Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ХХ ғ. 60 ж. екінші жартысындағы экономикалық реформа және оның аяқталмауы. Экономика дамуының экстенсивті жолы.



23. ХХ ғ. 60 ж. екінші жартысындағы экономикалық реформа және оның аяқталмауы. Экономика дамуының экстенсивті жолы.   

 

1960-1970 жж. экономиканы реформалау әрекеттері.1965 ж. басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықта жоспарлау жүйесі бойынша Қазақстанда 1578 кәсіпорын жұмыс істеді. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді. Осының салдарынан 1970ж. басында экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған идеялары бұрмаланды. Реформаның негізгі мақсаты – кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін жоспарлы кеңейту-тек көрсеткіштерді кемітуге және коллективтердің көтермелеу қорларын қалыптастыру болды. Көптеген кәсіпорындар пайда табудың қызығына беріліп, өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарлату жолына түсті. Бағаның өсуі есебінен алынған пайда жалақыны көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өсімділігінің өсуін басып озды, мұның өзі 1970ж. бас. ақпараттық процестердің басталуының себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс ықпал жасады. Кәсіпорындардың дербестігін кеңейте отырып, министрліктер мен ведомстволардың әкімшілік және экономикалық өкілеттілігін күшейтті.

Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократияландыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономикалық ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Л.И. Брежнев пен оның төңірегінділер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды. 70ж. бас. Реформаны жүргізу тоқтатылды.

20 ғасырдың 70-жылдары және 80-жылдарының бiрiншi жартысында Қазақстан экономикасы экстенсивтi негiзде, экономикалық ынталандыруға мән берiлмей, жаңа технологиялық үрдiстердi елеместен, бұрынғы сарынмен дами бердi. Бұл кезең елде тоқырау жылдары деп есептелгенiмен, жалпы Қазақстанда экономикалық қуат бiршама өстi. Бұл жылдары қара металлургияның одан әрi дамуымен бiрге Соколов-Сарыбай және Лисаков кен байыту комбинаты iске қосылды. Одақтағы ақ қаңылтыр шығаратын ең күштi цехы бар Қарағанды металлургия комбинатының құрылысы аяқталды. Ермак (қазiргi Ақсу) және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары жұмыс iстей бастады. Ақтөбеде хром кенiн шығару арта түстi. Целиноградтың (Астананың) ауыл шаруашылығы машина-құрылыс зауыты, т.б. кәсiпорындар өздерiнiң өнiмдерiн шығара бастады. Қарағанды және Екiбастұз көмiр алаптарында көмiр шығару үлкен қарқынмен жүрдi.

Ауыл шаруашылығы 1979 жылы жоғары көрсеткiшке жеттi. Тың жерлердi игерген 25 жыл iшiндегi ең мол астық өнiмi алынды. Республика мемлекетке 1 млрд. 262 млн. пұт, яки 20 млн. т астық бердi.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.