Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы тың игеру бағыты: мақсаттары мен себептері. 2 страница



укладтылықты, товар айналымын жою, идеологияның экономикадан басым болуы - осының бәрі казармалық социализм негіздерінің орнығуына әкеп соқты.

2. Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде.

Индустрияландыруға бағыт алудағы қиыншылықтар.

Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті.Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы.

Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.

Ол қиыншылықтар: 1.Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі. 2.Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы. Территорияның 1000 шаршы шақырымына 1 шаршы шақырым темір жолдан келді. 3.Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90 % - і шаруалар еді. 4.Жергілікті мамандардың жетіспеуі. 5.Жаңа экономикалық саясат тоқталып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы. 6.Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы. 7.Әміршілдік – төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі.

Осы жағдайлардан өлке экономикасында ауыл шаруашылығының басымдылығы (84,4%) сақталды. Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері:

1.Өлкенің техникалық – экономикалық жағынан артта қалуын жою.

2.Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік – техникалық мамандарды қалыптастыру.

Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.

Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету.

Голощекин бұл идеясын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси бюро мүшелігіне кандидат А. А. Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.

Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Садуақасов «Кіші қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды. Оның бағыты: 1. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату. 2. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.

Қазақстанда индустрияландыру жолдары туралы пікір сайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты:Біреулер «түйеден социализмге» өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен заводтар салу шамадан тыс нәрсе» болып табылады, «ұлттық өзіндік ерекшелікті» жояды деп пайымдады, енді басқа біреулер«қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді», қазақтармен «өнеркәсіп – қаржы жоспарын орындай алмайсын» және т. б. деп санады.

Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру барысындағы ұсыныс – пікірлері ескерілмеді.С.Садуақасов пен Ж. Мыңбаевтің өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы айтқандары «ұлтшылдық көрініс» деп бағаланды. Өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы ескертпелер «ұлыдержавалық шовинизм көрінісі» деп есептелді. Сөйтіп, теориядағы субективизм мен практикадағы әміршіл – ырықсыз әдістер республиканың социализмге бет алуының балама жолын зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарды.

Индустрияландыруды жүзеге асыру.

Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. КСРО Ғылым академиясы 20 – жылдардың аяғы 30 – жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспедициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды. Академик Н. С. Курнаков Орталық Қазақстанның минерал–шикізат байлықтарын зерттеп, «ҚАҚСР –і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. Академик И. М. Губкин Орал – Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны -мұнайға аса бай облыстардың бірі деп

қорытындылады. Қазақтың жас инженер–геологы Қ.И. Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеп берді.

1927 жылы Түркістан – Сібір темір жол магистралы салына бастады. Құрылыс бастығы болып В. С. Шатов тағайындалды. Түрксібке көмектесу комиссиясын республика Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Н. Нұрмаков басқарды. РКФСР үкіметі жанында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов (1894 – 1938 ж. ж.) басқарған Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет жұмыс істеді. Т. Рысқұловтың ұсынысымен комитет құрамына темір жол маманы, инженер М. Тынышбаев(1828 – 1937 жж.) енгізілді.

Түрксіб құрылысында бірнеше ұлт өкілдерінен тұратын 100 мың адам еңбек етті. 10 мың қазақ жұмысшылары теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. Құрылысқа 200 млн. сом қаржы жұмсалды.

Түрксібтің ұзындығы 266,5 шақырым болды, ол жоспарда белгіленген 5 жылдың орнына 3 жылда салынып бітті. 1931 жылғы – қаңтарда Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді.

Түрксіб магистралы салынуының мемлекеттік және әлеуметтік – экономикалық маңызы болды. 1) Орта Азия Сібір аудандарымен жалғастырылды; 2) Елдің Шығыс аудандарының экономикасы мен мәдениетін дамытуға ықпал етті; 3) Өлкедегі жұмысшы табын тәрбиелеу мен шыңдау мектебі болды.

Қатардағы жұмысшы Д. Омаров - Түрксіб бастығы қызметіне көтерілді. Т. Қазыбеков – «Қазақ – көлік құрылыс» тресінің бастығы, Социалистік Еңбек Ері атанды.

Соғысқа дейінгі бесжылдар кезінде салынған құрылыстар: Түрксіб темір жолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, Шымкент қорғасын заводы, Балқаш, Жезқазған кен – металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе химия комбинаты, Қарағанды жылу және су электр станциялары, Өскемен құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары, Шымкент химия – фармацевтік заводы, Арал сульфат комбинаты іске қосылып, Теміртау синтетикалық каучук заводы, Қаратау химия комбинаты салына бастады. Сөйтіп, Қазақстан ауыр өнеркәсібінің арнаулы бағытқа бейімделгенін көрсетті.

Өлкеде болашақ өнеркәсіп тораптарының негізі қаланып, басқа республикадағы экономикалық аудандармен байланыс нығайтылды. Орталық Қазақстанның шикізат аймағы Оңтүстік Оралдың өнеркәсіп орындарын кенмен, металмен, көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай Сібірдің индустриялы кешенімен ұласты. Мұнайлы Ембі Еділ мен Жайық арасында жаңадан құрылып жатқан «Екінші Баку» мұнай базасының бір бөлігіне айналды.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары бой көтере бастады. Олардың ішінде қуаты жағынан елде үшінші орын алатын Семей ет, Гурьев (Атырау) балық – консерві, Алматы жеміс – консерві комбинаттары, Жамбыл, Мерке, Талдықорғандағы қант заводтары сияқты кәсіпорындар іске қосылды.

Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер: 1) Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәсіпорындары болмады. 2) Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды. 3) Тау – кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді. 4) Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді.

Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары:

Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді. 1) Шаруаларға үстеме салықтар салынды. 2) Республикалардың барлық жинақталған қорлары мемлекеттік бюджетке қосылды. 3) Одақтық бюджеттен берілген есебінде, республика қорынан субсидеялар мен дотациялар бөлу (1931 – 1934 жж. - 2 млрд. 137 млн. сом). 4) Өндірісті, өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру. 5) Жазалау саясатын қолдану сияқты тәсілдер тән болды.

Негізінде елді экономикалық артта қалушылықтан шығару сияқты игі мақсатпен басталған бұл жұмыс әкімшіл - әміршіл, бұлтартпайтын әдістерімен жүргізілді. Көптеген жаңа құрылыстар жазықсыз қудаланған адамдардың еңбегімен көтеріліп, ондай қудаланған адамдардың саны үнемі толықтырылып отырды.

Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері: 1) Халық дәстүрі бұзылды. 2) Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады. 3) Лагерьлер жүйесі орнықты. 4) Қазақстан Россияның шикізат көзіне айналды.

Индустрияландыру ерекшеліктері:

1) Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өндейтін орталық Орскіде салынды. 2) Білікті жұмысшы мамандар, инженер – техник қызметкерлер сырттан, негізінен Россия мен Украинадан әкелінді. 3) Жергілікті мамандар жетіспді. 4) Урбандалу (урбанизация) процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді. 1930 жылдың аяғында қала халқы 29,8 %, 1939 жылы қалада тұратын қазақ – 375 мыңға артты. (1926 жылғыдан 5 есе көп).

1940 жылы Қазақстанда өндірісте істейтін жұмысшы табының жалпы саны 350 мыңға жетті. Оның жартысына жуығы қазақ жұмысшылары болды. Республикада көптеген инженер – техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты.

Индусрияландыру барысында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді. 1930 жылы республикада 10 мыңнан астам екпінділер болды. Домбастың жаңашыл забойшысы – Алексей Стаханов бастамасы ел көлемінде насихатталды. Қазақстандағы алғашқы Стаханов ізбасары – Қарағанды шахтеры Түсіп Күзембаев. Стахановшылар қозғалысы халық шаруашылығының барлық маңызды салаларын қамтыды.

1935 жылғы желтоқсанда республиканың түсті металлургия өнеркәсібі озаттарының тұңғыш слеті болды. Қазақстан индустриясының еңбек ерлері: Ә. Мұрынбаев, М. Сағымбеков, Б. Нұрмахамбетов, З. Табылдинова, А. Сафин.

Стахановшылар қозғалысы.

Оң әсері 1. Жаңа техника мен технология меңгерілді. 2. Жұмысшы табының мәдени – техникалық деңгейі жетілдірілді. 3. Еңбек өнімділігі артты. 4. Индустрияландырудың даму қарқыны тездетілді.

Теріс әсері 1. Жағдайға қарай ыңғайланып, реттелетін қозғалысқа айналды. 2. Жаппай стахановшыландару жүргізіліп, өндірістің берекесі кетті. 3. Жекелеген адамдарға рекорд үшін жағдай жасалды. 4. Еліктеушілік, біріңғай ойлаушылық психологиясы қалыптасты.

Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы: 1. Аграрлық республика индусриялы – аграрлық аймаққа айналды. 2. Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағы өсті. 3. Ұлттық жұмысшы табы құрылды. 4. Инженер – техникалық кадрлар қалыптаса бастады. 5. Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды. 6. Көп ұлтты ұжымдар пайда болды, адамдардың туысқандығы нығайды. 7. Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты. 8. «Кімді кім» деген мәселе қалада да, деревняда да социализм пайдасына шешілді. 9. Өндірістің негізгі құрал – жабдықтарына капиталистік меншік жойылды. 10. Жұмыссыздық жойылды. 11. Халықтың материалдық әл – ауқаты біраз жақсарды. Қазақстанда жалақының жалпы қоры 1928 жылы 142,11 млн. сом болды, ал 1932 жылы 732,8 млн. сомға жетті. 12. Өнеркәсіп орындарының көпшілігі 7 сағаттық жұмыс күніне көшірілді.

Сөйтіп, индустрияландыру елді экономикалық артта қалушылықтан шығарды

 

14) )ХХғ 20-30ж. екінші жартысында Қазақстандағы индустрияландырудың отаршылдық мазмұны. Партияның 1925 жылы (18-31 желтоқсан) өткен ХІY съезі елді соцалистік индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндетін қойды. Социалистік индустрияландыру саясаты өзінің мазмұны жағынан ірі машиналы өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр индустрияны бүкіл халық шаруашылығының салаларын түбегейлі қайта құруды қамтамасыз ететіндей дәрежеде дамытуға бағытталды. Кеңестер одағының экономикалық тәуелсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін алдыңғы қатарлы капиталистік елдерді индустриялды даму жағынан барынша қысқа тарихи мерзімде қуып жетіп, елді индустриялды державаға айналдыру міндетін қойды. Партия мұндай міндетті орындау үшін елдің бүкіл материалдық және өндіргіш күшін толығымен осы мақсатқа бейімдеу қажет деп шешті. Алайда социалистік индустрияландырудың капиталистік индустриялан- дырудан ерекшелігі болды. Капиталистік мемлекеттер өздерінің индустриялды дамуын, әдетте, пайда тез түсетін жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытудан бастайды. Осы салаларға тән болып келетін кәспорындардың шағындылығы мен оған жұмсалатын қаржының (капиталдың) айналымдылығы әуелгі кезде жеңіл өнеркәсіпті өте тиімді салаға айналдырады. Тек уақыт өткен соң ғана жинақталған қаржы біртіндеп ауыр өнеркәсіпке ауысуына байланысты ауыр индустрия салаларын дамытуға мүмкіндік туады. Кеңестік тарихнамаға партияның 15-ші съезі елді индустрияландыру съезі болып енді. Көптеген кеңестік кезеңдегі зерттеулерде лениндік индустрияландыру саясаты республикалардың ұлттық ерекшеліктерін қатаң ескерді деген пікір басым болды. Алайда большевиктер партиясының басшылығымен жүзеге асырылған елді индустрияландыру саясаты шеткері орналасқан ұлттық аймақтар, оның ішінде, әсіресе, Қазақстан үшін отаршыл бағытта болды. Жалпы Қазақстанда индустрияландыру саясатының бағыты қандай болу керек деген мәселе сол кездің өзінде өте үлкен пікір-таластар туғызды. Бір топ өлкедегі кеңес және партия қызметкерлері көшпелі халық бірден социализмге өте алмайды деп есептеді, яғни қазақтың көшпелі өмір салты ұлттық ерекшелік болып табылады, олай болса елді индустрияландыру бағыты оның осы ұлттық ерешелігін жояды деп есептеді. Мұндай пікірдегі партия мүшелерін большевиктер негізгі партиялық жолдан ауытқушылар, яғни “уклонистер” деп айыптады. Келесі бір топтың өкілі С. Садуақасов өнеркәсіптің дамуы қазақ халқын ауыл шаруашылығынан алыстатып, қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауына әкеледі деп есептеді. Бірақ, ол мүлде индустрияландыру саясатына қарсы болды деуге болмайды. Оның пікірі бойынша Қазақстанның өндірістік бағытта алға

жылжуы үшін республикада индустриялық өнеркәсіптерді көптеп салып, оны ары қарай дамыту қажет. С. Садуақасов шикізат қоры көздеріне өнеркәсіптерді жақындату мақсатын көздеді. Ол өлкеден шикізаттарды өндірістік аймақтарға тасып, одан кейін ол жақтан дайын өнімді қайта алып келуге кететін шексіз транспорттық қаржы жұмсауға, яғни өлкені тек шикізат көзі ретінде пайдалануға қарсы болды. Қазақстанға өнеркәсіпті күштеп ендіру мүмкін емес, ол қазақ қоғамының табиғи қалыптасқан жағдайына жат деп есептегендер болды. Олардың пікірінше артта қалған көшпелі халық индустрияландырудың өте жоғарғы қарқынына ілесе алмайды. Сонымен қатар өндіріс орындарына жергілікті ұлт өкілдерін көптеп тарту, яғни жергіліктендіру (коренизация) саясаты өндірісті өте-мөте қымбаттатады, қазақтар жұмыс істей алмайды, олар бәрібір даланы аңсайды деген көзқараста болды. Мұндай пікір айтушы топты большевиктер “ұлыдержавалық шовинистер” деп айыптады. Осылайша большевиктер социалистік индустрияландыру саясатының бағыттары жөнінде пікір айтушыларға әртүрлі айдар тақты. Ал өздері белгілеген елді “социалистік индустрияландыру” бағытын ешбір қатесі жоқ, толық аяқталған саясат деп қарастырды. Большевиктер белгілеген индустрияландыру саясатында Қазақстан Одақтың шикізаттық бөлшегіне айналуы керек болды. Орталық ұсынған бұл көзқарасты осы кезде өлкенің партия ұйымының басшылығына тағайындалған Ф. Голощекин де қолдады. Республика өмірімен мүлде таныс емес Ф. Голощекин өлкенің шаруашылық жүйесіндегі ерекшелікті мойындамады. Қазақстанда индустрияландыру саясатын жүзеге асыру барысы елдің орталық аудандарымен салыстырғанда өте күрделі жағдайда жүргізілді. Біріншіден, өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуы Рессейдің орталық аудандарымен салыстырғанда артта қалған еді. Екіншіден, өлкеде соғыстан қираған шаруашылықтарды қайта қалпына келтіру шаралары созылып кетті. Яғни, ол уақыт жағынан бірінші бесжылдықпен сәйкес келді. Осындай жағдайларға қарамай большевиктер Қазақстанды бүкілодақтық көлемдегі елді индустрияландыру бағытында жетекші орынға қойды. Қазақстанды индустрияландырудың ең алғашқы қарлығашы Түркістан–Сібір темір жолы болды. Индустриаландыру жылдарында Қарағанды-Балқаш, Гурьев –Доссор, Ақмола-Қарағанды, Жарық-Жезқазған, Рубцовка-Риддер темір жолдары салынды. Өлкені индустрияландыру барысында кеңес үкіметі түрлі-түсті металлургия, көмір және мұнай өндіріс орындары мен теміржол саласын одан әрі өркендету міндеттерін қойды. Осыған байланысты жаңа өндіріс орындарын салу және жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын қайта құру үшін тек 1933-34 жылдары 566,6 млн сом қаржы бөлінді. Оның бестен төрті ауыр индустрияны дамытуға жұмсалды. Олардың ішінде Қарағанды шахталары, Шымкент қорғасын және Балхаш мыс қорыту зауыттары, Ақтөбе химия комбинаты болды. Екінші бесжылдық кезінде республикада Қарағанды көмір бассейні мен Балқаш мыс қорыту комбинатын салу жоспарланды. Республиканың сол кездегі экономикалық ресурстары мұндай күрделі құрлыстарды салуға мүмкіндік бермейтін еді. Алайда соған қарамастан Кеңес үкіметі бұл құрылыстарды тез аяқтау міндетін қойды. Қарағанды көмір өндіріс орындарын да тез қарқынмен дамыту қажет болды. Себебі түрлі-түсті метал өндіру саласын тез дамыту барысы елде көмір өнімдеріне деген сұранысты ұлғайтты. Ал сол кездегі елдегі көмір өндіріс орындары сұранысты қамтамасыз ете алмады. Осыған байланысты большевиктер төтенше жағдайда Қарағанды көмір өндірісінің бар мүмкіндіктерін жұмылдыруға тырысты. Қазақстанды индустриаландыру барысында Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын-мырыш зауыттары салына бастады. 1933 жылы ақпан айында Шымкент қорғасын зауытының алғашқы пеші жұмыс істеді. Бұлар Қазақстанда ғана емес бүкіл ел көлеміндегі түрлі-түсті металдардарды өндіруші өте ірі өндіріс орындары болды. 1939 жылы Шымкент зауыты бүкіл Одақтағы қорытылған қорғасынның 73,9 процентін берді. Балқаш мыс қорыту зауыты республикадағы қорытылған мыстың 51 процентін берді. Осының бәрі Қазақстанды түрлі-түсті металдар шығарудан одақ көлемінде 2 орынға шығарды. Мұнай өндірісінен де Қазақстан алдыңғы орынға шықты. 1940 жылы мұнай өндірудің көлемі 700 мың тоннаға жетті. Мұнай өндіруден Қазақстан Одақ көлемінде 3 орынға шықты. Эмбі мұнай орны игерілді. Сағыз және Құлсары мұнай орындары ашылды. Қазақстанда химия өндірісі қалыптасты. 1933 жылы қарашада Ақтөбе химия комбинаты мен Аралсульфат комбинаты да іске қосылды. 1928-1940 жж. темір жолдардың өсуі 50 процентке артып, оның ұзындығы 6581 км. жетті. Қазақстан 20-жылдардың аяғы мен 30 жылдары, өте қысқа мерзімде аграрлы елден индустриялы елге айналды. Большевиктер өлкені индустрияландыруды өте жоғарғы қарқынмен жүргізді. Мысалы: Одақ көлемінде мұнай өндіру 1926-1940 жж. 3 есе көбейсе, Қазақстанда - 5,9 есе көбейді; көмір өндіру Одақ бойынша 5,7 есе артса, Қазақстанда ол 77,4 есеге артқан; электр қуатын өндіру Одақ көлемінде 23,7 есе артса, Қазақстанда–486 есе артқан, яғни одақтық көлемнен 20 еседен артық болған; темір жолдар салу Одақ бойынша 1,4 есеге, ал Қазақстанда –3,1 есеге артқан. Қазақстанда индустрияландырудың өте кең көлемде және жоғарғы қарқында жүзеге асырылуы инженер-техникалық маман кадрларды қажет етті. Әсіресе, 1933-1934 жылдары өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы жаңа құрал-саймандармен, машиналармен қамтамасыз етілді. Оларды игеру үшін маман кадрлар қажет болды. Бұл мәселені шешу үшін қысқа мерзімді курстар, фабрика-зауыт мектептері, техникалық минимум кружоктары ашылды. Өнеркәсіп орындары шоғырланған қалаларда орта мамандандырылған оқу орындары ашылды. Жоғары дәрежедегі маман кадрларды даярлау үшін республикада Қазақ мемлекеттік университеті, Тау-металлургия институты сияқты алғашқы жоғары оқу орындары ашылды. 1933-1937 жылдары жоғары оқу орындары мен техникумдар 13 мың маман кадрларды даярлады. Сонымен қатар республиканың өндіріс орындары үшін маман кадрларды Рессейдің орталық аудандарындағы жоғары оқу орындарында даярлады. Алайда айта кететін бір жәй, Кеңес үкіметі өте күрделі инженер-техникалық маман кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындарын республикада ашпады. Бұл

мәселеде республика орталыққа тәуелді болды. Қазақстанда өндірілген шикізаттарды өңдейтін өндіріс орындары салынбады. Өлкені индустрияландыру барысында өнеркәсіп өндірісінің жүрегі болып саналатын машина жасау бағыты, оның мынадай жетекші салалары: станок жасау, автомобиль шығару, трактор, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мүлде қамтылмады. Республиканы индустрияландыру тек шикізаттық бағытта болды. Осындай сипатта жүргізілген өлкені индустрияландыру саясатының қазақ халқы үшін зардабы өте күрделі болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық дәстүрі толық өзгерді, өнеркәсіп саласының өркендетілуі ауыл шаруашылығы өнімдеріне қарағанда өнеркәсіп өнімдері үлесінің көбейюіне әкелді. Екіншіден, қала халқы санының артуына, қалалардың урбанизациялануы мен күшеюіне әкелді. Қала халқының жартысы дерлік (47,5 %) 50 мыңнан астам халқы бар қалаларда жинақталды. 1928-1939 жж. Қазақстан қалалары тұрғындарының санының көші-қонымның нәтижесіндегі механикалық өсуі 1,8 млн адамнан асты. Үшіншіден, көші-қонымның нәтижесінде демографиялық өзгерістер болды, яғни Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. Большевиктер өлкеге жұмысқа басқа ұлттардың алдыңғы қатарлы өкілдерін әкелді деуге болмайды. Себебі кеңес үкіметі әртүрлі қылмысы үшін сотталып, түрмеде отырғандардың еңбегін арзан жұмыс күші ретінде пайдаланды. Сонымен қатар индустрияландыру саясаты республикада жергілікті ұлт өкілдерінің санының азаюына да әсер етті. Төртіншіден, индустрияландыру саясаты нәтижесінде өлкедегі ұлтаралық қарым-қатынас шиеленісті. Оның себебі Орталықтан әкелінген европалық ұлт өкілдерінен шыққан партия, кеңес қызметкерлері мен жұмысшылар қазақ қызметкерлері мен жұмысшыларына менмендікпен жоғарыдан қарады. Мұндай көзқарас туралы фактілерді құжаттардан көруге болады. Большевиктер, сонымен қатар ірі өндіріс орындарынның басшылығына жергілікті ұлт өкілдерін жібермеуге тырысты. Орталық үкіметтің нұсқауын бұлжытпай орындайтын адамдарды орталықтан жіберіп отырды. Қорыта айтқанда, большевиктер индустрияландыру саясатын жүзеге асыру нәтижесінде өлкенің экономикалық даму үрдісіне толық өзгеріс әкелді. Бұрынғы кезеңде жетекші орында болған ауыл шаруашылығы, әсіресе, көшпелі мал шаруашылығы және оның өнімдері әрі қарай дамытылмай, дағдарысқа ұшырады. Оның себебі большевиктік саяси басқару жүйесі өлкенің экономикалық дамуының бағытын өзгертті, яғни халық шаруашылығының жетекші саласы етіп өнеркәсіп өндірісін белгіледі және оның қарқынын жеделдетті. Кеңес үкіметі экономикалық дамудың объективті заңдылықтарын мүлде жоққа шығарды. Халық шаруашылығының барлық саласы әкімшіл-әміршіл большевиктік басқару әдісіне бағынышты болды. Өлкенің бұл кездегі өнеркәсіп өндірісінің дамуы шын мәніндегі индустриялық даму жолымен жүргізілмеді. Кеңес өкіметі республиканы тек шикізат көзі етіп пайдаланды. Сөйтіп, большевиктер патшалық Ресейдің өлкені экономикалық тұрғыдан отарлау саясатын одан әрі жалғастырды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.