Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Лексикалық тақырып: Қазақ тілі – мемлекеттік тіл



1-триместр

1-апта

Лексикалық тақырып: Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

Грамматикалық тақырып: Қазақ тілінің тілдік ерекшеліктері

ОҚЫЛЫМ

 1-тапсырма.  Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз:

Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы

Қазақстан Республикасының “Тілдер туралы” Заңында:

“Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі, ұлттың өзінің болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты”,- делінген.

Тілдің көмегімен өнер-білімді, ғылымды игереміз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз. Өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазыналарымызды әлемге танытамыз. Әлемді танимыз. Сондықтан адам баласының байлығының бірі – сөз өнері. “Өнер алды – қызыл тіл” деген сөздің астарында қаншама сыр бар?!

Әрбір елдің қуатты күші, байлық-бақыты экономикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өресімен айқындалады. Ал мәдени өре, рухани талғам деген халықтың ақыл-ойының көрінісі – тілге тікелей тәуелді екені белгілі.

Халықтың сақталуы тіліне байланысты.

Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, оралымды да бейнелі тілдердің бірі. Ол - өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және сараланған стильдік нормаларымен танылған көркем тіл.

Иә, тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әр елдің мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Сондықтан да әр адам ана тілін қадірлеуге міндетті, оны шұбарлап сөйлеуге жол бермеуі керек. Ана тілі – ар өлшемі.

Тілді шұбарлау – арды шұбарлау. Осы орайда ақын Қадыр Мырза Әлидің:

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте! - деген өлең жолдарын айта кеткен жөн.

Менің ана тілім – шексіз бай, өте көркем тіл. Ана тілінің көркемдігін пайдалана алмаған адам, меніңше, нағыз пақыр жан. Ана тілін жырлай алмаған ақын – ақын емес. Қандай ақын, жазушы болса да, әр жүрек өз ана тілін жырлауы тиісті. Ана тілін жырламаған адам жоқ болар.

Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, өз атамекенімізде жүргендіктен, өз тілімізде сөйлеу – басты парызымыз. “Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік”,- деген К.Г.Паустовский.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.