Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сарапшылық зерттеуге арналған үлгі



4. Сарапшылық зерттеуге арналған үлгі

 

Сот сараптымы объектілерінің ішінде сарапшылық зерттеу үшін үлгілер үлкен рөл атқарады. Сондықтан да, сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алудың іс жүргізу реттемелеуі ҚІЖК-нің жеке тарауында көрсетілген.

Үлгілерге жататындар: 1) заттай дәлелдемелердің көшірмелері; 2) ұқсас заттар (заттай ділелдемелердің орнын ауыстырғаштар), соңғылармен жалпы тектік белнілері болады; 3) салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер. Заң әдебиеттерінде, негізінен, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер жөнінде айтылады. Бұл дәл осындай объектілердің сарапшылық зерттеулерде көбірек кездесетінімен түсіндіріледі.

ҚІЖК-нің 256-бабы 2-бөлігінде үлгілер ретінде, атап айтқанда:

1) қан, ұрық, шаш, қиып алынған тырнақ, дененің сыртқы бетінің микроскопиялық қорытындылары;

2) сілекей, тер және басқа бөлініп шығатындар;

3) тері бетінің ізі, тістің қалыбы;

4) қолжазба мәтін, бұйымдар, адамның дағдысын бейнелейтін басқа материалдар;

5) дауыс фонограммасы;

6) материалдардың, заттардың, шикізаттың, дайын өнімнің сынамалары;

7) гильзалардың, оқтардың, қару мен тетік іздерінің үлгілері алынады.

Үлгілер бірқатар негіздер бойынша жіктелуі мүмкін.

Мысалы, оқиға сипатына байланысты, оның нәтижесінде үлгілер пайда болуы және заттай дәлел – түрнұсқаның пайда болу механизмін көшіреді, үлгілердің үш түрі болуы мүмкін:

- экспериментті, онда уақиға жасанды түрде жасалады (атылған оқтар, гильзалар);

- еркін үлгілер, тергеліп жатқан уақиғадан тыс байланысты пайда болуы (жазу, дауыс фонограммасы);

- шартты-еркін үлгілер, іс бойынша өндіріске байланысты орындалған, бірқатар арнайы сараптама үшін орындалмаған;

- табиғи үлгілер, физиологиялық өнім ретінде пайда болғандар (қан, шаш үлгілері).

Олар іс жүргізу тәсілі менүлгілерді алу субъектісіне байланысты, сот-тергеу немесе сарапшылық болуы мүмкін.

Үлгілерді алу негізінде нақтылы және заңды үлгілер болып бөлінеді.

Біріншілер жөнінде айтсақ, қылмыстық процесті жүргізуші орган көзі тірі адамның, мәйіттің, жануардың, заттың, нәрсенің, егер олардың кейінде сарапшылық зерттеуі іс үшін мәні болса, қасиеттерін бейнелейтін үлгілерді алуға құқылы.

Үлгілерді алу үшін заңды негіз – ол уәждемеленген қаулы болады, онда, атап айтқанда, мыналар көрсетілуі керек: үлгілерді кім алды; үлгілерді алуы тиісті адам; қандай үлгілер және қашан алу керек; үлгілерді алу үшін кім және қанша көлемде алуы керек; үлгілерді алу үшін кімге және қашан алу керек; үлгілер алынған соң, оларды кімге жіне қашан ұсыну керек.

Қылмыстык процесті жүргізуші органнын үлгілер алуынын тәртібі мынадай:

Қылмыстық процесті жүргізуші орган адамды өзіне шаөыртып немесе ол тұрған жерге келіп, сарапшылык зерттеу үшін үлгілер алу туралы қаулымен қолхат ала отырып таныстырады, оған және аталған тергеу іс-әрекетіне қатысушы өзге адамдарға олардың кұкықтары мен міндеттерін түсіндіреді, қажетті іс- әрекеттерді жеке өзі немесе маманның қатысуымен жүргізеді, үлгілерді алады, оларды буып-түйіп, мөрмен бекітеді.

Тиісті жағдайларда үлгілерді сұрыптап алу, тінту, эксгума­ция жүргізу арқылы немесе оларды жүргізумен бір мезгілде жүзеге асырылады.

Егер үлгілерді алу үшін дәрігерді немесе басқа маманды тартудың кажетгілігі бар болса, онда процесті жүргізуші орган са­рапшылық зерттеу үшін үлгі алынуға тиісті адамды, сондай-ак тиісті тапсырмасы бар қаулыны дәрігерге не басқа маманға жібереді. Қаулыда аталған тергеу іс-әрекеттерінің барлық қаты- сушыларының құқыктары мен міндеттері көрсетілуге тиіс.

Дәрігерге, басқа маманға қарсылық білдіру туралы мәселені тиісті қаулы шығарған, процесті жүргізуші орган шешеді.

Процесті жүргізуші органның тапсырмасы бойынша дәрігер немесе басқа маман қажетті іс-әрекеттер жасайды және сарап­шылық зерттеу үшін үлгілерді алады. Үлгілер буып-түйіледі және олар мөрмен бекітіледі, осыдан кейін дәрігердің немесе басқа маман жазған ресми құжатпен бірге заттай дәлелдемелер ретінде іске қосып тігу үшін жіберіледі.

Қан үлгілерін, адам ағзасынан бөлініп шығатындарды алу туралы заң талаптарын тергеушілер мен сарапшылардың біржақты түсінбеуін атап айткан жөн. ҚІЖК-нің 257-бабы 2-бөлігіне сәйкес сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алу сарапшы­лық зерттеудің бір бөлігі болған жағдайларда, оны сарапшы жүргізуі мүмкін, алайда бұл жағдайда эксперименттік үлгілер жөнінде сөз болады. Сондыктан да, кәсіптік дағдыны талап ететін, табиғи үлгілер болып табылатын қан, шаш, адам ағзасынан болініп шығатын үлгілерді қылмыстық істі жүргізуші орган­ның тапсырмасы бойынша мамандар алуы керек.

Егер зерттеу үшін үлгілерді жануарлардан алу қажеттілігі туған кезде, процесті жүргізуші орган дәрігер-ветеринарға не­месе басқа маманға тиісті қаулыны жібереді.

Сарапшы зерттеу процесінде эксперименттік үлгілер жасауы мүмкін, бұл туралы ол қорытындыда хабарлайды. Процесті жүргізуші орган мұндай үлгілерді әзірлеу кезінде қатысуға құкылы, бұл өзі жасайтын хаттамада көрсетіледі.

Зерттеу жүргізгеннен кейін сарапшы үлгілерді буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде өзінің қорытындысына қоса тігеді. Процесті жүргізуші орган сарапшының ұсынған үлгілерін қарап, содан кейін оларды заттай дәлелдемелер ретінде қылмыс­тық іске қоса тігеді.

Сарапшылық зерттеу үшін үлгілерді алу кезінде жеке адам­ның құқықтарын қорғаудың мәні зор. Осыған орай, сарапшы­лык зерттеу үшін үлгілер алудың әдістері мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмірі мен денсаулығына қауіпсіз болуға тиіс. Жанға қатты батыра жасалатын күрделі медицина­лық рәсімдерді немесе әдістерді қолдануға бұған үлгілер алынуға тиісті адам, ал егер ол адам кәмелетке толмаған болса немесе психикалык ауру болса - оның заңды өкілдерінің қамқоршыларының немесе қорғаншыларының келісімімен ғана жол беріледі.

Үлгілерді алу тергеу іс-әрекеті болғандыктан, тиісті қаулы­ны орындау қатысты адамдар үшін міндетті болып табылады.

Үлгілер алынуы тиіс сезікті мен айыпталушы одан жалтарса, олар күштеп әкелінуі мүмкін, ол кезде үлгілер мәжбүрленіп алынуы мүмкін. Жәбірленуші мен куәдан сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алу, мұндай әрекетті жасауды сезікті немесе айып­талушы өзін қылмыс жасады деп әшкерелейтін айғақтарды тексеру үшін табанды түрде талап еткеннен, сондай-ақ жыныстық аурулар мен өзге де жұқпалы ауруларды анықтаудан басқа жағдайларда, мәжбүрлеп алыну мүмкін емес.

Сарапшылық зерттеу үшін үлгілерді алу туралы мәселені аяқтай отырып, дәлелдемелерді бекітудің тиісті құралдары жөнінде айту қажет.

Процесті жүргізуші орган үлгілерді алғаннан кейін, хаттама жасайды, онда үлгілерді алу үшін жасалған барлық әрекет олар­дың жүргізілу ретімен, бұл үшін қолданылған ғылыми-зерттеу және өзге әдістер мен рәсімдер, сондай-ақ үлгілердің өзі сипатталып жазылады. Егер сарапшылық зерттеу үшін үлгілерді процесті жүргізуші органның тапсырмасы бойынша дәрігер немесе басқа маман алса, онда ол бұл туралы ресми құжат жа­сайды, оған аталған іс-әрекетке қатыскан барлық адам қол қояды және ол қылмыстық іске қосып тігу үшін тергеушіге беріледі. Алынған үлгілер буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде хаттамаға қоса тіркеледі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.