Демократияландыру мен жариялылық.
3. Төрешілдікке қарсы күрес.
4. Халықтық реформа жүргізу.
5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.

Елде жүзеге асырылып жатқан демократиялық өзгерістер бұқара халық арасында әртүрлі көзқарастардың, түрлі қоғамдық пікірлердің ашық айтылуына және бірқатар саяси партиялар құрылып, олардың еркін жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Мысалы, 1990 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. Бұл партияның алдына қойған басты мақсаты – республикалық парламент сайлауына қатынасып, оның құрамына өздерінің өкілдерін депутат етіп өткізу еді. Сондай-ақ, партия қоғамдағы жеке меншікті мойындады және өзінің қызметінде кәсіпкерлікті қолдап отыруды көздеді. 1990 жылы Қазақстанда “Азат” азаматтық қозғалысы қалыптасты. Оның басты мақсаты - Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін, заң алдында барлық азаматтардың тең құқықтылығын, әлеуметтік әділеттілікті қорғау болды. Одан басқа республикада “Алаш”, “Желтоқсан”, т.б. саяси қозғалыстар пайда болды. Мұның өзі Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптаса бастағанын көрсетті.
ХХ ғасырдың 70-ші – 80-ші жылдары қоғамдық-саяси өмірдегі және әлеуметтік-экономикалық дамудағы теріс құбылыстар одан әрі өсіп, қоғамдағы қайшылықтар мейлінше шиеленісе түсті. Сол кездегі күшпен ұстап тұрған кеңестік тоталитарлық жүйенің құлдырауы жағдайында басқаша болуы мүмкін де емес еді. 1985 жылдан басталған қоғамдық-экономикалық өмірді қайта құру, горбачевтік социализмді “жаңарту” әрекеттері ешқандай оң нәтиже бермеді, КСРО-ны төніп келе жатқан терең дағдарыстан құтқара алмады және құтқара да алмайтын еді. Керісінше, кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе тоқырауға ұшырап, қоғамның барлық салаларын қамтыған дағдарыс одан әрі тереңдей түсті.
30. Қайта құруды негіздеу және оның негізгі бағыттарын анықтау.

1980 жылдардағы Қазақстанның дамуы КСРО-да қалыптасқан саяси өзгерістерге сай бағыт алып отырды. 1980 жылдардың ортасындағы шешуші оқиға - М.С. Горбачевтің КСРО Компартиясы ОК Бас хатшысы қызметіне келуі. Белгілі дәрежеде бұл жағдай сол уақыттағы партия өміріндегі ескі дәстүр мен жаңа көзқарастардың күресін көрсететін еді. М.С. Горбачевтің билікке келуі мен 1985 жылғы сәуір пленумынан бергі кезеңде ел өмірінде «қайта кұру» үдерісі басталды. Алайда халық үшін ақпарат көздері жабық болды. Соның бір дәлелі ретінде, 1986 жылдың сәуір айындағы Чернобыль АЭС-дағы оқиғаны атауға болады. Бұл жағдай қайта құру саясаты мен саяси көшбасшылардың беделіне айтарлықтай нұсқан келтірді. Адам шығыны болды. Онын зардаптары ұзаққа созылды. М.С. Горбачев және онын айналасындағылар өз ұстанымдарын нығайту мақсатында партия органдарына да, кеңестерге де балама сайлау енгізді. Бұл бастаманы қоғам дұрыс қабылдады. 1986 — 1988 жылдары кеңес коғамын жаңартуға бағытталған реформаларды енгізу әдістері алдымен жасырын басталып, бірте-бірте ашық сипат алды. Балама, көп мандатты сайлаулар бірінші кезекте ұлттық, аймақтық мәселелер мен мүдделерді ұсынды. XX ғасырдың 80-жылдарынан кеңес қоғамында бұрын болмаған жаңаша ойлау, коғамдық-саяси өмірді қайта құру үдерісі басталды. 1990 жылдың қазан айына дейін республикада ұйымдық құрылымы мен идеялык позициялары қалыптасқан 104 саясиландырылған талапкер топтар мен партиялар құрылды. Республиканын саясиландырылған қоғамдық ұйымдары 1990 жылғы 9 ай ішінде аштық жариялау, пикет жасау, жер басып алу тәрізді 60-тан астам акциялар жасады. Көптеген аймақтарда ұлтаралық негізде қан төгілген қақтығыстар орын алды. Жазықсыз жандар опат болды. Алматыда, Бакуде, Ферғанада, Ошта, Молдовада, Оңтүстік Осетияда, Таулы Қарабахта және өзге де жерлерде жиі-жиі бас көтерулер, қарулы қақтығыстар өтті. КСРО-нын кұлауының «іргелі себебі» ұлт саясатындағы қордаланып қалған мәселелер болатын. КСРО-ның және кеңестік тоталитарлық жүйенің күйреуінің ең басты, әрі шешуші себебі де осы болатын. Таптық мүдде үстем болған КСРО-да ұлттық факторды қажетті деңгейде бағаламау орын алды. Мемлекет басшылығында ұлттық мәселені шешетін бағдарлама мен стратегия болған жоқ. Басты бағыт пен көзқарастардан ала-құлалық танылды. Батыл әрекет, оң шешім жасалмады. Ұлтаралық кикілжіңдерді реттеудің жүйесіздігі елдегі өкіметтін әлсіздігін көрсетті. Салиқалы ұлт саясатын жүргізу түбегейлі теориялық тұғырнаманы, қалыптасқан саяси ахуалды теориялық тұрғыдан жан-жақты пайымдауды қажет етті. Бұл — бір сәтте бола қоймаған, 70—80-жылдарға тұтас созылған ғылыми-технологиялық, стратегиялық жеңілістің салдары. Бұл күйреудің талай себептерін табуға болады. Сонымен, кайта құру алғашқыда қоғамдағы істің жағдайын тез арада жақсартып жіберетіңдей көңіл-күй туғызғанымен үміт ақталмады. Өйткені қайта құрудың мақсат, міндеттері айқындалмады. Әдіс-тәсілі талданып, шешілмеді. Ол құрғақ сөзбен басталып, дауға ұласты. Елді басқарып отырған адамдардың мемлекеттік оргаңдарды жоғарыдан төмен қарай қайта ұйымдастыру шараларының салдары экономиканы басқару мен халықтың әлеуметтік жағдайына жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмеуге әкелді. Орталықта және жергілікті жерлерде бұрынғы басшылардың беделін түсіретін материалдар іздестіріліп, ол бұқаралық ақпарат кұралдары арқылы жария етіле бастады. Жаңа басшылық өздерін сүттен ақ, судан таза етіп көрсеткісі келді. Алайда биліктің тізгінін өз қолдарына «берік ұстағанымен» экономиканың тұралауына, қылмыстың күрт көбеюіне және дүкен сөрелерінің каңырап бос қалуына бұрынғы және жаңа басшылық та жауапты еді. «Кім кінәлі?» деген сұрақтың жауабын өткеннен іздеумен болды. Белгілі дәрежеде тығырықтан шығар жолды көрсете алмай отырған жаңа басшылыктың да осал тұстары айтылмады.

33. Депортация (лат. deportatio - шығару) — мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару. Депортация жиі басқа бір мемлекетке шығып кеткен шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады. Қазақстанға күштеп қоныс аударылғандар[өңдеу] 1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР- не 15 мың поляк және неміс шаруашылықтарын көшіріп-қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті. Еділ өңірі немістерін Сібірге депортациялау идеясы 1915 жылы туса да, оны жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті. Ал 1937—1938 жылдары немістердің ұлттықмәселесі қайта жандана бастады. Патша жүзеге асыра алмаған идеяны қолға алуға ыңғайлы кезең туғандай еді. Қазақстандағы «Кіші Қазан» науканы кезінде босап қалған жерлерге корейлерді, финдер мен поляктарды орналастырғаннан кейін кезек немістерге де келді. Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді. 1939—1940 жылдары Гитлер армиясының Полынаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940—1941 жылдары поляктардың осы бөлігі Қазақстанға қоныстандырылды. Дегенмен 1936 жылғы көшірілгендер мен 1940—1941 жылдары көшірілген поляк азаматтарыныңқұқық жағынан айырмашылықтары болды. Соңғы келгендер «поляк осадниктері мен босқындары» ретінде өмір сүрді. Кеңес үкіметі КСРО аумағына келген поляктардан армия құрып, гитлерлік Германияға қарсы қою жағын да ойластырған еді. 1940—1941жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды. Поляк-кеңес пактісіне қол қойылғаннан кейін олардың көп бөлігі Владислав Андерс бастаған поляк армиясының қатарында өскери қимылдарға қатысты. Андерс армиясына енгісі келмегендердің бір бөлігі Қазақстан аумағында қалды. Соғыстан кейін олардың көпшілігі еліне қайтқанымен, 30-жылдарда депортацияланған бөлігі қалып қойды. Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір белсенді бөлігін 1935—1936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару басталды. Жалпы, жаппай көшіріп-қоныстандыру екі кезеңнен түрды. Оның алғашқысы 1937 жылдың күзінен 1938 жылдың көктеміне дейін созылды. жылдың қыркүйек айының соңынан бастап алғашқы эшелондармен бірге Қазақстандағы корейлердің тарихы басталды. Жапон «шпионы» деп жала жабылған корейліктерді қазақтар жанашырлықпен қарсы алып, олардың аянышты халдеріне түсіністікпен қарады, құшағын жайып қарсы алып, қиын жағдайда қол ұшын беруден тайынған жоқ. 1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар тұрақты мекендерге орналастырылды. Негізгі бөлігі жойылып кеткен кеңшарлар мен игерілмеген жерлерге орналасқандықтан, тұрғын үй, жұмыспен, еңбек құралдарымен қамту жағы жетіспеді. Жаппай күшпен қоныс аудару корей халқын өзінің тарихи отаны — Кореядан көп жылдарға қатынасын үзіп, білім, тіл, мәдениет саласында орны толмайтын шығынға үшыратты. 1938 жылы 1 қыркүйекте барлық корей тіліндегі мектептер, Қазақстандағы педагогикалық училище, 1939 жылы Қызылордадағы корей педагогикалық институты жабылды, корей тіліндегі оқулықтар жойылды. 70 корей ұжымшарлары республиканың 8 облысында — Қызылордада, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Олар балық кәсіпшілігімен жөне ауыл шаруашылығымен айналысты. КСРО-ның ұлт саясатында 30-жылдардағы қуғын-сүргінге иран ұлты да ілікті. Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия және Армения аудандарында тұрып жатқан ирандықтар 1938 жылы қазан—қараша айларында Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысына көшірілді. Кеңес азаматтығын алған 6 мың адам арнаулы қаулы негізінде 1710 шаруашылық (отбасы) Оңтүстік Қазақстан облысы аудандарына, 300 шаруашылық Алматы облысы аудандарына орналастырылды. Күрділердің Қазақстанға депортациясы да соғыска дейінгі кезеңнен басталады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Кавказ өңіріндегі күрділердің аз бөлігі Ресей империясыныңқол астына карады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Әзірбайжан қүрамында 1923 жылы Күрдістан автономиялы республикасы құрылғандығы белгілі. Алайда 1936 жылы күрділердің ғасырлар бойғы арманы аяқ асты етіліп, өздері «сенімсіз халықтар» қатарына жатқызылды. 1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрділер Армения, Әзірбайжан аумағынан көшіріліп, Орталық Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды. Күрділердің озық ойлы демократиялық бөлігі түтқындалып, ату жазасына бұйырылды. Күрділерді көшірмес бұрын олардың дүние-мүлкі, малдары тәркіленіп алынды. Өздері НКВД-ның катаң бақылауында жүк вагондарымен әкелініп, облыс пен аудандарға бөліп орналастырылды. Соғыс жылдарындағы саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы[өңдеу] Екінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, ізін ала Балтық жағалауы, Батыс Украина, Батыс Белоруссия, Бессарабиядан «жағымсыз элементтерді» күштеп көшіріп-қоныстандыру қолға алынды. Егер соғысқа дейін бұл әрекет мемлекет қауіпсіздігін күшейту қажеттігімен түсіндірілсе, соғыс кезінде ұлттық-аумақтық автономиялары бар тұтас халықтар қуғын-сүргінге ұшырады. Сөйтіп, тоталитаризмнің таптық саясаты жаңа «сапалық» деңгейге өткен еді. 1941 жылы 28 тамызда барлық немістерді жаппай диверсиялық және шпиондық әрекеттерге қатысты деп айыптады. Басқа халықтар да дәл осындай «логикалық актілермен» депортацияға үшырады. Бас кезінде олардың кейбіреулерінің немесе көпшілік бөлігінің өз Отанын сатқандығы атап өтілді, артынан аталған халықтарды түтастай шығыс өңірлерге көшіру туралы шешім қабылданды. Дөл осындай «сценариймен» қарашай, қалмақ, шешен, ингуш, балқаржөн6 т.б. Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым өңірінен халықтар көшіріліп, ұлттық автономиялар жойылды. Басқаша айтқанда, олардан ұлттық мемлекеттілігі тартып алынды. 1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар тұрақты мекендерге орналастырылды. Негізгі бөлігі жойылып кеткен кеңшарлар мен игерілмеген жерлерге орналасқандықтан, тұрғын үй, жұмыспен, еңбек құралдарымен қамту жағы жетіспеді. Жаппай күшпен қоныс аудару корей халқын өзінің тарихи отаны — Кореядан көп жылдарға қатынасын үзіп, білім, тіл, мәдениет саласында орны толмайтын шығынға үшыратты. 1938 жылы 1 қыркүйекте барлық корей тіліндегі мектептер, Қазақстандағы педагогикалық училище, 1939 жылы Қызылордадағы корей педагогикалық институты жабылды, корей тіліндегі оқулықтар жойылды.70 корей ұжымшарлары республиканың 8 облысында — Қызылордада, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Олар балық кәсіпшілігімен жөне ауыл шаруашылығымен айналысты

34. 1941-1945 жылдар аралығында күллі әлемді дүр сілкіндірген ІІ Дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы қазақ халқының өмірінде де үлкен таңба қалдырды. Зұлмат жылдарда елді жаудан қорғау үшін Қазақстаннан жалпы есебі 1 миллионнан аса жауынгер аттанған. Алексеенконың «Қазақстандағы демографиялық дағдарыс» кітабында

жазылған мәліметке сенсек, соғыс жылдарында Қазақстан 600 мыңнан аса тұрғынынан айырылған. Соғыс кезінде қайтыс болғандар саны 279 мыңнан асады, 43 мыңға жуық сарбаз госпитальдарда жан тапсырса, 271 мыңнан аса адам үйіне қайта оралмай, із-түзсіз жоғалғандар санатына енген.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 499 қазақстандық азамат Кеңес Одағының батыры атағын алған. Оның ішіндегі 99-ы – этникалық қазақтар. Кеңес Одағының батыры атағын екі мәрте алғандар қатарында ұшқыштар Талғат Бигелдинов, Л.И. Беда, И.Ф. Павлов және ұшқыш-жойғыш С.Д. Луганский бар. Қазақ қыздарының ішінде екі адам – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының батыры атағын алған. 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Ал ұшқыш Хиуаз Доспановаға «Қазақстанның Халық қаһарманы» атағы берілді.Әлия Молдағұлова, Кеңес Одағының батыры.Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келген. Қазақтың мерген қызы. Ұлы Отан соғысы кезінде 54-ші атқыштар дивизиясының атқыштар құрамында ерлік көрсеткен. 1935 жылы Әлия әскери-транспорттық академияға оқуға түседі. 1944 жылдың қаңтарында құрамында Молдағұлова бар 54-ші атқыштар дивизиясы Насва станциясындағы теміржолға шығады. Ворошиловскийдің естелігі бойынша, сол шайқаста жау кеңес әскерилерін тоқтаусыз оқпен күтіп алған. Сол шайқаста Әлия Молдағұлова үш рет жау оғына тойтарыс берген. Аталған шайқаста фашистер кеңес әскерінің алдыңғы шебін атып тастайды. Сол сәтте басылып, бас көтере алмай қалған батальонды жауғы қарсы Әлия бастап шықты. Ол:

«Бауырлар, Алға» деп айғайлап, жаудан беті қайтып қалған майдандастарын алға жетелеген. Сол шайқаста Әлия жау оғынан ерлікпен қаза тапты. 1944 жылдың 4 маусымында қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Бүгінде Әлияның атына көптеген мектеп, көше, ауыл атаулары берілген. Әлия Новосокольник ауданының Монакова ауылында жерленген. 15/11/2017

Кеңес Одағының Батыры атанған қазақстандықтар

1941-1945 жылдар аралығында күллі әлемді дүр сілкіндірген ІІ Дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы қазақ халқының өмірінде де үлкен таңба қалдырды. Зұлмат жылдарда елді жаудан қорғау үшін Қазақстаннан жалпы есебі 1 миллионнан аса жауынгер аттанған. Алексеенконың «Қазақстандағы демографиялық дағдарыс» кітабында жазылған мәліметке сенсек, соғыс жылдарында Қазақстан 600 мыңнан аса тұрғынынан айырылған. Соғыс кезінде қайтыс болғандар саны 279 мыңнан асады, 43 мыңға жуық сарбаз госпитальдарда жан тапсырса, 271 мыңнан аса адам үйіне қайта оралмай, із-түзсіз жоғалғандар санатына енген.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 499 қазақстандық азамат Кеңес Одағының батыры атағын алған. Оның ішіндегі 99-ы – этникалық қазақтар. Кеңес Одағының батыры атағын екі мәрте алғандар қатарында ұшқыштар Талғат Бигелдинов, Л.И. Беда, И.Ф. Павлов және ұшқыш-жойғыш С.Д. Луганский бар. Қазақ қыздарының ішінде екі адам – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының батыры атағын алған. 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Ал ұшқыш Хиуаз Доспановаға «Қазақстанның Халық қаһарманы» атағы берілді.

Әлия Молдағұлова, Кеңес Одағының батыр.

Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келген. Қазақтың мерген қызы. Ұлы Отан соғысы кезінде 54-ші атқыштар дивизиясының атқыштар құрамында ерлік көрсеткен. 1935 жылы Әлия әскер и-транспорттық академияға оқуға түседі. 1944 жылдың қаңтарында құрамында Молдағұлова бар 54-ші атқыштар дивизиясы Насва станциясындағы теміржолға шығады. Ворошиловскийдің естелігі бойынша, сол шайқаста жау кеңес әскерилерін тоқтаусыз оқпен күтіп алған. Сол шайқаста Әлия Молдағұлова үш рет жау оғына тойтарыс берген. Аталған шайқаста фашистер кеңес әскерінің алдыңғы шебін атып тастайды. Сол сәтте басылып, бас көтере алмай қалған батальонды жауғы қарсы Әлия бастап шықты. Ол: «Бауырлар, Алға» деп айғайлап, жаудан беті қайтып қалған майдандастарын алға жетелеген. Сол шайқаста Әлия жау оғынан ерлікпен қаза тапты. 1944 жылдың 4 маусымында қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Бүгінде Әлияның атына көптеген мектеп, көше, ауыл атаулары берілген. Әлия Новосокольник ауданының Монакова ауылында жерленген.Талғат Бигелдинов, Кеңес Одағының батыр.Талғат Бигелдинов – гвардияның аға лейтенанты, гвардиялық авиациялық полк командирінің орынбасары, ұшқыш-шабуылдаушы. 1940 жылдан бері Қызыл Әскер қатарында. 1942 жылы Астрахань қаласындағы ұшқыштардың авиациялық мектебін бітірген. 1943 жылдан бері Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ең алғаш рет соғыс аспанына 1943 жылдың 17 ақпанында көтеріліп, көп ұзамай жаудың шабуылдаушы ұшағын жарып жіберді. Ал Харьковтегі шайқас кезінде жау қолынан жарақат алып, емделген соң қатарға қосылды. Талғат Бигелдинов 1944 жылдың маусымында 155 рет әуе шабуылын жеңіспен аяқтап, жау бекіністері мен аэродромдарын, жау әскері жиылған топтарды талқандаған. Ол 1944 және 1945 жылдары соғыс аспанында көрсеткен ерлігі үшін екі дүркін Кеңес Одағының батыры атанды. Сондай-ақ, Талғат Бигелдинов 1945 жылдың 24 маусымында өткен Жеңіс парадында абыроймен жүріп өтті.

Мәлік Ғабдуллин, Кеңес Одағының батыры

Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы Көкшетау облысы, Зеренді ауылында дүниеге келген. 1941 – 1946 жылдары даңқты генерал Панфилов басқарған атқыштар дивизиясы сапында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыс аяқталып, елге оралған соң Ғабдуллин ғылыми-педагогикалық мекемелерде жұмыс істеді. Ал майдангердің жазушылығы туралы әңгіме бір бөлек. Ол «Менің майдандас достарым», «Майдан очерктері», «Сұрапыл жылдар» шығармаларын жазып, қазақ әдебиетінің өркендеуіне де үлес қосты. 1943 жылы Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілді.Сағадат Нұрмағамбетов, Кеңес Одағының батыры.Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы Алматы облысы, Еңбек ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Польша, Германия, Молдова, Украина, 1 Белорус, Солтүстік Кавказ майдандарына қатысып, Гитлердің канцелиярсын шабуылдаға атсалысқан. Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес Одағының батыры атағынан бөлек, Армия генералы, Халық қаһарманы атақтары берілген. Сондай-ақ, Сағадат Нұрмағамбетов Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі ретінде тарихта қалған

 

35) Инновациялық- индустриялық даму – заманауи нарық талабының сұранысына сәйкес қанағаттандыратын жаңа технологиялар мен техникаға , ғылыми ізденістер мен жаңашылдыққа негізделген экономикалық өсудің негізі болып табылады.Индустриялық- инновациялық даму бағыты ел экономикасына қандай өзгерістер әкеледі ™ ғылымға негізделеген жоғарғы технологиялық өндіріс ошақтарының, отандық бизнес субъектісі санының артуы; жұмыс орындарының ашылуы; бюджеттік түсімдер көзінің артуына ықпал етеді; ЖІӨ- деңгейінің ұлғаюы; әлеуметтік –экономикалық ахуалдық жақсаруы импортқа деген тәуелділік деңгейінің төмендеуі;

36) Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.

Агроөнеркөсіптік кешеннің негізгі мақсаты - халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету.АӨК құрамында үш негізгі буын бар.1. АӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды.2. бұл ауыл шаруашылығы.3. тамақ және жеңіл өнеркәсіптері.Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады.Жұмыскерлердің саны жөнінен (2,4 млн адам) АӨК аса ірі салааралық кешен болып табылады. Ол елдегі ішкі жалпы өнімнің 1/10 бөлігін береді. АӨК өнімдері барлық тауар саудасының 50%-дан артығын құрайтындықтан, халықтың әл-ауқатын жақсартуға әсерін тигізеді. Сонымен бірге өнімдері шет елдерге сатылады. Мысалы, бидай және ұн Қазақстанның маңызды экспорттық тауары.

2)Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасыӘзірлеу үшін негіздеме Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына ЖолдауыЖауапты орындаушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – ҚР АШМ) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріМақсаты Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – ҚР) агроөнеркәсіптік кешені (бұдан әрі– АӨК) субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау1) АӨК субъектілерін субсидиялау есебінен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылы 4,5 есе ұлғайту; 2) АӨК субъектілерінің борыштық жүктемесін қарыздарды қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау есебінен жалпы сомасы 300 млрд. теңгеге кемінде 8 жылға ұзарту; 3) кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес кредит қаражатының көлемі 2013 – 2020 жылдары 2 трлн. теңгеге дейін; 4) карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының қауіптілік коэффициенті 2020 жылы 0,88; 5) мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесі 2020 жылы 0,4 %; 6) электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызметтер үлесі 2015 жылы 62

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.