Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Гематология» блогы бойынша. интерн-терапевттердің Қорытынды Жылдық аттестация жүргізуіне арналған тест тапсырмалары



«Гематология» блогы бойынша

интерн-терапевттердің Қорытынды Жылдық аттестация жүргізуіне арналған тест тапсырмалары

«Қантүзу жүйесінің патологиясы кезіндегі аурулар мен синдромдар»

 

Анемии 30

 

1! Талассемия кезінде тағайындауға қарсы көрсетілген:

* Десферал

*+Феррум-лек

* Аскорбин қышқылы

* Жуылған эритроциттерді құю

* Мұздатылған эритроциттерді құю

 

2! Гемограммада түсті көрсеткіштің төмендеуі қай анемияға тән?

* Апластикалық

* Аутоиммунды

* В12-тапшылықты

*+Темір тапшылықты

* Фолий қышқыл тапшылықты

3! Гипохромды анемиямен 3 жыл бойы бақылауда болған 38 жасар науқаста қақпа венасының тромбозы дамыды.

Бұл көрініс БАРЫНША қай ауруға тән?

* Талассемия

* Теміртапшылықты анемия

* Антифосфолипидті синдром

* Аутоиммунды гемолитикалық анемия

*+Пароксизмальды түнгі гемоглобинурия

4! 72 жасар еркек қабылдау бөліміне жалпы әлсіздік, ентігу, жүрек қағуы, аяқтарын «мақта» тәрізді сезінуімен түсті. Объективті: тері және шырышты қабаттары боз? Сарғыш түстенумен№ Қан талдауында: гемоглобин - 46 г/л, эритроциттер – 1,3 х 109/л, лейкоциттер - 2,3 х 109/л, ТК – 1,1, ЭТЖ - 41 мм/час, базофилдер – 1%, эозинофилдер – 4%, таяқшаядролы – 6%, сегментоядролы – 65%, лимфоциттер – 16%, моноциттер – 8%, тромбоциттер – 110 х 109/л. Миелограммада: мегалобластическалық қан ағу.

Төменде көрсетілген тексерулердің қайсысын жасаған БАРЫНША ақпаратты?

* Кеуде қуысының рентгенографиясы

* Мықын сүйектің трепанобиопсиясы

* Құрсақ қуысының УДЗ

*+Асқазан эндоскопиясы

* ЭКГ

 

5! 47 жасар әйел қабылдау бөліміне жалпы әлсіздік, бас айналу, жүрек қағуымен түсті. Соңғы 1 жылда етеккірі 10 күннен, көп келеді. Объективті: тері мен шырышты қабаттары боз, тырнағы сынғыш, шашы көп түседі. Қанында: гемоглобин - 42 г/л, эритроциттер – 1,9 х 1012/л, ТК – 0,7, ЭТЖ - 36 мм/сағ, лейкоциттер - 5,8х109/л, базофилдер – 1%, эозинофилдер – 2%, таяқшаядролы – 4%, сегментоядролы – 69%, лимфоциттер – 18%, моноциттер – 6%, тромбоциттер – 420 х 109/л,.

Төменде келтірілгендердің қайсысы диагностиканың келесі қадамы болып табылады?

* Коагулограмма

* Шиллинг тесті

* Стернальді пункция

*+Сарысулық темірді анықтау

* Мықын сүйектің трепанобиопсиясы

 

 

6! 55 жастағы ер кісі көп мөлшерде ішімдік қабылдайды. Гиперхромды анемия, эритроциттер макроцитозы, тромбоцитопения, лейкоцитопения, гипербилирубинемия анықталды. Стернальды пунктатты ализаринді қызылмен бояғанда мегалобласттар боялмайды.

Төменде келтірілген анемияның қай түрі дамып жатыр?

* Гемолитикалық

* В12-тапшылықты

* Гипопластикалық

* Теміртапшылықты

*+Фолитапшылықты

 

7! 38 жасар әйел себебі белгісз анемиямен жатқызылды. Қан талдауында: Нв-42 г/л, ТК-0,9, ретикулоциттер-30%, лейкоциттер-7,8х109/л, тромбоциттер-360х109

Төменде келтірілген анемияның БАРЫНША қай түрі дамыған?

* Апластикалық

* В12-тапшылықты

*+Гемолитикалық

* Теміртапшылықты

* Фолитапшылықты

 

8! 26 жасар әйел әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуға, 1 жыл бойы меноррагияға шағымданып түсті. Объективті: тері және шырышты қабаттары боз. Қан талдауында: эритроцит -2,7 млн., Нв-68 г/л, ТК-0,79, лейкоцит-4,3 мың., тромбоцит-220 мың., ЭТЖ-13 мм/сағ, анизо-пойкилоцитоз, қан сарысудағы темір-6,9 мкмоль/л. Миелограммада : сидеробласттар -16%.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысына БАРЫНША сәйкес?

* Сидероахрестикалық анемия

* Фолитапшылықты анемия

*+Теміртапшылықты анемия

* В12-тапшылықты анемия

* Талассемия

 

9! 47 жасар аккумулятор заводының жұмысшысы бас ауру, жүрек айнуы, аузында металдың дәмінің шығуы, кіндік маңыйында толғақ тәрізді ауру сезімі, аяқ-қолдарының бұлшықеттерінің әлсіздігі. Қан талдауында: Нв–89 г/л, ТК-0,8, ретикулоцит-6%, ЭТЖ-8 мм/сағ, базофильді пунктация мен нысана тәрізді эритроциттер, қан сарысуындағы темір- 34 ммоль/л.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысына БАРЫНША сәйкес?

* Теміртапшылықты анемия

*+Темірге қаныққан анемия

* Спастикалық колит

* Гемохроматоз

* Талассемия

10! 18 жасар қыз бала соңғы 4 айда қызыл иектерінің, мұрнының қануы, бел аймағындағы терідегі геморрагиялар, тамағының ауруы, дене температурасының 38 жоғарлауына шағымданып келді. Қан талдауында: Нв-72 г/л, эритроциттер-2,1х1012/л, ТК-0,9, лейкоциттер-2,0х109/л, т/я-1%, с/я-40%, лимфоцит-53%, моноцит-6%, тромбоцит-40х109/л, ЭТЖ-48 мм/сағ.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША тән?

*+Апластикалық анемия

* Гемолитикалық анемия

* В12- тапшылықты анемия

* Теміртапшылықты анемия

* Тромбоцитопеникалық пурпура

 

11! 17 жасар балада атбұршақ жегеннен кейін сарғаю, зәрінің қараюы пайда болды Қанында- коньюгирленбеген гипербилирубинемия, нормохромды анемия, әлсіз лейкоцитоз.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША тән?

* Талассемия

* Микросфероцитарлы анемия

* Қылыш тәрізді жасушалы анемия

* Пароксизмальды түнгі гемоглобинурия

*+Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназы жетіспеушілігі салдарынан дамыған анемия

 

12! 34 жастағы ер адамда аяқ тамырларының қайталамалы тромбозы, қан сарысуында темірдің төмен деңгейі және бос гемоглобиннің жоғарлауы,  панцитопения, миелограммада қызыл өсіндінің тітіркену көрінісімен қосарланған анемияның қандай түрі дамуы БАРЫНША ықтимал?

* Минковский-Шоффар

*+Маркиафава-Микель

* Аддисон-Бирмер

* Фанкони

* Кули

 

13! 19 жастағы жігіт абдоминальді криз және сарғаю клиникасымен түсті. Қанда - ретикулоцитозбен нормохромды нормоцитарлы анемия, ЭТЖ баяулауы; конъюгирленбеген гипербилирубинемия, НвS-гемоглобиннің электрофорезкезінде пайда болуы.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы ықтимал?

* Талассемия

*+Қылыш тәрізді жасушалы анемия

* Минковский-Шоффар ауруы

* Аутоиммунды гемолитикалық анемия

* Пароксизмальді түнгі гемоглобинурия

 

14! 45 жасар 12 елі ішектін жара ауруымен ауыратын ер адамда әлсіздік, бас ауруы, б ас айналуына, нәжісінің қара түсті болуына шағымданып түсті. Қанында– гипохромды анемия.

Дамыған асқынуды анықтауда БАРЫНША ең  ақпаратты әдісті атаңыз?

*+Эндоскопия

* Рентгеноскопия

* Радиоизотопты тексеру

* Асқазан сөлін тексеру

* Нәжісті жасырын қанға тексеру

15! 36 ж ер адам тұмаумен ауырған соң пайда болған бел аймағындағы ауыру сезіміне, қызбаға, зәрінің қараюына, құсуға, әлсіздікке шағымданады. Объективті : терісі бозғылт, субиктерильді. Жүректің ұшында систолалық шу, тахикардия. Ұрғылау симптомы екі жағынан оң. Қан анализінде: эр.-2,1 млн. Нв-63 г/л, ТК-0,9 лейк.-3,4 мың. тромб.-96 мың. ретикулоциттер-6%, ЭТЖ-55 мм/сағ, билирубин-72,8 мкмоль/л, қалдық азот-60,2 ммоль/л. Лейкоцитурия, гемосидеринурия. Сахарозды сынама оң.

 Берілген жағдайда қандай емдеу әдісі БАРЫНША тиімді болып табылады?

* Спленэктомия

* Десфералотерапия

* Қан құю

* Глюкокортикостероидтарды енгізу

*+Жуылған эритроциттерді енгізу

16! Ер кісі 70 жас аяқ-қолдарындағы әлсіздікке, аяғының жаурағыштығына, парестезияларға, қозғалыс координациясының бұзылысына шағымданып түсті. Анамнезінде – асқазанның  резекциясы. Қан анализінде: Нв-70 г/л, эритроциттер 2,0х1012/л, ТК-1,2, лейкоциттер-3,0х109/л, тромбоциттер-140х109/л. В12 витаминотерапия тағайындалған..

Қолайлы нәтижеге жету үшін препараттың ең дұрыс тәуліктік дозасы қандай?

* 200 мкг

* 400 мкг

* 500 мкг

* 800 мкг

*+1000 мкг

 

17! 47 жастағы әйел кісі, қабылдау бөліміне жалпы әлсіздікке, бас айналуына, жүрек қағуына шағымданып түсті. 1 жыл көлемінде етеккірі 10 күн, көп мөлшерде келеді. Объективті: тері және шырышты қабаттары бозғылт, тырнақтары сынғыш және иректелген, шашының түсуі, тахикардия минутына 100 рет, АҚ 110/60 мм.с.б. Қан анализінде: гемоглобин - 62 г/л, эритроциттер - 2,6 х 1012/л, түстік көрсеткіш - 0,7, ЭТЖ - 36 мм/сағ, лейкоциттер - 5,8х109/л, тромбоциттер - 420 х 109/л. Гинеколог консультациясы:жатыр миомасы, 12 апта. Оперативті ем ұсынды.

Науқасқа оперативті ем алдында төменде көрсетілген әдістің қайсысы БАРЫНША тиімді?

* Жаңақатырылған плазма құю

* Парентеральды аскорбин қышқылын енгізу

*+Парентеральды темір препараттарын енгізу

* Парентеральды витамин В12 енгізу

* Фолий қышқылын per os беру

 

 

18! Ер адам 68 жаста қабылдау бөліміне айқын жалпы әлсіздікпен,ентігугмен,жүрек қағуымен, «мақта» тәрізді аяқтарын сезінуімен түсті. 6 жыл бұрын асқазан жарасы бойынша асқазан резекция жасалынған.Объективті:тері жамылғысы бозғылт,шырышты қабаттар сарғыш түсті.Қанда: гемоглобин - 46 г/л, эритроциттер – 1,3 х 109/л, лейкоциттер - 2,3х109/л, түстік көрсеткіш – 1,1, ЭТЖ - 41 мм/сағ, базофильдер – 1%, эозинофильдер – 4%, таяқшатәрізді – 6%, сегменттәрізді – 65%, лимфоциттер – 16%, моноциттер – 8%, тромбоциттер– 110 х 109/л. Миелограммада: қан түзудің мегалобласттық түрі.

Төменде келтірілген қандай емдеу әдісі БАРЫНША  тиімді?

*+В12 витаминінің препараттары

* Аскорбин қышқылы

* Темір препараттары

* Преднизолон

* Десферал

 

19! 44 жасар әйел жалпы әлсіздікке, жүрек қағуға, сарғыштыққа, дене қызуының 37,8°С дейін көтерілуіне шағымданады. Объективті: әлсіз спленомегалия, гемоглобин - 52 г/л, ретикулоциттер – 28%, жалпы билирубин 87 мкмоль/л, тікелей билирубин 15 мкмоль/л, тікелей Кумбс сынамасы оң .

Берілген жағдайда қандай препаратты тағайындаған БАРЫНША маңызды?

* Витамин В12

*+Преднизолон

* Антибиотиктер

* Темір сульфаты

* Урсодезоксихоль қышқылы  

20! Әйел 38 жас іштегі ауру сезіміне, іш қатулармен ауысатын, іш өтулерге, кезеңді түрде құсуларға шағымданады. Қарап-тексергенде жіңішке ішектің дивертикулы, гиперхромды макроцитарлы анемия, неврологиялық симптомдар анықталған.

Аталған препараттардың қайсысын емдеу бағдарламасына қосқан дұрыс?

* Тиогамманы

*+Витамин В12

* Темір сульфаты

* Фолий қышқылы

* Пиридоксальфосфат

 

21! 42 жастағы әйелдің қан анализінде: Нв-62 г/л, ТК-0,91, жалпы билирубин-89 ммоль/л, тікелей билирубин-15 ммоль/л, бос гемоглобин-72 мг/дл (нормада 1 мг/дл), Кумбстың тікелей сынамасы мен Вассерман реакциясы оң, ультрадыбысты зерттеуде – көкбауырдың көлемі - 50 см². 

Қандай ем тактикасы БАРЫНША тиімді?

*+Глюкокортикостероидтарды тағайындау

* Эритроцитарлы массаны құю

* Сүйек тінінің трансплантациясы

* В12 витаминін енгізу

* Десфералотерапия

 

22! Әйел 69 жас асқазанының резекциясынан кейін бір жылдан соң әлсіздік, аяқтарының жансыздануы, үлкен дәреті мен кіші дәретінің ұстамауы мазалайды. Обьективті: аяқ бұлшықеттерінің атрофиясы, терең сезімталдықтың бұзылуы.

Ең тиімді емдеу әдісін таңдаңыз?

* Цианкобаламин 500 мкг, эритромассаны құю

* Цианкобаламин 1000 мкг, эритромассаны құю

* Цианкобаламин 500 мкг  300 мг сорбифермен бірге

*+Цианкобаламин 1000 мкг 500 мкг кобаламидпен бірге

* Цианкобаламин 500 мкг в 100 мг пиридоксальфосфатпен бірге

 

23! 18 жастағы жасөспірімде эритроциттердегі протопорфириннің төмен құрамы, қан сарысуындағы темірдің жоғары деңгейімен гипохромды анемия  анықталды.

Берілген жағдайда аталған препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

*+Пиридоксальфосфат

* Фолий қышқылы

* Темір сульфаты

* Эритромасса

* Витамин В12

 

24! Қанында нормохромды анемия, лейкопения, тромбоцитопения және трепанобиоптатта сүйек тінінің орнын май тінінің басуы бар 52 жастағы ер кісіге БАРЫНША дұрыс тағайындауды көрсетіңіз?

*+Неробол преднизолонмен

* Пиридоксин ретаболилмен

* Темір препараттары С витаминімен

* Фолий қышқылы С витаминімен

* Цианокобаламин темір препараттарымен

 

25! 16 жастағы жасөспірім әлсіздікке, бас айналуына, жүрек қағуына, сарғаюға, зәрінің қараюына шағымданады. Объективті: терісі сарғайған,  көкбауыры қабырға доғасынан 4 см  шығып тұр. Қанында: эритроциттер-3,1 млн., Нв-87 г/л, ТК-0,9, лейкоциттер-7,9 мың., тромбоциттер -220 мың., ретикулоциттер-7%, ЭТЖ-29 мм/сағ. Билирубин-69,1 мкмоль/л, эритроциттердің қалыңдығы -2,8 мкм, микросфероциттер-42%.

Қандай емдеу тактикасы БАРЫНША дұрыс?

* Жуылған  эритроциттерді құю

* Темір препараттарын тағайындау

* Кортикостероидты терапия

* В12 витаминін тағайындау

*+Спленэктомия

 

26! Ретикулоцитозбен  нормохромды анемиясы бар, Кумбс сынамасы оң 38 жастағы әйелде гемолитикалық кризді басу үшін тағайындалады:

* Антиоксиданттар

* Криопреципитат

*+Глюкокортикостероидтар

* Анаболикалық стероидтар

* Жаңа мұздатылған плазма

 

27! Талассемиясы бар 16 жастағы жасөспірімнің қан анализінде лейкопения, тромбоцитопения; ультрадыбысты зерттеуде көкбауырдың көлемі 68 см2 құрайды.

Дамыған асқынуды басу үшін қандай емдеу әдісі БАРЫНША тиімді?

* Жуылған эритроциттердің трансфузиясы

* Темір препараттарымен терапия

* Кортикостероидты терапия

* Десфералотерапия

*+Спленэктомия

 

28! 17 жастағы жасөспірімде  нормохромды  нормоцитарлы  анемия ретикулоцитозбен, тікелей емес  гипербилирубинемиямен, электрофорезде НвS-гемоглобиннің болуы анықталды.

Инфекциялық асқынулардың алдын-алу үшін БАРЫНША не жүргізу қажет:

* Жуылған эритроциттерді құю

* Инфекция ошақтарын санациялау

* Фолий қышқылын қабылдау

* Антибиотиктерді қабылдау

*+Вакцинация

 

29! 42 жастағы әйелде лабораторлы зерттеулерде қан анализінде: Нв-62 г/л, ТК-0,91, жалпы билирубин-89 мкмоль/л, тікелей билирубин-15 мкмоль/л, бос гемоглобин-72 мг/дл (нормада 1 мг/дл), Кумбстың тікелей сынамасы және Вассерман реакциясы оң; ультрадыбысты зерттеуде - көкбауыр көлемі - 50 см2

Қандай емдеу әдісі БАРЫНША тиімді?

*+Глюкокортикостероидтарды тағайындау

* Сүйек тінін трансплантациялау

* Эритроцитарлы массаны тағайындау

* В12 витаминін енгізу

* Десфералотерапия

30! 47 жастағы ер адамда лимфаденопатия, ЖҚА абсолютты лимфоцитоз, сүйек кемігінде диффузды лимфатикалық гиперплазия, емдеу барысында ретикулоцитоз, тромбоцитопения, гипербилирубинемия, оң Кумбс сынамасы анықталды.

Қандай емдеу жоспары осы жағдайда ең тиімді?

* Полихимиотерапияны жалғастыру

* Спленэктомия жүргізу

* Тромбомасса трансфузиясы

*+Преднизолон тағайындау

* Плазмаферезді қосу  



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.