Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯСЫ. Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері



 

Қазақстан Республикасының                                                 Министерство

Білім және ғылым                                                        образования и науки

министрлігі                                                               Республики Казахстан

 

Д. Серікбаев атындағы                                                                     ВКГТУ

ШҚМТУ                                                                           им. Д. Серикбаева

                                                                                                                            

 

БЕКІТЕМІН

Инженерия факультетінің деканы

 

   __________ М. Дудкин

________________2016 ж.

 

ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Дәрістердің қысқаша курсы

 

 

ОСНОВЫ ПРАВА

Краткий курс лекций

 

  Мамандық: ШҚМТУ барлық мамандықтары бойынша
 
 
 

 

Өскемен

Усть-Каменогорск,

 

Дәрістердің қысқаша курсы мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы отырысында дайындалып талқыланды.

 

 

Инженерия факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.

 

Төраға                                                                                             А. Вавилов  

 

______________________ж. №____ хаттама

 

«Қазақстан тарихы және және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының отырысында талқыланды.

 

Кафедра меңгерушісі                                                             Р. Айдарбаева

 

____________________ж. №____ хаттама

 

Әзірлеген

 

Аға оқытушы                                                                             А. Тоқсанбаев

 

Норма бақылаушы                                                                        И.Фазылова

 

 

 

 1 МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯСЫ

   

1.1. Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері

Мемлекет жайлы сөз қозғамас бұрын оның қоғам үшін маңыздылығын ерекше атап өткен жөн, себебі, қоғам саналы адамдардың ерікті түрде біріккен тобы болғандықтан ол өз ішіндегі тәртіпті қамтамасыз ететін арнайы күштің болуын қажет етеді. Бұл арнайы күш қоғам мүшелерінің арасындағы тәртіпті ғана емес оның ары қарайғы даму бағытын да айқындауға міндетті болады, бұл күш мемлекет деп аталады. Мемлекет дегеніміз - өзіне тән басқару аппараты бар, қолында мәжбүрлеуші билікті шоғырландырған, қоғамды ұйымдастыратын және басқаратын арнайы саяси ұйым. Мемлекет өзінің билігін жүзеге асыру үшін арнайы мемлекеттік органдар аппаратын құрады. Бұл аппаратты қамтамасыз ету үшін халықтан алым-салықтар жиналады. Мемлекетті өзге саяси ұйымдардан өзгешелейтін өзіндік белгілері бар:

Біріншіден, мемлекеттің егемендігі бар, яғни мемлекет ешкімге тәуелді емес, ешқандай мемлекеттің араласуынсыз өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асырады. Сонымен қатар, мемлекет билігі нақты өзіне тиесілі аумақта тарайды, оған сол аумақтағы барлық құқық субъектілері бағынышты болады.

Екіншіден, мемлекеттің өзіне тиесілі аумағы болады, осы аумақ шегі арнайы шекарамен айқындалып, өзге мемлекеттер бұл аумаққа өз ықпалын тигізе алмайды. Әрине, осы аумақты мекендейтін халық осы мемлекеттің азаматтары болып табылады және азамат болу арқылы мемлекет алдында нақты құқықтар мен міндеттерге ие болады.

Үшіншіден, мемлекеттің арнайы басқарушы және мәжбүрлеу аппараты болады, оның көмегімен мемлекеттің алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне қол жекізіледі. Сондай-ақ, мемлекет өзінің әскерін, құқық қорғау органдарын және салық жүйесін құрады.

Төртіншіден, тек мемлекет қана жалпыға ортақ және міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.