Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





жаттығу. Ертегіні тыңда.



1-жаттығу. Ертегіні тыңда.

· Ертегі не туралы? Ондағы негізгі ойды анықта.

· Ертегі неліктен «Таңды іздеу» деп аталған деп ойлайсың? Өз пікіріңмен бөліс.

· «Қараңғы түн», «таң» сөздерінің мағынасын дереккөздерден біліп ал.

· Төмендегі суреттердің қайсылары ертегі мазмұнына сәйкес келеді? Өз ойыңды дәлелде.

(Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Негізгі ойды, ертегі мазмұны бойынша жоспар құрудытопта ақылдаса отырып, жазады. Оны А4 қағазға жазып топ жұмысын таныстырады және төменде берілген суреттердің қайсысы ертегі мазмұнына сай келетінін анықтап, өз ойын дәлелдейді.)

Түсіндірме сөздікпен жұмыс.

Қараңғы түн, таң сөздерінің мағынасын анықтау.

Қараңғы түн — жарық жоқ, қараңғылыққа шомған, түнек.

Таң -жаңа күннің көрінісі, жаршысы
Сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыру.

Бағалау дескрипторы:

- ертегі бойынша пікір айта алады;

- негізгі ойды анықтай алады;

- ертегі мазмұнына жоспар құрады;

- сурет көріністеріне назар аударады;

- ертегі мазмұнына сай келетінін суретті анықтайды, дәлелдеп

айтады;

- сөз мағыналарын түсінеді.

3.1.7.1, 3.3.6.1 (Ж, Т, Ж) 3-жаттығу. Сөздерді оқып, көшіріп жаз.

· Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр.

Үлгі:Жазылуы Айтылуы

        басшы  башшы

Мұғалім сөздерді топтарға бөліп береді. Алдымен жұпта сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстырып, ой бөліседі, содан соң топта идея алмасады, жариялайды. Өз ой тұжырымдарын жасайды.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс.

Көкжиек, басшы сөздерінің мағынасын анықтау.

Көкжиек-аспан мен жер бетінің астасып көрінетін сызығы.

Басшы- бұл жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам. Бұл адамның лауазымы.

Басшы- қимылды білдіреді. (Қолымды басшы.)

Сөздерді сөз құрамына талдау.

Оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқып, өз ой тұжырымдарымен салыстырып, талдау жасайды. Түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.(кесте)

Бағалау дескрипторы:

- бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтап көлбеу, әдемі

жазады;

- сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді

байқайды;

- қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап

айтады;

- сөз мағыналарын түсінеді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.