|
|||
Д.Қонаев билігі кезіндегі Қазақстандағы ауыл шаруашылығының дамуы. Худенко тәжірибесі.24.Д.Қонаев билігі кезіндегі Қазақстандағы ауыл шаруашылығының дамуы. Худенко тәжірибесі. Д.А. Қонаев республиканың ауыл шаруашылығының көтерілуіне үлкен көңіл бөлді. Ол агроөнеркәсіптік кешеннің техникалық қайта қарулануы қалай жүріп жатқанын, асыл тұқымды мал және тұқым өсіруді, өндіріске жаңа технологияларды ендіруді, ауылды қайта құруды және ауыл еңбеккерлерінің тұрмысын үнемі қадағалады. АӨК үшін жауап беретін министрлерді өзіне жиі шақырған, ғалымдармен, мамандармен және өндіріс озаттарымен кеңескен. Д.А. Қонаевтың қамқорлығы мен қолдауын үнемі сезінген, ауыл еңбеккерлерінің екпінді еңбегінің арқасында республика Кеңес Одағының ірі астық және мал шаруашылығы базасына айналды. Тың игеру жылдарында Қазақстан елімізге бір миллиард пұттан астам нанды - 9 рет, ал оныншы бесжылдықта жыл сайын дерлік сатты. Астықтың жалпы өндірісі - 27-28 миллион тоннаға, ал кейбір жылдары 34 миллион тоннаға жетті. Халықтың жан басына 1500-ден 2000 килограмға дейін бидай өндірілді. Салыстыру үшін: КСРО-да бұл көрсеткіш 1984 жылы - 712, АҚШ-та - 1331, Францияда - 1075, ГФР-да 448 килограмды құраған. Мемлекеттік ресурстарға бидайдың күшті сорттарын жеткізу жалпы алғанда КСРО-да осы дақылды дайындаудың жалпы көлемінен 70 пайызға жетті. 1987 жылғы 1 қаңтарда ірі қара малдың басы - 9,5 миллионға, қойлардың басы 36,5 миллионға жетті. Ет, сүт, жұмыртқа, жүн және басқа өнім өндіру және дайындау көлемдері өсті. Ауылда күрделі құрылыстың ауқымы өлшеусіз артты, оған тыңды көтерудің алдындағы барлық жылдарда Қазақстанның бүкіл ауыл шаруашылығына салынған қаржыға қарағанда 7 есе көп қаржы салынды. Егер 1940 жылы республикада 194 совхоз болса, онда 1985 жылы оның саны 2 мыңнан асты. Тың игеруге жұмсалған шығындар артығымен өтелді. Жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін ауыл шаруашылығының жүздеген мың еңбек озаттары КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталды, ал олардың көпшілігі Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді. И. Худенконың шаруашылықты басқарудағы жаңа әдісі. 70- жылдары республика ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірқатары шаруашылық жүргізудің қалыптасқан құрылымын өзгертуге әрекеттенді. Сондай адамдардың бірі - И.Н.Худенко еді. Еңбекшіқазақ ауданындағы «Іле» совхозын, кейін Алматы облысы Күрті ауданының «Ақши» совхозын басқарған ол ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа формаларын еңгізе бастады. Мысалы, ол сол кездің өзінде фермерлік шаруашылықты дамытуға әрекеттенді, қағаз- бастылықты құрт азайтып, шаруаларға бірқатар еркіндіктер берді. Совхоздағы жағдай анағұрлым жақсарып, еңбек өнімділігі артты, тәртіп нығая түсті. Мұндай бастама бұрынғыша шаруашылық жұргізудің ескі әдістерімен бұйрық беріп, өмір етуге үйренгендерге ұнауы мүмкін емес еді. Совхозға бірінен соң бірі республика Ауыл шаруашылығы министрлігінен бастап партияның аудандық, облыстық комитеттерінен әр түрлі комиссиялар жиі келе бастады. И.Н.Худенконың тиімді әрі болашағы зор әдісінің тамырына балта шабылды. Оған қоса оның ісі сотқа беріліп, сотталды. Түрмеге отпырғызылған И.Н.Худенко сонда қайтыс болды. Тек бірнеше жылдан соң, елде қайта құрулар басталған кезде И.Н.Худенко Қазақ КСР Жоғарғы Соты алқасының шешімімен ақталды.
|
|||
|