|
|||
тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.АЙТЫЛЫМ 7-тапсырма.Мына өлең шумағына сәйкес ситуация құрыңыз. “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте”. Сөйлеу үлгілері: - ең алдымен... - ... дегенге қосылмаймын, себебі ... - негізінен... - мүмкін, солай шығар... - ең бастысы ... - әбден мүмкін ... - қалайша ... - келісе алмаймын ... 8-тапсырма.Жақшаны ашып, сөз тіркесін аударыңыз, сәйкес тұлғасына қойыңыз. 1. (Родного языка) жырламаған адам жоқ. 2. Менің (родной язык) – шексіз бай, өте көркем. 3. Өз атамекенімізде жүргендіктен (на своем языке) сөйлеу – басты (долг). 4. Тіл арқылы (духовного богатство) меңгереміз. 5.Тіл әрбір адамның бойына (материнским молоком) бірге еніп, қалыптасады. 9-тапсырма. Сұхбатты оқыңыз, жалғастырыңыз, өз ойыңызды қосыңыз. - Сен неге ана тіліңде газет-журнал оқымайсың? - Себебі, көп сөздерді түсінбеймін. - Қалайша, сен біраз сөздердің мағынасын жақсы білесің ғой, әрі қарай дамыту керек емес пе? - Әрине, солай ғой, дегенмен ... - Қандай себеп ... - ? - ? 10-тапсырма.Тіл, сөз өнері туралы кім көп мақал-мәтел біледі? Оның бірнешеуінің мағынасын түсіндіріңдер. Керекті сөздерді, сөз тіркестерін тауып, орнына қойыңдар, айтылған ойдың мағынасын түсіндіріңдер (Кім жылдам?). 1. ... қарай кісіні ал, кісіге қарап ... алма. (Абай.) 2. ... көркі – тіл, тілдің көркі - ... . (Ж.Баласағұн.) 3. Әр халықтың ... ... – білімнің кілті. (А.Жұбанов) 4. Кей ... асылды шақпақ тасқа шаққандай боп, әсем сөйлем ішінде ұшқындап, ... ... тұратын шағы бар. (М.Әуезов) 5. Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген ... толық мәнді интеллигент емес деуге болады. (М.Әуезов) 6. Ана тілін тек ... .. ғана менсінбейді, ... ... ғана аяққа басады. (Ғ.Мүсірепов) 7. Тіл қаруы - ..., сөз қаруы - ... . Ақылды ой, ... сөз адамның ең жоғарғы ... . (Ғ.Мұстафин) 8. Тіл – ұлттың ... . Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың ... көрінісі. (Л.Н.Толстой) 9. Өз тіліңді ... ... тұрып, ... - ... сүйе алмайсың. (К.Г.Паустовский) 10. Сөз өнері - өнер атаулының ең ... да ... . (О.Бальзак) 11. Өз ойларын көрікті айта алмау - ..., ал өзінің көкейін тескен ойларының болмауы – одан да асқан... . (Ушинский) 12. ... ... тек қана өз тіліміз арқылы түсінуге болатындығын ұмытуға болмайды. Керекті сөздер:кемшілік, қиыны, күрделісі, сөз, бөгде тілді, жаны, жанды, қадір тұтпай, ел-жұртыңды, сөз, ой, алғыр, қасиеті, өгей ұлдары, адам, от төгіп, сөздердің, ақылдың, сөз, сөзіне. ОҚЫЛЫМ 11-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
|
|||
|