Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Философиялық немесе түсіндірмелік;



 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Машина-жасау факультеті

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Философия-дүниетанымның бір бөлігі ретінде.

 

 

Орындаған:Кенесова Н.Т

Топ:МВ-19-1

 

Тексерген:Аубакиров Е.Ж

 

 

2020

1. КІРІСПЕ

Философияның басты ерекшелігі - әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын,жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол - дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.

Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде - Қытайда,Индияда, т. б. елдерде, көйінірек антика дәуірінде Греция топырағында қалыптаса бастаған.

Бірақ оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынанмүлдем өзгеше жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, бір географиялық ортаментікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштер сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрган жоқ.

Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нөтижесінде емес, сол ортаны игеру қызметі нәтижесінде, оған дәнекерпі, құрал-саймандарқылы, өзара қоғамдасу арқылы қатынасады, Бұл процесс өзі атқаратын іс-әрекеттерді де, оның объектісін дө және ақырында өзінің кім екенін де белгілі дәрежеде көре білуді, түсіне білуді қажет етеді.

Осыған орай адам табиғатқа, жалпы әлемге солардың тек бір бөліегі ғана емес, олардан біршама бөгделенген, оқшауланған сырт күштер қатынас жасай алады. Сол арқылы ол өзін де өзгертіп, өзініңмүмкіндіктерін ортаның мүмкіндіктерімен ұштастырады, өзіне де сарт көзбен қарай алады. Бұл,

әрине, адамдардың тарихында өзгере беретін жағдай. Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл өлем, тұтас дүние туралы,

ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.

Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы.

Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары - дүние және адам. Олар ажырамас бірлікте. Яғни, адамнан бөлектенген дүние және табиғат сондай-ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясын, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір бірімен жаңа байланыстақаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады.

Осыдан келіп дүниеге көзқараста, біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, олардың бірлігі туралы, екіншіден, адам және оның дүниедегі орны туралы, ушіншіден, болмыс пен болашақтың мән-жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды.

Дүниетанымның тұтастығын құрастыратын негіз білім. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп,санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады.

 Сенім дегеніміз -дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істегенісінө, ұмтылған мұрат-мақсатына деген бөріктігі. Сенімі берік адамың көзқарасы, дүниетанымы ісіне, ұмтылған мұрат-мақсатына деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниөтанымынақты, ісі қонымды, багыты қашан да айқын.

Дүниеге көзқарастың қалыптасуы табиғи, әлеуметтік және нақты мөдени ортаға төуелді. Дүниегекөзқарасты ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп болады.Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық діни және ғылыми көзқарастар, материалистікжәне идеалистік агымдар араласып жатады.

Ал тарихи тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық жәнефилософиялық түрлері қалыптасты.Ежелгі дәуір мәдениетінің дүниетанымы - миф.

Миф - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия мен ғылымның дін мен моральдың, рационалды әсердің элементтері бар. Ежелгі миф-аңыздар алғашқыадамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей, олардың рөміздік мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны және уақытты әрі игерді, әрі түсінді.

Ағылшын тарихшысы Э. Б. Тайлор мифтердің мынадайтүрлерін атап өтеді:

1. Философиялық немесе түсіндірмелік;

2. Нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтар,



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.