Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЛЕЙКОЗДАР 30



                                                         ЛЕЙКОЗДАР 30

61! Жедел лейкоздың қандай түрінде жүйке жүйесінің закымдануы жиі бақалады?

* Монобластты

* Миелобластты

*+Лимфобластты

* Промиелоцитарлы

* Миеломонобластты

 

62! 28 жастағы ер адам ЖРВИ-дан кейін әлсіздік, температура жоғарылауына, жүрек соғуына, мұрнынан қан кетуге шағымданады. Объективті: тері жабындысы бозарған, кеудесінде, ішінді, белінде петехиалды жұлдызшалы дақтар. Жүрек тондары анық, тахикардия. Пальпацияда көкбауырдың ауру сезімінсіз, шеті аңықталады.ЖҚА: эр-2,5 млн., Нв-85 г/л, ТК-0,9, лейк-14,2 мың., бласттар -40%, таяқ-5%, сегм-34%, эоз-1%, лимф-20%, тромб-38 мың., ЭТЖ -40 мм/сағ. Барлық цитохимиялық реакциялар теріс.

Төмендегі аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША ықтимал?

* Жедел  миелобластты лейкоз

* Жедел лимфобластты  лейкоз

* Жедел  монобластты  лейкоз

* Жедел  промиелоцитарлы  лейкоз

*+Жедел  дифференцирленбеген лейкоз

63! 68 жастағы ер кісі әлсіздікке, терлегіштікке, жүру кезіндегі ентігуге, сүйектердегі ауру сезіміне шағымданады. Объективті: терісі сұр петехиялды-нүктелі бөртпелермен. Аңқасы гиперемирленген, миндалиналар қызарған. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығып тұр, көкбауыры кіндіктен 2 см төмен, тығыз, ауру сезімді. Қанда: эр-2,7 млн., Нв-90 г/л, ТК-1,0, лейк-122 мың., бласттар-19%, промиелоциттер-7%, миелоциттер-17%, метамиелоциттер-10%, таяқшалар-4%, сегмент-22%, эоз-9%, базоф-7%, лимф-5%, тромб-49 мың. ЭТЖ -39 мм/с.

Төменде аталған қандай зерттеу әдісі аса ақпаратты?

* Трепанобиопсия

* Көкбауыр пункциясы

* Стернальды пункция

* Цитохимиялық зерттеу

*+Цитофлуориметриялық зерттеу

64! 52 жастағы ер кісі әлсіздікке, сол жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, терінің қышынуына, мұрынынан қан ағуға, арықтауға шағымданады. Объективті: терісі бозарған, сарғыш реңмен. Мойын, бұғана үсті және бұғана асты, қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, қозғалмалы, ауру сезімінсіз. Бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, көкбауыры кіндіктен 4 см төмен. Қанда: эр-2,3 млн., Нв-76 г/л, ТК-1,0, ретикулоциттер-12%, лейк-82 мың., т/я-2%, с/я-18%, лимф-80%, тромб-47 мың., ЭТЖ-42 мм/с. Билирубин тура емес фракцияға байланысты жоғарылаған.

Төмендегі жалпы қан анализіндегі көрсеткіштердің қайсысы болжама диагнозды дәлелдеуге негіз болады?

* Жолли денешіктері

* Гейнц денешіктері

* Кебот жүзікшелері

*+Боткин-Гумпрехт көлеңкесі

* Березовский-Штернбергер жасушалары

 

65!  Қай ауруға қан анализінің суреті тән: эр - 3,5 мың., Нb - 106 г/л, ТК - 0,9, лейк - 37,9 мың., т/я - 0%, с/я- 8%, лимф - 90%, мон - 2%, тромбоциттер - 207 мың. ЭТЖ - 51 мм/с?

* Жедел лейкоз

* Агранулоцитоз

* Лимфогранулематоз

* Апластикалық анемия

*+Созылмалы лимфолейкоз 

 

66! 26 жастағы ер кісі әлсіздік, қызыл иектін қанауына, мұрынынан қан кетуге шағымданып түсті. Тексеру кезінде: мойын, қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы, аздаған спленомегалия. Қанда: бластты жасушалар -47%, сегментоядролы лейкоциттер-29%, лимфоциттер-18%, моноцит-6%. Гликогенге цитохимиялық реакция - оң.

Мына диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы ықтимал?

* Созылмалы лейкоз

*+Жедел  лимфобластты лейкоз

* Миелодиспластикалық синдром

* Жедел лимфобластты емес лейкоз

* Жедел дифференцирленбеген лейкоз

 

67! 36 жастағы ер кісіде гемограммада өзгерістер анықталды: лейкоциттер-78х109/л, промиелоциттер-3%, миелоциттер-8%, метамиелоциттер-12%, т/я-21%, с/я–41%, базофилдер–3%, эозинофилдер–6%, лимфоциттер–6%, тромбоциттер–784х109/л, Нв–114 г/л. Миелограммада: гипержасушалық, миелокариоциттер мен мегакариоциттер құрамының жоғарылауы, гранулоцитарлы қатардың барлық элементтері анықталады.

Төмендегі диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы ықтимал?

* Созылмалы миелолейкоз бластты  криз фазасы

*+Созылмалы миелолейкоз созылмалы фазасы

* Эссенциальды тромбоцитопения

* Идиопатикалық миелофиброз

* Шынайы полицитемия

 

68! Салмағы, артериальды қан қысымы жоғары және спленомегалиясы бар 53 жастағы науқастың қанында мынадай өзгерістер анықталды: эритроциттер-6,9х1012/л, Нв-198 г/л, ТК-0,9, лейкоциттер-11,3х109/л, т/я-7%, с/я-60%, эозинофилдер-4%, лимфоциттер-25%, моноциттер-4%, тромбоциттер-480х109/л, ЭТЖ-1 мм/с.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы ықтимал ?

*+Эритремия

* Пиквик синдромы

* Гемоглобинопатия

* Миеломды ауру

* Салыстырмалы эритроцитоз

 

69! Дәрігерге жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясының жиі туындауына байланысты 68 жастағы ер кісі қаралды. Тексеру кезінде лимфоаденопатия, спленомегалия, гепатомегалия, қанда лимфоциттердің абсолютті көлемі - 14 х 109/л, миелограммада лимфоциттер көлемі 35%, коэкспрессия CD5, CD19, CD23, бірақ CD20 – әлсіз экспрессиясы.

Қандай диагноз БАРЫНША болуы ықтимал?

* Көкбауыр лимфомасы

* Перифериялық лимфа түйіндерінің лимфосаркомасы

* Лимфогранулематоз

* Лимфа түйіндерінің туберкулезі

*+Созылмалы лимфолейкоз

 

70! 22 жастағы ер кісі жалпы әлсіздікке, қызыл иектерінің қанауына, тамақтағы ауру сезіміне, мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюына шағымданады. Қанда гемоглобин - 54 г/л, эритроциттер - 2 х 1012/л, лейкоциттер - 76 х 109/л, тромбоциттер – 50 х 109/л, ЭТЖ - 64 мм/час, бластты жасушалар - 47%, сегментоядролы - 29%, лимфоциттер - 18%, моноциттер - 6%. Жедел лейкоз диагнозы қойылды. 

Төмендегі аталғандардың қайсысы диагнозды БАРЫНША негіздейді?

* Анемия

*+Бластемия

* Лейкоцитоз

* ЭТЖ жоғарылауы

* Тромбоцитопения

 

71! 30 жастағы ер кісі бір ай көлемінде ауырады. Жалпы әлсіздік, мұрыннан және қызыл иектен қан кету мазалайды. Объективті: тері жабындылары мен шырышты қабаттардың бозаруы, интоксикация, температура - 38,5 °С. Жалпы қан анализінде гемоглобин - 40 г/л, эритроциттер - 2 х 1012/л, лейкоциттер - 0,8 х 109/л, тромбоциттер - 50 х 109/л, ЭТЖ - 41 мм/сағ, лейкоцитарлы формуланы есептеу мүмкін емес.

Төменде көрсетілгендердің қайсысы диагностикадағы келесі қадам болып табылады?

* Қанды стерильділікке тексеру

* Шиллинг тесті

*+Стернальды пункция

* Протеинограмма

* Қансарысуындағы темірді зерттеу

 

72! 62 жастағы ер кісі дәрігерге тершеңдік, жалпы әлсіздік шағымдарымен қаралды. Тексеру кезінде бұғана асты, қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы, ауру сезімсіз, қозғалмалы, қамырлы консистенциялы, әлсіз спленомегалия анықталды. Қанда гемоглобин - 86 г/л, эритроциттер - 2,6 х 1012/л, түстік көрсеткіш - 1,0, ЭТЖ - 48 мм/час, лейкоциттер - 72 х 109/л, тромбоциттер - 110 х 109/л,  лейкоцитарлы формулада таяқша ядролы - 1%, сегментядролы - 16%, лимфоциттер - 79%, моноциттер - 4%. 

Қандай диагноз БАРЫНША болуы ықтимал?

*+Созылмалы лимфолейкоз

* Лейкемоидты реакция

* Созылмалы миелолейкоз

* Идиопатиялық миелофиброз

* Жедел лимфобластты лейкоз

 

73! 34 жастағы әйелде иммунофенотипирлеу кезінде жедел лимфобластты лейкозга күдіктенді, бластты жасушалардың мембранасында келесі антигендер анықталды: CD 19, CD20, CD21, CD79.

Науқаста жедел лимфобластты лейкоздың қандай клиникалық варианты?

*+В-жасушалы

* Т-жасушалы

* NK- жасушалы

* Аралас-жасушалы

* Дифференцирленбеген

 

74! 34 жастағы әйел үдемелі әлсіздікке, тамағындағы ауру сезіміне, қызыл иектен қан ағуына шағымданады. Тері жабындылары бозғылт көптеген петехиялармен және экхимоздармен. Миндалиналарда некротикалық ошақтар бар. Жақасты лимфа түйіндері және көкбауыры палпацияланады. Қанда: эритроциттер - 2,3 млн., Нв - 73 г/л, лейкоциттер – 24 мың., бластты жасушалар - 98%, с/я - 2%, тромбоциттер – 35 мың., ЭТЖ - 53 мм/с. Цитохимия: миелопероксидазаға реакция оң. Иммунофенотипирлеу: CD11, СD13, CD14, CD15. 

Төмендегі диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?

* Созылмалы миелолейкоз

* Созылмалы лимфолейкоз

* Жедел лимфобластты лейкоз

* Миелодиспластикалық синдром

*+Жедел лимфобластты емес лейкоз

 

75! 20 жастағы қыз әлсіздікке, ұйқышылдыққа, сүйектердегі ауру сезіміне, температурасының жоғарылауына шағымданады. Тексеріс кезінде: терісі бозғылт, петехиялар, жақасты, бұғанаасты, мойын, қолтықасты лимфа түйіндері тығыз, ұлғайған, пальпацияланады, аздаған спленомегалия. УДЗ де –абдоминальды және құрсақтан тыс лимфа түйіндерінің ұлғаюы. ЖҚА: Нв -87 г/л, эритроциттер - 3,0х1012/л., лейкоциттер – 25х109/л., бластты жасушалар - 47%, сегментоядролы - 29%, лимфоциттер - 18%, моноциттер - 6%, тромбоциттер – 110х109/л., ЭТЖ – 45 мм/сағ.

 Қай зерттеу әдісі БАРЫНША диагнозды дәлелеуге және болжамын анықтауға көмектеседі?

* Лимфа түйіннің пунктатын зерттеу

* Сүйек миының цитохимиялық зерттеуі

*+Сүйек миы жасушаларының иммунофенотипирлеуі

* Сүйек миын иммуногистохимиялық зерттеу

* Лимфа түйінінің пунктатын иммуногистохимиялық зерттеу

 

76! Ер адам 40 жаста, арықтау, қызба, лимфа түйіндерінің үлкеюі, түнгі тершеңдік, құрғақ жөтел анықталды. Қарап тексеру кезінде: беттің және мойынның ісінуі анықталды. ЖҚА: Нв-78 г/л, эритроциттер-3,6х1012/л, лейкоциттер-40х109/л, ЭТЖ–60 мм/сағ. Кеуде қуысы ағзаларының КТ жасалынған: кеуде лимфа түйіндерінің және өкпе түбірінің айқын гиперплазиясы, перикардит. Құрсақ қуысының УДЗ:  гепатоспленомегалия, ұйқы безі маңы лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Құрсақ қуысының КТ: парааортальды лимфа түйіндерінің ұлғаюы, гепатоспленомегалия. Мойын лимфа түйінінің биопсиясы: Березов – Штернберг жасушасы

 Төменде берілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША дұрыс?

*  ВИЧ-инфекция

*  Өкпе туберкулезі

*  Миеломды ауру

* +Лимфогранулематоз

*  Созылмалы  лимфолейкоз

 

77! 40 жасар ер кісіде қалтырау, түңгі тершеңдік, лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталады. Қан анализінде: лейкоцитоз, анемия, СОЭ көтерілуі. Кеуде клеткасының КТ-сы жасалынған: кеуде лимфа түйіндерінің және өкпе түбірінің айқын гиперплазиясы, перикардим. Құрсақ қуысының УДЗ-сы: гепатоспленомегалия, ұйқы безінің лимфа түйінінң ұлғаюы. Құрсақ қуысының КТ-сы: парааортальды лимфа түйінің ұлғаюы, гепатоспленомегалия. Лимфа түйінінің мойындық биопсиясында: Березов-Штернберг клеткасы.

Қандай ең тиімді химиотерапия курсын осы науқасқа жүргізген дұрыс?

*  Гидроксимочевина

*  Цитозардың аз дозасы

*  Цитозар + рубомицин («7+3»)

*  Винкристин + преднизолон + циклофосфан

*+Адриамицин (доксрубицин)+ блеомицин+ винбластин+ дакарбазин

78! 26 жасар ер адам үдемелі әлсіздікке, ентікпе, жүрек қағысына, жиі мұрнынан қан ағуға, дене қызуының 380С дейін көтерілуіне шағымданады. 2 айдан бері ауырып келеді. Ракеталық әскери бөлімде қызметін өтеген. Обьективті: терісі және көзге көрінер кілегей қабаты бозғылт, терілік геморрагия. Қан анализінде: эр-1,8 млн., Нв-56 г/л, ЦП-0,93, лейк-2,1 мың., таяқ-2, сегм-68, эоз-4, лимф-34, мон-2, ЭТЖ - 45 мм/с.

Төменде берілген емдік әдістің қайсысы ең тиімді?

* Преднизолон тағайындау

* Цитостатиктер тағайындау

* Темір препараттарын тағайындау

* Анаболикалық гормондарды тағайындау

*+Аллогенді қызыл сүйек майын трансплантациялау

 

79! Берілген циотостатикалық препараттардың ішіндегі қайсысы бластты лейкозды клеткаға ең әсері тиімді?

* Цитозар

* Лейкеран

* Метотрексат

* Циклофосфан

*+Альфа-аспарагиназа

 

80! Әйел адам 58 жаста душқа түскен кезде кушейетин денесінің қышуы мазалайды. Объективті:терінің қызаруы. ЖҚА: эритроциттер-5,8 млн., НВ-178 г/л, Ht -54, лейкоциттер-6,8 мың., тромбоциттер-490 мың., ЭТЖ-2 мм/сағ. Миелограммада: панмиелоз.

Қандай ем БАРЫНША тиімді?

*+Қан ағызу

* Эритроцитоферез

* Монохимиотерапия

* Полихимиотерапия

* Радиоактивты фосформен 32Р емі

 

81! 20 жастағы бластемиясы бар əйел адам полихимиотерапия емнің нәтижесінде қандағы зәрлік қышылының құрамы 0,7 г/л (қалыптыда 0,3 г/л).

Емнің нәтижелі болуына қандай препаратты қосу қажет?

* Фуросемид

* Ибупрофен

* Преднизолон

*+Аллопуринол

* Глюкоза

 

82! 65 жастағы ер адам гематологта лимфолейкоз диагнозымен бақылауда тұрады. Соңғы ЖҚА лейкоцитоздың нәтижесінде бластты клеткалар пайда болды.

Қандай ем тактикасы БАРЫНША дұрыс?

* Спленэктомия

* Сәулелік терапия

* Лимфоцитаферез

*+Полихимиотерапия

* Монохимиотерапия

 

83! 42 жастағы ер адам түскен кездегі шағымы жалпы әлсіздік, сол жақ қабырғадағы ауру сезімі, дене қызуының көтерілуі - 37,6°С. Бауыр қабырға доғасынан 5 см шығып тұр. Иммунофенотипирленгенде Рh-хромосома анықталды. Емдік жоспар басталды, осыған байланысты дененің төменгі бөліктерінің ісінуі пайда болды.

Қандай препарат жанама әсер көрсетті?

* Цитозин-арабинозид

* Гидроксимочевина

* Альфа-интерферон

*+Иматиниб

* Миелосан

 

84! Іә жастағы ер адам айқын әлсіздік, түнгі уақытта мазалайтын терлегіштік, құрғақ жөтел, дем жетпеу; дене температурасының 390С дейін көтерілуі, дене салмағының төмендеуіне шағымданады. Об-ті: лимфа түйіндері ұлғайған, пальпациялағанда ауру сезімсіз. ЖҚА: эритроциттер-3,6 млн., Нв-113 г/л, ТК-0,94, лейкоциттер-8,8 мың., п/я-10%, с/я-66%, лимфоциттер-14%, моноциттер-3%, тромб-350 мың., ЭТЖ-58 мм/с. Лимфа түйіндерді пунктат жасаған кезде: Березовского-Штернберга жасушалар анықталды.

Қандай емдеу тактикасы БАРЫНША дұрыс?

* Сәулелік терапия 

* Монохимиотерапия

*+Полиохимиотерапия

* Антибактериалды терапия

* Сүйек миының трансплантациясы

 

85! 68 жастағы әйел жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. ЖҚА: эритроциттер-2,8 млн., Нв-87 г/л, лейкоциттер-45,1 мың., п/я-15%, с/я-11%, лимфоциттер-1%, базофилдер-18%, эозинофилдер-1%, промиелоциттер-22%, бластты жасушалар - 6%, тромб-43 мың., ЭТЖ-42 мм/сағ.

Қандай ем тактикасы БАРЫНША тиімді?

* Спленэктомия

* Сәулелік терапия

*+Полихимиотерапия

* Интерферонотерапия

* Сүйек миының трансплантациясы  

 

86! 73 жастағы ер адамның ЖҚА-да: эритроциттер-3,1 млн., Нв-90 г/л, лейкоциттер-189 мың., т/я-17%, с/я-10%, лимфоциттер-2%, базофилдер-15%, эозинофилдер-7%, промиелоциттер-19%, метамиелоциттер-12%, тромб - 97 мың, ЭТЖ-37 мм/сағ; цитогенетикалық анализде филадельфиялық хромосома.

Төменде аталған миелосан мөлшерінің қайсысы БАРЫНША дұрыс?

* 2 мг

* 4 мг

* 6 мг

*+8 мг

* 10 мг

 

87! 19 жастағы қыз балада ЖҚА: эритроциттер-3,7 млн., Нв-92 г/л, лейкоциттер-200 мың., т/я-24%, с/я-9%, лимфоциттер-2%, базофилдер-10%, эозинофилдер-3%, промиелоциттер-17%, тромб-102 мың., ЭТЖ-47 мм/сағ; ультрадыбысты зерттеуде – көк бауыр көлемі 42 см2.  Төменде аталған препараттардың қайсысын БАРЫНША емге қосуға тиімді?

*+Альфа-2-интерферон

* Гексафосфамид

* Миелобромол

* Винкристин

* Миелосан

 

88! 43 жастағы ер адам созылмалы панкреатит бойынша стационарда ем алған. Тексеру барысында ЖҚА: Нв-117 г/л, эритроциттер-4,0х1012/л, лейкоциттер-22∙109/л, лимфоциттер-87%, моноциттер-13%, тромбоциттер-183х109/л, ЭТЖ–22 мм/сағ. Миелограммада – лимфоцит 39%.  

Қандай ем тактикасы БАРЫНША тиімді?

* Сәулелік терапия

* Полихимиотерапия

* Монохимиотерапия

*+Динамиқалық бақылау

* Сүйек миының трансплантациясы 

 

89!  Спленомегалия, қызба, лимфа түйіннің пунктатында диффузды лимфалық пролиферациясы және қанда абсолютті лимфоцитозы бар 36 жастағы әйелге БАРЫНША тағайындау қажет:

* Спленэктомия

* Лимфоцитаферез

*+Полиохимиотерапия

* Сүйек кемігінің трасплантациясы

* Глюкокортикостероидты терапия



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.