Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сот сараптамасының пәні мен міндеттері



2. Сот сараптамасының пәні мен міндеттері

 

Әдебиеттерде сот сараптамасының пәнін анықтаудың әр түрлі жолдары бар. Әр авторлар сараптаманың пәнін анықтауға жататын мән-жайлар, сарапшылық міндеттер, сараптама объектілері ретінде анықталады.

Әдебиеттерде нақты сараптама пәні мен тектік (түр) тақырыбы түсінігі ажыратылады.

Сараптаманың тектік (түр) тақырыбы белгілі бір мамандықтағы сарапшының құзыреті, осы тектік сараптаманың мүмкіндіктерін анықтайды. Қылмыстық іс бойынша тағайындалатын нақты сараптаманың тақырыбы сарапшының алдына қойылған сұрақтардың ауқымымен анықталады. Ол сараптаманы тағайындау кезінде қажетті ғылыми құзыреттілікке сәйкес сарапшының таңдауымен себептеледі.

Сарапшылық білім саласының сипаттамасы ретіндегі сот сараптамасы пәнінің ұғымы тиісті сарапшылық міндеттерді анқтау мен жүргізу үшін негіз болып табылады.

Сарапшылық міндет – сарапшының алдына қойылған сұрақтағы тапсырманы сарапшының қабылдауы. Гносеологиялық тұрғыдан қарағанда ол оның түпкі мақсаты (ізделінетін факт) мен оған жетудің шарттарын, яғни сараптаманы тағайындау кезінде сарапшыға ұсынылған алғашқы мәліметтерді сипаттайды.

Сараптаманың міндеттері ұғымы көбіне сарапшыға қойылған сұрақ ұғымына ұқсас. Белгілі мағынада міндет ол белгілі бір үлгідегі сұрақтардың мағынасын ғылыми қорытып түсіндіру деген сөз.

Сараптама міндеті дегеніміз тергеу-сот практикасының қажеттігіне және сот сараптамаларының жетістіктері мен әдістемелеріне сәйкес сот сараптама тақырыбы мазмұнын қорытындылап тарататын нақты деректерді анықтаудың мүмкіндіктері.

А.И. Винберг пен Н.Т. Малаховский ұсынған диагностикалық, жіктеушілік, теңдестірушілік, ситуациялық деңгейлер міндеттерінен бөліп шығаруға әкелетін сарапшылық міндеттерді жіктеудің «деңгейлік»амалы кең түрде танымал болды.

Диагностикалық сарапшылық зерттеудің мақсаты объектілерді танып-білу болып табылады. Олар объектінің табиғатын, оның қасиеттері мен күйін, белгілі бір сипаттан ауытқуын, осы өзгертулердің себептерін және олардың қылмыстық оқиғамен байланысын анықтауға бағытталған.

Жіктеушілік сарапшылық зерттеудің мақсаты объектілердің белгілі бір кластарға, соның ішінде стандартталғандарға қатыстылығын анықтау болып табылады. Осы міндеттердің мысалдары ретінде биологиялық текті объектілердің, лакты-бояу материалдарының, есірткілердің жіктелушілік қатыстылығын анықтауды айтуға болады.

Теңдестірушілік сарапшылық зерттеудің мақсаты жекелей-белгілі объектілердің тепе-теңдігін немесе материалдық белгілену көріністері бойынша олардың шығу көздерін анықтау болып табылады. Теңдестірушілік міндеттерді шешу екі кезеңде жүзеге асырылады: 1-теңдестірілген және теңдестіруші объектілерді жалпы (топтық) белгілердің сәйкес келуін анықтау, 2-дараланатын объектілердің сәйкес келетін жеке белгілерінің жиынтығы бойынша жекелей-белгілі объектілрдің тепе-теңдігін анықтау.

Ситуалогиялық (ситуациялық) зерттеудің мақсаты жеке оқиғаларды анықтау болып табылады, олардың негізінде қылмыстық іс ауқымындағы жалпы оқиға механизміне қайта құру жүргізіледі. Ситуалогиялық міндеттерге, мысалы, нақты жағдайларда мылтықтың өздігінен атылып кету мүмкіндігін анықтау, суық қарумен зақымдар салу шарттарын анықтау жатады.

Бүтіндей, деңгейлік амалды мойындай отырып, көптеген авторлар жіктеу деңгейлері мен негіздері тізбесінің өз нұсқаларын ұсынады. Бұл тәсіл сарапшылық таным деңгейі туралы көзқарас пен сарапшылық технологияға бағдарланған.

Н.Т. Малаховская диагностикалық, жіктеушілік, теңдестірушілік және ситуалогиялық деңгейлер туралы айта отырып, «бұл – сарапшылық зерттеудің негізгі әдістерінің деңгейлері... олардың негізінде жеке әдістер және нақты сараптамаларды зерттеудің әдістемелері әзірленеді, басқаша болса, олар методологиялық деңгейлер болып табылады» деп шынайы көрсеткен.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.