Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Хрущевтік жылымық» жылдарындағы (1953-1964 жж.) Қазақстан. КОКП ХХ съезді. Тұрақтылық бастауы.



37. 1945-1954 жж. елдің саяси-қоғамдық өмірі. Ж.Шаяхметов. Қазақстан территориясындағы ядролық сынаулар. Қоғамдық өмірде партиялық бақылауды күшейту.

1945-1954 жж. елдің саяси-қоғамдық өмірі.

Соғыстан кейін де әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамда үстем болды. КСРО-да, соның ішінде Қазақстанда Сталиннің жеке басына табыну күшейді. Жеке адам құқығы барған сайын аяққа тапталды. Қарапайым адамдар басқарудан шеттетілді.

Коммунистік партияның билігі шексіз болды. Қоғамда тоталитарлық, авторитарлық жүйе үстем болды. Осының бәрі жеке адамның басына табынғандықтан пайда болған. Жоғары билік басындағылар тез арада коммунизмге көшу туралы жоспарларды құрастыра бастады. Коммунизмнің теориялық негізі жасалды. Мұның бәрі И. В. Сталиннің көрегендігі ретінде бағаланды. Республикада осылай қияли утопиялық көзқарас пайда болды. Коммунистік партия қияли коммунистік идеологияның мүддесін халықтың өмірі мен тіршілігінен жоғары қойды. Адам мүддесімен ешкім санаспады.

Ж.Шаяхметов.

1946 жылы сәуірде ол Қазақстан Компартия Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Ж.Шаяхметов «Медеу» мұз айдынының, Шымбұлақ спорт базасының салынуына да көп еңбек сіңірді. Сондай-ақ, ол кеңес империясы парламенті палатасының бірі - КСРО Жоғары Кеңесі Ұлттар кеңесінің төрағасы болған және 1950 жылы КСРО-ның «Бейбітшілік туралы заңына» қол қойған бірінші қазақ. 1953 жылы КСРО-ны ұзақ жылдар басқарған И.Сталин қайтыс болды. Осыған байланысты Мәскеуде болған саяси тартыстардан кейін билікке Н. Хрущев келді. Ол КСРО-ны азық-түлік жетіспеушілігінен аман алып қалу үшін Қазақстан мен Батыс Сібірдің тың және тыңайған жерлерін игеру қажет деп есептеді. Шаяхметов өз кезегінде Қазақстанның географиялық ерекшеліктерін және осыған байланысты қазақ халқының негізінен мал шаруашылығымен айналысқанын ескере отырып, жерді жаппай жыртуға қарсылығын білдірді. Сондықтан Ж.Шаяхметов орнынан алынып, 1954-1955 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметіне дейін төмендетілді.

Қазақстан территориясындағы ядролық сынаулар.

1950 жылдардан бастап Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналды. Семей облысының жерінде орналасқан атом полигоныәлемдегі өзі тұрпаттас әскери объектілерінің ішіндегі ең ірілерінің бірі еді. Сондықтан да оның зардаптары да ірі болды. Батыс Қазақстанда Капустин Яр дегн жерде де атом полигоны жұмыс істеп тұрды. КСРО Қорғаныс министрінің хабарлауынша, Семей полигонында 1949 жылдан 1963 жылға дейінгі кезеңде ауада қуаты әр түрлі 113 ашық жарылыс жасалған. 1964 жылдан 1989 жылдың 19 қазанына дейінгі аралықта қуаты 150 килотоннаға дейін 343 жерастылық жарылыс жасалған. Кеңес еліндегі ядролық қару сынақтарының 70%-ға жуығы Семей Полигонында өткізілді, қазақ жерінде ядролық қалдықтарды көметін орындардың саны 300-ге жетті.

Сынақ жарылыстары Қазақстан жері мен халқына аса ауыр зардаптар тигізді. Полигондар ең алдымен өздері орналсқан жерді тоздырды. Ол жердің ауа райы өзгеріп кетті. Суы тартылып, ауасы мен шөбі ластанды. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы тіршілік үшін өте ауыр болды. Аумақтың флорасы мен фаунасы орны толмас шығынға ұшырады. Әсіресе адамдардың тартқан зардаптары жан түршігерлік болды.

Семей өңірінің және іргелес жатқан Қарағанды, Павлодар, Өскемен облыстарының тұрғындары арасында қатерлі ісік, қан ауруларының үлесі көбейіп кетті. Адамдар арасында жүйке дертіне ұшырауы, өзіне –өзі қол жұмсау, шаштың сыпырылып түсіп қалуы, тері аурулары жиілеп, бұрын медициналық іс жүзінде байқалмаған белгісіз індеттер бой көрсете бастады. Балалар өлімі, бір жасқа дейінгі нәрестелердің шетінеуі, іштен мүгедек болып туу, өлі туу құбылыстары да көбейіп кетті.

Қоғамдық өмірде партиялық бақылауды күшейту.

Соғыстан кейінгі жылдарда сталиндік тоталитарлық жүйе ғылым мен мәдениеттің дамуына белгілі мөлшерде кедергі жасады. Мысалы, коммунистік партияның қатал идеологиясы қоғамдық ғылымдарға қатты қыспақ көрсетті.

Қазақстан партия комитеті БК (б) П Орталық Комитетінің 1946 жылғы зиялы қауымды саяси қудалауға арналған қаулысын орындау мақсатында жұмыс істеді. Осыдан бастап көптеген зиялы қауымдардың, ғылым, мәдениет өкілдерінің саяси қудалауы басталды. 1947 жылы коммунистік партия Қазақ КСР Ғылым академиясыныңқұрамындағы Тіл және әдебиет институтына XIX ғасырға дейінгі қазақ әдебиетінің рухани мұрасын зерттеуге тыйым салды. Себебі бұл кездің мұралары «ескінің қалдығы» ретінде сипатталды. Қазақ КСР Ғылым академиясында, Мемлекеттік университетте, жазушылар қауымы өкілдері ішінен «халық жауларын», «бөгде ойлы адамдарды» іздеді.

38. «Хрущевтік жылымық» жылдарындағы (1953-1964 жж.) Қазақстан. КОКП ХХ съезді. Тұрақтылық бастауы.

«Хрущевтік жылымық» жылдарындағы (1953-1964 жж.)

50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.

КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.

1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.

КОКП ХХ съезді. Тұрақтылық бастауы.

1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.


49.Қазақстанның қазіргі білім беру жүйесін модернизациялау. 2010ж Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы. «Серпін -2050» мемлекеттік бағдарламасы.

Бүгінгі таңда білім беру саласында көптеген модернизациялар жүргізіліп жатыр. Орта білім берудің 12 жылдық моделі, кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнының жаңартылуы, электронды оқыту, зияткерлік мектептер арқылы жоғары оқу орындарына дарынды шәкірттер дайындау, жоғары оқу орындарына қойылатын жаңа талаптар, магистрлар мен PhD докторларды дайындау арқылы университеттік білімді жаңа деңгейге көтеру бірқатар инновациялық жобаларға бастама болып, инновациялық оқыту әдісі кеңінен қолданыла бастады. Сондықтан, қазіргі таңдағы білімді одан әрі дамытуды қажет ететін ауқымды жобалар мен әлем тәжірибесіне негізделген инновациялық білім берілуі тиіс. Оның негізгі мақсаты- Қазақстан Республикасындағы практикалық маңызы бар ғылым мен білімді дамытудың басым бағытына сәйкес келетін инновациялық жобаларды іріктеу, аймақтағы ғылыми-зерттеулерді дамыту және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ғылым мен білім жетістіктерін пайдалану болып отыр. Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясында кәсіптік білімді дамытудың маңыздылығын айқындай келе, білім саласына қатаң тапсырма жүктеген болатын: «Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырамын. Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді. Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құруы және дамытуы қажет» осы негізде кадрларды дайындаудың мамандандырылған жүйесін жасауда ғылыми техникалық прогресстің қазіргі деңгейін ескере отырып, білім беру саласына қойылатын жоғары халықаралық талаптарды да қанағаттандыру мақсатында еліміздің мұнайлы аймақтарында, кәсіптік-техникалық білім беру саласына жаңа жүйе — дуальды оқыту әдісі енгізіліп, осыған орай, қазіргі қоғамға ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, оның ішінде, дуальдау оқыту жүйесін ендіру осы салада нақты біліктілігі мен мамандығы бар кадрларға деген сұранысты арттырады деп болжам жасалуда.

Оқытудың дуальдау жүйесі дегеніміз не соған анықтама берсек: Дуальдау оқыту жүйесінде кәсіптік білім беру- өнеркәсіп өміріне дайындық жүргізу үшін білім алушының теориялық және практикалық дағдысын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін негізгі оқыту жүйесі болып табылады. Дуальды оқыту әдісі әлемнің көптеген ірі дамыған мемлекеттерінде мысалы, Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швеция, Англия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдерінде жоғары нәтиже беріп жүргізіліп келеді. Яғни білім алушыны жан-жақты дайындау. Сонымен қатар, еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесін шешу, жас білім алушының жаңа технологияны меңгере отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай жұмыс күшін қалыптастыру. Сондықтан, дуальды оқыту жүйесі өнеркәсіп саласына қажетті мамандарды даярлау мәселесін толық қанағаттандыратын негізгі жүйенің бірі болып табылады. Сондай-ақ, дуальды оқыту жүйесі арқылы, білім беру мен кәсіпорын арасында тығыз байланыстың орнауына да үлкен септігін тигізеді. Осыған орай, бұл оқыту жүйесінінің тиімділігі жан-жақты талқыланып, білім және ғылым министрлігінің шет елдердің тәжірибелерін зерттей келе, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізу басшылыққа алынды. Сондай-ақ, дуальды жүйенің басымдығы оқытудың өндіріспен тығыз байланысын орнап, қазіргі таңда елімізге осы жүйе қолданысқа ене бастады. Дуальды жүйенің негізі — болашақ жас маманның оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Сонымен қатар, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғарылату.

Қазақстан Республикасының Болон процесiне қатысудағы мақсаты - еуропалық бiлiмге бару жолын кеңейту, оның сапасының одан әрi жоғарылату, білім берудің несиелік жүйесін қолдану, студенттер мен оқытушылық құрамның мобильділігін жоғарылату және де Қазақстандық ЖОО-ның бітіруші түлектерiне еуропа аралық білім стандартына сай диплом беру болып табылады.

2010 жылдың 11-12 наурызында Қазақстан Балон үрдісі білім министрлігінің II форумында (Будапешт қаласында, Венгрия және Вена қаласы, Австрия) 47 ел арасында Болон үрдісіне тұңғыш рет қол қойды. Қазақстан Республикасы Болон декларациясына қосылуға лайық және еуропалық бiлiм беретiн кеңiстiктiң толық құқықты қатысушы болған орталық – Азиядағы бiрiншi мемлекет болып табылады. Болон үрдісіне Қазақстанның қосылуы отандық ЖОО мен студенттер үшiн нақтылы мүмкiндiктердi бередi:

1 ) отандық бiлiм беретiн бағдарламалардың оқу жоспарын еуропалық стандартқа сәйкес келтiру:

2 ) отандық бiлiктiлiктер және академиялық дәрежелердi мойындау;

3 ) студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігін қамтамасыз ету;

4 ) шетел университеттерiндегi қазақстандық ЖОО студенттерiнiң несиелерiн қайта сынақтан өткізу және керiсiнше;

5 ) бiрлескен бiлiм беретiн бағдарламаларды құру;

6 ) отандық дипломның еуропа деңгейінде мойындалуы және бітіруші түлектердің әлемнің кез – келген елдерінде жұмыс жасауына жол ашты.

Балон декларациясы приннцптерінің негізгі мақсаты студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Алғаш рет 2014 жылы Елбасының тапсырмасымен “Мәңгілік ел жастары – индустрияға” мемлекеттік бағдарламасы жұмысын бастаған болатын. Аталған бағдарлама бойынша 7 ЖОО мен 25 колледж жұмылдырылып, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының жастары қатысты. Сол жылдары жоғары оқу орындарына 1 050, колледждерге 1 000 грант бөлінгенімен, маусымның аяғына дейін, бар болғаны 30 өтініш қана келіп түсіп, жоба өз мақсатына жете алмады.
Кейін еріктілердің атсалысуымен 2014 жылы “Серпін” жалпыұлттық, қоғамдық жобасы дүниеге келді. Бұл жобаның қажет екендігін дәлелдеу мақсатында зерттеу жұмыстары да жүргізілді. Қазіргі таңда “Серпін” әлеуметтік жобасы еліміздегі ең танымал әлеуметтік бастамалардың бірі. Халықтың бұл жобаға деген қызығушылығы уақыт өткен сайын артып келеді. 2014 жылы жоба аясында 2050 студент, 2015 жылы 6 200, 2016 жылы 11 296 студент білім алды.
Жоба жұмысын бастағалы бері 12 мыңнан астам азамат бұл бастаманың пайдасын көрген. 9212 студент ЖОО-ларын таңдаса, қалғаны кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде оқып жатыр. Алдағы уақытта оларды жұмыспен қамту жағы да қарастырылып отыр. Жоғары оқу орнына түсу үшін түлектер ҰБТ немесе кешенді тестлеуге қатысуы тиіс. ҰБТ мен кешенді тестілеуден кем дегенде 50 ұпай жинау керек. Сонымен бірге, төртінші таңдау пәні ретінде алған пән бойынша ұпайы жақсы болуы керек.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.