Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып: Сот сараптамасы пәніне кіріспе



Дәріс №1. 

Тақырып: Сот сараптамасы пәніне кіріспе

1.Сот сараптамасы заң білімінің саласы ретінде: түсінігі, пәні және мәселелері.

2.Сот сараптамасының пәні мен міндеттері

3.Сот сараптамасының обьектілері

4.Сарапшылық зерттеуге арналған үлгілер

 

1. Сот сараптамасы заң білімінің саласы ретінде: түсінігі, пәні және мәселелері.

«Сараптама» деген сөз латынның «expertus» сөзімен байланысты, бұл «тәжірибелі», «хабардар» дегенді білдіреді. Сараптама жөнінде жалпы айтсақ, қандай да бір арнаулы саладағы білімідітартуды қажет ететін сұрақтарды шешу үшін хабардар адамның (сарапшының) жүгізетін зерттеуін айтамыз.

Сот сараптамасы – жеке іс жүргізу әрекеті, оның мәні мән-жайларды шешу үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында арнаулы ғылыми білім-білік негзінде жүргізілетін іс материалдарын зерттеу болып табылады. Дәл осылайша «сот сараптамасы» ұғымы ҚР «Сот сараптамасы туралы» Заңының 1- бабында белгіленген.

Сот сараптамасы қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білімдерді пайдаланудың ең білікті нысаны болып табылады. Ол іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында және оның сот қарауында барлық ғылыми танымның құралдарының арсеналын пайдалануға мүмкіндік бере отырып, сот пен алдын ала тергеу органдарының танымдық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.

Сараптаманың негізгі сипаттарын анықтай отырып, сараптама арнаулы ғылыми білімдерді тартуды қажет ететін қылмыстық істі тергеу немесе сот қаулысы барысында туындайтын проблемалық танымдық ситуациясын жеңу нысаны болып табылатындығын білу керек.

Мұндай шешім кезінде сараптаманың сипаттамасы ретінде оны тағайындау мен жүргізудің мақсаты мен шарттарын бөліп алуға болады.

Мақсаты сарапшы қорытындысының жаңа дәлелдерін алу, қылмыстық істің жаңа мән-жайларын анықтау болып табылады.

Шарттарына мыналар жатады:

1) Арнаулы ғылыми білім негізінде зерттеу жүргізу. Сараптамаға қатысты «арнаулы ғылыми білім» терминін пайдалануға баса назар аудару керек;

2) Сараптаманы арнайы іс жүргізудің тұлғасы, қылмыстық процеске қатысушы өзге адамдардан оны айрықшалайтын құқықтары мен міндеттерінің жеке жиынтықтары бар сарапшының жүргізуі;

3) Заңмен реттелген сот сараптамасының іс жүргізу нысаны, оған оны тағайындау, жүргізу, зерттеу нәтижелерін ресімдеу және оларды бағалау, сондай-ақ сараптамаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері жатады. Сарапшылық зерттеу нәтижелерін белгілеудің іс жүргізу нысаны іс бойынша дәлелдеме болып табылатын сарапшының қорытындысы болады;

4) Зерттеудің белгілі бір теориялық принциптері мен тәжірибесіне сүйенетін бағалау мен фактілерді түсіндіру негізінде тұжырымды зерттеу нітижесіндегі қалыптастыру. Сарапшылық зерттеудің нәтижесі фактілерді анықтау, табу емес, ол оның өмір сүруі туралы тұжырым, ой қорытындысы. Соңғысы сарапшының өзінің арнаулы ғылыми білімдері негізінде жүргізген объектілерде анықталған белгілер мен байланысты жиынтықты бағалау жолымен белгіленеді. Сарапшының тұжырымы фактілерді өзгеше түсіндірудің, дауласудың принципті мүмкіндіктеріне жол бере отырып, сол арқылы пікір ретінде қалыптасады.

Аталған мақсат пен шарттар сараптаманы қылмыстық процестегі арнаулы білімдерді пайдаланудың өзге нысандарынан айырады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.