![]()
|
|||||||||
Мәтінге арналған сөздікМәтінге арналған сөздік
АЙТЫЛЫМ 2-тапсырма.Мына сұрақтарға мәтіннен жауап іздеңіздер: 1. Тіл туралы заңда не айтылады? 2. Тіл арқылы нені игеруге, білуге болады? 3. Халықтың сақталуы неліктен тілге байланысты? 4. Қазақ тілі қандай тіл? 5. “Ана тілі – арың бұл” дегенді қалай түсінесіз? 6. Тіл туралы К.Г. Паустовский не дейді? 3-тапсырма.Мына пікірге өз көзқарасыңызды білдіріңіз. (мына сөздерді пайдаланыңыз, өйткені, себебі, әрине, жоқ, иә, дұрыс, неге, бірақ, сондықтан). “Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды”. (М. Әуезов) ЖАЗЫЛЫМ 4-тапсырма.Сәйкес келетін грамматикалық форманы қойыңыз, жақшаны ашып жазыңыздар: 1. “Туған тіл [-сі, -ім] – тірлігім [-нің, -е] айғағы” (Ә.Тәжібаев). 2. “Сүйе [-сің, -мін] туған тіл [-ні, -ді] – анам тілі [-ді, -н]” (С.Торайғыров). 3. “Ана тіл [-ің, -сі] – ар [-ың, -ға] бұл...” (Қ.Мырзалиев) 4. “Ана тілі [-ді, -н] сүймеген Халқы [-на, -н] сүйіп жарытпас...” (Б.Сарноғаев, қырғыз ақыны). 5-тапсырма.Мәтінненілік септігі+тәуелдік жалғаулы 10 сөз тіркесін теріп жазыңыздар. Үлгі: ұлттың игілігі+і, өзінің болашағ-ы. 6-тапсырма.Мына сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлем құраңыздар. 1. көмегімен, ғылымды, Тілдің, игереміз, өнер-білімді. 2. атадан, мирас, балаға, болып қалған, Тіл, мұра, баға жетпес. 3. өз, сөйлеу-, парызымыз, басты, тілімізде. 4. бай, көркем, шексіз, өте, тілім, ана, Менің.
|
|||||||||
|