Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ТШҚ синдромы 30



ТШҚ синдромы 30

31! ТШҚ-синдромында гипокоагуляциялы фазаның лабораторлы көрсеткіші?

* Бірен- саран фрагменттелген эритроциттер

* Этанол тестінің теріс нәтижесі
* Фибриноген көлемінің өсуі
* Тромбоциттер санының өсуі
*+Фибриноген көлемінің төмендеуі

 

32! ТШҚ-синдромында гиперкоагуляциялы фазаның лабораторлы көрсеткіші?

* Лейкоциттер санының өсуі

* Фибриноген көлемінің өсуі
*+Этанол тестінің оң нәтижесі

* Этанол тестінің теріс нәтижесі

* Тромбоциттер санының өсуі

 

33! ТШҚ-синдромында полиорганды жетіспеушіліктің негізгі себебі болып табылады?

* Тромбинмен өмірге қажетті органдардың плазмалық мембранасының бітелуі

*  Фибриногеннің деградация нәтижесінде тіндеодің тыныс алуының тежелуі

* +Тіндер мен мүшелердің микроциркуляторлы бөгемесі

*  Тромбинмен лизосомды  мембрананың зақымдануы

*  Иммунокомплексты синдром

34!Төмендегі келтірілген көрсеткіштердің қайсысы ТШҚ-синдромының диагностикалық критериі болмайды?

*+Виллебранд факторы

* Эуглобулинды лизис

* Протромбинды индекс

* Фибрин-мономерлі комплекстер

* АЧТВ

 

35! 26 жастағы ер адам ІІІ дәрежелі күйікпен түсті. Жалпы жағдайы ауыр, терісі бозғылт. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 110 мин. АҚ– 70/50 мм.рт.ст. 2-ші тәулікте мұрнынан қан кету, гематома мен анурия пайда болды, ЖҚА: Нв–70 г/л, эр–2,6х1012, лейкоциттер–12,5х109, тромбоциттер- 40х109/л, ЭТЖ-46 мм/сағ. Коагулограммада: АПТВ-35 с, фибриноген – 1,2 г/л. ЖЗА: белок – 2,5 г/л, лейк.-3-4, эритр. - 8-9 к.а.

Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы науқаста БАРЫНША дамыды?

* Аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпура

* Екіншілік геморрагиялық васкулит

*  Апластикалық анемия

*  Гломерулонефрит

* +ТШҚ синдромы

 

 

36! 35 жастағы әйел адам қынаптан қан аралас бөлінділерге, қалтырау, температураның 39,6ºС жоғарлауына шағымданады. Анамнезінде – қылмысты жүктілікті үзу. Қарау кезінде: инъекция жасалған жерінде қанталау іздері. ЖҚА: эр-2,3 млн., Нв-63 г/л, тромб-150 мың. Коагулограмма: АКТ-12 мин, АПТВ-76 сек, фибриноген-6,3 г/л, этанол және протаминсульфатты тест оң. ПДФ-0,4 г/л, антитромбин III-67%, эфа уы тестінде - гиперкоагуляция.

Терапияның эффективтілігін бағалауда төменде көрсетілген гемостаз көрсеткіштерінің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?

* Фибриноген

*  Тромбоциттер

*  Этанол тесті

* +Антитромбин III

*  Протаминсульфатты тест

 

37! 65 жастағы ер адамда үлкен ошақты миокард инфарктан 2 күннен кейін жедел өкпе артериясының тромбоэмболия симптомы дамыды. Объективті: акроцианоз, терісі «мрамор» тәрізді, салқын тер. Өкпесінде крепитация, ұсақ көпіршікті сырылдар. Пульс жіп тәрізді. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 130 рет мин., АҚ 70/50 мм сб б. ЖҚА: Эр-2,2 х1012, Hв-80 г/л, Тр-120х109. Коагулограмма: КТУ-3 мин, КФК-40 сек, АКГ-10 мин, протромбинді уақыт-20 мин, фибриноген-4,8 г/л, этанол тесті ++, антитромбин III-65%.

Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысы берілген асқынудың БАРЫНША себебі болуы ықтимал?

* Емізік тәрізді бұлшықеттің жұлынуы

* Дресслер синдромы

* Жедел пневмония

* Жедел анемия

*+ТШҚ-синдромы

 

38! 65 жастағы ер адамда үлкен ошақты миокард инфарктан 2 күннен кейін, жедел өкпе артериясының тромбоэмболия симптомы дамыды. Объективті: Акроцианоз, теріәсі «мрамор» тәрізді, салқын тер. Өкпесінде крепитация, ұсақ көпіршікті сырылдар. Пульс жіп тәрізді. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 130 рет мин., АҚ 70/50 ммртст. ЖҚА: Эр-2,2 х1012, Hв-80 г/л, Тр-120х109. Коагулограмма: КТУ-3 мин, КФК-40 сек, АКГ-10 мин, протромбинді уақыт-20 мин, фибриноген-4,8 г/л, этанол тесті ++, антитромбин III-65%.

Гемограмма ТШҚ-синдромының қай сатысына сәйкес келеді?

* III

* IV

* V

* II

*+I

 

39! 40 жастағы ер адам терминальды созылмалы бүйрек жетіспеушілігі сатысында бүйрек амилоидозымен асқынған өкпе туберкулезімен зардап шегеді. Мұрнынан қан кетуге, тері геморагияларына, меленаға шағымданады. ЖҚА: тромбоцитопения, анемия – жағынды да көптеген фрагменттелген эритроциттер. ЭФГДС: жедел эро­зиядан қан кету.

Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысы геморрагиялық синдромның БАРЫНША себебі болуы мүмкін?
* Липоидты-нефротикалық синдром

* Айқын холестеринемия

* Артериальды гипертония

* Айқын протеинурия

*+ТШҚ-синдромы

 

40! 45 жастағы ер адам ДТП-дан кейін бас ми жарақатымен жеткізілді. Жалпы жағдайы ауыр, есі жоқ. ЖСЖ-130 мин, АҚ- 80/50 ммрт.ст. ЖҚА: Нв–74 г/л, эр–2,0х1012/л, лейкоцит–15,5х109, тромбоцит- 60х109/л, ЭТЖ-45 мм/сағ. Коагулограмма: коагуляционды тестің әр-түрлі бағытта ығысуы, тромбоцитопения, антитромбин III төмендеуі, 4 - фактордың жоғарылауы.

Коагулограммдағы өзгеріс ТШҚ қай фазасына сәйкес келеді?

*  Ауыр асқыну фазасы және летальды сатысы  

*  Қайта қалпына келу фазасы

*  Гиперкоагуляция сатысы

*  Гипокоагуляция сатысы

* +Өтпелі  фазасы

 

41! Инфекционды эндокардитпен зардап шегетін 30 жастағы әйел 1,5 айдан бері мұрнынан, иектен қан кетуге, терісіндегі геморрагиялық бөртпеге шағымданады, олар ауырлық дәрежесіне байланысты үдеуде. Соңғы рет транзиторлы ми қан айналым бұзылысы  болған. ЖҚА: тромбоцит – 350,0 мың, фибриноген 3 г/л, қан ұю уақыты- 3 мин., АКТ– 9 сек., протромбин уақыты -17 сек, антитромбин III -90 %, фибриннің деградация өнімі тесті (ПДФ) +++, фибринолитикалық активтілік айқын төмендеген. 

ТШҚ-синдромың БАРЫНША қандай  ағымы болуы мүмкін?

* Жедел

* Жеделдеу

* Латентті

*+Созылмалы

* Рецидивтеуші

 

42! Трансмуральды инфаркт миокардымен жатқызылған 67 жастағы ер адамда 4-тәулікте эпигастрий аймағында ауру сезімі пайда болды. Тағы 3 күн кейін жүрек айну, «кофе» тәрізді құсу, терісінде геморрагиялар, инъекция орындарынан қан кету байқалды.

ТШҚ-синдромды анықтауда төменде көрсетілген қандай зерттеу әдісі  БАРЫНША көмектеседі?

*+Коагулограмма

*  Нәжісті жасырын қанға зерттеу

*  Қаннын КЩС –ты анықтау

*  Құсық бөлінділерін зерттеу

*  БҚА (биохимиқалық қан анализі)

 

43! 26 жастағы ер адам III дәрежелі күйікпен түсті. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, терісі бозарған. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 110 мин. АҚ- 70/50 мм с.б.б. Екінші тәуліктен бастап мұрнынан қан кету, гематома, олигурия пайда болды. ЖҚА : Нв–70 г/л,    эритроциттер –2,6х1012, лейкоциттер –12,5х109, тромбоциттер - 40х109/л, ЭТЖ - 46 мм/сағ. Коагулограмада: АПТВ-35 с, фибриноген – 1,2 г/л.

Бүйректің қан айналымын жақсартып, ТШҚҰ синдромы көрінісінің азайту мақсатында қандай препарат БАРЫНША тағайындалады?

*  Дротаверин бұлшықетке

*  Седуксен бұлшықетке

*  Адреналин тер астына

* +Допамин тамшылап көк тамырға

*  Морфин көк тамырға

 

44! 60 жастағы әйел көп мүшелердің жетіспеушілігімен ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылардың айтуынша 4 күн құлаған үйдің астында басылып қалған. Есі анық емес, тежелген. Тері қабаты бозарған, суық, бүкіл денесі көгерген. Айқын тері қабаты мен сүйек – буындарының зақымдалуы байқалмаған. Өкпесінде әлсіреген тыныс. ЖСЖ – 127 мин, АҚ – 70/50 мм.с б.б. Пальпация кезінде іштің алдыңғы қабатының бұлшықетіне күш түскен. Катетеризация жасағанда инеде қан ұйыған.

Берілген жағдайда науқасты жүргізудің қандай тактикасы БАРЫНША дұрыс?

* Психоэмоциональды стресс жағдайына байланысты седативті терапия тағайындау.

* Медикаментозды терапия басталғанға дейін комплексті зерттеу жүргізу.

*+Тез арада шокқа қарсы қан алмастыру инфузия және ГКС терапиясы

* Мидың қан айналу жұмысын жақсартатын препарат тағайындау

* Толық эмоциональды және физикалық тыныштық

 

45! 20 жастағы қызға қан құйылғаннан кейін анафилактикалық шок дамыды, соның фонында ЖБЖ (ОПН)  симптомдары дамыды. Коагулограмада: тромбоцитопения, антитромбин III төмендеуі, этанол тестінің тез оң болуы.

Жедел бүйрек жетіспеушілігін алдын алу мақсатында қандай ем әдісі БАРЫНША дұрыс?

* Гемодиализ

* Гемосорбция

*+Плазмаферез

* Лейкоцитоферез

* Қан жасушасын ультракүлгін сәулелендіру

 

46! 26 жастағы ер адам III дәрежелі күйікпен түсті. Объективті : Жалпы жағдайы ауыр, терісі бозарған. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 120 мин. АҚ – 70/50 мм.сб.б. 2 ші тәуліктен бастап мұрнынан қан кету, гематома, олигурия пайда болды. ЖҚА : Нв–72 г/л, эр–2,5х1012, лейкоцит –15,5х109, тромбоцит- 45х109/л, ЭТЖ-40 мм/сағ. Коагулограмада: АПТВ-35 с, фибриноген – 1,2 г/л. ЖЗА: белок – 3 г/л, лейк.-3-4, эритр. - 8-9 к.а.

Қандай емдеу әдісі БАРЫНША ықтимал?

* Гемодиализ

* Гемосорбция

*+Плазмаферез

* Лейкоцитоферез

* Қан жасушасын ультракүлгін сәулелендіру

 

47! 18 жастағы жасөспірімде жарақаттан кейін іш перденің гематомасы дамыды. Гемостазиограмада: АЧТВ ұзаруы, АКТ, XI факторының деңгейінің төмендеуі.

Геморрагиялық синдромды басу мақсатында аталған препараттардың қайсысы БАРЫНША кең көлемде тағайындалады?

* Фибринолиз ингибиторы – транексамды қышқыл

* Протромбин комплексінің концентраты

*+Нативты жаңа мұздатылған плазма

* Рекомбинантты фактор VIII/IX

* Криопреципитат

 

48! Ер адам 45 жаста көлік апатынан кейінгі бас ми жарақатымен ауыр жағдайда жеткізілді. Есі жоқ. ЖСЖ -130 рет минутына, АҚ -80/50 мм.с.б. ЖҚА: Нв–74 г/л, эр–2,0х1012, лейкоциттер–15,5х109, тромбоциттер-60х109/л, ЭТЖ-45 мм/сағ. Коагулограммада: тромбоцитопения, коагуляциялық тесттерде әртүрлі бағыттағы ығысулар, антитромбин III төмендеуі,пластинді фактор - 4 жоғарылауы.

Төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША ықтимал ?

*+Жаңа қатырылған плазма

* Жуылған эритроциттер

* Стрептокиназлар

* Тромбоцитарлық масса

* Варфарин

 

 

49! СБЖ байланысты ұзақ уақыт гемодиализ алатын 45 жастағы ер адам кезеңді түрде мұрыннан, қызыл иектің қанауын, геморрагиялық бөртпелерді байқады. Қанда: Эр- 6,5х1012/л, Нв-160 г/л, тромбоциттер – 450,0 мың, фибриноген 5,5 г/л, Ұю уақыты  - 3 мин., АКТ– 9 сек., протромбин уақыты -17 сек, антитромбин III -90 %, паракоагуляциялық тесті +++.

 Гемодилюция мақсатында қандай препарат БАРЫНША тағайындаған дұрыс?

*+Реополиглюкин

* Рингер ерітіндісі

* Натрий хлориді

* Реамберин

* Рефортан

 

50! 45 жастағы әйел суицидальды мақсатпен сілтілі қышқыл ішкеннен кейін өңеш күйігімен жеткізілді. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Құсу «кофе тәрізді қою». Теріде аяқ- қолдарда, көкіректе геморрагиялар байқалады. АҚ –80/50 мм.сб.б. Іштің барлық аймағындағы ауру сезімі. Қанда: Эр – 2,7 *1012/л, Hb– 70 г/л, Тр – 46,0 мың, лейк- 20,8*109/л, п/я–12%, с/я - 57%. ЭТЖ – 2 мм/сағ. Коагулограмада: ҚҰУ- 17 мин., Қан ағудық ұзақтығы – 20 мин., АКГ -20 с, ККВ-63 с, протромбин уақыты - 24 с, ПДФ-26 мкг/мл, фибриноген 1,0 г/л, қан ұйю анықталмайды.

Төменде аталған препараттардың қайсысы ақуыз ыдырауынан өнімдердің токсикалық әсерін азайтады?

*  Аминокапрон қышқылы

* +Контрикал

*  Дицинон

*  Аспирин

*  Клексан

 

51! 45 жастағы әйел суицидальды мақсатпен сілтілі қышқыл ішкеннен кейін өңеш күйігімен жеткізілді. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Құсу «кофе тәрізді қою». Теріде аяқ- қолдарда, көкіректе геморрагиялар байқалады. АҚ –80/50 мм.сын.б.б. Іштің барлық аймағындағы ауру сезімі. Қанда: Эр – 2,7 *1012/л, Hb– 70 г/л, Тр – 46,0 мың, лейк- 20,8*109/л, п/я–12%, с/я - 57%. ЭТЖ – 2 мм/сағ. Коагулограмада: ҚҰУ (ВСК)- 17 мин., Қан ағудық ұзақтығы – 20 мин., АКГ -20 с, ККВ-63 с, протромбин уақыты - 24 с, ПДФ-26 мкг/мл, фибриноген 1,0 г/л, қан ұю анықталмайды.

Препараттардың қайсысы ауру ағымын БАРЫНША асқындырады?

* Протеолитикалық ингибитор  ферменттері

*  Жаңа мұздатылған плазма  

*  Тромбоциттер концентраты

*  Эритроцитарлы масса

* +Гепарин

 

52! 67 жастағы ер адам трансмуральды инфаркт миокардымен ауруханаға жатқызылды. 4-і күні - инфаркт миокардының ауру сезімі сияқты- эпигастрии аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. 3 күннен кейін жүрек айну, «кофе тəрізді қою» құсу, терідегі геморрагия , инъекция жасаған жерден қан ағу пайда болған. Қанда: Эр – 2,4 *1012/л, Нв – 60 г/л, ЦП – 1,0, Тр – 50,0 мың, лейк – 17,8*109/л, т/я – 12%, с/я - 57%. ЭТЖ – 3 мм/сағ. Коагулограмма: ВСК- 8 мин., қан ағу ұзақтығы  – 20 мин., АПТВ – 87 сек., МНО – 5,5, ПДФ +++, фибринолитикалық белсенділік кенеттен төмендеген.

Төменде аталғандардың ішінде қайсысын бірінші кезекте БАРЫНША тағайындау керек?

*  Антиагреганттар

*  Антикоагулянттар

*  Протеаза ингибиторларды

*  Эритроцитарлы масса

* +Жаңа мұздатылған плазма

 

53! Ер адам 35 жаста, нашақор, өкпенің деструктивті жедел стафилококкты пневмониясымен ем қабылдап жатыр. Р-граммада екі өкпесінде сұйыққа толы қуысты көп ірі ошақтар анықталды. Превральды пункциядан –ірің бөліндісі анықталды. ЖҚА: Эр– 3,0 х1012/л, НВ – 80 г/л, ЦП – 0,9, тр– 67,0 мың, лейк – 23,6х109/л. ЭТЖ – 3 мм/сағ. Коагулограммада: ВСК- 8 мин., қан ағу ұзақтығы  – 20 мин., АПТВ – 87 сек., антитромбин III- 60%, ПДФ +++.

Қандай препарат БАРЫНША ТШҚҰ синдромы ағымының асқынуына алып келеді?
* Трасилол 50000-150000 ед
* Тромбоциттердің концентраты
* Эритроцитарлы масса

*+Трентал 0,1 г тамшылап көк тамырға

* Дицинон 2-4 мл

 

54! Ер адам 35 жаста, нашақор, өкпенің деструктивті жедел стафилококкты пневмониясымен ем қабылдап жатыр. Массивы антибиотикотерапия фонында коагулограммада тромбоцитопения анықталды, антитромбин III төмендеуі, этанол тестің кенеттен оң болуы.

Аталған емдеу әдістерінің кайсысы патогенетикалық түрде дәлелденбеген?
* Жаңа мұздатылған плазманың трансфузиясы
* Тромбоцит концентратының трансфузиясы
* Тұзды ерітінділі инфузия
*+Қан құю

* Плазмаферез

 

55! 30 жастағы әйел ауыр жағдайда мынандай шағымдармен келіп түсті: сол жақ аяғының ісінуіне және қызаруына, дірілдеуге, қорқыныш сезіміне, дене температурасының 39,5ºС жоғарылауына, жүрек айнуға шағымданды. Айтуы бойынша 4 сағат бұрын жылан шаққан. Объективті: науқас қозулы. Денесінде геморрагиялық бөртпелер. ЖҚА : эр-2,3 млн., Нв-63 г/л, тромб-150 мың. Коагулограммада: АКТ-12 мин, АПТВ-76 сек, фибриноген-6,3 г/л, этанолды және протаминсульфатты тест оң. ПДФ-0,4 г/л, антитромбин III-67%, эфа уымен тестте - гиперкоагуляция.

Төменде аталған препараттардың қайсысын бірінші кезекте тағайындау қажет?

*  Трентал

* +Гепарин

*  Дицинон

*  Курантил

*  Контрикал

 

56!48 жастағы ер адам клиникаға жол апатынан кейін жеткізілді. Диагнозы:  мықын сүйектерінің көп түрлі сынуы. Травматикалық шоқ III сатысы, постгеморрагиялық анемия. 2 –ші тәулікте науқастың жағдай ауырлаған: айқын тыныс жетіспеушілігі, тахикардия. ЖҚА: эритроциттер-3,1 млн., Нb-66 г/л, тромб-155 мың., ЭТЖ-17 мм/сағ. Гемостаз жүйесі бойынша: тромбиндік уақыт -15 сек, АПТВ-58 сек, фибриноген-7,5 г/л, этанолды және протаминсульфатты тест оң, антитромбин III-92%. Науқасқа гепарин құйылды.

Берілген жағдайда қандай препарат БАРЫНША ықтимал?

* Аспирин

* Дицинон

* Стрептокиназа

* Тромбоцитарлы масса

*+Жаңа мұздатылған плазма

 

57!45 жастағы ер адам жол апатынан кейын бас сүйегі сынуымен жеткізілді. Жағдайы өте ауыр, ес түссіз жағдайда. ЖСЖ -133 р/мин. АҚҚ -80/50 мм.сб.б. ЖҚА: Нв–74 г/л, эр–2,0х1012/л, лейкоциттер–15,5х109, тромбоциттер 60х109/л, ЭТЖ-45 мм/сағ. Коагулограмма: коагуляционды  тесттің әртүрлі бағыттағы ығысуы, тромбоцитопения, антитромбин III төмендеуі, пластинды фактор-4 жоғарылауы. Шокқа қарсы ем тағайындалды.

ТШҚҰ синдромының ауыспалы сатысында науқасқа қандай ем тактикасын БАРЫНША таңдаған дұрыс?

* Антиагреганттарды алып тастау

* Гепаринді енгізуді тоқтату

* Тромбоцитарлы масса енгізу

* Аминокапрон қышқылын қосу

*+Криоплазманы құюды жалғастыру

 

58! Инфекциялық эндокардитпен зардап шегетін 30 жастағы әйел соңғы 1,5 айдаүдемелі мұрнынан, қызыл иектен қан кетуіне, теріде гемморагиялық дақтар пайда болғанын байқайды. ЖҚА: тромбоциттер – 350,0 мың, фибриноген 3 г/л, қан ұйю уақыты- 3 мин., АКТ– 9 сек., протромбин уақыты-17 сек, антитромбин III -90 %, деградациялық фибрин тесті +++, фибринолитикалық активтілік төмендеген.

Төменде аталғандардың қайсысы тағайындауларға қарсы көрсетілген?

* Гепарин

* Трентал

* Контрикал

*+Аминокапрон қышқылы

* Жаңа мұздатылған плазма

59! 30 жастағы ер адам аяғындағы гемморагиялық дақтарға, буындарындағы ұшпалы ауру сезіміне шағымданады. Лабораторлы зерттеуде қан анализінде: этанолды  тест ++, ПДФ-0,6 г/л, антитромбин III-75%, Виллебранд факторы 140% ( нормада 100%).  

Төменде аталған препараттардың қайсысын ем бағдарламасына енгізген БАРЫНША дұрыс?

* Преднизолон

*+Вольтарен

* Колхицин

* Димексид

* Делагил

 

60! 65 жастағы ер адамда ірі ошақты миокард инфарктының 2 –ші тәулігінде өкпе артериясының тромбоэмболиясы симптомы дамыды.  Объективті: акроцианоз, терісі «мрамор» тәрізді, суық тер. Өкпесінде майда көпіршікті крепитациялық сырылдар. Пульсі әлсіз. Жүрек үні тұйықталған, ЖСЖ -130 р/мин, АҚҚ 70/50 мм.рт.ст. ЖҚА: Эр-2,2 х1012, Hв-80 г/л, Тр-120х109. Коагулограммада: ВСК-3 мин, КФК-40 сек, АКГ-10 мин, протромбин уақыты-20 мин, фибриноген-4,8 г/л, этанолды тест ++, антитромбин III-65%.

Төмендегі препараттардың қайсысын БІРІНШІ кезекте тағайындаған тиімді?

*+Гепарин

*  Аспирин

*  Курантил

*  Клексан

*  Варфарин

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.