Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сот сараптамасы әдістемесінің түсінігі мен жіктелуі.



3.Сот сараптамасы әдістемесінің түсінігі мен жіктелуі.

Сарапшылық зерттеу - күрделі шығармашылық процесс, онда ғылым мен техника жетістіктерін білу, қазіргі тиімді зерт­теу әдістемелерін меңгеру, сарапшының білік-дағдысы іске асырылады.

Сот сараптамасының әрбір тегі мен түрлеріне тән белгілер зерттеу әдістерінен тұратын сарапшылық зерттеудің тиісті әдістемесі болып табылады.

Сот-сарапшылық зерттеу әдісі — бұл сарапшының алдына қойылған сұрақты шешу үшін деректерді алудың логикалық және (немесе) аспапты операциялар (тәсілдер, амалдар) жүйесі.

Сот-сарапшылық зерттеу әдістемесі - сараптамалардың белгілі бір тегі, түрі тақырыбына жататын нақты деректерді анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін оқып-зерттеу кезінде қолданылатын әдістемелер (амалдар, техникалық құралдар) жүйесі.

Сарапшылық танымға әдістердің реттілігі, жүйелілігі тән, сондықтан да әдістеме мазмұнына енгізілген әдістер шешілетін міндеттер мен зерттеудің шарттарына тәуелді белгілі бір дәйектілікпен қолданылады.

Сот-сарапшылық зерттеудің әдістемесі сарапшылық міндеттерді шешуге бағдарланған болғандықтан, оның өзіндік ерекшелігі сараптаманың тақырыбы мен объектілерінің ерекшеліктерімен себептеледі.

Сот сараптамасында пайдаланылатын әдістер, көбінде, жаратылыс және техникалық ғылымдардан алынған және сарап­таманың міндеттерімен объектілерінің өзіндік ерекшелігіне сәйкес түрлендірілген. Олар іске асыру нысандары - амалдар, техникалық жабдықтар бойынша жалпы ғылыми әдістерінен елеулі айырмашылығы болады.

Кез келген ғылыми-техникалық құрал мен әдіс сот сарапта­масының мақсаттары үшін ұсыныла қоймайды. Оларға, алдымен, іс жүргізу заңы белгілейтін бірқатар талаптар ұсынылады.

Сарапшылық зерттеу дәлелдеудің элементі болғандықтан, тиісті әдістер ҚІЖК-нің 129-бабы 3-бөлігінде көзделген сипаттамаларға сәйкес, яғни олар:

1) заңмен тікелей көзделген немесе оның нормалары мен принциптеріне қарама-қайшы келмейтін;

2) ғылыми орныққан;

3) қылмыстық іс бойынша жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін;

4) қауіпсіз болуы керек.

Сондай-ақ занда сот сараптамасы әдістеріне сәйкес келетін объектілердің бірегейлігімен себептелген, оларды барынша сақтау талабы да көрініс тапты. Объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соқтыратын әдістерді пайдалану тек кқылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен ғана жол беріледі (ҚІЖК-нің 83-бабы 4-бөлігі мен 84-бабы 2-белігін қараңыз).

Сот-сарапшылық зерттеу әдістерін қолданудың нәтижелері барлық процеске қатысушылар үшін анық және көрнекі болуы тиіс.

Сараптаманы тағайындау процесінде сараптамалардың әр түрлі кластарын, тектері мен түрлерінің әдістерін әзірлеу деңгейлерін ескерген манызды, ол үшін сарапшылық зерттеу мүм- кіндіктері жөнінде алдын ала кеңестер өткізген орынды.

Сот сараптамасы ғылыми-практикалық қызмет аясы, сарап­шылық зерттеу әдістерінің жаңа және қолдағы бар модификациясын жасау қажеттілігімен белгіленетін факторлар болып табылады, бүтіндей сарапшылық практика ретінде де, сондай-ақ сот ісін жүргізу практикасы ретінде де қызмет етеді.

Жаңа әдістерді қалыптастырудың негізгі көзі сот-сарапшылық мекемелердің ғылыми зерттеу бағдарламаларында көрініс табатын өзекті сарапшылық міндеттерді шешу қажеттілігімен себептелген арнайы ғылыми зерттемелер болып табылады.

Сонымен бірге, аз ғана таралуы, бірақ дәл криминалистика үшін ерекшелігі бар ғылыми-техникалық кұралдарды ендіру бағытын да атап көрсеткен жөн, соған сәйкес криминалист «сыртқы» ғылымның жаңа жетістіктері туралы акпарат алып, сарап­тама максаты үшін осы ғылыми шешімді (әдісті, аспапты) пай­далану мүмкіндігін іске асырады. Атақты криминалист Е.Ф. Буринскийдің өмірі мен қызметін зерттеген А.И. Винберг, аталған заңдылықты ең алғашкы рет осы адам ғылыми түрде сипаттады және ол трансформация принципі аталады деп көрсетті. Мысалы, осылайша бірқатар объектілерді зерттеу үшін қолда­нылатын оптикалық кванттық генераторларды пайдалануды көздейтін әдістемелер кешені құрылған болатын.

Сот сараптамасының дамуы тек жаңа міндеттерді шешу мүмкіндіктерін құруды ғана көздеп қоймай, сонымен қатар бұрын белгілі шешімдерді оңтайландыруды да көздейді, қолдағы бар сарапшылық зерттеудің әдістемелері зерттеудің жаңа және модификацияланған әдістерін пайдалану есебінен ұдайы жаңарып отыруы керек.

Егер зерттелетін объекті туралы ақпараттың қолданыстағы сипаты және көлемімен, сондай-ақ уакыттық және материалдық шығын тарапынан салыстырғанда артықшылығы болса жаңа әдісті енгізу ақталады.

Сот сараптамасының жаңа әдістермен баюы бірнеше нұсқаны көздейді. Заттай дәлелдемелерді зерттеу кезінде сот ісін жүргізуден тыс басқа ғылымдарда ұқсастығы бар проблемалық ситуациялар жиі пайда болатындықтан, сарапшылық практикаға өзге ғылыми міндеттерді шешу үшін әзірленген әдістер кеңінен енгізіледі. Мысалы, талдау әдісімен өндірілетін, сондай-ақ химияда, геологияда, басқа да ғылыми білім салаларында пайдаланылатын белгісіз заттың химиялық кұрамын анықтау туралы сөз болып отыр. Мұндай жағдайларда сарапшылық практикаға әдісті енгізу кезінде оны іске асыру техникасы ғылыми тұрғыдан тіптен өзгермеген түрде қалады, алайда сараптама объектілерінің өзіндік міндеттері мен ерекшелігіне байланысты әдіс сапалы жаңа нысан мен іске асыру рәсіміне ие болады.

Шешілетін міндеттің өзіндік ерекшеліктері басқа ғылымдарда қолданыстағы әдістерді тек түрін өзгерте және оларды толықтыра пайдалануға мүмкіндік беретін болса, сарапшылық практикаға жаңа әдістерді енгізудің екінші жолы да қолданыс табады. Мұнда әдістің модификациясы құрылады. Мысал ретінде биологиялық объектілердің термикалық сипаттамаларын зерттеу әдісі негізінде жасалған сұйық кристалл индикаторларын пайдалану әдісін әзірлеуді келтіруге болады.

Аталған екі әдістен басқа, заттай дәлелдемелерді криминалистік зерттеуге әдейі арналған әдістердің әзірлеме нұсқалары бар. Кейін оларды, өз кезегінде, басқа ғылымдар да пайдалануы мүмкін. Мысалы, трасологиялық салыстырмалы зерттеу әдісін 1948 жылы археологиялық зерттеу жүргізу кезінде ака­демик Б.А. Рыбаков пайдаланды және содан бері ол археоло­гиялық ғылымда қолданылып келеді. Криминалистік сарапта­ма әдістерін медицинада, антропология мен озге де ғылыми білім салаларында пайдалану мысалдары бар.

Сот-сарапшылық зерттеу әдістерін ғылыми-практикалық қызмет ретінде жіктеу әр түрлі — ортақтық дәрежесі мен олар­дың дәреже сатысы, әдістер алынған ғылым салалары, алынатын ақпарат сипаты, зерттеу объектісіне әсер ету дәрежесі негіздері бойынша жүзеге асырылады.

Ортақтық дәрежесі мен олардың дәреже сатысы бойынша әдістер былайша бөлінеді:

1. Жалпылама әдіс (диалектикалық және формалды логи­ка);

2. Жалпы әдістер: бақылау, салыстыру, сипаттау, өлшеу, эксперимент, модельдеу және басқалары.

3. Жеке ғылыми әдістер. Т.В. Аверьянов дәл атап көрсеткендей, негізінде өзінің мазмұны бойынша бұл санат ғылыми зерттеудің арнаулы әдістері санатына ұксас. Жеке ғылыми әдістерді қолданудың аясы бір текті (түрі) немесе пайдаланылатын сипаты бойынша бір-біріне жақын бірнеше білімдердің сараптамасы болып табылады. Мұндайға фотографиялық физикалық, химиялық, математикалық және сол сияқты әдістер жатады. Жіктеудің бұл деңгейі, көбінде, әдістер алынған ғылымдар саласы бойынша жіктеумен сәйкес келеді.

4. Арнайы әдістер. Бұл әдістер нақты, жекелеген объектіні зерттеу үшін әзірленеді. Мысал ретінде адсорбциондык- люминесцентті, диффузиялық-көшірме әдістерді келтіруге бо­лады.

Объектілердің зерттелетін белгілеріндегі бейнеленіп алынатын ақпараттық сипаты бойынша, әдістер бейнелерді талдау, морфологиялық талдау, физикалық, химиялық және объектлердің басқа қасиеттерін талдау адістері деп бөлінеді.

Объектілерге әсер етудің дәрежесінен шыкканда, бұзылмайтын әдістерге бөлінеді, оларға объектіге әсер етпейтін және сынама дайындықты іске асыруды қажет етпейтін әдістер жата­ды.

Сот-сарапшылық зерттеу әдістемелері де жіктеледі. Мыса­лы, ортақтылык дәрежесі бойынша типтік және накты (жеке) әдістеме болып бөлінеді.

Типтік сарапшылық әдістеме — типтік сарапшылық міндеттерді шешудің жинақтап қорытылған тәжірибесінің көрінісі. Белгілі бір жағдайларда бұл әдістемені сарапшы қандай да бір бейімдеусіз, өзгертусіз қолдануы мүмкін.

Нақты немесе жеке әдістеме — типтік әдістемені бейімдеу, өзгертудің нәтижесі немесе сарапшылық міндетті шешуге шығармашылық түрде келудің жемісі болып табылатын нақты сарапшылық міндетті шешудің тәсілі.

Нақты әдістеме сарапшының қызметі нәтижесі ретінде мына жағдайдарда:

— сарапшының практикада немесе сараптама процесінде жүргізген эксперименті нәтижесінде жаңадан, алғашқы рет туындаған сарапшылық міндетті шешу үшін өзінің жеке тәжірибесін іске асыруда;

— сарапшының шығармашылық тәсіл көрсетуі: стандартты аспапты жетілдіруде, жалпы қабылданған әдістемені өзгеше ерекше амалмен толықтыруда;

— әр түрлі ғылымдардың деректері мен әдістерін синтездеу арқылы осы зерттеу үшін құрылған сарапшылық әдістеме негізінде міндетті толық көлемде шешуде (мұндай ситуациялар көбінде сараптамалардың жаңа тектері мен түрлері туындаған және орныққан кезеңде пайда болады) пайда болуы мүмкін.

Сарапшылық практикада тек ғылыми негізделген, мақұлдап- қорытылған әдістер мен кұралдар пайдалануы мүмкін. Сондықтан, сарапшылық әдістеме типтік мәртебе алу үшін, ол мақұлдану және ендіру сатыларынан өтуі керек. Осыған байланыс­ты, Қазақстан Республикасындағы проблемаларды шешудің принципті түрдегі жаңа тәсілі сарапшылық практикаға зерттеу әдістемелерін ендірудің белгілі бір тәртібін қалыптастыру бо­лып табылады. Осыған сәйкес әдістемелер алдын ала ғылыми сынаққа берілуі, оны сот сараптамасы органының ғылыми- әдістемелік кеңесінің бекітуі, арнаулы мемлекеттік тізілімінде стандартты ресімдеу (паспортизация) мен тіркеуден өтуі керек.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.