|
||||
Оптика. Кванттық физикаОптика | Жарықтың интерференциясы; жарықтың дифракциясы; дифракциялық торлар; жарықтың п Геометриялық оптика заңдары, жазық-параллель пластинадан шағылу, толық ішкі шағылу; оптика-талшықты тасымалдаушылар, оптикалық құралдар; поляризациясы.
| 1) Жарықтың таралу заңдылықтарын, жарықтың зат пен өзара әсерлесу үрдістерін, жарықтың табиғатын білу. | 1) Жарық толқындарының интерференциясы және дифракциясы пайда болу шарттарын сипаттайды; 2) Дифракциялық торды толқын ұзындығын анықтау үшін қолдануын түсіндіреді; 3) Жарықтың поляризация құбылысын эксперимент арқылы зерттейді. | |
2) Геометрия заңдарына сүйене отырып жарықтың таралуын түсіндіру. | 1) Шынының сыну көрсеткішін эксперименттік жолмен анықтайды; 2) Жарық сигналдарын тасымалдауда оптоталшықты технологияның артықшылығын түсіндіреді; 3) Линзалар жүйесінде (телескоп, микроскоп және лупадағы) сәулелердің жолын салады және түсіндіреді. | |||
Кванттық физика | Табиғи радиоактивтілік; радиоактивті ыдырау заңы; атомдық ядро; ядроның нуклондық моделі; изотоптар; ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы; ядролық реакциялар; жасанды радиоактивтілік; ауыр ядролардық бөлінуі; тізбекті ядролық реакция; сындық масса; радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері; радиациядан қорғану; ядролық реактор; ядролық энергетика; термоядролық реакциялар.
| 1) Атомдық және кванттық физика заңдарын түсіндіру. | 1) Электромагнитік сәулеленудің корпускулярлық-толқындық табиғатын дәлелдейтін мысалдар келтіреді; 2) Спектрлік талдау әдісін және оның қолданылуын сипаттайды; 3) Электромагниттік сәулеленуді, олардың пайда болу табиғаты мен затпен әрекеттесуіне қарай ажыратады; 4) Фотоэффектінің табиғатын түсіндіреді және оны қолдануға мысалдар келтіреді. 5) Фотосинтез және фотография үдерісін мысалға келтіре отырып, жарықтың химиялық әсерін сипаттайды; 6) Компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияны салыстырады; 7) Лазер құрылғысының әсері мен қолданылуын түсіндіреді. | |
2) Атом ядросының құрылымын, қасиеттерін, оның түрленулерін зерттеу, микроәлемде болып жататын құбылыстарды білу. | 1) Табиғи радиоактивті ыдырау құбылысын ) және жартылай ыдырау периоды терминін түсіндіреді; 2) Ядролық ыдырау және синтез процестерін түсіндіреді; 3) Радиоактивті сәулелердің иондалу және өтімділік қабілеттерін түсіндіреді; 4)Радиоактивті материалдарды өңдеуді, қолдануды, сақтауды және олармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сипаттайды; 5) Ядролық реакторлардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін сипаттайды. | |||
Нанотехнология жәненаноматериалдар | Нанотехнологияның негізгі жетістіктері, өзекті мәселелелері және дамуы; наноматериалдар. | 1) Нанотехнологияның негізгі жетістіктерін білу. | 1) Наноматериалдардың физикалық қасиеттерін және оларды алудың жолдарын сипаттайды; 2) Нанотехнологияның қолданылуын атайды. | |
Космология | Жұлдыздар әлемі; жұлдызға дейінгі қашықтық; айнымалы жұлдыздар; біздің Галактика; басқа Галактикалардың ашылуы; квазарлар; Үлкен жарылыс теориясы; қызыл ығысу және Галактикаға дейінгі қашықтықты анықтау; қара құрдым; Әлемнің ұлғаюы; Әлемнің эволюциясының негізгі кезеңдері; әлемнің моделдері; өмір және Әлем туралы ойлар; қара материя; нетронды жұлдыздар; аса жаңа жұлдыздар; Герцшпрунг-Рассел диаграммасы. | 1) Жалпы Ғаламның қасиеттері мен эволюциясын білу. | 1) Жұлдызды аспан мен негізгі қағидаларды жұлдыздар бойынша бағдарлауды сипаттайды; 2) Жұлдыздардың жарақтылығы бойынша жіктелетінін, көрінерлік жұлдыздық шамамен және абсолют жұлдыздық шамамен сипатталатынын түсіндіреді; 3) Жұлдыздар эволюциясын түсіндіру үшін Герцшпрунг-Рассель диаграммасын қолданады; 4) Ара қашықтықты анықтау үшін қолданылатын "жаңа тәсілдер" әдісін пайдалануды сипаттайды; 5) Әлемнің ұлғаюы мен күңгірт энергия туралы өз пікірін айтады; 6) Хаббл заңын қолданып, Әлемнің жасын анықтайды. |
Ұсынылатын зертханалық жұмыстардың тізімі:
№1 Зертханалық жұмыс: «Тұтқырлығы әртүрлі сұйықта қозғалатын кішкентай шардың қозғалысын зерттеу»
№2 Зертханалық жұмыс: «Электролиттердегі электр тогының пайда болу шарттарын зерттеу»
№3 Зертханалық жұмыс: «Трансформатор орамасындағы орам санын анықтау»
№4 Зертханалық жұмыс: «Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау»
№5 Зертханалық жұмыс: «Жарықтың поляризациясын бақылау»
№6 Зертханалық жұмыс: «Шынының сыну көрсеткішін анықтау»
№7 Зертханалық жұмыс: «Жартылай ыдырау периодын анықтау»
|
© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.
|
|