|
||||
азақ тілі – көне тіл ⇐ ПредыдущаяСтр 4 из 4 Қазақ тілі – көне тіл Қазақ тілі – қыпшақ тілдер тобындағы ең бай және көркем тіл. Қазақ тілі – түркі тілдер тобына жататын көне тілдердің бірі. Қазақ тілі түркі тілінің “Қыпшақ-ноғайлы тілдері” деп аталатын тобына жатады. Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихы бойында басқа түркі халықтарымен қонысы, саяси-шаруашылық жағдайы жағынан да тығыз байланыста болып келгені сияқты, оның тілі де сол халықтар тілімен өте жақын қарым-қатынаста болды. Бұл жағдайлар көне замандардан басталатын жазу түрлерінің, жазба нұсқалардың түркі халықтарының барлығына да ортақтығын, оларды қалыптастыруға, дамытуға олардың барлығының да, солардың ішінде біздің бабаларымыздың да өз үлестерін қосқандығын байқатады. Осыған орай қазақ тілі туыстық сипаты жағынан да, ұқсастық белгілері жағынан да “түркі тілдері” деп аталатын топқа қосылады. Типологиялық белгілері жағынан басқа түркі тілдері сияқты қазақ тілі де жалғамалы (агглютинативті) тіл деп есептеледі. Түркі тілдер тобына енетін тілдер: 1. Қазақ 7. Чуваш 13. Хакас 2. Әзірбайжан 8. Қарақалпақ 14. Алтай 3. Қырғыз 9. Түрік 15. Құмық 4. Өзбек 10. Башқұрт 16. Қарашай-балкар 5. Татар 11. Якут (Саха) 17. Гагауз 6. Түрікмен 12. Тува 18. Ұйғыр Осы тілдердің ішінде бір-біріне жақын көне қыпшақ-ноғайлы тілдері тобындағылар: 1. Қазақ. 2. Ноғай. 3. Қарақалпақ 4. Қарашай-балқар 5. Қырғыз 6. Татар 7. Башқұрт 8. Құмық. Түркі тілдерінің туыстастығы олардың лексикалық мағынасынан, дыбыстық жүйесінен, грамматикалық құрылысынан нақты байқалады. Сонымен қатар түркі тілдерінің әрқайсысына тән фонетикалық, лексикалық, грамматикалық өзгешеліктер де болады. Ондай өзгешеліктерді қазақ тілін басқа туыстас тілдермен салыстыра отырып та байқауға болады. Пысықтау сұрақтары: 1. Түркі тілдер тобына қандай тілдер жатады? 2. Қандай тілдер қыпшақ-ноғайлы тілі тобына енеді? 3. Түркі тілдерінің туыстастығы қандай тілдік ерекшеліктерінен байқалады? 4. Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра дегенді қалай түсінесіңдер? 5. Қазақ тілінің қазіргі күндегі қолданылу аясы, өзіндік орны қандай деп ойлайсыңдар? 6. Қазақ халқы өз тарихында қандай алфавиттерді пайдаланған? 7. Тіл, сөз өнеріне байланысты берілген тақырып бойынша қай оқушының пікірін жоғары бағалайсыңдар? 8. Тіл, сөз өнері туралы мақал-мәтелдердің, ұлы адамдардың қанатты сөздерінің ішінде қайсысы ерекше әсер етті? 12-тапсырма.Мына афоризмдерді таңдауларыңыз бойынша жаттап алыңыздар.
|
||||
|