Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мемлекет қызметтері



1.4. Мемлекет қызметтері

Мемлекет қызметі дегеніміз - мемлекеттің алдына қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асырудың басты бағыттары. Мемлекет қызметі олардың қай салада жүзеге асырылатындығына қарай ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі қызметтерге экономикалық, әлеуметтік, қаржылық бақылау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, экологиялық қызметтер жатқызылады.

Мемлекеттің экономикалық қызметі дегеніміз - мемлекеттің экономикасын неғұрлым тиімді жағдайда дамыту жолдарының стратегиялық бағыттарын жасап, реттеп отыру. Мемлекеттің экономиканы реттеу тәсілдерінің негізгі екі түрін атап өтуге болады:

А) нақты және қатаң салық саясаты;

Б) экономиканың басты салаларында шаруашылық жүргізуге барынша қолайлы жағдай тудыру.

Мемлекеттің әлеуметтік қызметі - жалпы адамға қажет игіліктерді өндіруге қатыстылығына қарамастан, қоғамның барлық мүшелері үшін қолайлы өмір сүру жағдайын жасау, тұлғаны әлеуметтік жағынан қорғау.

Қаржылық бақылау қызметі - арнайы мемлекеттік органдардың өнім өндірушілердің тапқан табысы мен кірістерін бақылап, есепке алып отыруы.

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау - мемлекеттік органдардың адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының толық және жеткілікі деңгейде қамтамасыз етілуі мен адам құқықтары жайлы халықаралық конвенцияларда көзделген талаптардың орындалуын қадағалап отыруы.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қызметі - мемлекеттің өзі қабылдаған құқықтық нормаларын қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының орындауын қадағалауы.

Экологиялық қызмет - мемлекеттің адамның денсаулығы мен өмірін қорғауға, оның өзінің, болашақ ұрпақтарының өмір сүретін табиғи ортасын ластанудан сақтап, өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғауға бағытталған қызметі.

Мемлекеттің сыртқы қызметтеріне оның өзге мемлекеттермен және халықаралалық ұйымдармен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуы және сырттан төнген қауіптен Отанды қорғау қызметтері жатады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.